Сабақтың мақсаты: Тянь-Шань тауының құрамдас бөліктері, оның географиялық орны, геоглогиялық құрылысының ерекшеліктері, қазба байлықтарының таралу заңдылықтары туралы білім беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділік: Тянь-Шань тауының географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары туралы түсінік беру.
Дамытушылық :оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз елін жете тани білуге
қызығушылығын ояту,картамен жұмыс жасау белсенділігін арттыру,оқушыларды өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру.
Тәрбиелік:туған елге, жерге дегенсүйіспеншілігін қалыптастыру; экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: өз бетімен меңгеру, ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру , СТО әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, интерактивтік тақта,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу, оқушыларды түгелдеу. Оқушыларды түрлі түстермен 3 топқа бөлу.
Тренинг өткізу.
Дәптерлеріңізді ашып, 9 дөңгелекше салып, оның кез-келгенін бояңыздар. Сабақтың соңында жалғастырамыз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1 тапсырмаОқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сауыр – Тарбағатай тауының географиялық орыны қандай?
Сауыр мен Тарбағатай тауларының жер бедері қандай?
Бұл тау жоталарының ерекшеліктері неде?
Сауыр- Тарбатай тау жасалу қатпарлануының кандай кезеңде пайда болған?
Сауыр – Тарбағай тауының климат ерекшеліктері қандай?
Таудан басталатын өзендердің ерекшеліктерін ата.
Сауыр- Тарбағатай тауларына қандай табиғат зоналары тән?
2тапсырма
«Адасқан нысанды тап»
Сары арқа Мұзтау
Алтай Тастау
Сауыр Ақсораң
Тарбағатай Сары шоқы
3 тапсырма
«Сандар сөйлейді»
2739 м...
2992 м ...
3816м...
6995м ...
ІІІ.Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Оқушыларға сұрақ: Азиядағы биік таулардың бірі,оның кейбір бөліктері Қазақстанға енеді? Ол қандай тау? ( Тянь-Шань тауы) Тянь- Шань тауының ең нүктесі ХанТәңірі шыңы ( 6995м)
Мағынаны тану кезеңі
Мүғалім: Бүгін біздер Қазақстанның биік тауларының бірі – Тянь-Шань тауымен танысамыз.Тянь-Шань таулы өлкесінің Қазақстандағы тау жоталарына:
Орталық Тянь-Шань
Солтүстік Тянь-Шань
Батыс Тянь – Шань жатады.
Тянь-Шань Азиядағы ең ірі тау жүйесінің бірі.Таудың шығыс бөлігі Қытай жерінде .Тянь-Шань сөзі қытай тілінде «Тәңір шыңы, Аспан тау» деген мағынаны білдіреді. Қазақстанға Тянь-Шаньнің солтүстік батыс бөлігі, Орталық Тянь-Шаньның кейбір жоталары кіреді.
Сынып оқушылыры ,1- топ : Солтүстік Тянь- Шань, 2- топ Батыс Тянь- Шань ,3- топ :Орталық Тянь – Шань тау жоталарыны бөлініп топта талдап оқып болғаннан кейін қорғайды.
топ : Солтүстік Тянь- Шань
Іле Алатауының негізгі жотасы ендік бойымен созылған , Ұзындығы-350 км, ені-30-40 км. Орташа биіктігі 4000мТалғар, Кебін жоталарына қарай биіктейді,шығысқа қарай аласарады(3300-3400м).Негізгі жотаның кей жерлерінде ежелгі гранит пен гипс кездеседі.Палезойда каледон мен герцин қатпарлығына ұшырап, кейін альпі тау түзілу кезінде көтерілгендіктен қатпарлы- жақпарлы тауларға жатады.Таудың биік белдеуінде нағыз альпілік жер бедері қалыптасқан.Таудың жеке бөліктері біртіндеп аласарып, биік жотаның альпілік жер бедері тау қыраттарына , одан орманды –шалғынды тауларға, одан аласа қыраттарға ауысады.
Үзынқара (Кетпен) биіктігі орташа тау Солтүстік Тянь-Шаньның шығыс бөлігінде орналасқан.Кетпен Құлақтау арқылы Күнгей Алатауымен жалғасады.
Күнгей Алатаудың солтүстік-шығыс бөлігінің солтүстік беткейі ғана Қазақстанға кіреді.Бұл жотаның орташа биіктігі 3800-4213м. Ол төменгі палезойдың эффузивті шөгінді жыныстарынан құралған.
Шу-Іле таулары Іле Алатауының солтүстік батысында жатыр.Ол қатты мүжіліп, үгіліске ұшыраған.Солтүстігі Бетпақдаламен шектеседі. Ол кембрийге дейінгі жыныстар мен гнейстердің қалың қабаттарынан құралған.
топ Батыс Тянь - Шань
Батыс Тянь-Шаньның Қазақстандық бөлігі Қырғыз жотасынан басталады.Қырғыз жотасы көлемі мен биіктігі жағынан үлкен тау жүйесі.Батыс Тянь-Шаньныі батыстағы жалғасыҚаратау жотасы.Ол Талас Алатауының батыс жағынан басталып, Боралдай, Сайрам жоталары арқылы Ташкент маңымен Алатаумен шектеседі. Қырғыз жотасының ең биік нүктесі- П.П. Семенов шыңы.биіктігі 4566 м. Таудың қазақстандық бөлігі 4500 м шамасында. Батыс Тянь- Шаньның батыстағы жалғасы Қаратау жотасы ұзындығы 400м орташа биіктігі 1800м.
Солтүстік Тянь- Шань Батыс Тянь- Шань
3 топ Орталық Тянь- Шань тау жоталарын қорғайды.
Қаратау бойында пайдалы қазбалардың мол қоры табылған.Қорғасын-мырыш Шымкент қорғасын зауытына шикізат ретінде пайдаланады.Фосфорит байлығы Тараздың зауыттарын қамтамасыз етіп отырады.
Кескін картамен жұмыс
Кескін картаға Тянь-Шань тауларының жоталарын түсіріп, аттарын жазыңдар.
Кесте толтыру. Солтүстік Тянь- Шань тау жоталары.
№
Тау жоталары
сипаттамасы
Биік нүктесі
Геологиялық құрылысы
1
2
3
4
5
Батыс Тянь- Шань тау жоталары.
№
Тау жоталары
сипаттамасы
Биік нүктесі
Геологиялық құрылысы
№
Шартты белгілер
Пайдалы қазбалар
Кен орындары
Ой- толғаныс кезеңі
«Жинақтау»
Тянь-Шань тауы
Сабақты қорытындылау. Брейн-ринг әдісі.Бұл тәсілде сіздер «ия», «жоқ»деген көрсету белгілеріңізді көрсете отырып жауап бересіздер.
№
Сұрақ түрлері
Жауаптар
1.
Тянь-Шань Азиядағы ең ірі тау жүйесінің бірі
2.
Тянь-Шаньнің ең биік нүктесі Мұзтау
3.
Кетпен жотасы Солтүстік Тянь-Шяньнныңшығыс бөлігінде орналасқан
4.
Шу-Іле Алатауының ең биік нуктесі- Айтау
5.
Қаратау жотасы қорғасын-мырыш, фосфорға бай
6.
Батыс Тянь-Шаньның Қазақстанның бөлігі Қырғыз жотасынан басталады
7.
Батыс Тянь-Шаньның батыстағы жотасы Қаратау жотасы
8.
«Тянь-Шань» сөзі «Аспан тау» дегенді білдіреді.
9.
Кетпен Құлақтау арқылы Іле Алатауымен жалғасады.
10.
Хан тәңірі шыңының биіктігі – 3350м
Қорытынды. Рефлексия.
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың
Кімнің жауабы саған ұнады
Келесі сабақта не білгің келеді?
Дәптерлерімізге тағы да 9 дөңгелек салып, бояймыз.
Көңіл-күйін білу тренингімен аяқтаймыз.
1-3 аралығын бояса- көңіл-күйі төмен
4-6 аралығында – орташа
7-9аралығында - жақсы
Үйге тапсырма:
Тянь-Шаньнның географиялық орны, геологиялық құрылысы, жер бедері мен пайдалы қазбалары ( оқу, қосымша хабарламалар әзірлеу)
Бағалау.
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп