kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жер табиғатындағы ғаламдық өзгерістер" тақырыбында ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жер табиғатындағы ғаламдық өзгерістер" ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жер табиғатындағы ғаламдық өзгерістер" тақырыбында ашық сабақ»

Сабақтың тақырыбы: Жер табиғатындағы ғаламдық өзгерістер
Сынып: 6 «А»
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушыларды адамзаттың жер табиғатында болып жатқан өзгерістермен ғаламдық проблемаларымен таныстыра отырып, бейбітшілікті сақтау проблемасына талдау жасау. Бейбітшілікті сақтау проблемасының туындауы, проблеманың мәні мен шешу мүмкіндіктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту, географиялық білімдерін дамыту.

I. Ұйымдастыру кезеңі
І. 1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.
І. 2. Топтарға бірден бөле отырып тапсырма беру.
І. 3. Оқушыларға сабақ барысында білімдерін бағалау мақсатында «Технологиялық картамен» жұмыс реті түсіндіріледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тест тапсырмасы 10 сұрақ.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.
1. Оқушыларға тақырыппен танысып шығуға 10 минут уақыт беріледі.
2. Жаңа тақырып бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктерді анықтау және талдау.
• ғаламдық проблема
• милитаризм
• конверсия
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС. ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ТОПТАСТЫРУ:
5 минут \ 1 минут талдау
І топ: ТАБИҒИ – КЛИМАТТЫҚ проблемаларға талдау жасап, жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
Ғаламдық залалы бар табиғи апаттарға ірі жер сілкінісін, вулкандар атқылауын, гейзер, цунами, алапат дауылдарды жатқызуға болады.
ІІ топ: ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ
проблемаларға талдау жасап, жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
• Азық - түлік проблемасы;
• ЖҚТБ — сізге де төніп тұрған қатер!
• Семей полигоны;
• Мұнай қалдықтарымен ластану проблемасы
ІІІ топ: САЯСИ БАҒЫТТАҒЫ проблемаларға талдау жасап, жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
• БЕЙБІТШІЛІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАРУСЫЗДАНУ ПРОБЛЕМАСЫ
• Екінші Дүниежүзілік соғыс
• Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларын тастау — Екінші дүниежүзілік соғыс барысында АҚШ - тың Жапонияға қарсы атом қаруын қолдануы;
• Экономикалық артта қалған елдер;
• «Ядролық» елдер;
• Босқындар проблемасы;
• «Терроризм»
Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, интерактивті тақтада берілген қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру.
«Ядролық қыс» концепциясы.
Ядролық жарылыстардың салдарынан жаппай өрт шығып, атмосфераға орасан көп мөлшерде күйе, күл, улы газдар жайылады. Ұнтақ күлден түзілген қою бұлт күннің сәулесін жерге жеткізбей, кері шағылыстырып жібереді. Жер үстін қара түнек -«ядролық түн» басады. Осының салдарынан планетаның радиациялық балансы бұзылады, жер бетіндегі температура әп - сәттің арасында шамамен 15 - 20 градусқа төмендейді. Атмосферадағы циркуляция жүйесі түбірімен өзгергендіктен, бұл орасан зор климаттық апат бірнеше аптада бүкіл жер шарына жайылып, тіршілік атаулы құриды.

Ядролық қыстың түсуінің математикалық үлгісінің жасалуы - терең, орны толмас, адамзаттың жер бетінен құрып кету қаупін туғызатын ядролық апаттың планеталық ауқымы.
«Жылу әсері» парниковый эффект ғылыми болжамы. Климатолог - ғалым М. И. Будыко т. б. ғалымдар «Жылу әсері» парниковый эффект ғылыми болжамы бойынша климаттың ұдайы жылынуы нәтижесінде қалыптасқан ғаламдық өзгерістер соңғы жүз жыл ішінде Жердегі орташа температура 0, 6 ºС көтерілді. Жылу әсері дами беретін болса ғаламдық температура 3 - 4 ºС көтерілетін болса, Антарктида мен Гренландия, Солтүстік мұзды мұхит мұздықтары еріп Дүниежүзілік мұхит деңгейі 66 км көтерілген болар еді. Бұл бүгінгі адамзаттың ¼- і тұратын жерлерді басып кетеді.



























Өлке экологиясы, оны игеру қиыншылықтары.

ХХ ғасыр адам баласына орасан зор жетістіктермен қатар шешуді қажет ететін проблемалар жиынтығын алып келді, Бейбітшілікті сақтау және қарусыздану, айналадағы ортаны қорғау, халықтың көбеюі, энергия мен шикізатпен қамтамасыз ету, азық-түлікпен қамтамасыз ету, мұхитты пайдалану, артта қалған елдерге көмек, ғарышты бейбіт мақсатта игеру және т.б- осының бәрі жеке елдің емес,бүкіл адамзаттың ортақ мәселелеріне айналып отыр. Бұлар адам баласының тірі қалуына және жердің сақталуына ықпал етіп отыр. Ғаламдық проблемалар тікелей болсын, басқа нәрселер арқылы болсын біздің әрқайсысымызға да қатысты, өйткені кішкене ғана Маңғыстаудың өзінен аталған проблемаларға қатысты жетістік-тер мен қиыншылықтарды, “кіші” проблемаларды оңай табуға болады. Өйткені адам қанша жеке, қайталанбас болғанымен Дүние-бұртұтас, бір-бірімен байланысқан нәрселер жиынтығы болып табылады.

Адамзаттың барлық ғаламдық проблемаларын бір ғана жағынан, адам қоғамы мен табиғат арасындағы байланыс жағынан қарастыруға әбден болады.Адамзаттың іс-әрекеті табиғат заңдарына тәуелді. Табиғат адамды қажетті зат пен энергиямен қамтамасыз етеді. Адам табиғатты үнемі өзгертіп отырады белгілі бір шетке барғанда табиғат қарымта қайтара бастайды, өйткені қазіргі кезенднгі табиғат ресурстарын алудын, өндурудін жалпы өсуімен қатар, адам ала бастаған ресурстардың түрлері де көбейіп отыр. Сондықтан да табиғатқа түскен қысым өте күшті дәрежеге жетті және көптеген экологиялық проблемалар туындап отыр. Маңғыстау облысының табиғатына адамның тигереуінің күшеюі біздің алдымызға бірнеше мәселені қойғаны сөзсіз. Бүкіл адамзаттың алдындағы сияқты бізге де денсаулық сақтау, азық-түлікпен қамтамасыз ету, жерді сақтау жөніндегі қиыншылықтар таңсық емес. Табиғатты тиімді пайдалану мәселесі біз үшін әлі шешілмеген іс болып саналады.

Бұл қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе болып отыр, өйткені құрғақшылық пен тұщы су көздерінің болмауы жағдайында суға деген сұраныс ерекше маңызға ие болады. Әзірге Маңғыстауды сумен қамтамасыз етудің жүзеге асырылып отырған үш жолы бар. Олар-жер асты суларын алу, теңіз суын тұщыландыру және су құбыры арқылы Еділ мен Амудариядан тасымалдау. Осы әдістермен суды ала беру, оны ұлғайту салдарын болжау өте қиын. Сырттан тасымалдау өте қынбатқа түсе, жер асты суларының қоры өте аз, жексіз емес, ал теңіз суын тұщыландыру арқылы судың өзіне жер асты суын қосу қажет. Содықтан жаңа су табу жолдары мен су өнемдеу әдістерін іздеу керек. Ол жол-атмосфералық жауын-шашынды пайдалану. Сондай-ақ мұнай, газ өңдіру, қиыршық тас пен ұлу тас алу облыстағы оңсыз да әлсіз экологиялық балансты бұзады, ауаның, жердің ластануы, шаңтозаң, т.б осының бәрі өңдіру өнеркәсібінің алдында “не адамнын денсаулығы мен табиғат, не ғылымды іс” деген талап қойып отыр.

Маңғыстаудың екі жағында орналасқан екі теңіздің бірінің тайыздануы екіншісінің көтеріле басталу да өлкеге қосымша проблемалар туғызып отыр. Каспий теңізінің көтерілуі бұрын теңіз асты болған 4 млн га жерінің ғана емес, одан да көп аймақтың теңіз астында қалу қауіпін туғызып отыр. Бұл- сор басқан бос жер емес, бірнеше ондаған мұнай кәсіп-шіліктері, малшыауылдары мен қыстаулары, темір жол,автомобиль жолдары, құбырлар, электр және байланыс линиялары және мал жайылымдары бар территориялар. Сонымен қатар Каспийдің деңгейінің өсуінің жер асты суларының тұздылығының артуына ықпал етуі ықтимал. Арал теңізі 2010 жылға таман өмір сүруін тоқтатады деп болжануда, ал оның Маңғыстау облысының шығыс шекарасынан алыс орналаспағаның білеміз. Қысқы мерзімде өлкеде оңтүстік-шығыс және шығыс желдердің үстем болуы Арал теңізінің құрғаған орнынан көтерілген 80 млн т тұзының біраз бөлігін Маңғыстау облысына, оның ішінде Бейнеу ауданының территориясында тасмалдап әкелетіні белгілі. Қазірдің өзінде Сам құны орналасқан аймақта Арал әсері айқын сезілуде, топырақтың тұзды тозаңмен қанығуы, жер асты суларының тұздануы Маңғыстау үшін тарихи-биологиялық құбылыс болса, енді Арал есебінен бұл процесс үдей түспек. Бұл соның біраз бөлігін құбыр арқылы Өзенге жеберіп отырған Сам үшін су табу мәселесін ушықтырса, 2-ден жайылымдарды істен шығарады деген сөз. Арал проблемассын- Қзақстанның, тіпті Орта Азияның ғана емес, дүние жүзінің проблемассы, өйткені тұтас бір теңіз жоғалғанда, ғаламдық климатты қандай өзгерістер болатының әлі ешкім анықтаған жоқ.

Адам экологиясы.

Аталған мәселелердің барлығы бір нүктеде қиылысады. Ол-Адам. Адам-биологиялық, сондай-ақ әлеуметтік тіршілік иесі. Адам табиғаттың құрамдас компоненті болып табылады. Табиғат, табиғи географиялық орта белгілі бір дәрежеде адамның өмір сүру образы, оның басты өмірлік кәсібін, яғни мәдени—шаруашылық типін анықтап береді. Мәдени-шаруашылық тип кез келген этностың мәдениеті мен өнерін, дүниетанымын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін анықтайды.


Биосфера

Географиялық  қабық

 

1. Тіршілік қабығы.

2. Жер бетіндегі  табиғат жағдайлары  бірдей  ортаны мекендейтін организмдер  жиынтығы.

3. Атмосфера, гидросфера және  литосфераның  тоғысып, бір – біріне әсер етуінің  нәтижесінде түзілген  жердің  ерекше  қабығы.

4. Географиялық  қабықтың  құрамдас  бөлігі.

5. Географиялық  қабықтың  ендік бойымен созылып  жататын  ірі бөлігі.

6. Климат жағдайлары, топырақ  пен өсімдік  жамылғысы, жануарлар  дүниесі  бірдей ендік.

7. Негізгі географиялық белдеулер.

8. Жазда да, қыстада температура үнемі жоғары , жыл мезгілдері байқалмайтын  табиғат  белдеуі.

9. Дала мен шөлдің  аралығындағы  өтпелі зона.

10. Қоңыржай  белдеудің  қылқан  жапырақты орманы.

11. Әр жерінде шоқ- шоқ  немесе  жеке  ағаш  пен  бұта кездесетін  шөп басқан  алқап.

12. Мүк пен  қына, бұта өсетін, мұз басып жатқан  зона.

13. Таулардағы табиғат кешенінің алмасуы.

14. Бір- бірімен   өзара  тығыз байланысты   табиғат  компоненттерінің  біртұтас жүйесі.

15. Организм мен қоршаған ортаның  қарым – қатынасын  зерттейтін  ғылым.

 

     

Жауаптың нұсқалары: 

     1. Географиялық қабық

     2.Тайга

     3. Биосфера

     4. Географиялық зона

     5. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, поляр белдеулер        

     6. Табиғат компоненті

     7. Экваторлық белдеу

     8. Биоценоз

      9. Тундра

     10. Географиялық белдеу

     11.Табиғат кешені

     12. Шөлейт зонасы

     13. Экология

     14. Саванна

     15. Биіктік белдеу

 

  Дұрыс жауабы: 1-3; 2-8; 3-1; 4-6; 5-10; 6-4; 7-5; 8-7; 

    9-12; 10-2; 11-14; 12-9; 13-15; 14-11; 15-13.



Сабақтың тақырыбы: Аустралия Одағы геосаяси жағдайы, ЭГЖ
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Аустралия Одағы туралы жалпы мәлімет алу және елдің шаруашылығының ерекшеліктерімен танысу;
2) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру, берілген тақырып бойынша оқушылардың жан-жақтылығын арттыру;
3) Тәрбиелілік: Шапшаңдыққа, алғырлыққа, ұйымшылдыққа, белсендік көрсетуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, экономика, экология
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.
2) Үй жұмысын сұрау.
І. Аустралияның шеткі мүйістерін жаз.
Батыста – Стип - Поинт
Шығыста – Байрон
Солтүстікте – Иорк
Оңтүстікте – Саут - Ист - Поинт

ІІ. Сөзжұмбақ.
1. Муррейдің ірі саласы. Дарлинг
2. Ұшпайтын құс. Казуар
3. Ең биік нүктесі. Косцюшко.
4. Аустралияның эмблемасындағы құс. Түйеқұс
5. Кеуіп қалған өзен арналары. Крик
6. Жалқау, қалталы аю. Коала
7. Ұлттық парк. Улуру
8. Тасман аралындағы құс. Киви
9. Аустралияның эндемик ағашы. Акация

ІІІ. Аустралияның табиғат зоналарын атап, жаз.
1) Шөлейт және тропиктік шөл зонасы
2) Саванналар және сирек ормандар зонасы
3) Мәңгі жасыл ылғалды ормандар зонасы.

ІV. Бой сергіту.
Төменде берілген нысандарды картадан көрсету.
- Үлкен Тосқауыл Рифі
- Косцюшко тауы
- Виктория шөлі
- Карпентария шығанағы
- Сидней қаласы
- Мельбурн қаласы
- Эйр көлі

V. Мені тап.
Слайдта көрсетілген жануардың атын атап, қандай табиғат зонасында кездесетінін айту.

VІ. Геодиктант. Көп нүктенің орнына сөз қою.
● Материктегі.................. 75% - ы, ал жануарлардың... % - дайы тек қана Аустралияға тән.
●......... аралында ылғалды мәңгі жасыл ормандар басым.
● Орманда биіктігі 1, 8 метрге жететін, ұшпайтын......... құсы мекендейді.

VІІ. Кім жылдам?
В А Л П И Э К Т - Эвкалипт
Н С А А Н В А - Саванна
Е Г У К У Р Н - Кенгуру
О Ц К О С К Ш Ю - Косцюшко
Х Д А Е И Н - Ехидна
А Л А К О - Коала
Н О Г Д И - Динго
И В И К - Киви
М Э У – Эму

VІІІ. «Бұл не?» Төменде берілген сөздердің қандай нысана екенін, не мағына білдіретінін тауып айту.
Эйр
Муррей
Үлкен Суайрық жотасы
Жаңа Гвинея
Үлкен Тосқауыл Рифі
Динго
Вилли - вилли
Крик
Дарлинг
Эвкалипт
Коала
Налларбор
Куперс - Крик
Суккулент
Равенал
Скрэб

ІХ. Бәйге.
♦ Тропиктік шөл зонасында кездесетін шөлдер түрі.
♦ Оңтүстік жағалаудағы шөл.
♦ Налларбор шөлін кім, қашан ашты?
♦ Суккулентті өсімдіктер қандай өсімдіктер?
♦ “Аустралияның өлі жүрегі” деген не, ол қандай табиғат зонасында?
♦ Аустралия шөлінің Африка шөлдерінен айырмашылығы.
♦ Саванна зонасындағы топырақ түрі.
♦ Ормандар материктің қандай бөлігін алып жатыр?
♦ Тасман аралының жануарлары мен құстары.
♦ Аустралия гондваналық плита құрамында болғанын дәлелдейтін жағдайлар
♦ Эндемик деген не?

Жаңа сабақ:
Аустралия материгі мен көршілес орналасқан Тасмания аралын бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр. Қазіргі кезде халық саны 21 млн. адамнан асады. Елдегі қала халқының үлесі 86% - дан асады. Мемлекеттің байырғы халқы аборигендер метистермен қосқанда халықтың 1%- ын құрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің саны көп.
Аборигендер бір - бірінен тілдік айырмашылықтары арқылы бөлінетін 200 - ден астам тайпалардан құралған. Аборигендар аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген.
Еуропадан қоныс аударған ағылшын ұрпақтарынан материктің келімсек халқы – Аустралиялық ағылшындар қалыптасты.
Аустралия Одағы – шаруашылығы дамыған ел. Тау - кен өнеркәсібі дамып, қалыптасқан. Машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі өркендеген. Аустралия меринос қойларының саны жөнінен дүние жүзінде
1 - ші орында. Елдің оңтүстік - шығыс және оңтүстік - батыста бидай егіледі. Аборигендер бір - бірінен тілдік айырмашылықтары арқылы бөлінетін 200 - ден аса тайпалардан құралған. Олар экваторлық қар нәсілдің Аустралиялық тобына жатады. Өңі қара қошқыл, бұйра қара шашты, кең танаулы, қабақтары шығыңқы болып келеді. Аборигендер аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген. Олардың ойлап тапқан аңшылық қаруы бумеранг деп аталады. Бумерангты лақтырса, нысанаға дәл тиеді, ал егер тимей қалса, аңшының қолына қайтып келеді.

Бекіту. Тест.
1. Аустралияның халық саны.
1. 19
2. 20
3. 21
2. Халықтың қанша пайызы қалада тұрады?
1. 85
2. 86
3. 86
3Мал шаруашылығынан шаруашылық түрі
2. 1. түйе
2. қой
3. кенгуру
4. Жерінің ауданы бойынша нешінші орында?
1. 4
2. 5
3. 6
5. Аустралия Одағын қандай ел бірлестігіне мүше
1) Ұлыбритания
2) Германия
3) Франция

Қорытынды. Бағалау.
Үйге тапсырма. Аустралия Одағы.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Жер табиғатындағы ғаламдық өзгерістер" тақырыбында ашық сабақ

Автор: Ерболатов Әділет Ерболатұлы

Дата: 02.03.2017

Номер свидетельства: 397089


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства