Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) Ұйымдастыру:1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу,алаптар арқылы топтастыру І.Үй тапсырмасы:1.Өзендердің су шығыны мен жылдық ағын,өзендердің қоректенуі мен режимі Басбармақ арқылы бағалау ІІ.Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар. 1.Алаптар дегеніміз не? 2.Өзендердің қай өзенге құятының қалай анықтаймыз? 3.Олардың шаруашылықта маңызықандай? Мадақтау арқылы бағалау ІІІ. Жаңа сабақ: Топтастыру,постер қорғау Солтүстік Мұзды мұхит алабы:Ертіс - Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248 км, тек 1700 км-ге жуық бөлігі ғана Қазақстан жері арқылы ағып өтеді. Ол Қытайдан Бала Ертіс деп басталып, Қазақстанда Қара Ертіс деп аталып, Жайсан көліне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады да, Ресей аумағындағы Обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашқыда белесті-төбелі жазықпен ағып, Алтайдың Нарын, Қалба жоталары, т.б. тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағады. Оған Семей мен Өскемен қаласының аралығында көптеген салалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі суы мол әрі ең ірісі - Бұқтырма өзені. Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма сағасынан төменіректе Бұқтырма СЭС-і салынған. Ішкі алаптар.Каспий теңізінің алабы: Жайық өзені - Орал тауынан басталып, Батыс Қазақстанды солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп Каспий теңізіне құяды. Жайықтың ұзындығы 2428 км, республика жеріндегі ұзындығы 1082 км. Арал теңізінің алабы.Сырдария өзені: Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Тянь-Шань тауларынан басталады. Өзеннің ұзындығы 2212 км. Орта және төменгі ағысында (1400 км) республика жерімен өтеді. Өзен алабында өзен суын толықтырушы 1700 мұздық бар. Таудағы қар мен мұздықтардың көктем мен жаз мезгілінде еруінен деңгейі бірнеше рет көтеріледі. Балқаш - Алакөл алабы. Бұл алаптың ең үлкен өзені - Іле. Іле өзені Шығыс Тянь-Шань тауларынан басталатын Текес және Күнгес (Күнес) өзендерінің қосылуынан пайда болады. Текес өзенінің құяр сағасынан өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км, оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км. Республика шегіндегі ірі салалары: Түрген,Талғар,Қаскелең,Күрті,Шілік,Шарын,Өсек. IV.Сабақты бекіту. Постер қорғату 1 топ: Солтүстік мұзды мұхит алабы 2 топ: Каспий теңізінің алабы 3 топ: Арал теңізі алабы 4 топ: Балқаш-Алакөл алабы Бағалау. Екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалау ІV.Сабақты бекіту: 1..Бұл өзен тау мұздықтарынан басталып,солтүстік шығысқа қарай ағып,көлге келіп құяды.Су шығынының жаз бен көктемдегі үлесі 47%.Еліміздегі ең лайлы өзен.Лайлылығы-1200гр/м3.Қазақстан аумағында бір ғана саласы бар.Жағалауында халық тығыз қоныстанған және суарылмалы егіншілік жақсы дамыған. _____алабы,_____ өзені. 2. Еліміз аумағындағы мұхит алабына жататын бірден-бір өзен.Аралас қоректенеді.Жыл бойы суы мол болады.Өзеннің орта ағысы Қазақстан аумағы арқылы ағып өтеді.Өзен бойында ірі бөгендер мен су электр станциялары салынған.Бұл өзен халықт шаруашылығы үшін өте маңызды рөл атқарады.Өзеннің барлық бөлігінде кеме жүзуге қолайлы.Өзен суы Орталық Қазақстанның өндіріс орындарын сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. -------алабы,-------- өзені. 3.Суының молдығы жөнінен елімізде 3-орынды иеленеді.Негізінен,қар және мұз суымен қоретенеді.Өзен алабындағы тау өзендерінде селдер жиі болып тұрады.Басында тау өзені болғанымен орта және төменгі ағысында жазық өзеніне айналады.Өзеннің Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815шқ. Өзен алабында еліміздің ең ірі қаласы орналасқан. -------алабы,------ өзені. 4.Бұл еліміз аумағындағы солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай ағатын бірден-бір өзен. Жылдық су шығынының 80 пайызы көктем айына келеді. Өзенде өте бағалы бекіре балығы мекендейді. Бұл өзеннен Жем мұнай кәсіпшілігі су құбыры тартылған. Өзеннің атырауы екі тармаққа бөлінген. Өзен жағалауында құм, саздан түзілген тік жарқабақтар жиі кездеседі. -------алабы,------ өзені. |