Күні: | Коучинг сабақ | Жас ұстаздар коучинг сабағы |
Сабақтың жалпы тақырыбы | Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту Сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу және сабақта әңгімелесуді пайдалану,сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру туралы мұғалімдер коучингісі. |
Сабақтың жалпы мақсаты: | Мұғалімдердің іс –тәжірибесіне сүйене отырып .сыни тұрғыдан ойлау,диалогтің білім берудегі тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру. Диалогтік тәілдердің түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.Мұғалімдердің оқыту мен оқудағы көзқарастарын өзгерту үдерісінің өзектілігін түсінуі;.Бұл тақырып мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы түрлі жастағы топтарда қадағаланатын балалардың жауаптары мен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы дамыту. |
Сілтеме: | Нұсқаулық |
Ұстаздар үшін оқу нәтижелері | Мұғалімдер: Білім беруде сыни тұрғыдан ойлауға ,оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатынын туралы өз түсінігін қалыптастырады; оқу үдерісіне диалогтік әдістерді енгізеді; Қатарластары арасында бірлесіп жұмыс істеу мен талқылау үшін визуалды және ауызша дереккөздерін пайдаланады; Сыныпта оқытуды жақсартуға қажетті диалогтің сипаты туралы сыни тұрғыдан ойлай алады; Оқу жоспарындағы әлеуметтік ғылымның мақсаты мен құндылықтары туралы сыни тұрғыдан ойлауға тырысады. |
Негізгі идеялар | Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат ұстаздардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.Сындарлы және ашық диалогке қатысу ұстаздардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.Балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау сауатты оқытуға ықпал етеді. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | үлестірме материалдар;сюжетті суреттер,перфокарталар ,Торкөзді талқылау стратегиясы плакаттар, бояулар, |
Оқыту әдістері: | Жаңа әдістер: СТО (Блум таксономиясы) АКТ | 1. Диалог 2.Топтық жұмыс 3. Жұптық жұмыс 4. Жеке жұмыс 5.Деңгейлік тапсырма |
Дерек көздер: | Білім берудегі сыни тұрғыдан ойлау Сыни тұрғыдан ойлау құралдары Талқылау құралдары L2W2D3_ Оқу бағдарламасы туралы сыни ойлау Оқытудың жеке тұлғаға бағытталуының он тәсілі |
Тапсырмалар: | 1. Топпен жұмыс. Топқа бөлініп,сыни сөзіне талдау жасайды. | 2. Диалог Бір-біріне сұрақтар қойып,сызбаны толтырады. | 3. Жұптық жұмыс Жұппен ақылдаса отырып,кестені толтыру | 4. Жеке жұмыс. Өз ойларын айту | 5. Деңгейлік тапсырма Қорытынды шығару |
Мұғалімнің сабақ бойынша жазбалары | Блум таксономиясы бойынша сабақ жүргізіледі: Білу: 1.Сыни тұрғыдан оқыту туралы біледі. -Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері туралы не білесің? -Сыни тұрғыдан ойлау дегенді қалай түсінесіз? -Сыни тұрғыдан ойлаудың қандай элеметтерін білесіз? |
Түсіну: 1.Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері туралы мағұлмат алады. 2.Жеті модуль бойынша бағдарлама мазмұнымен танысады. 3.Оқу бағдарламасы арқылы оқу қызыметіне сыни тұрғыдан ойлауды ықпалдастырады. 4.Сыни ойшылдардың бойындағы қасиеттермен танысады. |
Қолдану: 1.Видеоны көріп,өз ойларын айтады. 2.Сыни тұрғыдан ойлаудың анықтамасын шығарады. 3.Ойлау элементтерін құрастырады. |
Талдау: 1.Сыни ойшылдың кейбір қасиеттерін ойлап табады. 2.Ойлау элементтерін ойлап табады. |
Жинақтау: Сыни тұрғыдан ойлау үлгісін құрастырып ,жасап шығарады. Талдау,қорытынды,түсіндіру,баға,өзін-өзі реттеу,интерпретация |
Бағалау: Сыни тұрғыдан ойлау картасын жасап шығарады. 1. Ғылыми ойлау 2. Креативті ойлау 3.Сыни тұрғыдан ойлау 4. Шешім қабылдау Негізделген шешім Нұсқаларды қарастыру Салдарлардың болжамы Ұтымды нұсқаны таңдау 5.Проблемаларды шешу |
Рефлексия. Бағалау | Кері байланысты өткізу үшін «Торкөзді талқылау» атты тәсілді қоланамын. Ұнағаны | Ұнамағаны | Таң қалдырды | Сұрағым бар | |
|
|
|
|
|
|
|
|