ІІ. Оқушылардың іс-әрекеті. Миға шабуыл «Бұл не?» әдісі арқылы Сыныптағы дарынды оқушы жер бедерінің бір түрін ауызша сипаттайды: оның географиялық орнын, сыртқы пішінін, табиғат зонасын, климатын, өзен көлдерін т.б.келтіреді. Әрине, ол аймақтың атын атауға болмайды. Бір-екі сипаттан кейін дарынды оқушы сыныптағы басқа оқушылардан: «Бұл не? Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді. Литосфераның жоғары қабатында қалыптасады. Бұл не? Ол тегіс болады. Бұл не? Ойлы - қырлы болады. Бұл не? Биік немесе өте биік те болуы мүмкін. Бұл не? Ол ұзақ жылдар бойына қалыптасады. Бұл не? Ол өзгереді. Бұл не? Ол кейде таң - тамаша болып таңдандырады. Бұл не? Мұхит деңгейінен есептегенде 200 м биіктікке дейін орналасқан, құрлықтағы айтарлықтай кеңістікті алып жатқан жер бедері. Бұл не? Ойлы қырлы жердің беті Бұл не Бұл ойсергек оқушылардың пәнге деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған. 1 - тапсырма (Т) Мақсаты: жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға беруді түсініп біледі. Ойлау деңгейі: білу, түсіну, қолдану Бағалау критрийі: Оқушылар оқу мақсаттарын біліп түсіне отырып жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылық әсерін білуде мысал келтіреді. 1 -Тапсырма «Өз бұрышында» (Өздеріне ұнаған бұрышқа барып) «Ия, Жоқ» әдісі арқылы қорғайды (Тиімділігі мен пайдалылығын айтса - Ия, Тигізетін зияны туралы айтса – Жоқ. Екі жақтың келтірген мысалының шынайылығына орай жұлдызшалар беріліп отырады. Кімде көп сол топ жеңіске жетеді ) Тапсырма 1-топ «Қызыл кәмпиттер» Постерге берілген мәтін бойынша жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылыққа пайдалы әсерін сипаттаңыздар және оған бірнеше мысалдар келтіріңіздер. Дескриптор: Мәтінді оқиды Жазықтың адамзат тіршілігі мен шаруашылыққа пайдалы әсеріне мысал келтіреді Ойпаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылыққа пайдалы әсеріне мысал келтіреді Таудың адамзат тіршілігі мен шаруашылыққа пайдалы әсеріне мысал келтіреді Өз ойларын өз бұрышында қорғайды 2-топ «Көк кәмпиттер» Берілген мәтін бойынша адамзат тіршілігі мен шаруашылық әрекетінің жер бедеріне зиянды әсерін сипаттаңыздар және оған бірнеше мысалдар келтіріңіздер. Дескриптор: Мәтінді оқиды Жазыққа адамзат тіршілігі мен шаруашылықтың зиянды әсеріне мысал келтіреді Ойпатқа адамзат тіршілігі мен шаруашылықтың зиянды әсеріне мысал келтіреді Таулы жерге адамзат тіршілігі мен шаруашылықтың зиянды әсеріне мысал келтіреді Өз ойларын өз бұрышында қорғайды Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек» оқушылардың жұмыстарын бағалау кезінде қолданылады. Оқушы екі жағымды тұсын анықтау әрі оны жұлдызшамен белгілеу («екі жұлдыз») және өз ойы бойынша оның қай тұсын толықтырып жазу қажеттігін анықтау тапсырылады («тілек»). Кері байланыс: жұптың сұрағы 2 - тапсырма (Д) Сабақ мақсаты: жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға беру. Ойлау деңгейі: талдау, жинақтау, бағалау Бағалау критрийі: Оқушылар жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылық әсерін баға береді. «Егер ..., онда не болар еді?» әдісі Оқушылардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады, қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Тапсырма. «Бас қатырғы» әдісі (Топ екі минут ақылдасып бір минут жауап береді) 1-топқа сұрақ «Егер Алатаудың шыңына егін егетін болсақ, онда не өзгеріс болар еді?» «Егер Каспий теңізін Сарыарқаға көшірсек, шаруашылық саласында қандай өзгеріс болар еді» Дескриптор: 2-топқа сұрақ «Егер Жазық жерде сарқырама орналасса, онда жер бедері қандай болар еді» «егер Қостанайға бір жылда 555км қашықтыққа созылып жатқан тау пайда болса шаруашылықта қандай өзгерістер болар еді? Дескриптор: Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырады. Қалыптастырушы бағалау: «Температураны өлшеу» оқушының тапсырманы қаншалықты орындағанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін мұғалім білім алушыларды тоқтатып, сұрақ қояды: Біз не істеп жатырыз? Оқушы осы сұраққа жауап береді, тапсырманың орындалу жолы, оны орындау үдерісі туралы ақпаратты ұсынады. Кері байланыс: мұғалімнің жетелеу сұрағы 3- тапсырма (Т) «Үндеу» әдісі (Плакат жазу, банер шығару, дауысты хабарлама жіберу арқылы бірге болуға үндеу) Мақсаты: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін зиянды әсерін болдырмауды ұсыну. Ойлау деңгейі: бағалау Бағалау критерийі: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін зиянды әсерін болдырмауды ұсынып үндеу жазады. Тапсырма Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін зиянды әсерін болдырмау үшін қандай үндеу плакаттарын таратар едіңіз. үндеу тастаңыз, жариялаңыз, бірге болуға шақырыңыз 5 минуттық жұмыс Дескриптор: Тақырыпты анықтайды; Бұзылудың түрлерін анықтайды; Бұзылуға қарсы шығатын ойдың мәтінін дайындайды; Бұзылудың болмауына үндеу жазады. Қалыптастырушы бағалау: «Қолмен белгі беру» Мұғалім түсіндіруін тоқтатып, қолды көтеру арқылы материалды түсініп немесе түсінбей отырғанын айғақтайтындай белгі беруін өтінеді. Белгілер алдын ала келісіледі. Мысалы: − қолдың бас бармағы жоғарыға қарай бағытталған: мен бәрін түсіндім және түсінгенімді айта аламын; − қолдың бас бармағы төменге қарай бағытталған: мен әлі түсінген жоқпын; − қол бұлғау: мен өзіме сенімсізбін; Мұғалімнің білім алушыларға қосымша сұрақтар қоюына болады, мысалы, кім өзіне сенімсіз? кім түсінбеді? кім түсінді? Кері байланыс: мұғалімнің жетелеу сұрағы |