kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыптық карталарды оқу және ақырыптық географиялық номенклатурасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Географиялық карталар түрлерімен таныстыра отырып, «жалпы географиялық» және «тақырыптық карталар», карталардың масштабқа қарай бөлінуі туралы ұғым қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыптық карталарды оқу және ақырыптық географиялық номенклатурасы»

Ұзақ

Мерзімді

Жоспардың

тарауы:

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Тақырыптық карталарды оқу және ақырыптық географиялық номенклатурасы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасәйкес)

8.2.1.2 географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды

Сабақтыңмақсаты

Географиялық карталар түрлерімен таныстыра отырып, «жалпы географиялық» және «тақырыптық карталар», карталардың масштабқа қарай бөлінуі туралы ұғым қалыптастыру

- Географиялық номенклатураны үйрену реттілігін үйрене отырып, түрлі карталармен географиялық деректерді ұйымдастыра біледі.

Бағалаукритерийі

Түсіну: Географиялық номенклатураны, картаны сипаттап біледі.

Талдау: Географиялық нысандарды ерекшелігіне байланысты жіктейді.

Қолдану: Географиялық номенклатураны үйрену реттілігін сақтай отырып, географиялық атаулар нұсқаулығы бойынша географиялық нысандарды тауып, белгілей алады.

Тілдікмақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология

Географиялық номенклатура, географиялық нысан, геогафиялық атаулар

Диалогтік және жазылым тіркестер

Географиялық атаулар ................. есептеледі.

Географиялық номенклатура.....................

Құндылықтарға баулу



Коммуникативтік дағдыларды тәрбиелей отырып, ғылыми зерттеу дағдыларына, жеке және топпен жұмыс жасай алу қабілетін дамытуға тәрбиелеу

Пәнаралықбайланыс

Тарих Дүние жүзінің барлық географиялық нысандарын таныстырады Қазақстанның жер атаулары, топонимдерінің тарихын үйретеді.

Қазақ әдебиетіакадемиялық тілдерді дұрыс қолдану ғылыми негіздеп сөйлеуді ұсынады.

Алдыңғы білім


Географиялық картосхемаларды (план, аэросурет, карта, шартты белгілер) сабақта қолдануды біледі


Cабақ жоспары

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері


Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасамын. Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін шаттық шеңберін ұйымдастыру: «Көршіме бір тілек» әдісі бойынша әр оқушы көршілеріне бір сөзбен тілек айтып шығады.

-«Қиынды қағаз» әдісі арқылы топқа біріктіремін.

1 топ: «Өзен»

2 топ: «Көл»

3 топ: «Тау»

Үй тапсырмасы: «Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақтар қою

-Жергілікті жердің планы дегеніміз не?

-План мен аэросуреттің қандай айырмашылығы бар?

-Планның суреттен артықшылығы қандай?

Оқулық,топ аттары жазылған қағаздар


Сабақтыңортасы


1. Бірлесе отырып сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды. «Айналмалы бекеттер» әдісі арқылы топтар

  • Тақырыптың негізгі ұғымдарына анықтама беріңдер.

  • Картаны оқып үйренуде және онымен жұмыс істеу барысында қандай міндеттер шешіледі?

  • Жергіліктіжердіңгеографиялықнысандарынпайдалану

сұрақтарын талқылайды.

Географиялық Картаны жасаудың ерекше матем. заңы болады. Оны картографиялық проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картогр. белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картогр. генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық Картаның құндылығы — олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар, Географиялық Картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Географиялық Карта планетамыздың және оның бөліктері — құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.

  • Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді.[3]

  • Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:

а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;

ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;

б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т.б.) көрсету оңайға түседі;

в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың (магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т.б.) таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;

г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.

  • Үшіншіден, географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында пайдаланылады. Ол – жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құрал. Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Соц. құрылыс жағдайында жалық шаруашылығын көптеген міндеттерін – географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т.б. – географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің геология құрылысын көрсетумен қатар, қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол – құбылыстардың кеңістегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да аса қажетті құрал.[4]

Физикалық карта

Картаның тақырыбы мен мақсатына қарай картографиялық кескіндеу бірқатар географиялық элементтерден тұрады. Мысалы, бір жердің толық қартасының (тиопографиялық картасының) мазмұнына; жер бедері, суы, өсімдігі, топырағы, елді мекендері, жол қатынасы, байланыс құралдары, мемлекеттік және әкімшілік шекаралары, орталықтары және кейбір өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, мәдени объектілері кіреді.
Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша графиктер мен жазулар: картада қолданылған картографиялық белгілер және олардың түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, еңістікті т.б. өлшеуге қажет графиктер; картаның жасалған кезін, пайдаланған материалдарын т.б. көрсететін деректер; кейде көрсетілген объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен мәліметтер де болады.

