Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) І. Ұйымдастыру 1.1 Сынып оқушыларына өзін-өзі реттеуіне жағымды ахуал туғызу 1 мин 1.2 Топқа бөлу. Жер, Су, Ауа атаулары арқылы 3 топқа бөлу. 2 мин ІІ. Топтық жұмыс «Сынақтан өткізу» үй тапсырмасын бақылау мақсатында ашық және жабық сұрақтар қою Жер қандай дене? Оның шар тәрізді екенін қалай байқауға болады? Ендеше Жер Күнді айналады ма, әлде Күн Жерді айналады ма? Күн жүйесінде Жер нешінші ғаламшар? Не себептен тіршілік тек Жер ғаламшарында бар деп ойлайсыз? Жауап берген оқушыларды мадақтау арқылы бағалаймын ІІІ. Топтық жұмыс. «Оқы. Талқыла. Бөліс» жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеру үшін мәтінді барлығы оқиды, топппен талқылайды, өзге топтармен бөліседі. Жақсы түсінігін айта білген оқушыларды «Бағдаршам» арқылы бағалайды. ІV. Жұптық жұмыс «Кеңейтілген тапсырма» оқушылар берілген тапсырманы жұптасып орындайды. Жұмыстары тексеріле отырып Суммативті бағаланады Жұптық жұмыс «Кеңейтілген тапсырма» №1. Жердің ішкі құрылысының атауларын жазыңыз: ________________________________ _________________________________ _________________________________ _________________________________ № 2. Сәйкесін табыңыз 1 | Жер беті көлемі | | 5-10 км | 2 | Экватор ұзындығы | | 40076 км | 3 | Жердің геологиялық жасы | | 510 млн км2 | 4 | Жердің қабығы мұхит түбінен қалыңдығы | | 4-5 млрд | №3. Жер туралы мағлұматтарды жазыңыз ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Оқушылардың аты-жөні: V. Кері байланыс. Жазбаша |