kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Солт?стік Америка"

Нажмите, чтобы узнать подробности

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Солт?стік Америка"»


















































Сабақтың тақырыбы:Солтүстік Америка материгі


Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу.

Сабақтың мақсаты:



Сабақтың міндеттері:

1) Білімділік: Оқушылардың Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу арқылы тақырыптарды тереңірек меңгерту.

2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. Қайталау сабақ арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3) Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
















Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі:Өздік ізденіс жұмысы

Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Қызығушылықты ояту

ІІІ. Материкке шолу

IV. Бекіту

V. Қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма беру.Бағалау


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбер.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,

Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.

АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,

Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,

Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,

Макензи, Миссисипи суым қандай!

Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,

Тамаша көрген адам таң қалғандай.

-Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Солтүстік Америка)

-Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз? (Ерекшеліктерін атап интерактивті тақтаға «өрмекшінің торын» құрайды)


Ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт

Ұзын тау – Кордильера Ең биік ағаш – секвоя

Солтүстік Америка


Ең үлкен арал – Грнеландия

Ең үлкен каньон – Колорадо

Ең үлкен биік шыңы-Мак-Кинли Ең ыстық жері- Өлім аңғары +570С


Ең үлкен тау мұздығы – АляскаЕң төмен орналасқан нүкте- Өлім аңғары


ІІІ. Материкке шолу.

-Бүгінгі сабағымыз Солтүстік Американың ең биік жері Кордильер тауының Мак-Кинли (6193 м) шыңына саяхат жасаймыз. Оған шығуда жолымыздағы кедергілер бар екен, одан өту үшін Солтүстік Америка материгіне байланысты тапсырмаларды орындауымыз керек. Саяхатқа дайынбыз ба? (сынып топпен жұмыс жасайды)


ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ.

1-тапсырма

Кескін картаға Солтүстік Американың шеткі нүктелерін белгілеу.

Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Мерчисон мүйісі)

Солтүстік Американың оңтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Марьято мүйісі)

Солтүстік Американың батыс шеткі нүстесін көрсету. (Принц Уэльский мүйісі)

Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін көрсету. (Сент-Чарльз мүйісі)


ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

2-тапсырма

Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру. (2, 3-ші бағандарда зерттеушінің суреті тұрады атын және ашқан жерлерін табуы тиіс)


Жылдар және ғасырлар

Зерттеушілердің

аты-жөні мен суреттері

Ашқан және зерттеген жерлері

1492 жылы

Хростофор Колумб



Материктің оңтүстік жағалауын ашты

ХV ғасырда

Джон Кабот



Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты

ХVІІ ғасырда

Генри Гудзон

Александр Макензи



Материктің солтүстік және шығыс жағалауында жаңа жерлерді ашты

1741 жылы

Витус Беринг

Алексей Чириков

Аляска жағалауын зерттеді


ЖЕР БЕДЕРІ МЕН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ

3-тапсырма

Кескін картада белгіленген сандарда қай объектілер орналасқан және пайдалы қазбаларын шартты белгілер арқылы түсіру.


1- мұнай

2- тас көмір

3- темір

4- табиғи газ


5-маргенец

6-титан

7-мыс

8-алтын

№1- Солтүстік Америка материгінің батыс бөлігіндегі тау. (Кордильера тауы)

№2- Солтүстік Америка материгінің шығыс бөлігіндегі тау. (Аппалач тауы)

№3- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Орталық жазық)

№4- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Ұлы жазық)

№5- Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан бұғаз (Беринг бұғазы)

№6-Солтүстік Америкадағы ең ұзын жер асты үңгірі (Флинт-Мамонт)

№7-Солтүстік Америка материгінің солтүстігіндегі мұхит(Солтүстік мұзды мұхит)

№8- Солтүстік Америка материгінің шығысындағы мұхит (Атлант мұхит)


КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР.

4-тапсырмаКлиматтық белдеулерге байланысты сұрақтарға жауап беру.


-Солтүстік Америка материгінің климаты қай материкпен ұқсас? (Еуразия)

-Неше кламматтық белдеу кесіп өтеді? (6 белдеу)

- Солтүстік Америка материгінің ең суық жері? (Гренландия аралының орталығы -70 0 С)

- Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары +570 С)

- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000 мм)

- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап 100 мм)

-Солтүстік Америка материгі ежелгі қай материктің құрамында?(Лавразия)

-Солтүстік Америка материгі неше мұхитпен шектеседі? (3-мұхит)

Сергіту сәті

Номенклатуралық сұрақтарға жазбаша жауап беру:

Секвойя – ағаш Беринг -бұғаз

Гризли – жануарГенри Гудзон -саяхатшы

Лабрадор– суық ағысЮкон - өзен

Онтарио –көл Ниагара -сарқырама

Орисаба –жанартауМексика –ел



ІШКІ СУЛАРЫ

5-тапсырма

Солтүстік Америка өзендерінің және осы ерекшеліктерін туғызып отырған себептерді белгілеу.



Өзендерінің ерекшеліктері

Себептері

Жауаптары

Миссисипидің күрделі режимін

а) сең жүру көктемнің аяғында жоғары ағыстан басталады

1-ә

Жаз айынның басында Макензи өзенінің төменгі ағысында мұз кептеулері жиі пайда болып тұрады

ә) бірнеше климаттық белдеулер арқылы ағып өтеді

2-а

Колораданың саласы жоққа тән

б) жауын-шашын көп болады

3-в

Колумбияның жыл бойына суы мол

в) жауын-шашын аз түседі

4-б


ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ

6-тапсырма
















ХАЛҚЫ МЕН ЕЛДЕРІ

7-тапсырма

Солтүстік Америка материгінің төрт мемлекеті карточкада берілген қай ел келеді сол елдің астанасын жазу және картадан көрсету.



Мемлекеттер


Астанасы

АҚШ


Вашингтон

Канада


Оттава

Мексика


Мехико

Панама


Панама


ІV. Бекіту тапсырмалары.

Т Е С Т

І нұсқа

  1. Солтүстік Америка материгінің экваторға қатысты орны.

  2. а) тек оңтүстік жарты шарда жатыр

  3. ә) көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда

  4. б) экватор материктің ортасын кесіп өтеді

  5. в) тек солтүстік жарты шарда жатыр

  6. 2. Солтүстік Америка материгінің ең төмен жатқан жері.

  7. а) Каспий теңізі ә) Өлім аңғары

  8. б) Өлі теңіз в) Валдес түбегі

  9. 3. Көлемі жағынан ең үлкен арал.

  10. а) Куба ә) Гаити

  11. б) Баффин жері в) Гренландия

  12. 4. Мына белдеудің қайсысы Солтүстік Америкада кездеспейді?
    а) экваторлық ә) арктикалық

  13. б) қоңыржай в) тропиктік

  14. 5. Солтүстік Америка шығыс жағалауындағы жылы ағыс.

  15. а) Калифорния ә) Лабрадор

  16. б) Гольфстрим в) Батыс желдер

  17. 6. Солтүстік Америка материгінің бастапқы меридианға қатысты орны.

  18. а) түгелдей шығыс жарты шарда жатыр

  19. ә) көпшілік бөлігі батыс жарты шарда

  20. б) түгелдей батыс жарты шарда жатыр

  21. в) көпшілік бөлігі шығыс жарты шарда

  22. 7. Өлім аңғарының абсолюттік биіктігі.

  23. а) -150 м ә) -132 м б) -86 м в) -403 м

  24. 8. Солтүстік Американың ең ұзын өзені.

  25. а) Миссисипи ә) Ниагара

  26. б) Макензи в) Колумбия

  27. 9. Солтүстік Америка материгінің көпшілік бөлігі қай климаттық белдеуде орналасқан?
    а) арктикалық ә) қоңыржай

  28. б) тропиктік в) экваторлық

  29. 10. «Прерий» деп нені айтады?

  30. а) шөлді ә) саваннаны

  31. б) орманды в) даланы

  1. Жауаптары:

    1. І нұсқа

    1. 1

    1. 2

    1. 3

    1. 4

    1. 5

    1. в

    1. ә

    1. в

    1. а

    1. б

    1. 6

    1. 7

    1. 8

    1. 9

    1. 10

    1. б

    1. б

    1. а

    1. ә

    1. в

  2. Дұрыс жауабы тақтада жазылып тұрады.

  3. V. Қорытындылау. Бағалау.

  4. -Бүгінгі қайталау -сабағымызда біз Солтүстік Американың ең биік Мак-Кинли шыңына жеттік. Шыңға шыққанда нені көрдік? (биік таудың суретінде Қазақстанның туы тұрады ). Бір топ болып тапсырмаларды жақсы орындадық. Өмір де, білімде де осындай биік шыңдарға жете біліңіздер.

  5. VІ. Үйге тапсырма: «Солтүстік Америка материгіне бір күндік саяхат» тақырыбында шағын шығарма жазу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Солт?стік Америка"

Автор: Дуйсенова Балбобек Калеловна

Дата: 05.12.2015

Номер свидетельства: 262251


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства