Просмотр содержимого документа
«Жердің атмосфера қабаты. Атмоcфераның құрамы мен құрылысы»
Алимкулова Сауле Кенесовна
Алматы облысы,
Жамбыл ауданы
Тарғап орта мектебінің
география пәні
мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Жердің атмосфера қабаты. Атмоcфераның құрамы
мен құрылысы
Сабақтың мақсаты:
Танымдық-оқушыларға атмосфера қабаты туралы, оның құрамы мен құрылымы, қабаттары және олардың маңызы туралы мағлұмат беру;
Дамыту-оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, білімге жетелеу;
Тәрбиелік-оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: слайдтар, видеоматериал,карточкалар, суреттер, бағалау бетшесі
Сабақтың барысы мен құрылысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар төрт топқа бөлінеді.
I топ- Аспан
II топ-Күн
III топ-Жер
IV топ-Жұлдыз
Әр топтан бір жетекші сайланады. Сайланған топ жетекшісі сұраққа жауап берген оқушыларды бағалауға көмектеседі. Бағалау бағалау бетшесіне ұпайларды белгілеу арқылы жүреді.
Үй тапсырмасын сұрау:
«Аспан әлемінен келген хат» ойыны арқылы тексеру.Интерактивті тақтадан хаттар келеді. Оқушылар келген хаттағы сұрақтарға жауап береді.
1.Гидросфера деп нені айтады?
2.Дүниежүзілік су айналымының маңызы неде?
3.Мұхиттың орташа тұздылығы қанша?
4.Мұхиттар мен теңіздердегі толысу мен қайту құбылысы қандай күштердің әсерінен туады?
5.Өзендерді адамдар не үшін пайдаланады?
6.Адам өмірі үшін өзендер мен көлдердің маңызы қандай?
7.Жер асты суларын адамдар қалай пайдаланады?
8.Мұздықтардың маңызы қандай?
9.Суды қорғау үшін қандай шаралар жасалуда?
Келесі тапсырма «Географиялық диктант».
«Аспан» тобы мүшелеріне жеке жұмыс:
Гидросфера дегеніміз-_______________________.Жер бетін жайлаған су __________________________құрайды.
«Күн» тобы мүшелеріне: Өзен ағысы ұзына бойымен алып қарағанда шамамен үш бөлікке бөлінеді.Бастауына жақын жағы____________, саға жағы_____________, екеуінің аралығы __________________жатқызылады.
«Жер» тобы мүшелеріне: Жер бетінен есептегенде су өткізбейтін бірінші қабатқа жиналған су _______________деп аталады.Жер асты суының құрамына еріген заттар мен газдар қосылуынан ________________________пайда болады.
«Жұлдыз» тобы мүшелеріне: Таудағы жауған қардың жыл бойы ерімей, жинақтала беретін биіктігін белгілейтін шартты сызық_____________немесе ___________деп аталады.Тау басындағы қар жиегінен төмен сырғып түскен мұздықтар ери келе ___________________бастама болады.
Топ жетекшілері оқушылардың алған ұпайларын белгілеп отырады.
Жаңа сабақ. Атмосфера қабаты. Атмосфераның құрамы мен құрылысы.
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырып өтеді.
Слайдтан атмосфера қабаты туралы көрсетіледі.
Сабақтың жоспары:
1.Атмосфера қабаты, құрамы мен құрылымы
2.Тропосфера қабаты
3.Стратосфера қабаты
Жаңа сабақты бекіту. Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі.
«Көргенімді көңіліме тоқимын». Топтарға суреттер беріледі. Онда жаңа тақырыпқа байланысты суреттер салынған. Әр топ өз бетінше суреттегіні байланыстырып атмосфераға қатысты мәліметтерді құрастырады.
«Аспан» тобына:
«Күн» тобына
«Жер» тобына
«Жұлдыз» тобына:
Әр топтан бір оқушы атмосфераға қатысты құрастырған мәліметтерін оқиды.
Бағалау.
Топ жетекшілері әр оқушының жинаған ұпай санын айтады. Мұғалім топ жетекшілерінің бағалау бетшесіндегі белгілеріне және оқушының сабаққа ынтасына қарай бағалайды.