kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Талды?ор?ан ?аласыны? к?лік кешеніні? м?селелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ылыми зерттеу ж?мысыны? ?зектілігі.?аламыз жылдан жыл?а ?лкейіп, инфра??рылымы ?л?аюда.?ала хал?ы к?бейіп, жа?а ?йлер, жа?а ша?ын аудандар салынуда.Т?р?ындар к?бейген сайын, ?рине к?лік кешені де ?л?аюда.К?лікті? жеке ал?анда еш?андай ?нім ?ндірмейтіні м?лім, біра? оны? шаруашылы?та?ы ма?ызы зор, к?лік болмайынша кез-келген аума?ты? ?азіргі экономикасы тіршілік ете алмайды.Бізді? ?алада негізінен автомобиль к?лігі ?лкен ма?ыз?а ие.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Талды?ор?ан ?аласыны? к?лік кешеніні? м?селелері »

Тезис

Адам өзінің даму барысында қоршаған ортамен тығыз байланыста болды. Жоғары инсдустриалды қоғамда адам табиғатқа араласқаннан бері жағдайы кенеттен нашарлай бастады, бұл араласу көлемі көбейе түскен соң, қазіргі уақытта адамзатқа алуан түрлі қауіп төніп тұр. Жердің биосфера қабатына антропогенді қауіп төніп тұр.

Ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбы: Талдықорған қаласының автокөлік кешенімен қамтамасыз етілуінің мәселелері

Ғылыми зерттеу жұмысының өзектілігі.Қаламыз жылдан жылға үлкейіп, инфрақұрылымы ұлғаюда.Қала халқы көбейіп, жаңа үйлер, жаңа шағын аудандар салынуда.Тұрғындар көбейген сайын, әрине көлік кешені де ұлғаюда.Көліктің жеке алғанда ешқандай өнім өндірмейтіні мәлім, бірақ оның шаруашылықтағы маңызы зор, көлік болмайынша кез-келген аумақтың қазіргі экономикасы тіршілік ете алмайды.Біздің қалада негізінен автомобиль көлігі үлкен маңызға ие.

Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты:Талдықорған қаласының тұрғындарының көлікпен қамтылуы мен оның экологиялық зардаптарын зерттеу.

Міндеттері:

-Талдықорған қаласының тұрғындарының әлеуметтік жағдайы;

-Қала тұрғындарының көлікпен қамтылуы;

-Көліктің экологиялық зардаптары;

- Экологиялық жағдайларды төмендету жолдары.

Ғылыми зерттеу жұмысының әдістемелік методологиялық негіздері.

Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық негізі ретінде Е.М.Упушев ''Экология,природа,экономика’’, А.Е.Воробьев “Основа природопользование”,Н.Муканин,А.П.Буслаев,М.В.Яшинаның”Автотранспортные потоки и окружающая среда”оқу құралдарын басшылыққа ала отырып,салыстыру,талдау,синтездеу әдістері қолданылды.

Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы мен мазмұны.

Жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.

Бірінші тарауда:жалпы қала және тұрғындарының әлеуметтік жағдайы мен олардың көлікті пайдаланып,қамтылуы туралы баяндалады.

Екінші тарауда:көліктің экологиялық зардаптары,әсіресе автокөліктердің қала экологиясына әсері туралы сипатталады.

Үшінші тарауда: тұрғындардан алынған сауалнамалар бойынша қорытынды, нәтижелер шығарылады.

Тақырыптың мазмұнын ашу үшін Талдықорған қаласының картасы,планы,ғаламтор ресурстары,кестелер,қосымша материал ретінде қолданылды.

Ауаны тазартудың бірден–бір жолы–өндірістің технологиялық процестерін жетілдіру немесе түбегейлі жаңарту. Қалдықтардың құрамындағы химиялық заттарды бөліп алу пайдаға асыру уақыт талабы. Энергетика, өндіріс, ауыл шаруашылық және құрылыспен қатар автокөліктер де қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта көлік өндіріспен қатар, ауа алабының негізгі ластаушы көзі болып отыр. Негізгі жауапкершілік автокөлікке артылады.

1.Талдықорған қаласы мен тұрғындары туралы.

1.1.Талдықорған қаласы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы.

Соңғы он жылда тұрақты даму арнасын тапқан, 160 мыңға жуық тұрғыны бар, Алматы облысының жүрегі – Талдықорған шаһарының бүгінгі өсіп-өркендеуі жайлы жұртшылық әрдайым жақсы пікір білдіріп жүреді. Бұл тегін емес. Қаланың болашағы зор дейді мамандар. Олардың пікірінше, Талдықорғанның географиялық орналасуы өте ыңғайлы жерде тұр. Қаланы қақ жарып ағатын Қаратал өзені де тұтас композицияға сән беруде. Кей сәулетшілер қаланың күрежолдың бойында орын тепкендіктен болашақта оңтүстік-батыс және шығыс бағытына қарай ұлғаюына зор мүмкіндік бар дейді. Талдықорғанның мәртебесі әлдеқайда жоғары. Себебі, біздің қала – жер жаннаты Жетісудың төрі, облыс орталығы. Қаламызда жаңа мөлтек аудандар, ғимараттар бой көтеруде.Жылдың қай маусымы болмасын, біздің Талдықорған қайнаған тірлік пен көз қызықтырар сән-салтанатымен ерекшелененіп тұрады.

1.2. Көлік кешені.Тұрғындарының көлікпен қамтылуы.

Көліктің жеке алғанда ешкандай өнім өндірмейтіні мәлім, бірақ оның шаруашылықтағы маңызы зор, көлік болмайьшша кез келген аумақтың казіргі экономикасы, бейнелеп айтқанда, бір күнде тіршілік ете алмайды, өйткені өндіруші өнеркәсіп пен өндеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, өнім мен оның тұтынушылары арасындағы байланысты қамтамасыз ете алатын тек кана — көлік. Талдықорғанның Шығыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерді байланыстыратын жол торабында орналасуы қаланың экономикасының дамуына ерекше ықпал етеді. Талдықорғанда ең жақсы дамыған көлік түрі ол әрине автомобиль және жүк тасымалдайтын көліктер. Қаланың ұлғаюына байланысты жеке меншік және қоғамдық көліктердің саны да артуда. Қазіргі таңда 170 мыңға жуық халқы бар қалада 100 мыңға жуық көлік бар.Қоғамдық көліктердің өзі 600-ге жуық. Қала көшелері тар болғандықтан кейбір көшелерде- орталықта Қабанбай батыр, Гауһар ана, Біржан сал көшелері, Самал ш/а аялдама, Фиалка аялдамасында көлік кептелістері жиі болып тұрады.

Мен өз зерттеуімде қаланың көлік тораптары жиі болатын 5 аумақты бөліп картадан көрсеттім:

1) Самал ш/а аялдамасы

2) Фиалка аялдамасы

3) Біржан сал-Жансүгіров қиылысы

4) Абылай хан-Қабанбай батыр көшесі

5) Орталық базар

2. Қала экологиясы.

2.1. Автокөліктің қала экологиясына әсері.

Автокөліктердің пайдаланған газдары атмосфераның төменгі қабатына түсіп, адамның тыныс жолдарына әсер етеді. Мысалы, қалада 100мыңға жуық автокөлік бар. Оның әрқайсысы 1кг бензин жағу үшін 200л оттегін қолданады. Бұл дегеніміз– адамның бір тәулікте жұтатын оттегінің көлемінен де жоғары. Орта есепке шаққанда автокөлік жылына 15мың шақырым жүргенде 1,5-2т жанар–жағармай және 20-30т оттегін жағады. Автокөліктердің шығарымды газдары 200 заттық тектердің қоспасы. Шығарымдылардың құрамына азот, оттегі, диоксид көміртегі және судан басқа оксид көміртегі, көмірсутегі, азотпен күкірт диоксидтерінің зиянды қосындылары, сонымен қатар бетінде тұйықты көмірсутектер адсорбцияланатын қатты бөлшектер, ал олардың бірқатары канцерогенді қасиеттерге ие. Автокөліктердің қозғалтқышындағы жанармайдың толық жанып кетпегендігінен көмірсутегінің бөлшектері шайыр тектес зат тектері бар күйге айналады. Автокөліктердің пайдаланған газдарында зиянды заттардың көп болу себебі – автокөліктердің төмен техникалық дейгейі, ескілігі, қозғалтқыштардағы ақауларды анықтау құралдарының жоқтығына байланысты.

Бір көлік сағатына 8-10 текше метр улы газ шығарып көлік қалдығынан қала ауасының 85%

ластанады екен.



Есептесек қалада 100 мың көлік:

1автокөлік

100 мың

100 мың

100 мың

сағатына

сағатына

күніне

жылына

8-10м3 улы газ

800 мың м3

9600 мың м3

3 млрд млн 504000000 м3

Улы заттар бөледі.

Шетелдің машиналарына қондырылатын катализаторлардың бағасы 600-700 доллар шамасында. Сондықтан катализаторларды өзіміздегі Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты шығара бастапты. Оның құны әрбір жүргізушілерге 200-300 долларға түседі екен. Алайда автокөліктерге қойылған катализаторлар саны өте аз

2.2. Көліктен шыққан газбен ауаның ластануы.

Автомобиль дыбыс басқышынан бір қарағанда ешқандай зияны жоқ сияқты көгілдір түтін түрінде шығып жатқан улы газ және азот оксиді бас ауруы, шаршау, тітіркенгіштік, төмен еңбек қабілеттілігінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Күкірттті газ ұрпақсыздық пен туа біткен мүгедектікке алып келетін генетикалық аппаратқа әсер етуге қабілетті, ал бұл факторлардың барлығы стресс, нервтік ауруларға, өте жақын адамдарына немқұрайлылықпен қарап, жекеленуіне тырысуға алып келеді. Үлкен қалаларда сонымен қатар, қан айналым жүйесінің аурулары және тыныс алу, инфаркт, гипертония кеңінен таралған. Мамандардың есептеуі бойынша атмосфераға автомобильдік көлігінің қосқан үлесі 90% -ке дейін көміртек оксиді және 70% -ін азот оксиді құрайды. Ауа қабатын автомобильмен ластандырудың негізгі көзі ретінде іштен жану двигателінен шыққан газдар, картер газдары, жанармайдың булануы саналады.

3.Тұрғындардан алынған сауалнама нәтижелері.

Ғылыми зерттеу жұмысымның үшінші бөлімінде мен халықпен сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға қаламыздың 57 тұрғыны қатысты. Ол адамдар әр түрлі жастағы адамдар еді. Мен оларды 3 категорияға бөлдім:

1-категория – 7-14 жас аралығындағы балалар

2- категория – 15-20 жас аралығындағы жасөспірімдер

3-категория - 55 жастағы ересек адамдар



1.Экология адам өміріне әсер ете ме?





2.Талдықорған қаласында электрлендірілген(трамвай,траллейбус)көлік түрлерін жүргізуге бола ма?







3.Қалада жүретін автокөліктер мен қағамдық көліктердің барлығы газбен жүре ме?









4.Сіз өз автокөлігіңізге катализатор орнатуға жағдайыңыз бар ма?(300-500$)











5.Талдықорған қаласының экологиясына кері әсер ететін қандай орындар бар?





Тұрғындардан алынған сауалнама нәтижесі бойынша мынандай тұжырымдарға келдім:

  • Халықтың арасында «Экология» ұғымын түсінбейтіндері кездесті;

  • Қала көшелері тар, ауқымды қала болмағандықтан тұрғындар электрлендіруге дайын емес, қала бюджеті мүмкіндік бермейді;

  • Қала табиғи газбен қамтылмағандықтан, көліктердің газбен жүруі азды-кем.

  • Қала бюджетіне демеушілер саны аз, сондықтан да катализатор орнатуға көбісі қарсы, табыс көзі төмен;

  • Қала экологиясын ластаушы ошақтарға фильтр орнату керек, немесе табиғи газға көшіру қарқынын тездету керек.

Қорыта келгенде материя қозғалысын көлік қамтамасыз етеді. Көліктің дамуы проблема тудырады. Жыл сайын әлем бойынша көлік апатынан 0,2млн адам қаза болады, 0,5млн адам мүгедек, 10млн адам жарақат алады. Әлемде ауданды қолдану бойынша, қаланың үштен бір бөлігі жол мен автотұраққа кетеді. Жолдарды салу көптеген жағдайда көлік ағынының артуына алып келеді, оның салдары орташа жылдамдықты орын ауыстыруды төмендету. Автомобиль паркі санының артуымен қатар, техникалық құралдар қозғалысын реттеу қиындап, жол көлік жарақаттары, атмосфералық орта, топырақ, су қоймалары және грунт суларының ластануы артады.

Экологиялық зияндылықты төмендетудің негізгі жолдары мынадай:

  1. қалалық транспорт қозғалысын оңтайлау;

  2. альтернативті энергия көздерін құру;

  3. органикалық жанармайды толық жағу және тазарту;

  4. альтернативті жанармай қолданатын тежеуіштерді жасау;

  5. шудан қорғаныс;

  6. автокөлік паркі мен қозғалысын басқару бойынша экономикалық ынта білдіру


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Талды?ор?ан ?аласыны? к?лік кешеніні? м?селелері

Автор: Сарсекулова Салтанат ?адырберген?ызы

Дата: 06.04.2015

Номер свидетельства: 198080


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства