Конспект урока по теме "Внутренние воды Северной Америки", составлен согласно учебной программе ГОСО РК 2013 года по учебнику 7 - класса, авторы А.Бейсенова, С.Абильмажинова, К.Каймулдинова. Целью данного урока является повторение знаний о внутренних водах, полученных в 6 - классе, дать понятие об особенностях рек и озер Северной Америки. Для достижения целей урока применены различные методы проведения опроса пройденной темы, объяснения новой темы, закрепления и рефлексии.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Солт?стік Американы? ішкі сулары, конспект урока »
«НұрОрда» қазақ – түрік лицей – кешені
География пәнінен
ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: «Солтүстік Американың
ішкі сулары» (7 - сынып)
Пән мұғалімі:
Байзильдина
Сауле Сушыновна
Астана 2015
Сабақ №45Сыныбы 7 «В»Күні 23.02.
Тақырыбы:Солтүстік Американың ішкі сулары.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өзен-көлдер туралы алған білімдерін толықтыру, материктің өзендері мен көлдерінің таралуы, олардың маңызы жөнінде түсіндіру.
Дамыту: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, 7 – сынып оқулығы, атлас,
слайд «Солтүстік Американың ішкі сулары», бейнефильм «Колорадо каньоны».
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
№ 1 слайд. *Шаттық шеңбері.
Жарқырап күн де ашылды,
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн,
Біз - нәзік қыздармыз
Қайырлы күн,
Біз - ержүрек ұлдармыз
Қайырлы күн ,қонақтар,
Біз - әдепті баламыз.
Қайырлы күн, ұстаздар,
Біз - көңілді боламыз.
ІІ. Өткенді ойға түйіп (слайд № 2).
Миға шабуыл
Электронды оқулықтағы № 8 - тапсырма.
«Артық сөзді табу» (слайд № 3).
*өзен, көл, шығанақ, тау
*Кордильер, Альпі, Аппалач, Анд
*Гренландия, Ньюфаундленд, Исландия, Куба
*Митчелл, Аконкагуа, Чимборасо, Косцюшко
*Игуасу, Анхель, Тугела, Парана
«Сен маған, мен саған» - картамен жұмыс.
ІІІ.Жаңа сабақ.
*Қызығушылық ояту.
Жұмбақтар шешу (слайд № 4)
1.Аяғы жоқ – жүреді,
Жоғарыдан төмендеп.
Сықылықтап күледі,
Сай – саладан елеңдеп.(өзен)
2.Ауыл сыртында – айна (көл)
Оқушылар жұмбақтың жауабын тапқаннан кейін, жаңа сабақтың тақырыбы № 5 слайдтан көрсетіледі, мақсаты айтылады.
* Мағына ашу (жаңа тақырыпты түсіндіру).
- Солтүстік Американың қандай мұхиттар бар?
- Солтүстік Американың сулары үш мұхит алабына және ішкі тұйық алапқа жатады.
- Енді сол ішкі суларымен танысайық.
- Солтүстік Американың ішкі сулары жөнінде 6 – сыныпта не білдіңдер?
- № 7, 8,9 – слайдтармен жұмыс.
- «Колорадо каньоны» бейнефильм көрсетіледі.
№ 10 – слайд: Ниагара өзені.
№ 11 – Глоссарий (оқушылар оқулықтың 129,130 – бетін ашып, жұмыс жасайды)
Миссисипи – “су атасы”
Миссури – “тұңбалы өзен”
Маккензи – “үлкен өзен”
Ниагара - “гүрілдеуік су”
№ 12 – слайд: Солтүстік Американың көлдері:
*мұздық – тектоникалық: Үлкен Аюлы, Үлкен Еріксіздер, Атабаска, Виннипег, материктің солтүстігінде: Никарагуа, Манагуа
*Ұлы көлдер жүйесі : Жоғарғы, Мичиган, Гурон, Эри, Онтарио
Эри көлі мен Онтарио көлдерінің арасында
Ниагара сарқырамасы орналасқан.
*ұсақ жанартаулық көлдер: Үлкен Тұзды көл
№ 13, 14 – слайдтар: Ұлы көлдер жөнінде айтылады.
IV. Ой толғаныс (жаңа сабақты бекіту)
№ 15 – слайд. Семантикалық карта
№
Географиялық нысандар
Мұхит
Бұғаз
Шығанақ
Көл
Өзен
1
Виннипег
+
2
Огайо
+
3
Колорадо
+
4
Гудзон
+
+
5
Мичиган
+
6
Тынық
+
7
Беринг
+
V. Үйге тапсырма беру.
1.§32, кескін картаға номенклатура белгілеу.2.Солтүстік Американың ішкі суларының экологиялық жағдайы туралы мәлімет дайындау.
VІ.Бағалау.
VII. Рефлексия -№ 17,18 - слайдтар
СайысСыныбы 7 «А», «В», «С», «D»Күні 25.02.
Тақырыбы:«География елін басқару»
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа баулу, ой – өрісін дамыту, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Келешек ұрпақты халқымыздың болашағын дамытатын
тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сайыс
Сабақтың көрнекілігі:слайд «География елі», пазл.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Білгенге: білім – байлық, бағасы артық
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай,
Үйренсең өнер – білім, өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің қордасындай.
Білім – адам баласының ортақ қазынасы. Олай болса, ойыншыларымызды ортаға шақырайық.
Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,
Мықты болсаң, қабырғанмен қайыспа
Оқу керек, білім керек қашан да,
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?
Ендеше, сайысымызды бастайық.
Бүгінгі сайысымыз дүниедегі ежелгі және мәңгі жас ғылым «География» пәніне арналады. Ежелгі деп айтатынымыз – Эратосфен уақытынан бастап Жер зерттелді. Мәңгі жас – қазіргі уақытқа дейін Жер бетінде зерттелмеген, ашылмаған аймақтар көп.
Сайыстың кезеңдері:
1. Пазл жинау.
2. “Кім жылдам?” - топ басшылар сайысы
3. Географиялық чемпионат.
4. Географиялық әліппе (2 мин. ішінде Г,М,А,С әріптерден
басталатын географиялық сөздер жазу)
5. “Білгірлер сайысы” (“иә” немесе “жоқ” деп жауап беру керек)
6. “Бұл кім? Бұл не?”
7. “Сен – маған, мен - саған”.
1.Пазл жинақталғаннан кейін топ басшылар сайысы басталады.
2.Берілген координаталар бойынша географиялық нысандарды анықтау
12 ° с.е., 72 ° б.б.
15 ° с.е., 18 ° б.б.
34 ° о.е., 149 ° ш.б.
5 ° о.е., 37° ш.б.
63 ° с.е., 150 ° б.б.
3. Географиялық чемпионат
1.Ең үлкен арал
2.Ең биік тау
3.Көлемі жөнінен ең үлкен мемлекет
4.Қазақстандағы ең биік тау
5.Ең үлкен түбек
6.Ең ұзын өзен
7.Ең терең көл.
8.Ең суы мол өзен
9. Ең биік сарқырама
10.Ең үлкен материк
4. Географиялық әліппе (2 мин. ішінде Г,М,А,С әріптерден басталатын географиялық сөздер жазу)
5. “Білгірлер сайысы” (“иә” немесе “жоқ” деп жауап беру керек)
1.Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға бай
2.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Оңтүстік Америкада
3.Самболар – еуропалықтар мен үндістердің некелесуінен тараған ұрпақтар
4.Амазонка өзені 500 саладан тұрады
5.Венецияға ұқсатып, оған “Кіші Венеция” деген ат берген Х.Колумб
6.Анд тауын мысты тау деп атайды.
7.Маракайбо көлі Оңтүстік Американың оңтүстігінде орналасқан
8.Оңтүстік Америкада үндістер 15%-ын ғана құрайды
6. “Бұл кім? Бұл не?”
Сельвас Льянос
Кебрачо Сьерра
Торнадо Гуано
Креол Онтариои
“Өлім аңғары” Крик
Гумбольдт Веспуччи
Гран – Чако Гилея
Самум Дарлинг
7. “Сен – маған, мен - саған” – физикалық картадан әр топ бір – біріне 5 сұрақтан қояды.