kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жас Географтар» білімділер сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жамбыл облысы Талас ауданы ?аратау ?аласы А.С. Пушкин атында?ы орта мектебі

География п?ні м??алімі Ташимбаева Насихат Танатовна

Саба?ты? та?ырыбы: «Жас Географтар» білімділер сайысы
Сынып: 8 сыныптар;
Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды? география п?ніне деген ?ызы?ушылы?тарын оята отырып, о?ушылар д?ниетанымын ке?ейту; ?р ??рлы?ты?, ?р елді?, сондай - а? ?здеріні? ту?ан ата мекеніні? ?ызы?ты да к?рделі географиясын ?алай ме?гергендіктерін ба?ылау, жа?аны білуге ?ызы?тыру, тез ойлана білуге ?йрету, географиядан ал?ан білімдерін орта?а салу?а ?йрету, да?дыландыру;
К?тілетін н?тиже:
1. О?ушылар д?ниетанымы ке?ейеді;
2. Жа?аны білуге ?ызы?ады;
3. Тез ойлана білуге ?йренеді;
К?рнекіліктер: Слайдтар, карточкалар, суреттер, бейнебаяндар;
П?наралы? байланыс: биология, ?аза? тілі;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жас Географтар» білімділер сайысы»

Сабақтың тақырыбы: «Жас Географтар» білімділер сайысы
Сынып: 8 сыныптар;
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын оята отырып, оқушылар дүниетанымын кеңейту; әр құрлықтың, әр елдің, сондай - ақ өздерінің туған ата мекенінің қызықты да күрделі географиясын қалай меңгергендіктерін бақылау, жаңаны білуге қызықтыру, тез ойлана білуге үйрету, географиядан алған білімдерін ортаға салуға үйрету, дағдыландыру;
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар дүниетанымы кеңейеді;
2. Жаңаны білуге қызығады;
3. Тез ойлана білуге үйренеді;
Көрнекіліктер: Слайдтар, карточкалар, суреттер, бейнебаяндар;
Пәнаралық байланыс: биология, қазақ тілі;

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушылық. Оқушылармен амандасып, сыныпты 2 топқа бөлу;
(Сұңқар және Тұлпар)
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Әр топ өздерін таныстырады;
ә) Мұғалім сайыс ережелерімен, бөлімдерімен таныстырады;
б) Әділқазылар мүшесі сайланады;
Сайысты бастау
1 - кезең. «Елдер мен астаналар»
2 - кезең. «Білімді мыңды жығар»
3 - кезең. «Әліпбиді әріпте»
4 - кезең. «Қазақстан қорықтары»
5 - кезең. «Ойлан, тап!»
6 - кезең. «Топбасшылар сайысы»

1 - кезең. «Елдер мен астаналар» бөлімінде 8 ұяшық астында жасырылған 8 сұрақ беріледі. Әр топ ұяшықты таңдап, сұрағына жауап береді. Әр жауапқа 1 ұпай;
Жасыл ұяшықтар.
1. Аустралияның 5 - астанасы. (Канберра)
2. Орыс қызы атымен аталатын астана. (София)
3. Ең жақсы дамыған Африка елі. (Оңтүстік Африка Республикасы)
Қызыл ұяшықтар.
1. Ең биік орналасқан астана. (Ла - Пас)
2. Жапырағында үйеңкі бейнеленген ел? (Канада)
3. Гринвич меридианы қай елдің астанасын кесіп өтеді? (Ұлыбритания - Лондон)
Көк ұяшықтар.
1. Дәл ортасынан экватор сызығы кесіп өтетін ел, астанасы (Эквадор, Кито)
2. Дүние жүзіндегі ең кішкентай ел қай астанада орналасқан? (Римде - Ватикан)

2 - кезең. «Білімді мыңды жығар» бөлімінде барлығы 12 сұрақ қойылады.(Штордың көмегімен жабылады) Әр жауапқа 1 ұпай;
1. Ауаның көлденең бағытта қозғалуы........ аталады. (жел)
2. Абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар.... аталады. (изогиета)
3. Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш болып мойындаған ел? (Түркия)
4. "Күн Шығыс" елі? (Жапония)
5. Құрлық бетіндегі ішіне су толған табиғи ойыс....... деп аталады. (көл)
6. Пішіні жолбарысқа ұқсайтын түбек? (Скандинавия)
7. Ұл баланың атымен аталатын пайдалы қазба? (Алмас)
8. Қазақстан Республикасының ең кіші шекарасы қай елмен, қанша шақырым? (Түркменстан – 426км)
9. Жан - жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі? (арал)
10. Жер бетінде полюстен полюске ойша жүргізілген сызық? (меридиан)
11. Қыздың атымен аталатын көл? (Виктория)
12. Қазақстан жер көлемінен қай елден кейін 9 - орында? (Аргентинадан кейін);

3 - кезең. «Әліпбиді әріпте» бөлімінде Алфавиттің бірнеше әріптері беріледі. Әр топ 7 әріптен таңдап, сұрақтарына жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай;
А – Бесінші мұхит деп аталатын қабық; (Атмосфера)
Ә – Бұл мемлекеттің астанасы – Баку қаласы; (Әзірбайжан)
Б – Тәулігіне бағытын 2 рет өзгертетін жел; (Бриз)
В – Сирек кездесетін түсті металл; (вольфрам)
Г – Атырау қаласының бұрынғы атауы; (Гурьев)
Д – Палеозой эрасының дәуірі; (девон)
Е – Жетісу Алатауының оңтүстік - шығысында Қытайды орналасқан Ебінұр көлі қазаншұңқырында соғатын жел; (Ебі)
Ж – Каспийге құятын негізгі өзен; (Жайық)
З – Жеті жұттың бірі; (Зілзала)
И – Жанартаулар елі; (Исландия)
К – Ауа - райының бір жерге тән көпжылдық орташа жай - күйі; (климат)
Қ – Қазақстандағы көлемі жөнінен ең үлкен облыс; (Қарағанды)
Л – Бастапқы меридиан кесіп өтетін қала (Лондон)
М – Жезқазғанда мол қоры бар пайдалы қазба; (мыс)
Н – Атом бомбасы тасталған Жапония қаласы? (Нагасаки)
О – Мұнайды сыртқа экспорттайтын елдерді біріктіретін ұйым; (ОПЕК)
Ө – Қазақстанның экологиясы жағынан ең лас қаласы; (Өскемен)
П – Ежелгі біртұтас материк; (Пангея)
Р – Қазақстанның ең үлкен шекарасы қай елмен? (Ресей)
С – Ғаламшардың бірі (Сатурн)
Т – Тынық мұхиттың Оңтүстік - Шығыс Азияға жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл; (Тайфун)
У – Қазақ арасынан шыққан география саласындағы саяхатшы әрі географ; (Ш. Уалиханов)
Ү – Теңіз деңгейінен биіктігі 200м-ге жуық биіктік үстіндегі жазық қалай аталады? (үстірт)
Ұ – АҚШ пен Канада шекарасында не орналасқан? (Ұлы көлдер)
Ф – Қазақстан әлемде бұл пайдалы қазбаның қоры жөнінен АҚШ - тан кейінгі 2 - орында (фосфорит)
Х – Вьетнам астанасы; (Ханой)
Ц – «құрылыс наны» аталатын құрылыс материалы; (цемент)
Ч – АҚШ - тың ірі қаласы? (Чикаго)
Ш – климаты өте құрғақ, өсімдігі әрі жұтаң, әрі сирек аумақтар; (шөл)
Э – Жер шарындағы екі полюстен бірдей қашықтықта ойша жүргізілген шеңбер; (экватор)
Ю – БҰҰ - ның арнаулы маманданған мекемесі (ЮНЕСКО)
Я – Оңтүстік - шығыс Азиядағы кішкентай арал; (Ява)

4 - кезең. «Қазақстан қорықтары» бөлімінде әр топқа Қазақстанның қорықтар туралы
4 деңгейлі сұрақтан тұратын ұяшықтар беріледі. Әр топ өзіне тиістісіне ғана жауап береді.
1 - топқа
1. Ең алғаш құрылған қорық? (Ақсу - Жабағылы, 1926ж)
2. Арал теңізінің солтүстік - батысында орналасқан қорық? (Барсакелмес қорығы)
3. Марқакөл қорығында кездесетін дәрілік өсімдік? (Аралий)
4. Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрі кездесетін қорық (Наурызым)
2 -топқа
1. Маңғыстау облысында орналасқан ең жас қорықтардың бірі? (Үстірт)
2. Іле өзенінің атақты "әнші тауы" Аққұм қалқан шөлі қай қорыққа тиесілі?(Алматы қ)
3. Үстірт қорығында өсірілетін жабайы қой? (муфлон)
4. ЮНЕСКО - ның тізіміне ерекше қорғалатын батпақты - шөлді ландшафт ретінде енген қорық? (Қорғалжын қорығы)

5 - кезең. «Ойлан, тап!» бөлімінде әр топқа танымдық сұрақтар беріледі, топпен ұйымдасып сұраққа жауап беру керек. 3 көмек болады, тек ойланып 1 жауап беру керек, екінші жауап қабылданбайды. Әр сұраққа 50 ұпайдан, бірақ көмек алған сайын 10 ұпайдан шегеріліп отырады.
1. Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте "даңқ символы" ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.
Бірінші көмек: Отаны - Жерорта теңізі жағалауы.
Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген.
Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да пайдаланады.
Жауап: Лавр жапырағы.

2. Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.
Бірінші көмек: Отаны - Қытай
Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.
Жауабы: Шай

3. Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан. Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзенің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы - материктегі аса ірі агломерациялардың бірі. Тарихи - мәдени ескерткіштер мен рекреациялы ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта - ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.
Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан.
Екінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.
Үшінші көмек: Пирамидалар елі.
Жауап: Египет

4. Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда "төмен жатқан жер" деген мағына береді. Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан. Ел аумағында халық өте тығыз орналасқан. Өнеркәсіптегі жоғарғы технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін 2 орын алады. Ауыл шаруашылығының басты саласы - көкөніс және жеміс - жидек өсіру. Мал шаруашылығының негізі - сүтті сиыр өсіруге маманданған. Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.
Бірінші көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған.
Екінші көмек: Бұл елді гүлдердің отаны деп те атайды.
Үшінші көмек: Бұл елді екінші атауымен Голландия деп те атайды.
Жауап: Нидерланд

6 - кезең. «Топбасшылар сайысы» бөлімінде әр топтың басшылары сайысады. Терминдерді ретімен жазып шығу, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
ІІІ. Қорытынды. Әділқазылар алқасы ұпай сандарын шығарып, жеңген топты марапаттайды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Жас Географтар» білімділер сайысы

Автор: Ташимбаева Насихат Танатовна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 311001

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "«Жас географ»"
    ["seo_title"] => string(15) "zhas_ghieoghraf"
    ["file_id"] => string(6) "380400"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1484647005"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "«Географиялық кеш»"
    ["seo_title"] => string(21) "gieoghrafiialyk_kiesh"
    ["file_id"] => string(6) "394226"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487668307"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства