Просмотр содержимого документа
«Разработка урока по теме: "Бейтаныс ?аныш"»
Пән: қазақ тілі ашық сабақ
Сынып :11
Мұғалім: Жусупова К.Ж.
Өткізетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Бейтаныс Қаныш
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қаныш Сәтбаев туралу мағлұмат бере отырып, білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін әрі қарай дамытып, сауатты сөйлеу, ойлау, жазу қабілеттерін дамыту 3.Тәрбиелік: қазақтың ірі тұлғасына қызығушылығын оятып, адамгершілікке, еібексүйгіштікке, білімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: «Борт журналы» стратегиясы, «Екі жақты күнделік» стратегиясы, кластер. Ой-толғау сатысы қалпына келтіру стратегиясы:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назар аудару
слайд ғалымның портреті
ІІ Жаңа материалды игеруге дайындық кезеңі.
Қаныш Сәтбаевтың өмірбаяны
Сұрақтар:
Қазақтың қандай белгілі ғалымдарың білесіңдер?
Қазақстанның Ғылым академиясының тұңғыш президенті кім?
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қашан, қай жерде туған?
Ол қандай оқу орындарын бітірді?
Қанша ғылыми еңбектер жазды?
ІІІ Жаңа сабақ
Мұғалімнің сөзі
Адамзатты өркениетке жеткізетін нәрсе - ғылым. Ғылымды дамытатындар - ғалымдар. Ғалымдар - өз елін, жерін, туған халқын сүйген ойшыл, данышпан адамдар. Олар жазған ғылыми еңбектер, жаңалықтар қашан да халқына, Отанына қызмет етеді. Қазақ халқында ерте заманнан осы уақытқа дейін қаншама ғұлама ғалымдар өзінің күш - қайратын, ақыл - ойын ғылымға арнаған
слайд
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Бейтаныс Қаныш
Мақсаты: қазақтың тұңғыш ғалымы, академігі туралы білімдерін толықтыру, Қаныш аға қандай адам болған, еліне, халқына қандай қызмет еткен?
«Борт журналы» стратегиясы
Борт журналын толтыру ( 1сұраққа жауап беру)
Осы тақырып бойынша мен не білемің?
Осы тақырып бойынша мен не білдім?
слайд Қарапайым адам еді.
Қадірлі аға әрқашан: «Ғалым болу үшін, ең алдымен, адам болу керек. Ғалым барлық өмірін, еңбегін өзі үшін емес, халық үшін, адамзат үшін сарп етеді» дейтін.
Қаныш ағаның өзі бойындағы барлық күшін, жігерін, табиғаттың ерекше берген ақылын адам үшін жұмсап кеткен кісі.
Үлкен ағамыз жұрттың бәріне бірдей қарайтын. Оқымысты ма, министр ма, жай қарапайым жұмыскер ме – ол кісіге бәрі бірдей адам болатын. Алдына жәрдем сұрап барған адамның бәрін жылы шыраймен қабылдап, қолынан келген жәрдемін беретін.
-Қарағым, қандай ортада жүрсең де, қандай лауазымға ие болсаң да, үш қасиеттен жаңылмағайсың: еңбексүйгіштіктен, сыпайыгершіліктен, адамгершіліктен, - деп айтқаны бар еді.
Мен бүгінгі жастарға сол кісінің осы сөздерін қайталар едім. Қаныш аға ғұлама ғалым, үлкен ойшыл болумен қатар өте қарапайым адам еді.
Қаныш аға бүкіл қазақ халқының ардақты ұлы, ол мәңгі жасамақ.
П. Тәжібаева «Қаныш аға» жинағынан
қарапайым-скромный
сарп ету – посвятить себя
жігер- воля, настойчивость
табиғаттың ерекше берген ақылын- дар природы
адам үшін жұмсау- пожертвовать на благо людей
жылы шыраймен-тепло принимал
лауазымға ие болу- иметь титул
еңбексүйгіштік- трудолюбие
сыпайыгершілік – скромность
адамгершілік - человечность
ойшыл- мыслитель
IY Бекіту
Грамматикалық тапсырмалар:
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді түсініп оқыңдар.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1 Ғалым болу үшін не керек? 2 Қаныш аға қандай адам болған? 3 Қаныш аға жұртқа қалай қарайтын? 4 Адамда қандай қасиеттер болу керек? 5 Бүгінгі жастар қандай болу керек?
Ғалым сөзін септеу, тәуелдеу, жіктеу .
Тақтамен жұмыс.
Сөйлемдердің түрін белгіле.
Қаныш Сәтбаев бүкіл өмірін геология зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат базасын жасауға арнады.
слайд Қызықты әңгімелер:
«Екі жақты күнделік» стратегиясы
Негізгі фактілер Түсініктеме беру
Қаныш жетімдерді жетілдірген
Қаныш Сәтбаев бір шелек көмір ұрлай алмапты...
Ақсақ Темірдің белгі тасың тапқан
Көрініс :
Соғыстан кейін академик Қаныш Сәтбаев Кеңес елі құрамында Англияға барған сапары бойынша оқушылардың дайындаған қысқаша көріністі көрейік.
Көрініске қатысқандар:
1 Қаныш Сәтбаев
2 Англияның бұрыңғы премьер-министрі.
3 Тілмәш.
Тапсырмалар:
1 Ой-толғау сатысы қалпына келтіру стратегиясы:
Жақшаны ашып, берілген сөйлемдерден мазмұнды мәтін құрастыр.
Ғалым білімді болу керек, білімдінің бәрі ғалым бола бермейді. Ғалым ерінбей үйренеді де, ізденеді. Ғалым білім алады, білімге білім қосады. Ауыздан шыққан сөзіне де, қағазға түскен жазбаңа да, жасаған ісіңе де бүкіл адамгершілігіңмен жауаптысың.
Қ.Сәтбаев
2 Қанатты сөздердің мағынасын түсініп оқып, аудармасын айт.
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Жамбыл
Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу көп қиын.
Қ. Мырза Әли
Ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше үйрен.
Шығыс нақылы
3 Берілген мәтін бойынша диалог құрастырып, рөлмен оқыңыздар.
Қаныш сыныпқа кірді. Қолында қапшық. Оқушылар Қаныштан жинаған тастар мен салған суреті туралы сұрады. Бала Баянауылдың жолындағы Екібастұз өндірісіне барғанын айтты. Сонда мұғалім Қаныштың сурет салуды, пайдалы тастарды жинауды жақсы көргенін біліп, оны мақтад
слайд Ұлы таулар аласармайды,
Ұлы адамдар ұмытылмайды.
Презентация Пыжлакова Кристина
Y Рефлексия
Дерево силы воли
Қаныш Сәтбаев кім? Оның мамандығы қандай?
Ағаштың жапырақтарына жазыңдар.
Ағаш тамырымен мықты дейді қазақ халқы. Әр адамның бұл өмірде өзінің мақсаты, тілегі болады. Осындай биікке жету үшін не істеу керек? Жақсы адамның бойында қандай жақсы қасиеттер болу керек? Мына ағаштың бес тамыры бар.
Тамырына жазайық
YІҮй жұмысы:
Әлкей Марғұлан туралы мәліметтер дайындау.
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназия» ММ