kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?атты таниы?та- аялайы?!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Таби?атты таниы?та- аялайы?!

Ма?саты: Таби?ат адамзатты? е?бек етіп, ?мір с?ретін ортасы екенін о?ушылар?а т?сіндіріп, елін,жерін с?юге т?рбиелеу.

Таби?аттан бабамыз ала берген секілді,                                                                                          Дарындылы?ты ?аза??а дала берген секілді.                                                                                                               Еркелікті  ерікті желден ал?ан секілді,                                                                                       М?лдірлікті к?гілдір к?лден ал?ан секілді.                                                                                     ( ?адыр Мырзалиев)

К?рнекілігі: На?ыл с?здер, таби?ат к?рнісін бейнелейтін плакаттар.                                   Саба?ты? барысы: б?гінгі кешімізді? та?ырыбы «Таби?атты таниы?та-аялайы?»?р халы?ты? ?скен ортасы, кіндік ?аны там?ан ту?ан жеріні? барлы? ?адір- ?асиеті оны? т?ла бойында?ы адамгершілік а?ыл-ой парасатымен ?немі тамырласып, ?рі та?дырласып жатады.Ту?ан жер, ?скен ел,атамекен, атаж?т сия?ты киелі с?здер ?р азаматты? ж?регіне шуа? та, ?уат та беретініне ешбір к?м?н жо?, ?йткені ту?ан жер дегенде т?ла бойында?ы ?аны ?ызбайтын, ж?регі елжіремейтін адам баласы бола ?оймас.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?атты таниы?та- аялайы?! »

Тақырыбы: Табиғатты таниықта- аялайық!

Мақсаты: Табиғат адамзаттың еңбек етіп, өмір сүретін ортасы екенін оқушыларға түсіндіріп, елін ,жерін сүюге тәрбиелеу.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, Дарындылықты қазаққа дала берген секілді. Еркелікті ерікті желден алған секілді, Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді. ( Қадыр Мырзалиев)

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, табиғат көрнісін бейнелейтін плакаттар. Сабақтың барысы: бүгінгі кешіміздің тақырыбы «Табиғатты таниықта-аялайық»Әр халықтың өскен ортасы, кіндік қаны тамған туған жерінің барлық қадір- қасиеті оның тұла бойындағы адамгершілік ақыл-ой парасатымен үнемі тамырласып, әрі тағдырласып жатады.Туған жер, өскен ел,атамекен, атажұт сияқты киелі сөздер әр азаматтың жүрегіне шуақ та, қуат та беретініне ешбір күмән жоқ, өйткені туған жер дегенде тұла бойындағы қаны қызбайтын, жүрегі елжіремейтін адам баласы бола қоймас.

Туған жерді Анам демей не деймін , Туған жерді панам демей не деймін, Туған жермен асқақ менің ән- жырым, Туған жермен асқақ менің мерейім,-деп аялы Жұбан ағамыз жырлағанда халқымыз туған жер-атамекенін арымен де, жанымен де жақсы көріп, ұл-қызындай аялай білген,керек десе қасық қаны қалғанша қорғай да білген. Ал енді оқушылардың өздері «Табиғатты таниықта- аялайық»деген аталы сөзді қалай түсінеді екен, соны тамашалап, тыңдайық.

Оқушы: Ұлы Абай атамыз қазақтардың табиғатпен байланысты таныс-тіршілігін былай суреттеген. Жазды күн шілде болғанда, Көкорай шалғын бәйшешек. Ұзарып өсіп толғанда, Күркіреп жатқан өзенге Көшіп ауыл қонғанда. Шұрқырап жатқан жылқының, Шалғыннан жоны қылтылдап Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап... Міне, осындай тамаша суреті ауыл тіршілігімен жақсы жарасым тапқан.Қыз-келіншектердің үй тігуі, жастардың жарасымды әзілдері, адамдардың мінез-құлқы есте қалып қояды.Табиғат пен адамның егіз екенін осы өлеңнен байқауға болады.

Оқушы: Ақындар табиғатты анаға теңеген. Өйткені онда тіршілік өніп-өседі. Шынында табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегі барды адамға, жан-жануарға береді. Сәкен Сейфуллин өзінің «Көкшетау»деп аталатын поэмасында табиғаттың тірі көрнісін бере білген. Оның табиғат туралы тамаша өлеңдері адамды баурап алады. Мағжан Жұмабаев өзінің «Айға»деген өлеңінде: Кең дала көресің ғой ана жатқан, Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан. Асқар тау, балдан тәтті сулары бар, Әне, сол анам еді мені тапқан,- дейді. Міне осы шумақта ақын адам табиғат перзенті екенін жырлаған.

Мұғалім: Сәкен ағамыз өзінің «Еркін дала»өлеңінде де табиғатты анаға теңейді: Кеңсің, дала, Туған ана, Көйлегің кең, көк ала, Жан беретін Тән беретін Мейірімді ана, сен ғана... Сәкеннің «Тау ішінде»әні шырқалады.

Оқушы:Қандай мәселе болсын адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарастыра алалмаймыз. Бір кездерде табиғатты бағындыру дегенді желеу етіп,ормандардағы ағаштарды аяусыз балталаған,аң- құсты қырып жойған ,өзендерді бөгеп ,су қоймаларын жасаған ,тың игеру кезінде жерді жөн-жосықсыз жыртып,тоздырып жіберген.

Мұңды неге пәк табиғат –Анамыз, Қазір біздің ұландаған ба санамыз? «Балана арнап бақ өсір »деген сөзді, Тереңінен ойлап айткан бабамыз,-деген өлең жолдарын естігенде ата-баба өнегесіне немқұрайлы қарайтындарға ренішің оянды.

Оқушы:Оңтүстіктегі мақта ,бау-бақша егістігінде химиялық тыңайытқыштарды шаша-шаша қарлығаш,торғай сияқты құстар құрып кетті. Ал ол құстар жеміс-жидек ағаштарының құрттарын керемет жоя білетін.Адам өзінің осында й көмекшілеріне қамқорлық көрсете білсе ғой!Табиғатқа қиянат жасайтын адамдарға Сырбай Мәуленов ағамыздың мынадай өлең жолдарын арнағым келеді:

Аң да адамды жағалайды, Санап тұрған бауырласы . Ұя салып паналайды, Үйді дала қарлығашы. Әрқашан да зәруі аң,құс. Адамдардың мерейіне , Айтатындай іштей алғыс. Адал аппақ пейіліне. Ән: «Көктемді қондырып қанатына».

Ой қазына. Жылт –жылт еткен Жырадан өткен

(Су)

Бар ма,жоқ па,оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

Ақ шапанды үстіненалты ай бойы шешпейді, Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді. (Қара жер мен Қар).

Қозғалмай бір орында қарап тұрар, Адамның қажетіне жарап тұрар. Қаншалық жәбір көрсе,сабыр етіп, Және де көбеймекке жарап тұрар. (Ағаш)

Білімдінің ойы ұшқыр

1.Бір талкессең,онтал ек.

2.Адам көркі-шүберек, Ағаш көркі –жапырақ.

3.Су төккенің жауабы бар.

4.Әр құстың лайықты жемі бар, Әркімнің лайықты теңі бар.

Табиғатты қорғауда ата-аналардың ескеткен тыйым сөздерін еске түсірейік.

  • «Көктей солардың»деп жамандыққа жорып,көкті жұлғызбайды.

  • «Қарғысы қатты»деп жапалақ пен жарғанатқа тигізбейді.

  • «Құмырысқаның илеуін бұзба»

  • «Күл- қоқысты бұлақ басынан аулақ төк»

  • Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан ақ түсініп,оны өзінің тұрмыс тіршілігіне арқау етіп қолдана білген.Солардың бәрі халықтың ауа райын болжау тәсілдері.

  • Қарлығаштар аспанда самғап ұшса ,жаңбыр жауып,жел болады.

  • Құстар ертелете жем іздеуге шықса,күн жауын-шашын болады.

  • Далада көкектің көк-көк деген дауысын жиі естісең, алдағы күндер ашық болады.

  • Шағалалар өзен-көл бетінде,ұшып жүрсе,күн ашық болады.Егер жиекте жүрсе күннің бұзылғанының белгісі.

  • Балықтар су бетіне ыршып ойнап бастаса ,жауынның белгісі.

Қорытынды: Табиғатты қорғау үшін бәріміз, Бір –бір ағаш егейік. Текке отырмай жасымыз бен кәріміз, Таза ауа үшін терімізді төгейік.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Таби?атты таниы?та- аялайы?!

Автор: Бірма?анбетова Д?меткен Амантай?ызы

Дата: 20.02.2015

Номер свидетельства: 176326


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства