kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?ат- тал бесігі?, аялай біл

Нажмите, чтобы узнать подробности

8-сынып?а арнал?ан ?зін-?зі тану п?нінен арнал?ан саба? жоспары. Саба? ма?саты: О?ушыларды  таби?атты с?юге, таби?атты ?ор?ай білуге, ?ам?орлы? сезімдерін арттыру?а ?йрету. Саба? кезінде т?рлі ?діс т?сілдер ?орлана отырып, топта  ж?мыс істей білуге, ?зіндік ой т?жырымдарын д?лелдей білуге баулу.  Сыни ойлау ?абілеттерін арттыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?ат- тал бесігі?, аялай біл »

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп «Қаракөл орта мектебі» ММ мерзімі 16.01.15ж № 22

Тақырып: Табиғат- тал бесігің, аялай біл

Құндылық: қиянат жасамау Қасиеттер: Қоршаған ортаға қамқорлық,табиғатқа қиянат жасамау

Мұғалім: Митинг Ардагүл сынып 8«А» оқушылар саны: 8

Сабақтың мақсаты:Табиғатқа қиянат жасамау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту туралы түсініктерін кеңейту.

1.Білімділік

Табиғатты аялай білуге, қоршаған ортасына қамқорлықпен қарауға үйрету.

2.Дамытушылық

Қамқорлық сезімдерін дамыту.

3.Тәрбиелік

Табиғатқа киянат жасамауға тәрбиелеу.

Ресурстар

бейне көрсетілім, плакат, фломастер, интербелсенді тақта. оқулық,дәптер


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру

Тыныштық сәті

2 демалу жаттығулары

2.Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардың өз қалаулары бойынша үйге

берілген шығармашылық жұмыс.

«Ағаш маған не берді?» тақырыпқа сай бес жол өлең шығару оқушылардың ойын қорытындылау,тыңдау.


3.Дәйек сөз

«Табиғат –тал бесігің»

1.Табиғат адамды қандай сезімге бөлейді?

2.Табиғат аясында өздеріңді қалай сезінесіңдер?

1.Әңгімелесу

«Ағаш» әңгімесі (сеттен алынған)04MAR

Ерте-ерте-ертеде әдемі үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала сол алма ағаштың көлеңкесінде үнемі келіп ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ержетіп ағаштың көлеңкесінде ойнамайтын болды. Бір күні келеді, бірақ көңіл күйі жоқ болады.
«Менімен ойнашы!», деп сұрайды ағаш.
«Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін енді», жауап береді жігіт, – «Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ».
«Қап, менде де ақша жоқ… Бірақ сен барлық алмаларымды жинап алып, оларды сатсаң, ақша жасай аласың».
Жігіт қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, қуанып сол жерді тәрк етеді. Қайтып ол жерге оралмады. Ағаш көңілсіз болады. Бір кезде ол қайтып келеді – кешегі жігіт енді ер болды! Ағаш оны көріп қатты қуанады.
«Менімен ойнашы!», сұранады ағаш…
«Ойынға еш уақытым жоқ. Жұмыс істеуім керек, бала-шағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба?»
«Кешір… Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады… »
Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам ұзақ уақыт көрінбей кетеді.
Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың алдына келеді.
«Балам, кешір. Саған беретін ешнәрсем қалмады. Алма да жоқ…»
«Керегі де жоқ. Алма жейтін тісім да қалмады..»
«Үстіме шығарып ойнатайын десем, бұтақтарым да жоқ…»
«Ойын үшін тым кәрімін…», дейді адам.
«Саған ешбір нәрсемен пайдалы бола алмайтыным мені қатты мұнайтады. Барым – кәрі, өліп бара жатқан тамырларым ғана», деді ағаш көзге жас алып. «Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты…»
«Кәрі ағаштың тамырлары – демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой…» – дейді ағаш қуанып. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп қуанады…

Сұрақтарға жауап

1.Біз ағаш туралы не білеміз?

2. Ағаш адам өмірінде қандай маңызды рол атқарады ?

3. Ағаштың істегені дұрыс па, баланың істегені дұрыс па? Неге?

4. Ағаш -біздің бақытымыз үшін барын беруге даяр ата-анамыз…?

4.Шығармашылық топтық жұмыс

1.Ағаштан нені үйренуге болады?

(кластер жасау)

2.Ағаш маған не береді, мен ағашқа не беремін?

Оқушыға өз еркімен шығармашылық жұмыс беру

(суретті схемамен бейнелеу )

Екі топ өз жұмыстарын қорғайды

5.Мұғалімнің оқушыларға сыйы

«Қазақстан табиғатының көркем жерлері»

6.Үйге тапсырма беру

«Менің ауламдағы ағаштар» мұнда оқушы өз ауласындағы ағаштың түрін, жасын оқушы оған қандай қамқорлық көрсете алады өз ойын жазып келу.

7.Топпен ән айту

« Әке арманы» әнін орындау

1.Жапырағын жайған бәйтерек

Тереңге тартқан тамырын

Сезбеппін әке ертерек

Жаныңның ыстық жалынын

Қайырмасы:

Ахоу, ахоу,

Ахоу, әке арманы-ай

2.Ертеңім үшін көз ілмей

Атқыздың қайта таңымды

Түсінер кім бар өзіңдей

Сағыныш толы жанымды

Қайырмасы

5.Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка

8.Мұғалімнің сөзі

Құрметті оқушылар бүгінгі өткен сабағымыз барлығымыздың көңілімізден шығып өз мәресіне жетті деп ойлаймын. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға барлығыңа үлкен алғыс айтамын. Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерімізбен жақсы көңіл-күймен келесі сабаққа барамыз.

Келесі сабақта кездескенше қош сау болыңыздар.



А\\

















Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп Сарыоба орта мектебі мерзімі 16.01.15ж № 26

Тақырып: Кеңпейілділік пен жомарттық

Құндылық: ішкі тыныштығы Қасиеттер: шыдамдылық, салмақтылық, сенімділік

Мұғалім: Зейнел Маратбек сынып 5 оқушылар саны: 8

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік

Адам өміріндегі шыдамдылық қасиеттерін түсіндіру

2.Дамытушылық

Адам бойындағы салмақтылықты дамыту

3.Тәрбиелік

Оқушыларды сенімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар

Бейне көрсетілім, плакат, фломастер, интербелсенді тақта. Оқулық,дәптер

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру

Тыныштық сәті

№1 нұрға бөлену

2.Үй тапсырмасын сұрау

«Жомарттық ертегісі» оқып келу

  1. Ертегінің адам өмірінде қандай маңыздылығы бар?

  2. Қазіргі кезде қандай жомарт адамдарды білесің?

Дәйек сөз

Ізгілік ескірмейді де, жоғалмайды да.

1.Ізглік деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2. Ізгілік неге ескірмейді деп ойлайсыңдар?


1.Әңгімелесу

«Атымтай Жомарт »

Ш. Құдайбердиев


Атымтай Жомарт бір күні көп мал сойып қаладағы кәріптерге тамақ, киім берген соң «Қала кедейін тойғызсам да, дала кедейін бар шығар » деп, даладан іздеп келе жатса үстінде қырық жамау шекпені бар бір адам отын алып жүр екен. Атымтай соған келіп: «Бүгін Атымтай кәріптерге киім, тамақ беріп жатыр, соған баруыңызға болмас па екен?» дегенде, әлгі жарлы айтыпты: «Сен Атымтайдың жіберген адамы болсаң, оған салем айт! Адал еңбекпен қатын-баласын асырап, артылғын еңбегімен өзінен төмен кем-кетікке жәрдем қылуға әлі жетіп, соған әбден құмарланып кеткен адамға Атымтайдың керегі жоқ. Мен бүгін қатын- баламды тойғызарлық отын жинап алдым. Енді анау отырған ақсақ шал үшін отын алып жүрмін. Дені сау адамды Атымтай асырап, тіленшілікке салып жібермесін. Кем-кетікке қарассын! Атымтай мал мен мырзалық қылады, мен еңбек, теріммен мырзалық қыламын, қайсымыз мырза екенімізді Атымтай өзі сынасын», депті.


1.Ақкөңілділік дегеніміз не?

2. Дархандық, мырзалық деген ұғымды қалай түсінесің ?

3. Қандай адамды кең пейілді деп айтамыз ? Неліктен ?

4. Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?

5. Қандай адамды кең пейілді деп айтамыз неліктен?

2.Шығармашылық топтық жұмыс

1-топ «Бақыт» сөзіне кластер құру

2-топ «Бақытты балалық шақ» сурет салу көрме ұйымдастыру.

3.Үйге тапсырма беру

«Жақсылықпен жаным дос » тақырыбына шағын әңгіме жазып келу.

4.Топпен ән айту

«Айгөлек» әні сөзі: Н. Баймұқамедовтікі

әні: Б.Байқадамовтікі

1.Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағымда

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағында

Ойын ойнап, ән салмай

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?

Қайырмасы

Айгөлек ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде,

Би билеймін дөңгелеп.

Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка ойналып тұрады

(оқушылар бүгінгі өткен сабағын ой елегінен өткізеді)

Мұғалімнің сөзі

Құрметті оқушылар бүгінгі сабақ өз мәресіне жетті. Сабақтан алған жақсы көңіл-күйімізбен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Таби?ат- тал бесігі?, аялай біл

Автор: Митинг Ардаг?л

Дата: 13.04.2015

Номер свидетельства: 200740


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства