kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Суды? ?мір ?шін ма?ызы, суды? ?асиеттері, суды ?ор?ау»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы: Суды?  ?мір  ?шін  ма?ызы, суды?  ?асиеттері, суды  ?ор?ау.

Саба?ты?  ма?саты:

Білімділік: Су  тіршілік  к?зі  ??ымын  жан-жа?ты  т?сіндіру

Дамытушылы?: О?ушыларды  ?з  бетінше  тапсырмалар  орындап, ойын  еркін  жеткізуге  да?дыландыру.

Т?рбиелік: Т?щы  су  ?орын  са?тай  отырып, оны  ысфырапсыз  тиімді  пайдалану?а  баулу

Саба?ты?  т?рі: жа?а саба?

Саба?ты?  типі: аралас саба?

Саба?ты?  к?рнекілігі: интерактивті та?та, слайдтар топтамасы.

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру:

  • О?ушылармен  амандасу
  • Т?гендеу.
  • О?ушыларды?  назарын  саба??а  аудару.

ІІ. ?й тапсырмасын с?рау.

  1. Гидросфера дегеніміз не?
  2. Гидросфераны? ?ай б?лігіндегі суды адамдар пайдалана алады?
  3. Гидросфераны? ??рамдас б?ліктерін ата?дар?

Сызбаны  толтыр:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Суды? ?мір ?шін ма?ызы, суды? ?асиеттері, суды ?ор?ау»»

20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі











АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы:

«Судың өмір үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау»

















Сыныбы: 5 «А»

Пән мұғалімі: Молдабаева А.Ж.



Меркі 2015-2016оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Судың өмір үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Су тіршілік көзі ұғымын жан-жақты түсіндіру

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше тапсырмалар орындап, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тұщы су қорын сақтай отырып, оны ысфырапсыз тиімді пайдалануға баулу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар топтамасы.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

  • Оқушылармен амандасу

  • Түгендеу.

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Гидросфера дегеніміз не?

  2. Гидросфераның қай бөлігіндегі суды адамдар пайдалана алады?

  3. Гидросфераның құрамдас бөліктерін атаңдар?

Сызбаны толтыр:

жерасты сулары

мұхит

көл

Гидросфера




теңіз


те

өзен

бұғаз

шығанақ





ІІІ. Білімді жан-жақты жетілдіру.

«Теңге ілу» ойыны (Оқушы кез келген теңгені таңдап, сұрақтың анықтамасын дұрыс жатқа айтуы тиіс)

Материк, Гидросфера Литосфера Глобус Мантия Астрономия Жаратылыстану Күн Жұлдыз Жұлдыздар жүйесі Атмосфера Орбита


ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық

«Су – тіршіліктің көзі» дегенді естідіңдер ма? Қалай ойлайсыңдар, мұндай түсініктің болуы неліктен? Бейнетаспаны тамашалау


Ү. Жаңа сабақ

Судың маңызы. Су- Жер шарындағы тіршілік көзі, олсыз Жер бетінде ешқандай да тіршілік көзі дамымас еді. Жер шарының 361млн км² яғни 71% су алып жатқандығына қарамастан адам үшін қажетті тұщы су қоры оның тек небары 2%-ын ғана құрайды. Тұщы су қоры негізінен мұздықтар мен өзендерде және де кейбір тұщы көлдерде сақталған.

Сонымен қатар, бір қабықтан екіншісіне литосфераға, атмосфераға өте алады. Гидросферадан атмосфераға қозғалу барысында ауаның ылғалдандырумен қатар құрлықтағы тірі ағзаларды сумен жабдықтайды. Мысалы, жауын-шашынның, жаңбырдың жаууы.

Судың барлық тірі ағзалар үшін маңызы орасан зор. Өйткені тірі ағзалардың 70-80% -ы судан тұрады. Адам тамақсыз екі аптаға дейін, ал сусыз үш күн ғана өмір сүреді.





Судың қасиеттері. Су 3 күйде болады:

  • Қатты



  • Сұйық



  • Газ





Су – өте жақсы еріткіш.


Ол ағзаға қажетті заттарды ерітіп, барлық бөліктеріне тасымалдайды. Соның нәтижесінде судың өзі де ағзада жүретін химиялық әркеттерге қатысу арқылы олардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етеді. Су тірі ағзалардың жасушалары үшін де тірек қызметін атқарады.


Су мәселесі.


Адамдарды таза сумен қамтамасыз ету- қазіргі кезеңнің ең түйінді мәселелердің бірі. Себебі әрбір адам бір тәулікте әртүрлі тұрмыстық қажеттіліктері үшін шамамен 300-500 литр су пайдаланады. Құрғақшылық аймақтарды айтпағанда жеткілікті мөлшерде жауын-шашын түсетін аумақтардың өзінде көптеген ірі қалалар өз тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етуде қиындықтарға ұшырайды. Қазіргі кезеңде Жердің әрбір үшінші тұрғыны таза судың жетіспеуін сезінуде. Сондықтан суды ластамай, ысырапсыз, өте ұқыпты түрде пайдалану керек.

Судың шаруашылықтағы рөлі.

Су- адамның шаруашылық әрекетінде де маңызды. Мысалы, электр стансасында электр энергиясын алуға мүмкіндік беретін турбинаны айналдыру үшін аса ірі көлемде суды жылытып, буға айналдыру керек. Кейбір электр стансасында тікелей ағын судың құлау күшін пайдалану арқылы электр энергиясын алады. Біздің ғаламшарда суды пайдалану көлемі жылдан-жылға артуда.




Суды ластайтын көздер.

Өнеркәсіптік және тұрмыстық ағындар, егіс алқаптарына пайдаланған тыңайтқыштар мен улы химикаттар өзен, көлдерді ластап жатыр. Аса ірі көлемде жиналған тұрмыстық және мал шаруашылығының қалдықтары да суға кері әсер етуде.

Мұндай аймақта жаңбыр суы қоқыс арқылы өткенде зиянды ерітінділермен қанығады және олар әрі қарай топыраққа сіңіп, еспе суды ластайды. Ал ол еспе суды сол жердің тұрғындары пайдаланды.

Өзендер мен көлдердегі сулар өзін – өзі тазалап, сапасын қалпына келтіре алды. Мысалы, өзін-өзі тазалау тетіктері жұмыс істеу үшін 1 литр ластанған су 6 литр таза суға сәйкес келу қажет.

Егер осы арасалмақ бұзылса, сол су қоймасындағы су табиғи сапасын біртіндеп жоғалтады. Сөйтіп, мұндай су тіршілікті таза сумен қамтамасыз ете алмайды.



Суды қорғау.


Су мәселесі Қазақстан үшін де өте өзекті мәселенің бірі . Өйткені біздің еліміздің көптеген аумағында жерүсті тұщы су көздері жоқ болғандықтан егіншілік пен адамның шаруашылық әрекетін белгілі дәрежеде шектейді. Суды ластанудан сақтау үшін зауыт –фабрикалардан, ірі қалалардан шыққан қалдық суларды бірнеше деңгейден тұратын тазартқыш қондырғыларынан сүзіп өткізу қажет.






Дәптермен жұмыс :


  • Терминдер сыры

Химикаттар – химиялық заттар. Олардың түрлері өте көп: медикаменттер, сыр-бояулар, синтетикалық полимерлер, құймалар, тыңайтқыштар және т.б.


ҮІ. Жаңа сабақты бекіту.

Семантикалық карта


Сұйық

Қатты

Газ


Көл





Тұман





Қар





Өзен





Ұсақ су тамшылары





Мұз





Бұршақ





Қылау





Қырау





Мұхит






ҮІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

  1. Судың тірі ағзалар үшін қандай маңызы бар?

  2. Адам әркетінің әсері суға қандай қауіпті төндіреді?

  3. Суды қорғау не үшін маңызды?

  4. Адамның суға тигізетін залалдарын қалай азайта аламыз?

  5. Тірі ағзаларға су не үшін қажет?


ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. Бағалау.

  • «Судың өмір үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау.» тақырыбын оқу.

  • Судың маңызын ашатын мақал-мәтелдерді жазыңдар.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Суды? ?мір ?шін ма?ызы, суды? ?асиеттері, суды ?ор?ау»

Автор: Молдабаева Айнур Жа?абек?ызы

Дата: 22.02.2016

Номер свидетельства: 297035


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства