ІІ | Балалардың өткен сабақты және үй жұмысын қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында арнай дайындалған презентациядан үяшықтарды таңдап (яғни, 10, 20, 30), оларды сұрақтарға жауап беру арқылы бағалаймын. 10 (сол) – Солтүстік Америкаға тән жер бедері? 10 (оң) – Солтүстік Американың жазық жерлері қандай платформада орналасқан? 20 (сол) – Платформаның солтүстік бөлігінің жағдайы? 20 (оң) – Канада қалқанының территориясы? 30 (сол) – Ұлы жазықтың алып жатқан аймағы? 30 (оң) – Аппалач тауының жер бедеріне сипаты? | Оқушылар үй тапсырмасын айтып, дәптерлерін көрсетіп бағаланады. Мүғалімнін қойған сұрақ-тарына жауап беріп, сабаққа белсене араласады. Берілген тапсырмаларға, оқушылар келесідей жауап береді. 10 (сол) – Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым, таулар материктің үштен бір бөлігін алып жатыр. 10 (оң) – Материктің жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан. 20 (оң) – Платформаның негізіг құрайтын кристалды жыныстар Гренландия аралы мен Лабрадор түбегінде жер бедеріне шығып жатыр. Ежелгі платформаның осы бөлігі Канада қалқаны деп аталады. 20 (сол) – Платформаның солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтежесінде майысып, төмен түскен. 30 (сол) – Платформаның батыс бөлігінде Кордильераға қарай баспалдақ тәрізді біртіндеп биіктейтін, кең алқапты Ұлы жазық алып жатыр. 30 (оң) – Аппалач тауы жер бедерінің сипаты, биіктігі жөнінен Еуразиядағы Орал тауына өте ұқсас: тау беткейлері көлбеу, шыңдары күмбез тәрізді жұмыр болып келеді. |
ІІІ | Жаңа тақырыпты ары қарай бекіту үшін «Әріптер сөйлейді» рубрикасын өткіземін. Бұл кезде оқушылар алдында шашылып жатқан әріптерден сөздер құрып, солар жайлы мағлұмат береді. Оқушылар келесі сөздерді жинап алулары керек: Аппалач Сьерра Кордильер Толық физикалық объектілерді бекіту үшін, оқушылар оларды картадан көрсетеді. Солтүстік Американың пайдлы қазбаларын анықтап, олардың таралу аймағын анықтау үшін оқушылар келесідей жұмбақтарға жауап беру арқылы карточкадағы сұрақтарға жауап береді. Сылқ - сылқ күледі Аяғы жоқ жүреді (Су) Қанаты жоқ – ұшады, Аяғы жоқ – қашады. (Жел) Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді. (Ауа) «Су» Кордильера тау жүйесі қойнауы қандай пайдалы қазбаға бай? «Жел» Миссисипи ойпаты бай пайдалы қазбалары? «Ауа» Өлім аңғарының тарихы? | Мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды, яғни топқа бөлініп, құраған сөздеріне сипаттама, яғни анықтама береді. Аппалач таулары – солтүстіктегі таулар мұздықтардың әсерінен өте күшті тілімденген, ал Аппалач тауларын көптеген өзен аңғарларын ұзыны бойы да, көлденеңінен де кесіп өтеді.Аппалач таулары жер бедерінің сипаты, биіктігі жөнінен Еуразиядағы Орал тауларына өте ұқсас: тау беткейлері көлдеу, шыңдары күмбез тәрзді жұмыр болып келеді. Сьерра – Үшкір шыңдар тізбегінен тұратын тау жоталары сьерра деп аталады. «Сьерра» испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны береді. Шындығында да Сьерра – Невада, Сьерра – Мадре жоталарындағы қатар тізбіле орналасқан ара тістеріне ұқсайды. Кордильера – материктің батыс бөлігін бойлай Жер шарындағы ұзын тау жүйесіболып есептелетін Кордильера тау жүйесі орналасқан.Кордильера испан тілінен аударғанда «тау жотасы, тау тізбегі» деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильера бір – бірімен жалғасқан тау жоталарының бірнеше қатар тізбектерінен тұрады. «Су» Кордильера тау жүйесінің қойнауы шөгінді жолмен қалыптасқан мұнай, газ, тас көмірімен қатар, магмалық жолмен түзілген түсті металдарға, алтын мен уранға бай болып келеді. «Жел» Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмір көп. «Ауа» 1849 жала алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған, жер кейіннен «Өлім аңғары» деген атқа ие болды. |
ІV | Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды. Сабақты бағалау критерийлері: 10 БАЛЛ – сабаққа дайын болуы, тәртібі; 30 БАЛЛ – үй тапсырмасы; 40 БАЛЛ – жаңа сабақтың тапсырмаларын орындау, оқушының сабаққа қатысуы; 20 БАЛЛ – білетінімен білгенін оқыту процессінде дұрыс қолдана білуі. | Оқушылар бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады. 50 - 75 балл аралығы – 3 75 – 90 балл аралығы – 4 90 – 100 балл аралығы - 5 |
V | Үй тапсырмасына: - «§31 Солтүстік Американың климаты» оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Кескін картаға климаттық картасын салып келу. |
Үй тапсырмасын күнделік-теріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады. |
VІ |
Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды. | Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақты қорытындылайды. Оқушылар мұғалімнен алған стикерлерге сабақтан алған әсерлерін, өздерінің ұсыныстарын жазып, мұғалімге ұсынады. |