kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Топыра?. Топыра?ты? т?рлері мен ??рамы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Топыра?, топыра?ты? ??рамы мен оларды? тау жыныстардан ерекшелігі туралы ма?л?мат беру;

О?ушыларды? с?здік ?орын ке?ейту, байланыстырып с?йлеуге жатты?тыру, белсенділігін арттырып, ой ?рісін дамыту;

Таби?атты ?ор?ау?а, аялай білуге баулу.

1. ?аза?стан аума?ында ?анша ?зен, ?анша к?л, ?анша м?зды?, ?анша б?ген мен то?андар бар?(, ?зен 85мы?, к?л    48мы?нан астам, б?гендер мен то?андар 4000?а жуы?,  м?зды?тар 2724).

2. ?аза?стан ?зендері ?анша алап?а б?лінеді. Оларды ата? 

3. Солт?стік м?зды м?хит алабыны?  ірі ?зені. (Ертіс ?зені)

4. ішкі т?йы? алабыны?  ?зендері.         

5. каспий те?ізі алабы ?зені. (Жайы?)

6. арал те?ізі алабы ?зені(Сырдария)

7. бал?аш-алак?л алабы ?зені( Іле )

8. ірі к?лдерді ата? Каспий те?ізі

9. Арал те?ізі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Топыра?. Топыра?ты? т?рлері мен ??рамы»



Сабақтың тақырыбы: Топырақ. Топырақтың түрлері мен құрамы

Сабақтың мақсаты:

  • Топырақ, топырақтың құрамы мен олардың тау жыныстардан ерекшелігі туралы мағлұмат беру;

  • Оқушылардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, белсенділігін арттырып, ой өрісін дамыту;

  • Табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, Қазақстанның физикалық, атлас, слайд, зертханалық жұмыс(топырақ, стакан, шам, қасық, су)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1.1. психологиялық дайындық,

ІІ. Өткенді қортындылау.

2.1. Тарауды бекіту

2.2. Тест

ІІІ. Ой ашар

3.1. Жаңасабақ

3.2. тәжірибе

IV. Ой қозғау.

4.1. Оқулықпен жұмыс

4.2. Түртіп алу жүйесі

V. Ой толғаныс

5.1. «жануарлар сөйлейді» сұрақ-жауап?

5.2. Сабақты қортындылау

5.3. үй тапсырмасы

VІ. бағалау


І. Психологиялық дайындық (2 мин )

Оқушылардың оқулықтары мен оқу қуралдарын тексеріп жаңа сабақтың тақырыбын айтып оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

ІІ. Өткенде тарауды еске түсіру (10 мин)

а) Әр оқушы тақтадағы сұрақтарды оқып, керек картаға қарап өзен немесе көлге қысқаша әңгімелейді.

1. Қазақстан аумағында қанша өзен, қанша көл, қанша мұздық, қанша бөген мен тоғандар бар?(, өзен 85мың, көл 48мыңнан астам, бөгендер мен тоғандар 4000ға жуық, мұздықтар 2724).

2. қазақстан өзендері қанша алапқа бөлінеді. Оларды ата?

3. Солтүстік мұзды мұхит алабының ірі өзені. (Ертіс өзені)

4. ішкі тұйық алабының өзендері.

5. каспий теңізі алабы өзені. (Жайық)

6. арал теңізі алабы өзені(Сырдария)

7. балқаш-алакөл алабы өзені( Іле )

8. ірі көлдерді ата? Каспий теңізі

9. Арал теңізі

10. Балқаш көлі

ә) Тест

1. Қазақстанда қанша көл бар?

а) 48000 ә) 85000 б) 4000


2. Қазақстанда қанша көл бар?

а) 48000 ә) 85000 б) 4000


3. Қазақстанда қанша бөгендер мен тоғандар бар?

а) 48000 ә) 85000 б) 4000


4. Қазақстанда қанша мұздықтар бар?

а) 48000 ә) 2724 б) 4000


5. Солтүстік мұзды мұхит алабының ірі өзені

а) Ертіс ә) Есіл б) Тобыл


6. Арал теңізінің ірі өзені?

а) сырдария ә) Жем б) Келес

7. Балқаш көлінің өзені

а) Іле, Қаратал, Лепсі

ә) сырдария, Арыс, Келес

б) Жайық, Жем, Ойыл.


8. Қазақстандағы ең ірі СЭС:

а) Қапшағай ә) Бұқтырма б) Шардара


9. Қазақстандағы ағынды көл

а) Зайсан

ә) Каспий

б) Алакөл 


10. Қазақстанның қай аймағында мұздықтар таралған

А) Батыс

Ә) Солтүстік және Орталық

Б) Шығыс және Оңтүстік-Шығыс.  


ІІІ. Ой ашар. (а-10 мин, ә-15мин)

 А) Жаңа сабақ. Слайд арқылы.


Жер десек ғаламшар, топырақ, құрлық беті, өзен, көл т.б есімізге түседі. Сол жердің беткі қабаты топырақ туралы айтамыз.

- Топырақ дегеніміз не?


- Топырақ — өсімдік өсетін жер, қара жер, жер бетіндегі шаң т.б деп жауап беруі мүмкін.

- Топырақтың нағыз түрін көруге, ерекшелігін білу үшін ауыл сыртындағы өзеннің жағасына барып қарасақ

- Өзен жағасы құм. Суға жақынарақ барсаң құмға араласқан саз көрінеді. Жазда суға шомылып болғасын жағажайдағы құмға қыздырыну үшін жатасың. Сол құмда өсіп тұрған өсімдікті көресің бе?

 

Тұжырым: Өйткені таза тау жыныстарында ешқандай өсімдік өспейді.

 

- Жағажайдан бір уыс құм алып, одан әрі өзен жағасындағы көктемде су басатын жайылымға көтерілсең.

- ол жерден не көреміз

- Тал, шілік, бұта, қалың шөп иін тіресіп тұр.

Одан әрі жоғары көтерілсек басқа өсімдіктер өсіп тұр.

- Бұл жерде өсімдіктің өсуі неліктен?

- Бұл айтылған жерлерде өсімдіктің өсуі топырақтың болуынан.

- Сондықтан, жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабатын топырақ дейміз.


ә) ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕР


Топырақты ақ қағаздың бетіне салып, анықтап қара

- Өсімдіктің ұсақ қалдықтары, шіріген жәндіктің қалдықтары байқалады. Одан әрі анықтай түсу үшін тәжірибе жасайық.

1 - тәжірибе.

Бір кесек топырақты стакандағы суға салайық. Не байқадық. Көпіршіп шыққан не? Ауа

2 — тәжірибе.

Бір уыс топырақты темір қалбырға салып отқа қойып қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болды. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар? Су

3 — тәжірибе

Топырақты одан әрі қыздыра түсейік. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар? Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар. Олқарашірік   

4 — тәжірибе

Шірінді жанып біткен топырақты суға салып араластырайық. Лайланған суды тұндыруға қояйық. Біраздан кейін тұнбаның астында құм, оның үстіне саз шөгеді. Бұдан топырақ құрамында құм, саз барын байқайық.

Тәжірибені қортындылау: Топырақта қарашірік көп болса, соғұрлым топырақ құнарлы болады. Қарашірік топыраққа қара, қоңыр түс береді.  


Топырақтың адам өмірі үшін пайдасы өте ерекше.

Топырақсыз адам өмір сүру мүмкін емес және де оның құнарлылығына да аса мән берген жөн. Топырақ құнарлы болса өсімдік өсіп, өнімді өте көп мөлшерде береді. Ал топырақтың құнарлығы аз болса, өсімдік ауырып, одан алынатын түсім де азаяды.


ІV. Ой толғаныс.(5 мин)

 а) «Жануарлар сөйлейді» ойыны

Құрт: Топырақ дегеніміз не?

Тышқан: Топырақтың тау жыныстарынан басты ерекшелігі неде?

Борсық: Топырақтың құрамында не бар?

Қоңыз: Қарашірік қайдан пайда болады?

Құмырсқа: Топырақтың қандай пайдасы бар?

Топырақ — өсімдік үшін қоректің көзі және баспана.

Таза тау жыныстарында өсімдік өсема?

Қазақстандағы топырақ түрлері

Қара топырақ Қазақстанның қай облыстарында

Қара және сұр топырақ Қазақстанның қай бөлігінде таралған

Топырақ туралы iлiмнiң негiзiн қалаған ғалым

Топырақты құрайтын факторлар

V. Қорытындылау:

А) БББ кестесі.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Топырақ жердің беткі қабаты.

 Топырақтың тау

жыныстарынан ерекшелігін білдім. Топырақта құнарлы өсімдік өседі. Таза тау жыныстарында өсімдік өспейді.

Топырақ қабаты түзелу үшін қанша жыл керек?

 

Жауабы: 1 – 2 см топырақ қабаты түзелу үшін жүз жылдай, ал 20 см топырақ 2 – 3 мың жылда түзеледі.


Бүгінгі өткен сабағымыз топырақ, топырақ құрамы және түрлері барлығымызға түсініктіме.

Ендеше: Күніміз ашық,

Түніміз тыныш.

Ауамыз таза,

Топырағымыз құнарлы болсын.

Өзіміз аман болайық.

б) Үйге тапсырма: Топырақ мәлімет жинап келу және кескін картаға түсіру.

в) Бағалау:

«5» алғандар – оқушы

«4» алғандар – оқушы

«3» алғандар – оқушы

«2» алғандар – оқушы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Топыра?. Топыра?ты? т?рлері мен ??рамы

Автор: Уалханов Н?рсултан Бейсенбек?лы

Дата: 07.04.2016

Номер свидетельства: 316289


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства