Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушылар Шығыс Қазақстан туралы қысқаша мәліметтерді оқып-үйрену.
Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.
Сабақтың нәтижесі: Білу:Шығыс Қазақстанның орны, жер бедері,климаты табиғаты,қазбалары туралы халқы туралы біледі.
Түсіну: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы туралы түсінеді.
Қолдану: Өз өміріне қажетті жерлерін оқып ,қолдана алады.
Талдау: Басқа өтілген ауданмен салыстырып оқи отырып,талдай біледі.
Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Белгіленген критерий бойынша бағалау.
Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
Реурстар мен жабдықтар: оқулық,карта, постер,суреттер, презентациялар
Сабақ барысы
Уа-қыт
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
1мин
Кіріспе
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2. Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты топтарға бөледі
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
15
мин
Тұсаукеср
Үй жұмысын сұрау.
-Қарағанды,Жезқазған,Балхаш қаласы туралы не білеміз?
-Тілші сұрақтарына жауап беру.
-Орталық Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы не білеміз?
Үй тапсырмасын сұрауда топ басшысы бағалап отырады.
2.Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
3.Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін осы тақырып туралы не білетінін жұппен анықтайды.
1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.
2.Дәптерге қысқаша Шығыс Қазақстан туралы жазады.
25
мин
Негізгі
бөлім
1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып Шығыс қазақстанның географиялық орны, табиғаты,климаты,өзендері,халқы туралы постер жасап қорғайды.
2. Глоссарий: бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды
3. Картамен жұптық жұмыс: Таудың картадағы орнын,шекарасын анықтайды.
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.
2.Жеке жұмыс оқушылар тауд
ауданның қазбаларын анықтайды.
3.Оқушылар жұптасып атлас немесе карта пайдалана отырып, ауданның географиялық орнын шекарасын ажырата біледі.
4
мин
Қорытынды
лау
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма: тақырыпты оқиды.
Кескін картаға Шығыс Қазақстанды түсіру.
1.Оқушыларды топ басшысы бағалайды.
2.Оқушылар кері байланыс жасайды
Не ұнады:............................................
2. Үй тапсырмасы "Ыстық орындық"әдісі арқылы сұрақ -жауап ұйымдастырады.
3 Рефератпен жұмыс жүргізеді.
1.Оқушылар амандасады,ізгі тілек білдіреді
2. Ыстық орындық әдісімен топтар сұрақ қою арқылы үй тапсырмасына шолу жасайды.
3 Үйге орындауға берілген рефераттарың тексеріп маңыздылығын тоқталады
Тұсаукеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын"Мағынанытаны стратегиясы" бойынша мақал-мәтел арқылы анықтайды , мен мақсатын айқындайды.
Бөрі айтып келмес ,боран айтып соқпас . Жақсы туса ,елдің ырысы жаңбыр жауса жердің ырысы.
Қазанда соққан дауылда не пайда ,қарашада соққан жауыннан не пайда ? Қарылғаш төмен ұшса күн жауады, аяз ұзаққа созылса аң ауады . желкенді жел көтереді
2.Электронды оқулықпен ,оқулықтан ,мәтінмен танысуға мүмкіндік жасайды
Қосымша мәлімет береді
1.Оқушылар мақал-мәтелдің ағынасын танып, жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын негізгі түйінді идеясын айтады.
2.Электронды оқулықтан ,жаңа сабақты танысады,мәтінмен жұмыс жасайды.
Негізгі
бөлім
Атмосфера бес жолды өлең
Атмосфераның маңызы:
________________________түсіреді.
__________________ қорғайды.
___________________пайда болады.
______________________білдіреді.
______________________тұрады.
2.Зерттеу жұмысын тындайды,пікір білдіріп,қорытындылайды.
Оқушылар тапсырманы орындап,алғашқы болғандар оқып түсінік береді,оқушылардың қосымша сұрақтарна жауап береді
2 Мектеп оқушысының "Қазақ халқының ауа-райын болжау негіздері"ғылыми жұмысынан негізгі бөлімімен танысады.Талқылайды,пікір білдіреді,қорытындылайды,
Қорытынды
Мұғалім сабақты қорытындылайды.
Бүкіл әлем тыныс алар ауамын
Менсіз ешкім шыдай алмас, дауамын.
«Ауадай қажет» деген сөз осы емес пе?
Пайдасы көп адамзатқа ауаның.
Тропосфера, стротосфера қабаттар,
Ауасыз еш өтпейді әр бір сағаттар.
Болмаса ауа минутта шыдамай
Сондықтан да ластануда ағат бар.
Қорғаңыздар ауа атты қабатын,
Боласың сен осыдан пайда табатын.
Жануар да, өсімдік те, адам да
Тыныс алар ауа деген затымен.
Үйге тапсырма береді :
Өтілген тақырыпты оқуға және картаны сипаттаудың жоспары қосымшадағы тапсырма беріледі.
Оқушылар осы өлеі жолдарынан және осы сабақтан ұққандарын айтып бірге қорытынадылайды.
Қосымша мәлімет
Изобара «Қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изотаха «Желдің жылдамдығы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изогиета «Жауын-шашын түсуі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
Изотерма «Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық»
13 сабақ 8 сынып
2 апта
3 күн
1 сабақ
Сабақтың тақырыбы
Қазақстанның жазықтары
Сілтеме
Жоспар, оқулық,қосымша мәліметтер
Жалпы мақсаты
Қазақстанның жазықтарын білу,жазықтарының бір-бірінен ерекшеліктерін түсіну,жазықтардың абсолюттік биіктігін анықтау үшін физикалық карта мен биіктік шкаласын қолдану
Күтілетін нәтиже
Қазақстанның жазықтарын біледі,жазықтарының бір-бірінен ерекшеліктерін түсінеді,жазықтардың абсолюттік биіктігін анықтау үшін физикалық карта мен биіктік шкаласын қолданады
Негізгі идеялар
Қазақстанның жер бедерінің бір түрі жазқытар басым екенін біліп ,ол жазықтардың ойпат,үстірт,қырат бөліктеріне бөлініп,бір-бірінен пайда болу жолдары жағынан,биіктіктері жөнінен айырмашылық жасайтының және ол жазықтардың орналасуын оқып біледі.
Оқыту құралдары
Қазақстанның физикалық,тектоникалық,геологиялық карталары
Қазақстан туралы фотосуреттер,видеороликтер
Тапсырмалары
Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар «Ой қозғау»
Топтық жұмыс «Суреттеп түсіндір»,«Өз жазықтары» тапсырма
Сұрақ-жауап «Не ұқтым?»
Картамен жұмыс
Жұмыс дәптері
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
1.Қазақстан жер бедері түрлерінің басты ерекшеліктері
2.Табиғат кешендерінің қалыптасуы
3.Табиғат зоналарының жазықтықта, биіктікте таралуы
Басбармақ арқылы бағалау
ІІ. Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар
1.Жазық дегенде ойымызға жер бедерінің қандай түрі елестейді?
2.Негізінен жазықтардың барлығы бірдей тегіс пе?
3.Олардың абсолюттік биіктіктерін қалай анықтаймыз?
Мадақтау арқылы бағалау
ІІ. Жаңа сабақ: Оқушыларды топтастыра отырып картамен географиялық орны мен пайда болу жолдары,биіктіктері бойынша жұмыс жасату
1.Батыс Сібір жазығы
2.Тұран ойпаты
3.Каспий маңы
4.Үстірт
5.Торғай үстірті
6.Орал алды (Жем) үстірті
7. Жалпы Сырт
8.Берпақдала үстірті
9.Балқаш маңы жазығы
Екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалау
ІІІ.Сабақты бекіту:
1.Жазықтардың түрлерін атау
Ойпаттар 0-200 м:Батыс Сібір,Тұран,Каспий
Қыраттар 200-500м:: Үстірт,Торғай,Орал алды,Жалпы Сырт,Бетпақдала,Балқаш маңы жазқытары
Үстірттер 500м астам: Бетпақдала,Балқаш маңы қыраттары
2.Картадан жазықтардың түрлерін атап көрсету
3.Жұмыс дәптері
Мұғалімнің бағалауы
Кейінгі тапсырма
Кейінгі оқу
Кескін картаға жазықтарды түсіру,жазықтар кестесін құру
Аласа таулар
Бекітемін:___________ Пәні: География Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Ресурстары, өндіріс факторлары.
2.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?
2.1 Қазақстан аумағында кездесетін табиғат ресурстары, минералды ресурстарды пайданалануына қарай топтастыру жер,су және биологиялық байлықтар туралы білу.
2.2 Қазақстанның минералды ресурстары, жер су және биологиялық ресурстарды пайдаланылуына қарай түсіну.
2.3. Қазақстан аумағында таралған минералды ресурстардың географиялық орныны анықтай отырып, олардың орналасу факторларын анықтау.
2.4. Қазақстанның жер қойнауында кездесетін табиғат байлықтары пайдалы қазбалар түрлері мен таралуы, өзге елдермен салыстырғандағы қоры, жер қоры, жарамды жерлер оларды пайдалану, су байлығы шаруашылықтағы маңыздылығы мен еліміздегі таралған өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне талдау жасау.
2.5. Табиғат ресурстарының түрлерімен игерілуі және пайдаланылу дәрежесін және олардың болашақтағы игерілу дәрежесі мен қорына анықтама беру.
2.6 Табиғат ресурстарының антропогендік жолмен өзгеруі, қазіргі басты экологиялық проблемалардың болу себептерін анықтау.
3.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?
Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу
4.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау
5. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?
Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру
6. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?
Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында
Сабақтың барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс -әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды 4 топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
- сабақтың өткізу жоспарын көрсету.
Оқушылар 4- топқа бөлінеді.
Тақтадан күн ретін жазып алады.
сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады
10 минут
Кіріспе бөлім Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.
Кім жылдам?
Электронды оқулық:
Қазақстанның табиғат байлықтары.
Минералды ресурстарға .................................. жатады.
Қазақстан минералды ресурстарқоры жөнінен әлемде ................................................................... орын алады.
Минералды ресурстар ............................. , ................................ болып топтастырылады.
Сарқылатын ресурстар ....................................., ........................... болып бөлінеді.
Қалпына келмейтін ресурстарға .........................., ........................., .......................................... жатады.
Қалпына келетін ............................, ............................, ................ ресурстары.
Жер ресурсында жарамды жерлер ............................... құрайды.
Еліміздің су ресурстарын ............................, ......................., ................., ............................., ........................., .............. құрайды?
Биологиялық ресурстарға .................................., ................... жатады.
Қазақстан экономикасының негізгі салалары ........................, ................., ........................., ............................, ........................... .
Картамен жұмыс
Табиғат ресурстарының орналасуын талдау
Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.
20 минут
Негізгі бөлім
Видио көрсетіп Қазақстан аумағында табиғат ресурстарының таралуын ажырату.
а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады
ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады
б)Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады
Топпен жұмыс. Постер қорғау.
I топ. Минералды ресурстар.
II топ. Жер және су ресурстары.
III топ. Биологиялық ресурстар.
а)Оқушылар тақырыпты жазып алады
ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады
б)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды,о қушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.
10 минут
Қорытынды бөлім
Кім жылдам?
Қазақстанның минералды ресурстары неліктен көбіне ашық әдіспен өндіріледі?
Неліктен елімізде жыртылған жер көлемі азаюда?
Қазақстанда су қоры неліктен аз?
Неліктен Қазақстанда су қоймалар көптеп салынған, қандай мақсатта?
Картамен жұмыс
Қазақстанның пайдалы қазбалар картасынан , пайдалы қазба кен орнындарын анықтап, кескін кратаға түсіріңдер.
Кестемен жұмыс:
Табиғат ресурстарын пайдалану дәрежесі және болашағы.
Шикізат түрі
Табиғат ресурстарын пайдалану дәрежесі және
Болашағының қысқаша сипаттамасы.
Минералдық ресурстар
Энергетиалық ресурстар
1
Мұнай
Мұнай қоры 13 млрд т. Жылына (2012ж) шамамен 79,2 млн т өндіріледі.
2
Газ
Қоры 6 трлн м3. Шамамен жылына 7,5 млрд м3 газ өндіреді.
3
Көмір
Қоры 176,6 млрд т. Жылына(2011ж) 116,4 млн т өндіреді. Қоры 248 жылға жетеді деп болжануда.
4
Темір
Қоры 8,7 млрд т. 73,3 % *-ы ашық әдіспен өндіріледі. 70% экспортқа шығарылады.
Жер ресурсы
5
Жер ресурсы
Жалпы көлемі 270,1 млн га құрайды. Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 82%. Шабындық пен жайылымға жарамды жер көлемі 36 млн га.
6
Топырақтың геоморфологиялық құрылымы
Жекелген аймақтарда ауыл шаруашылығына пайдалану мен пайдалы қазбаларды игеру барысында , шамадан тыс сортаңдану назар аударуды қажет етеді.
7
Су ресурсы.
Еліміздегі ішкі су ресурсы 115,3 млрд м3. Су қорына бай емес. Ауыл шаруашылығына, коммуналдық қажеттіліктер мен өндіріске пайдаланады.
Биологиялық ресурстар
8
Өсімдіктер дүниесі
Елімізде өсімдіктің 5700-дей түрі бар. Оның 14 %- ы Қазақстанға тән. Өсімдіктердің 279 түрі Қазақстанның *Қызыл кітабына* енгізілген. Орман алқабы 13 млн га құрайды. Ел аумағының 4%-ын алып жатыр. Кейбір түрлер қорғауды қажет етеді.
9
Жануарлар дүниесі
Сүт қоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, бауырымен жорғалаушылырдың 49, балықтардың 150 түрі бар. Ақбөкен, итбалықтар және балықтардың кейбір түрлері қорғауға алынған.
Оқушыларға сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.
Сабақ рефлексиясын жазады.
Топтық жұмысты бағалау критерий
Тақырыпты ашу тереңдігі
Тақырып ашылмаған -0 ұпай
Тақырып ашылған, бірақ негізделмеген-1 ұпай
Тақырып ашылған, жалпы негізделген – 2 ұпай
Тақырып ашылған, нақты негізделген- 3 ұпай
Ерте болған оқушыларға берілетін тапсырма
Бекітемін
Сыныбы: 10.
Күні:
Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Жердің құрылысы.
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Жердің ішкі құрылысы туралы оқып-үйрену.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: рольдік ойын, жеке жұмыс, топтық жұмыс.
4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Жердің ішкі құрылысы туралы ғылыми деректер қалай жинақталғанын біледі.
Түсіну: Жердің ішкі қойнауына өткен сайын қысым мен температура қалай өзгеретінін және ол қабаттардың заттық құрамына қалай әсер ететінін түсінеді.
Қолдану: Тау жыныстары мен минералдарды ажырата алады.
Талдау: Пайдалы қазбалардың магмалық, шөгінді, метаморфтық жолмен пайда болған түрлерін анықтап, олардың өмірде не үшін пайдаланылатынына мысал келтіреді.
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша оқушылардың бір-бірін бағалауы.
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық,карта, тау жыныстарының үлгілері,суреттер, интернет материалдары.
Сабақ барысы
Уа-қыт
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
5 мин
Кіріспе
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2.Мұғалім үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай сұрайды.
3.Мұғалім бүгінгі сабақты ТВ шоу түрінде ұйымдастырады. Сыныпты 4-5 адамнан тұратын екі топқа бөледі, қалған оқушылар аудиториядағы көрермендердің ролін атқарады.
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
2.Оқушылар үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай өзара бір-бірін бағалайды.
10 мин
Тұсаукеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге бүгінгі ТВ шоудың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2. Мұғалім екі топқа Жердің құрылысы және Тау жыныстары мен минералдар деген тақырыптармен танысып шығуға тапсырма береді. Ал аудиториядағы басқа оқушылар сұхбат кезінде сұрақ қоюға дайындалып отырады.
1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, жаңа тақырыппен танысып шығады.
25
мин
Негізгі
бөлім
1.Мұғалім тележүргізуші ретінде екі топтың бір-бір мүшелерінен сұхбат алады. Сұхбат кезінде оқушылар жауап бере алмай қалса адвокаттары көмектесуге болады.
2. Тележүргізуші сұхбат алып болған соң аудиториядағы көрермендер карта бойынша сұрақ қояды.
3.Тележүргізушіпайдалы қазбалардың магмалық, шөгінді, метаморфтық жолмен пайда болған түрлеріне мысал келтіріп, олардың өмірде не үшін пайдалануға болатынын сұрайды.
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, Жердің ішкі құрылысы , тау жыныстары мен минералдар туралы мәлімет береді.
2. Көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беруге тырысады.
3. Пайдалы қазбаларды өмірде не үшін пайдалануға болатынын анықтайды.
5
мин
Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма:
1)§2 оқу
2) Өздерің тұратын жерде кездесетін минералдар мен тау жыныстарының түрлерін анықтау.
1.Оқушылар бірін-бірі критерий бойынша бағалайды.
2.Оқушылар смайликтер арқылы кері байланыс жасайды
Қосымша
Сұхбат кезінде берілетін сұрақтар
Жердің ішкі құрылысы туралы ғылыми деректер қалай жинақталады?
Мантия мен ядро қандай бөліктерден тұрады?
Жер қабаттарының тереңдіктері мен шекаралары туралы не білесіз?
Тау жыныстары және минерал деген не?
Тау жыныстарын шығу тегі мен қалыптасу жағдайына қарай қалай топтастырады?
Біздің студиямыздағы мына тау жыныстары туралы не айта аласыз? (Сипаттама беруге бірнеше тау жыныстарының үлгілері беріледі, Мысалы: құм, гранит, пемза, тұз, мәрмәр, әктас).
Бекітемін
Сыныбы: 11.
Күні:
Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Азияның саяси картасы және аймақтары
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Шетелдік Азия елдеріне жалпы шолу. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: рольдік ойын, жеке жұмыс, топтық жұмыс.
4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Оқушылар шетелдік Азия елдері аймақ құрамына кіретін елдерді анықтай алады,экономикалық- географиялық жағдайы, жайлы мәліметтермен танысып оларға сипаттама беруді үйренеді , түсініктерін кеңейтеді.
Түсіну: Азия құрамына енетін елдерді ажырата алады.
Қолдану: Азия құрамына енетін елдерді картадан көрсете алады.
Талдау: Азиядағы монархилық және республикалық басқару жүйелеріндегі елдерді ажыратып,талдай алады.
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша оқушылардың бір-бірін бағалауы.
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Ресурстар мен жабдықтар: оқулық,карта, презентация, интернет материалдары.
Сабақ барысы
Уа-қыт
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
5 мин
Кіріспе
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2.Мұғалім үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай сұрайды.
3.Мұғалім бүгінгі сабақты ТВ шоу түрінде ұйымдастырады. Сыныпты 4-5 адамнан тұратын үш топқа бөледі, қалған оқушылар аудиториядағы көрермендердің ролін атқарады.
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
2.Оқушылар үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай өзара бір-бірін бағалайды.
10 мин
Тұсаукеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге бүгінгі ТВ шоудың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2. Мұғалім үш топқа Батыс Азия, Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық Азия деген тақырыптармен танысып шығуға тапсырма береді. Ал аудиториядағы басқа оқушылар сұхбат кезінде сұрақ қоюға дайындалып отырады.
1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, жаңа тақырыппен танысып шығады.
25
мин
Негізгі
бөлім
1.Мұғалім тележүргізуші ретінде үш топтың бір-бір мүшелерінен сұхбат алады. Сұхбат кезінде оқушылар жауап бере алмай қалса адвокаттары көмектесуге болады.
2. Тележүргізуші сұхбат алып болған соң аудиториядағы көрермендер карта бойынша сұрақ қояды.
3.ТележүргізушіАзияның саяси какртасында болашақта қандай өзгерістер болуы мүмкін деп оқушылардан пікірлерін сұрайды.
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, Батыс Азия, Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық Азия аймақтарын анықтап,дәптерлеріне түсіреді. 2. Көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беруге тырысады.
3. Оқушылар осы сұраққа байланысты өз ойларын ашық жеткізеді.
5
мин
Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма:
1)§2 оқу
2) Шетелдік ірі Азия елдерін кескін картаға түсіру.
1.Оқушылар бірін-бірі критерий бойынша бағалайды.
2.Оқушылар смайликтер арқылы кері байланыс жасайды
Қосымша
Сұхбат кезінде берілетін сұрақтар
Азия дүние бөлігінің алып жатқан ауданы?
Васко да Гаманың Үндістанға баратын жолы кай ғасырдан басталды?
3. БҰҰ-ның шешеімімен Палестина жерінде Израиль мемлекеті қай жылы құрылды?
Оңтүстік Азия Гималай тауынан оңтүстікке карай неше елді қамтиды?
Конституциялық және абсолютті мемлекеттер?
Камбоджа мемлекеті басқарудың республикалық формасынан қандай билік жүйесіне көшті?