Географиялық карталардың ішінен неғұрлым көп қолданылатыны – жер беті мен ондағы объктілер көрсетілетін жалпы географиялық карталар. Ал басқалары тақырыптық деп аталады. лар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементті (мысалы, жер бедерін) өте толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ құбылыстарды (белгілі бір жердің геологиялық құрылысын, климат жағдайын т.б.) көрсетеді.

Меридиандар мен параллельдердің картада үшін маңызы

Ғалымдар жарты шарлардың, біртұтас дүние жүзінің, жеке материктердің, мемлекеттердің, жер бетінің шағын бөлшектерінің картасын жасаудың түрлі əдістерін ойлап тапқан. Бұл əдістер бəрінен бұрын меридиан жəне параллель сызықтарын кескіндеуден айқын көрінеді.

Глобуста барлық меридиандардың ұзындығы бірдей. Ал жарты шарлар картасындағы меридиандар əр жарты шар шеңберінің ортасынан шетіне қарай барған сайын өзінің нақты мөлшеріне қарағанда ұзара түседі. Соған орай шеңбердің шетіне жақын жатқан Африканың батыс жағасы, Оңтүстік Америка мен Аустралияның шығыс жағалары глобустағыға қарағанда созыңқы бейнеленген.



Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

Географиялық номенклатураны, картаны сипаттап біледі


1.

Тақырыптың негізгі ұғымдарына анықтама бергені үшін


2.

Картаны оқып үйренуде және онымен жұмыс істеу барысындағы міндеттерді анықтағаны үшін


3.

Географиялық номенклатураны үйрену реттілігін сақтай отырып, географиялық атаулар нұсқаулығы бойынша географиялық нысандарды тапқаны үшін


Бағалау: ҚБ жұмысын орындау


2. Дәптермен жұмыс: Берілген термин сөздерді жазып, жаттайды.

3. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы семантикалық картаны беру

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

Географиялық нысандарды ерекшелігіне байланысты жіктейді

1

Тауларды нақты белгілегені үшін


2

Өзендерді нақты белгілегені үшін


3

Шығанақтарды нақты белгілегені үшін


Бағалау: ҚБ жұмысын орындау


«Сергіту сәті»

4.Жеке жұмыс Картамен жұмысжасау арқылы географиялық номенклатураны үйрену реттілігін сақтай отырып, географиялық атаулар нұсқаулығы бойынша географиялық нысандарды табу

Көлдерді:Балқаш, Арал, Каспий, Ыстықкөл, Марқакөл, Ұлы Африка көлдері, Женева, Мичиган, Байкал

Түбектер: Пиреней, Арабия, Үнді-Қытай, Скандинавия кескін картаға түсіру

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

Географиялық номенклатураны үйрену реттілігін сақтай отырып, географиялық атаулар нұсқаулығы бойынша географиялық нысандарды тауып, белгілей алады

1

Берілген географиялық нысандарды картадан нақтылай алады


2

Географиялық нысандарды картаға қатесіз белгілейді



Бағалау: ҚБ жұмысын орындау

Оқулық, бағалау бетшелері, тапсырмалар жазылған қағаздар, 7 сынып атлас, кескін карта


Сабақтыңсоңы


Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс: Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі.

1-ші баспалдағы: Мен............. БІЛЕМІН

2-ші баспалдағы:  Мен ............ ТҮСІНЕМІН

3-ші баспалдағы:  Мен ...............  ЖАСАЙ АЛАМЫН

Үйге тапсырма беру:Географиялық нысан туралы 1 минуттық әңгіме-сипаттама дайындаңдар

Саты суреті

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларды саралау үшін «Табыс сатысы» бетшелерін жинап алып, оқушыларды саралай отырып сабақты түсіну деңгейі бойынша келесі сабақта топтастырған кезде осыны ескеремін және сол оқушы деңгейіне байланысты тапсырмалар дайындаймын.

Бағалауда бағалау критерийлері бар парақшаларын дайындағанда,тапсырмалардың дискрипторлары қойылады. Оқушылар бірін-бірі, өзін-өзі бағалайды. Мұғалім - эксперт

Сергіту сәтін жасаған кезде қауіпсіздік ережесін жасау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тақырыптық карталарды оқу және ақырыптық географиялық номенклатурасы

Автор: Тұрғанбайқызы Гүлназ

Дата: 05.05.2019

Номер свидетельства: 509168


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства