kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Топыра?ты? т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Салеметсіздер ме? Мен ж?мыс?а 2015 -2016 о?у жылында орналастым. География п?ніне ?атысты материалдарды осы сайттан табамын. География п?ні ?те ?ызы?ты п?н. О?ушылар?а т?рлі ?ызы?ты м?ліметтерді, тапсырмаларды орындату?а болады. Б?л саба? жоспары 8 сынып?а арнал?ан. ?аза?станны? топыра? т?рлеріне арнал?ан. ?осымша презентациясы да бар. ?аза?станны? топыра? т?рлері туралы к?птеген м?ліметтерді іздеп табу?а болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Топыра?ты? т?рлері»

Күні: 03.02.2016 Сыныбы: 8 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Топырақтың түрлері

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға Қазақстандағы топырақ типтері, топырақ эрозиясы оны қалай қорғау туралы жалпы түсінік беру

2. Оқушылардың электрондық оқулық пен картаны пайдалану арқылы, олардың ой өрісін, зейінін, дағдысы мен іскерлігін пәнге деген қызығушылығын дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілкке, әдемілікке, экологиялық тәрбие беру арқылы адамгершілікке баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау

Сабақтың тегі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Электронды оқулықты пайдалану арқылы модульдік оқытудың «Бақытты сәт» кезеңі бойынша іздену сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, Қазақстанның

физикалық картасы, сызба кестелер мен плакаттар.

Қазақстанның топырағы

І Ұйымдастыру кезеңі

а . Оқушыларды түгендеу

ә. Үйге қандай тапсырма берілгенін сұрау

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

Таным таразысы





ә. Алтын қоржын

(сөзжұмбақ)

а. Бой сергіту

(Сұрақ – жауап)

б. Мені түсін.

(1, 2 оқушы. әңгімесінсұрау)





І «Бой сергіту». ( Ауызша сұраққа жауап алу)

1. Алғашқы жұқа топырақ қабаты осыдан неше жыл бұрын қай кезеңде пайда болған ? ( 500 млн. жыл бұрын кембрии дәуірінде)

2. Топырақтану ғылымын зерттеген ғалым кім? (В. В. Докучаев)

3. Докучаев - топырақтың табиғи дене екенін қай қай ғасырдың, қай жылдарында анықтады? (ХІХ ғасырдың 80 жылдарында)

4. Топырақты құрушы факторларға нелер жатады? ( су, ауа, жылу, өсімдік,тірі ағзалар, климат)

5. Топырақтың негізгі қасиеті не? (Құнарлы)

6. Топырақ пен органикалық қалдықтарды асқазан шырынымен шылап, өзгертіп өңдеп шығаратын не? (Шұбалшындар)

7. Қандай топырақтар біріккіш келеді? ( Саз бен шірінді)

8. Ал қай топырақтың бірігуі нашар? ( құмды, құмдауытты, саздауытты)

9. Құрылымды топырақ қандай топырақ ? (Құрылымы кесек – түйіршіктерінің көлемі 10 мм)

ІІ. « Мені түсін » (1, 2 оқушыдан әңгімесін сұрау)

ІІІ.Әр топтың дайындаған сөзжұмбағын шешу

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту

ІҮ .Жаңа сабақ

1. Топырақтың түрлерімен танысу 
2.Топырақтың пайда болу жағдайы. 
3.Топырақтың негізгі қаиеттерімен және топырақты қорғау шаралары танысатын боламыз. 

Еліміздің топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі.Жалпы топырақ табиғат зоналары бойынша таралады және айқын байқалады. Негізінен 3 топырақ зоналарына бөлінеді. 
1- Қара топырақты зона (52⁰ с.е. солтүстігінде) 
2- Қара қоңыр топырақты зона (52⁰ – 48⁰с.е. аралығында) 
3- Қоңыр сұр қоңыр топырақты зона (52 ⁰– 48⁰ с.е. аралығында) 

1)Қара топырақты зона – Еліміздің солтүстігінде таралған. Бұл зонаға Сол – к Қаз-н облысын түгелімен , Қостанай обл, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Орал облыстарының сол –к бөлігін қамтиды. Қара топырақты зона Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5% - ын) алып жатыр. Бұл топырақ зона 3 зона аралығына бөлінеді: 1 – сілтісізденген қара топырақ – орманда дала табиғат зонасының оңтүстігінде азғана бөлігін алып жатыр. 2 – кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы – дала зонасына тән. Құнарлығы жағына келсек 2 зонаныңда гумусы (қара шіріндісі) мол 6- 8% ал оңтүстігінде қара топырақтың шіріндісі аздау 4 -6%. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған. Бұл топырақты зона республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады. 

2) Қара қоңыр топырақ зонасы – қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан топырақ зонасы. Бұл қара қоңыр топырақты зона Орталық Қаз- нның көп жерін , Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қаз –н облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе (34% - ын алып) жатыр.Бұл қара қоңыр топырақ зонасы да 3 зона аралығына бөлінеді:

1 –қуаң даланың күнгірт қара қоңыр топырақтыөңірі, 

2 – қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі; 

3 – шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Бұл топырақ зонасының құнарлығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі.күнгірт қара топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы 4,5 – 3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырақтың гумусы азырақ 3,0 – 2,0%. Қара қоңыр топырақ зонасының сол – гінде астық өндіру мен ал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі. Осы топырақ зонасының оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Бұл топырақтың гумусы аз сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді. 

Топырақ эрозиясы. Топырақтың құнарлығын кемітетін табиғаттың бір апаты - топырақ эрозиясы. Еліміздің 70 млн гектардан астам жерлері эрозияға бейім жерлер болып келеді.Соның 52млн гектары жел эрозиясына бейім, 17 млн – нан астамы су эрозиясына бейім.  

Топырақ эрозиясының түрлері. Топырақтың жел эрозиясы. Жел эрозиясының басым болуы, біріншіден Қазақстан жерінің көп бөлігінің жазық және ашық болуы, екіншіден күшті желдің соғуы, үшіншіден топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңіл топырақтардың молдығы. Сондықтан бұндай жерлерді игеру өте жауаптылықты қажет етеді. Су эрозиясы – топырақты шайып кету және жыра эрозиясы деп екіге бөлінеді.

Топырақтың су эрозиясы

Топырақтың жел эрозиясы




Жыра эрозиясы

Топырақтың шайылуы

Күнделікті жел эрозиясы

Шаңды дауыл




Таудағы эрозия




Сел тасқын


Топырақтану институтында топырақ эрозиясы бөлімі ашылып оңтүстік және сол –к аймақтардың жел , су эрозияларын зерттеп , күресу шараларын ұсынды. 

Жалпы эрозиядан сақтану жолдары төмендегідей жұмыстар жүрілуі қажет: 
1. Егістік маңына ағаш отырғызу 
2. Агротехникалық шаралар жүргізу 
3. Ауыспалы егіс айналымын сақтау 
4. Қар тоқтату, тыңайтқыштар себу 
5. Жерді аудармай жырту 
6. Тау беткейлерінен көлденеңінен сатылай жырту 
7. Селге қарсы құрылыстар салу. 
8. Құм тоқтату 
9. Бұл шаралар топырақтың жел, су эрозиясына ұшырауларын азайтады. 

І. Электронды оқулықтан әр топқа тапсырма беру

І топ

ІІ топ

ІІІ топ


оқулықтан қара топырақты зона туралы оқып түсінігін айтып беру

Қара топырақты аймақты картадан табу, кескін картаға түсіру

оқулықтан қара қоңыр топырақ зонасы туралы оқып түсінігін айтып беру.

Аталған обьектілерді картадан табу, кескін картаға түсіру

Топырақ эрозиясы


Қазақстанның топырағының эроияға ұшыраған аймақтарын картадан көрсету, кескін картаға түсіру


ІІ. Тапсырма (дәптерге орындау)

І топ: 1. Жел эрозиясы мен су эрозиясын салыстыру

(ВЕНН диограммасы бойынша)

Ұқсастығы



Жел эрозиясы

Су эрозиясы




2. Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарының топырағы

3. Топырақтың құнарлы қабатының жойылуы неден?

ІІ топ:

1.Эрозиядан сақтану жолдарын атаңдар

2. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан орманды дала зонасының топырағы

3. Топырақтың құнарлы қабаты деп нені атайды?

ІІІ топ:

1. Топырақ зоналары мен климаттық жағдайлардың арасындағы байланысты мысалдар келтіріп түсіндіріңдер

2. Топырақтың таралуына өсімдік жамылғысының әсері бар ма?

3. Не себепті топырақтың антропогендік эрозиясы болады?

Ү. Сабақты бекіту: Кесте толтыру

1) Қазақстанда қандай топырақ түрлері бар? Өз облыстарыңның топырағы қанадй? 
2)Топырақтың гумусы деген не және ол оңтүстікке барған сайын неге азая береді? 
3) Топырақ эрозиясы деген не? 
4)Топырақ эрозиясымен күресу шаралары барма? 
5) Өздеріңнің тұрған жерлерінің ауыл шаруашылық мамандары эрозияға ұшыраған топыраққа қандай шаралар қолдануда болса айтып бер? 

ҮІ. Үйге тапсырма. § 36 оқу.

ҮІІ. Бағалау

Рефлексия: Өз ойларын стикерлерге жазып береді
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Топыра?ты? т?рлері

Автор: Н?рік А?шолпан Тангатар?ызы

Дата: 25.03.2016

Номер свидетельства: 309932


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства