kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: «Экологиялы? проблемаларды жою?а ?з ?лесі?ді ?ос»

Нажмите, чтобы узнать подробности

География-экология  п?ндеріні? м??алімі

Молдакулова Гульзира Нури?ызы

«Экологиялы? проблемаларды жою?а

?з ?лесі?ді ?ос» атты экологиялы? т?рбие са?аты

Ма?саты: 1. Мектеп о?ушыларына экологиялы? білім мен т?рбие бере отырып, таби?и орта?а деген с?йіспеншілік ?алыптастырып, оны ?ор?ау?а деген жауапкершілігін арттыру.

2. Ту?ан жерге, ?орша?ан орта?а ж?не Отанына деген отангерлік к?з?арас ?алыптастыру

3. Таби?ат, таби?атты ?ор?ау, экология та?ырыптары бойынша іздене білу да?дыларын ?алыптастыра отырып, экологиялы? білім мен т?рбие беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «Экологиялы? проблемаларды жою?а ?з ?лесі?ді ?ос»»

География-экология пәндерінің мұғалімі

Молдакулова Гульзира Нуриқызы


«Экологиялық проблемаларды жоюға

өз үлесіңді қос» атты экологиялық тәрбие сағаты

Мақсаты: 1. Мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие бере отырып, табиғи ортаға деген сүйіспеншілік қалыптастырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.

2. Туған жерге, қоршаған ортаға және Отанына деген отангерлік көзқарас қалыптастыру

3. Табиғат, табиғатты қорғау, экология тақырыптары бойынша іздене білу дағдыларын қалыптастыра отырып, экологиялық білім мен тәрбие беру.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық «Экология» мәселесіне үн қосу үшін ұйымдастырылып отырған «Экологиялық проблемаларды жоюға өз үлесіңді қос!» атты экологиялық шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Адам табиғаттың бір бөлшегі, әрі ғажайып туындысы. Табиғат, Жер –ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір –бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер. Адам өзі Жер-Ананың перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы. Табиғат адам бойына шабыт, көңілге қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын мол тәрбие көзі.

1-жүргізуші: «Экологиялық проблемалар - өмірдегі ең маңызды проблемалардың бірі. Өйткені, әңгіме адамның өмір сүретін ортасы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр»- деп Шыңғыс Айтматов айтқандай, қазір сіздердің назарларыңызға «Телекөпір» бағдарламасын көруге шақырамыз. Бұл бағдарлама барысы жоғарыда айтылған экологиялық проблемалар туралы болмақ. Бағдарлама барысында толғандырған ойларыңыз бен сұрақтарыңыз болса 2-12-94 телефоны арқылы хабарласуларыңызға болады.

( Теледидардың арғы жағынан жүргізуші сөз алады)

Журналист: Армысыздар құрметті теледидар көрермендері. Бүгінгі біздің «Телекөпір» атты бағдарламамызға қонаққа эколог маман------------------------------------------------------------------------------------------------------және дәрігер маман---------------------------------------------------------------------------------келіп отыр. Құрметті қонақтар бүгінгі бағдарламаның тақырыбы экологиялық проблемалар және сол проблеманың адамзатқа тигізіп отырған зияны туралы.

Құрметті теледидар көрермендері бүгінгі бағдарлама барысында сұрақтар мен айтар тілектеріңіз болса 2-12-94 номеріне хабарласуларыңызға болады.

Бүгінгі таңда адамзат баласы алдында ең күрделі екі мәселе тұр: бірі адамзатты әлемдегі алапат соғыстан алып қалу проблемасы болса, екіншісі өзімізді қоршаған тіршілік ортасы- биосфераны келешеук ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп, көріктендіріп жеткізу. Өйткені, тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен байланысты. Осы жауапты іске үлесімізді аз да болса қосу үшін, осы жағдайларды мамандарды бағдарламаға шақырып ортаға салмақшымыз. Алғашқы сұрағымды эколог маман, сізге берсем деймін. Сіз бізге экология ғылымы туралы қысқаша айтып берсеңіз.

Эколог маман:

Экология ғылымы туралы айтатын болсам, экология- тірі организмдердің бір-бірімен қарам-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін биология ғылымының бір саласы. «Экология» деген терминді ғылымға 1886 жылы неміс биологы Эрнест Геккель енгізген. Ал дербес ғылым ретінде экология ХХ ғасырдың басында қалыптасты. «Экология» гректің oikos- мекен, Iogos- ілім, ғылым деген сөзден шыққан. Қоршаған ортаны қорғау, зерттеу деген мағына береді.

Журналист: Рахмет. Мінекей көрермендер де сұрақ қойып жатыр. Былай дейді: Ерте кездері экологиялық проблемалар болмады ма, яғни бұл ғылым тарихы туралы не дер едіңіз?

Эколог маман:

Экология-биология ғылымының негізінде 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында дамыған болып саналады. ал экологияның өзі көне ерте заманнан белгілі. Біздің ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, сол кезде табиғаты қорғау керек екенін ұғынған. Олар қысы қыстауда, жазы жайлауда көшіп-қонып жүрген. Не себепті? Деген сұраққа жауап беретін болсақ. Олар көшіп-қонбай ұзақ жыл бойы бір жерде мал бақса, мал тұяғы жердің топырағын шығарып, келесі жылы ол жерге өсімдік өспей қалатынын білген. Олар мақал-мәтел, тыйм сөздер арқылы ұрпақтарын табиғатты сүюге, қорғауға, жамандық жасамауға, адамгершілікке баулып отырған. Сөзім дәлелді болу үшін «Судың да сұрауы бар» атты сюжетті бірге тамашалайық.

Көрініс.

(Әкесі қолөнер жұмысымен айланысып отырады. Ұлы үйден шығып, әкесінің жанында тұрған бір шелек суды жерге төге салады.)

Әкесі: Балам ау, бір шелек суды неге босқа төге салдың? Оның не?

Ұлы: Әке маған бос шелек керек болып, содан төктім, әке су жетеді ғой. Бір шелек су үшін ренжігеніңіз не?

Әкесі: Қарағым, балам, ренжімегенде ше, су көп қой деп бостан-босқа суды шаша бересің бе? «Судың да сұрауы бар» деп атам қазақ бекер атқан жоқ қой. Кез-келген затты үнемдеп ұстау қажет. Сол бір шелек суды ағашқа құйып немесе малға берсең болар еді ғой. Есіңде болсын, балам, ата-бабамыз аманат етіп кеткен жеріміздің байлығын үнемдеуіміз керек.

Ұлы: Жарайды әке, есімде болады.

Автор: 50жылдан кейін. Сол күнгі су төккн ұылы, өзі әке болып отыр.

(Әкесі қолөнермен айналысып отырады)

(Әкесіне бір ұл мен бір қыз жақындап келеді)

Ұлы: Әке біз Жанар екеуміз суға кеттік. Ертерек бармасақ адамдар көбейіп кетеді де, біз сабаққа кешігіп қаламыз.

Қызы: Әке, мен бір шелекпен ғана барайыншы, өрден шығу өте қиын. Иығым да ауырып кетеді.

Әкесі: Жарайды бара қойыңдар. Қызым сен бір шелекпен ғана бара ғой. Балам сен өрден шығарда Жанарға көмектесіп жібер.

Ұлы: Жарайды әке біз кеттік.

Әкесі: Ой сұмдық-ай. Кезінде әкем марқұмның «Судың да сұрауы бар» дегені бекер емес екен ғой. Мен енді түсіндім. Кеш түсіндім. Екі құлыным қиналып, сонау өзен жағасынан су тасып жүргені, біз сияқты ата сөзін құлаққа аспағандардың кесірінен шығар. Қараңыздаршы, мынау не сұмдық! (Осы кезде арба сүйреген, су тасыған адамдар легі өтеді)

Журналист: Мінекей, мына сюжеттен біз қазіргі кездегі ауылдардағы адамдардың ауыз су тапшылығынан көріп отырған азабын көріп отырмыз. Ал енді Ғаламшарымыздың тыныс алып отырған «Өкпесі» орман екенін бәріміз білеміз. Қазіргі ормандардың жағдай қалай?

Эколог маман:

Жер бетінде орманды құрту ертеден басталды. Соңғы 20-25 жылдың ішінде адам баласы жер шары бойынша орманның үштен екі бөлігін құртып жіберген. Орнына ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізбеген. Аяқ асты болған өрттің болуы да орманның азаюына әсері зор болған. «Бір тал кессең, он тал ек» деп ата-бабамыз айтқанындай, ормандардан айрылатын кезде ойланып, ормандарды көбейту жұмыстары қолға алынуда.

Орманның сол кездердегі тағдыры туралы тағы да сюжет арқылы көрсете кетсек деймін.

2- көрініс: (сахнада кесілген ағаштардың түбіртектері қойылған. Қайың бейнесіне енген қыз. Басында құс ұясы. Мұңлы музыка ойнайды.)

Ақ қайың:

Орман едік бір кезде біз жайқалған,

Аң мен құстың әсем әні сайраған.

Әні кеткен бұл өлкенің сәні кеткен,

Аң мен құстың бас сауғалап, бәрі кеткен.

Жалғыз қалдым, жалғыздықтың жыры көп,

Анам, әкем, бауырларым қайдасың?

Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын.

Жалғыздықтың мұңы көп.

Соны айтуға адамзатқа тілім жоқ.

(Басын салбыратып күрсініп тұрғанда, қолында арасы мен балғасы бар әкесі мен баласы келеді)

Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой.

Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.

Әкесі: Е, міне, жалғыз қалыпты ғой, соны қырқып алайық.

Баласы: Әке ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні ғой.

Әкесі: Немене табиғатқа жаның ашып қалдыв. Заманның бізге жаны ашымағанда табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын. (Ақ қайыңды екі жақтап кесіп жатқанда, құс ұшып келеді)

Құс: Тимеңдерші, бұл Ақ қайыңға, ұямды бұзбаңдаршы, қырықпаңдаршы! (Ағашты айнала ұшады)

Әкесі: Мынва құс қайтеді өзі, шырылдап, балам таспен атып ұршы.

Баласы: Әке, ол өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырықпай-ақ қойайықшы.

Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын. Ай сен де нәзік жүректі екенсің. Мә саған. ( деп әкесі құсты таспен атып ұрады да Ақ қайыңды сүйреп алып кетеді)

Құс:

Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,

Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.

Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын,

Не көреді, Не қалады артыңдағы Ұрпағыңа?

Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,

Бас ұрып қара жерге сұлағанын.

Сарғайып жапырағы өлімсіреп.

Байғұстың кім тыңдайды жылағанын.

(Музыка ойнайды.)

Журналист:Мына көрініс кімнің де болса жүрегін ауыртатыны рас. Енді орманды қалай сақтауға болады?

Эколог маман: Орманды сақтап қалу үшін ағаштарды жөнсіз кеспеу керек. Кескен ағаштың орнына ағаштар отырғызып отыру қажет. Сонымен бірге ормандарды өрттен сақтау үшін алдын ала бір ағаш жанып жатса да тез қабылдап, мәліметтерді жердегі тиісті орындарға хабарлайтын аппараттар қолдану қажет. Сонда ғана ғаламшарымыздың өкпесі болып отырған орманды келешекте құрып кетуден сақтай аламыз.

Журналист: Көрермендеріміз мынадай сауал қоюда. Қазіргі кезде денсаулығы жоқ мүгедек балалар туылып, әр түрлі аурулар көбеюде. Осының себебі неде?

Бұл сұраққа дәрігер маман сіз жауап берсеңіз.

Дәрігер маман: Қазіргі кезде экологиялық проблемалардың салдарынан өмірге мүгедек балалар келіп, әр түрлі дері аурулары, жүрек аурулары көбеюде. Экологиялық проблемаға ұшыраған өңірлерде тек табиғат зардап шегіп жатқан жоқ, сол өңір тұрғындары да зардап шегуде. Оған мысал: Семей полигонының ұзақ жылдар бойы Семей өңірінде атылуы, Арал теңізінің тартылуы, зауыт, фабрикалардың түтіні, зиянды қалдықтары мен Байқоңыр аймағында Тікұшақтардың ұшуынан Азон қабатының тесілуі адамдардың денсаулығына кері әсер етуде.

Осыған байланысты сюжеттерді тамашалайық.

(Семей полигон зарзаптары мен Аралдың зардаптары бейнефильм арқылы көрсетіледі)

Журналист: Иа, бұл көргендеріміз экологиялық проблемалардың салдарынан болып отыр ғой, ал қазіргі жастар ішінде зиянды заттарды қолданып ауруға шалдыққандар туралы не айтасыз.

Дәрігер маман: Дұрыс айтасыз, қазіргі жас ұрпақ өз денсаулықтарын өз қолдарымен құртуға әуестеніп барады. Дені сау, денсаулығы мықты болып туылып, зиянды заттарға әуестеніп, темекі шегу, алкоголь, есірткі қолдану арқылы денсаулықтарын құртуда. Олар зиянды заттардың өз денсаулықтарына қаншалықты зиян келтіріп жатқанын біле тұра күресуді білмейді. Ертеңгі күні сондай адамдардың ұрпағы да мүгедеук, ауру болып туылатынын ойламайды.

Тағы да бір сюжетті көрсек деймін.

3 көрініс. (Жастар бір жерде үйіліп тұрып, темекі шегіп, ішімдік ішіп тұрады. Олардың жанынан спорттық киім киген жігіт өтіп бара жатады.)

Даутбай: Қараңдар, анау Еламан емес пе?

Алмат: Иә дәл өзі, шақырайын ба?

Даутбай: Шақыршы.

Алмат: Еламан, әй Еламан, бері келші.

Еламан: Қалайсыңдар жігіттер, не істеп тұрсыңдар?

Шыңғысхан: Кел ішесің бе, әлде шегесің бе?

Еламан: Жо-жоқ, жігіттер мен бұның бәрін қойғанмын. Қазір спортпен шұғылданып жүрмін. Жақында жарысқа қатыспақшымын.

Жасұлан: Ой өзіңше салауатты өмір салтын ұстанып жүрмін де. Не болды саған кел, ескі күндерді еске алайық!

Еламан: Жігіттер қойсаңдаршы бұндай әдеттеріңді, менімен бірге спортпен шұғылданыңдар. Бұның бәрі өздеріңнің денсаулықтарыңа, ұрпақтарыңа зиян болады. Сеніңдерші маған. Жүріңдер тастаңдар зиянды заттарды. Әлі де кеш емес.

Жасұлан: Еламан менде семен барсам бола ма?

Еламан: Әрине жүр достым.

Даутбай: Ей, қайда барасың? Қайт бері.

(Тәлтіректей бастайды. Оны көрген жанындағы жігіттер де Еламанның артынан кете бастайды)

Алмат: Жігіттер тоқтаңдар, біз де барамыз.

Еламан: Жүріңдер жігіттер.

( Сол сәтте Даутбай тәлтіректеп барып құлайды. Достары оны көтеріп алып кетеді.)

Журналист: Иә, адам табиғат перзенті. Дүниеде екі ана ғана бар. бірім тіршіліктің анасы- табиғат ана, екіншісі – адамның анасы. Екеуі де сондай мейірімді. «Шешесі баласын қалай бақса, Жер де адамды солай асырайды», - деп халық бекер айтпаған. Сондықтан осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды. Бірақ, біз адамдар, солай етіп жүрміз бе? Ол қасиетті табиғатты жаралаған кім? Осы сұраққа жауаптарыңызды жазып жіберулеріңізді сұраймыз.

Құрметті қонақтар бүгінгі бағдарламаға келіп, экологиялық проблемалар және оның зардаптары туралы берген мәліметтеріңізге рахмет.

Қазір Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің «Жас экологтарының» жұмыстарымен танысамыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.

1 жүргізуші: Құрметті көрермендер қазір мектебіміздің «Жас экологтар» тобының өнерін тамашалауға шақырамыз.

Ортада жас табиғат сақшылары. Қарсы алыңыздар.








Нұрлыбек:

Азайды белдер құсы шулаған,

Жоғалды көлдер балығы тулаған.

Ағашы сынып, айнала жұтап,

Орманның орны жатыр қураған.

Ұрпаққа не қалар сол қайғы,

Түзету керек бұл жәйді.

Табиғатқа бұлайша енді,

Қарауға болмайды, болмайды.

Айың анау, күнің мынау, жер мынау,

Ау, адамдар жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар ағайын,

Асырайды ол сені, мені, елді де.

Әбділда:

«Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме!»-деп

Ұрсушы еді менің анам күйгелек.

«Жас шыбықты сындырма» деп ұрсатын,

Шыққанымда «Тұлпарымды» сүйрелеп.

«Ұя бұзба, бұзба»- деймін бәріне

Өсиетің қандай ғажап, жан ана!

Тал-теректі тамырынан қиятын

Тас жүректер әлі де көп арада.

  • Бұзба!- дейді аспан түгел, жер түгел!

Сол өтініш адамды еске келтірер,

Анам болып Ұлы Отаным сөйлейді:
-Бұзылмасын дүние түгел, жер түгел!

Еламан:

Жер –анаға!

Бүгінде шығып байтақ кең далама,

Малынып тұрмын әппақ нұрға мына.

Көгелын кешіп тұрып жан сүйсініп.

Тәу етіп табынамын Жер-анама.

Жер-ана жатқан жазық дала мекен.

Көктем кеп құстар әнге салады екен.

Гүл тұнған қыраттарға қарауменен.

Сұлулық сазына жан қанады екен.




Азамат:

Өсиет айтар едім жамағатқа,

Байлықтың қайнар көзі табиғатта.

Баршаға табиғатты қорғау парыз,

Заңда да, шариғатта, ата салтта.

Қамқорлық жануарға, жасылдарға,

Атадан қалған бізге асыл мұра.



Қалнияз:

Жас дос! Табиғат шетсіз-шексіз емес, ол таусылады, күтпесең азып-тозады. Табиғат кінәмшіл-кекшіл де емес, алайда ол озбырлық пен әпербақандықты кешірмейді, төзімі таусылғанда өз кереметін көрсетіп кек алады.



Орынша:

Табиғаттан рахым күт!

Жерге табын, сен енді, адам!

Жер адамға табынбайды

Пиғылы бізге тарылмайды.

Бағынбасаң қағындырар

Табиғаттың өз заңы бар,

Ол ешкімге бағынбайды.

Жерге табын, сен енді, адам!

Жар-Анасыз күнің қараң.

Тал бесігің табиғатты,

Қорламашы, ойлан, балам.



Зулхумар:

Табиғатты қорғау-жастардың ең маңызды әрі қажетті міндеттерінің бірі. «Табиғатты тани білу, қорғай білу» -жасөспірімдердің ұраны. Жас өскелең-жас ұрпақ! Сен айналаңдағы өлі және тірі табиғаттың керемет те мәңгілік сұлулығын өзің үшін, өзіңнің достарың үшін, келешек ұрпақ үшін қорғауға міндеттісің әрі ол сенің қолыңнан келеді де. Өйткені, «адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».





4-оқушы: Мен барша көрермендерге Үндеуімді ұсынамын.

Қадырменді аудан жұртшылығы!

Ардақты ағайын!

Қазақ халқы ежелден-ақ табиғат болмысын тіршіліктің даму көзіне айналдыра білген. Біздің көшпелі өміріміздің өзінде табиғатты ұқыпты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқан. Табиғат-Ананы қастер тұтқан, кие санаған.

Алайда, ата-бабамыз жіті қараған осы мәселе соңғы жылдары санамыздан ұшып, көзімізден таса болып бара жатқандай. Айнала толған қураған ағашқа, көзі бітелген бұлаққа, күл-қоқысқа толы. Орталық көшелердің өздері де қоқыс тастайтын жерге айналғанын да көріп жүрміз.

Жоғарыда айтылған жайларды саралай келе, ауданымыздағы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында қалың көпшілікке Үндеу тастай отырып, табиғатты қорғауға шақырамызІ

Бұл Үндеудің «Ақындар мен батырлар елі» атанған аудан тұрғындары тарапынан қызу қолдау табатынына сенімдіміз.



2 жүргізуші: Адамның денсаулығы-қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.

Барлығы

Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз!- деп, спорттық биді тамашалаңыздар.


Спорттық би. Орындайтын сынып оқушылары

Ән: «Заман-ай» әні орындайтын Байжұман Еламан.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Та?ырыбы: «Экологиялы? проблемаларды жою?а ?з ?лесі?ді ?ос»

Автор: Молдакулова Гульзира Нури?ызы

Дата: 06.04.2016

Номер свидетельства: 315725


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства