ОЙ ТАЛҚЫ: Шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтер дегеніміз не? Оқушыларға анықтамасын беру. ТАЛҚЫЛАУ: • Карта салу үшін не қажет? • Карта элементтеріне не жатады? • Карта элементтерін қалай жіктеуге болады? • Картаның мазмұнын қалай анықтаймыз? Географиялық картаның жіктелуімен таныстыру . (қосымшада- №2) (С) Оқушыларды анықтамамен таныстыру. Тақырыптық карталар. Олар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементті (мыс, жер бедерін) өте толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ құбылыстарды (белгілі бір жердің геолoгиялық құрылысын, климат жағдайын т. б.) көрсетеді. Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар: а) табиғат құбылыстарының карталары, яғни физгеографиялық карталар; ә)қоғамдық құбылыстардың карталары, яғни әлеуметтік-экономикалық (экономика, халық, мәдениет, саяси-әкімшілік, тарихи) карталар. Тапсырма №1. Оқушыларға бірнеше карта түрлерін беру. Олар ол картаны шартты белгілері бойынша талдап, мазмұнына байланысты жіктейді.Сыныпты жұпқа бөлу. 1-5 жұп – дүниежүзінің саяси картасы. 2-6 жұп – дүниежүзінің климаттық картасы. 3-7 жұп– дүниежүзінің физикалық картасы. Масштабтық | Масштабтан тыс | Сызықтық белгілер | Түсіндірмелі | Қорытынды. Картаны жазбаша сипаттаңыз: карта мазмұны, қолданылуы, безендірілу әдісі. Шағын зерттеу жұмысы. ТОПТЫҚ ЖҰМЫС: Тапсырма №2. Ғаламтор ресурсын, ұсынылған мәтіндерді пайдаланып берілген карталарға қосымша элементтер енгізіңіздер. Мысалы: климаттық белдеу, ластану траекториясы, өсімдіктер мен жануарлар т.б сонымен қатар кесте, диаграмма, профиль. 1-топ – Дүниежүзі мұхиттық ресурс картасы. 2-топ – Еуразияның климаттық картасы. 3-топ – Дүниежүзінің топырақ картасы. 4-топ – Дүниежүзінің табиғат зона картасы. Топ арасынан спикер шығып өздерінің жұмыстарымен таныстырады. Картаға қосқан элементтеріне толық сипаттама береді. |