Просмотр содержимого документа
«Жерді? К?нді айнала ?оз?алысыны? Жер бетіне жары? пен жылу таралуына ?сері.Жылу белдеулері»
Сабақтың тақырыбы: Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері.Жылу белдеулері.
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды Жердің Күнді айнала қозғалысы кезіндегі әр түрлі жағдайлармен таныстыру.
2.Күннің жарығы мен жылуының Жер бетіне бөлініп таралуы жөнінде түсініктер қалыптастыру.
3.Оқушыларды өздігінен оқулықпен, атлас, кескін картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі:Слайдтар: Жер шарының жазғы және қысқы күн тоқырау кезіндегі орны,Жер шарының жылулық белдеулері, жарты шарлар картасы.
Сабақтағы негізгі ұғымдар:Күн тоқырауы, полярлық күн, полярлық түн, күн теңелуі, полярлық шеңбер, тропиктер, жарық белдеулері.
Сабақтың барысы: І.Қызығушылықты ояту.
1.Ауа райы деген не?
2.Ауа райы неліктен өзгереді?
3.Ауа массасы дегеніміз не?
4.Ауа массаларының қандай түрлері бар?
5.Ауа райын зерттеу үшін не қажет?
7.Жергілікті белгілер бойынша алдағы ауа райын қалай болжауға болады?
ІІ.Мағынаны ашу.
Сыныпты 3 топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.
І топ тапсырмасы. Слайд.№3
1.Жердің күн жүйесіндегі орнына сипаттама беру. §3.
- 9 планета, орбита, тіршілік пайда болған планета
ІІ топ сұрақтары.
§4.Жердің пішіні мен мөлшері. Слайд.№4
Жер шар тәріздес дене, Жер шар тәріздес болуының мәні.
ІІІ топ сұрақтары.§6. Жердің Күнді айнала қозғалысы және оның географиялық мәні. Слайд.№5
- Жердің жылдық қозғалысы.
- Жербетіне жылу таралудағы айырмашылық.
Мұғалім.Сабағымызды жалғастырамыз.
1.Жазғы күн тоқырау және күзгі күн теңелу дегенді түсіндіру. Слайд.№6
2.Қысқы күн тоқырау, көктемгі күн теңелу деген не?
3.Жылу белдеулері деген не? Слайд.№7
ІІІ. Бекіту.
І.топ тапсырмасы.Мынадай даталар мен мағыналарға сәйкес қандай құбылысты анықтауға болады? 22-маусым, 23,5º с.е., солтүстік жарты шарда күннің қысқаруы.слайд №8
ІІ.топ тапсырмалары. Мынадай даталар мен мағыналарға сәйкес қандай құбылысты анықтауға болады?23-қыркүйек, 22-желтоқсан, оңтүстік жарты шарда күн ұзарады.слайд №9
ІІІ.топ тапсырмалары.Тақтада жер шарының жылулық белдеулерін жазу және сипаттама беру.№10
ІV.Үйге тапсырма §35 оқу, Жер шарының жылу белдеулерінің сызбанұсқасын салу.