«План ж?не карта», «Литосфера» тарауларын ?айталау?а арнал?ан «Атаж?рт» ойын саба?ы
«План ж?не карта», «Литосфера» тарауларын ?айталау?а арнал?ан «Атаж?рт» ойын саба?ы
Сайыс 5 кезе?нен т?рады.
«Таныстыру»
«?ткел»
«Сам?ау»
«Полиглот»
«Си?ырлы ?яшы?тар»
Саба??а ?атысушы м??алімдер арасынан ?діл ?азылар сайланады. Уа?ыт са?шысы сайланады. Жеребе ар?ылы топтар шы?у ретін аны?талады. ?йге берілген тапсырма бойынша ?р топ ?здерін таныстырады.
«?ткел» сайысы. ?рбір топбасшы?а 10 с?ра?тан ?ойылады. Бір с?ра??а бір ?пай беріледі ж?не уа?ыт есептеледі. Тез ?рі д?рыс жауап берген топ басшысы же?іске жетеді. Олай болса сайысымызды бастаймыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар мен оқушылар! Сайысымызды бастамас бұрын сіздерді бүгінгі сабақтың мақсаты, шарттары, талаптарымен таныстырып кетуге рұқсат етіңіздер.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
«Таныстыру»
«Өткел»
«Самғау»
«Полиглот»
«Сиқырлы ұяшықтар»
Сабаққа қатысушы мұғалімдер арасынан әділ қазылар сайланады. Уақыт сақшысы сайланады. Жеребе арқылы топтар шығу ретін анықталады. Үйге берілген тапсырма бойынша әр топ өздерін таныстырады.
«Өткел» сайысы. Әрбір топбасшыға 10 сұрақтан қойылады. Бір сұраққа бір ұпай беріледі және уақыт есептеледі. Тез әрі дұрыс жауап берген топ басшысы жеңіске жетеді. Олай болса сайысымызды бастаймыз.
«Өткел» кезеңі
І топ.
География қай тілден енген сөз? (грек)
«Ұлы географиялық ашулар заманы» деп қай ғасырларды атайды? (ХV ғ. соңы мен XVII ғ. ортасы)
Қазақтың тұңғыш географы? (Шоқан Уалиханов)
Ең алғаш глобусты жасаған кім? (Мартин Бехайм)
Жер шарында неше материк бар? (6)
Жер мен Күннің арақашықтығы? (150 млн км)
Жазықтар қыс кезінде картада қандай түспен беріледі? (жасыл)
Азимут араб тілінен аударғанда қандай мағына береді (жол)
Тау жыныстары неше түрге бөлінеді (3)
Мұхиттың тереңдігін анықтайтын құрал қалай аталады? (эхолот)
ІІ топ.
«Гео» грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (жер)
1519-1522 жылдар аралығында тұңғыш дүние жүзін айналып шыққан саяхатшы ? (Фернан Магеллан)
Шоқан Уалиханов өмір сүрген жылдар? (1835-1865)
Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?
Азимут қандай градустар аралығында есептеледі? (0-360 ̊ )
Масштаб неміс тілінен аударғанда қандай мағына береді? («мас»- өлшеу, «штаб» -таяқ)
Тау жыныстарын құрайтын заттар қалай аталады? (минерал)
Жер шарындағы ең ірі сөнбеген жанартау? (Камчаткадағы Ключи шоқысы )
Картада таулар қандай түспен беріледі? (қоңыр)
Жер сілкінісін анықтайтын құрал? (сейсмограф)
ІІІ топ.
География ғылымы неше салаға бөлінеді? (2)
Орыс география қоғамы қай жылы құрылды? (1845 жылы)
Жер Күн жүйесінде нешінші орналасқан ? (3)
«План» латын тілінен аударғанда қандай мағына береді? («планус»- жалпақ, тегіс)
Жердің кішірейтілген нақты модулі қалай аталады? (глобус)
Жердің радиусы? (6371)
Бас меридианның екінші атауы? (Гринвич)
Жер сілкіну неше баллдық шкаламен өлшенеді? (12)
Ең көп таралған магмалық жыныстар? (гранит, базальт)
Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма? (Мариан , 11022м)
«Самғау» кезеңі. Топ басшылары келіп конвертте тұрған тапсырмалады таңдап алады. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі. Тапсырма топпен орындалады. Толық жауапқа 15 ұпай. Әр тапсырмаға 5 ұпайдан
№1 «Самғау» тапсырмалары
Жанартаудың құрылысын салу
Вашингтон (Солтүстік Америка материгінде) қаласының географиялық координатын анықтау
Литосфералық тақталарды картадан көрсету
№2 «Самғау» тапсырмалары
Жердің ішкі құрылысын салу
Нью- Дели (Еуразия материгінде) қаласының географиялық координатын анықтау
Дүние жүзіндегі биік тауларды картадан көрсету
№3 «Самғау» тапсырмалары
Дүниежүзілік мұхит түбінің қимсын салу
Канберра (Аустралия материгінде) қаласының географиялық координатын анықтау
Дүние жүзіндегі ірі ойпаттарды, жазықтарды, үстірттерді каратадан көрсету.
«Полиглот» кезеңі. Әр топқа жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың жауабы үш тілде болуы тиіс (қазақ, орыс, ағылшын), толық жауапқа 15 ұпай.
І топ.
1. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. ( Ауа- воздух- air )
2.Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (Су – вода - water )
3.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (Қар – снег - snow)
ІІ топ.
1.Үлкен-үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп (Тау – гора - mount )
2.Келсе де әні құлаққа,
Өзін ешкім көрмейді.
Жусан, қамыс, құраққа
Тіптен маза бермейді. (Жел- ветер-wind )
3.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. Ол не? (Күн- солнце- sun)
ІІІ топ.
1.Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз- звезда-star )
2.Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (Ай- луна- moon)
3.Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім? (Құлын- жеребёнок- foal)
«Сиқырлы ұяшықтар» кезеңі. Топтар кезек реті бойынша ұяшық таңдайды. Жауап бере алмаған жағдайда бірінші болып белгі берген топқа жауап беру мүмкіндігі беріледі.
«Күміс» ұяшық 10 10 10
«Алтын» ұяшық 20 20 20
«Гауһар» ұяшық 30 30 30
«Күміс» ұяшықтың сұрақтары:
Бір жылда неше күн бар? (365)
Жер өз білігінен айналғанда қандай құбылыс болады? (күн мен түн ауысады)
Шолпан планетасының бетіндегі температура? (500̊ )
«Алтын» ұяшықтың сұрақтары
Горизонтальдар дегеніміз не? (биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар)
150̊ көкжиектің қай тұсына сәйкес келеді (оңтүстік шығыс)
Градус торы дегеніміз не? (меридиан мен параллель сызықтарның қиылысуынан пайда болатын тор)
«Гауһар» ұяшықтың сұрақтары
Қазіргі кезде белгілі минералдардың түрі нешеу? (3000)
Қазақстанның ең биік нүктесі (Хантәңірі шыңы 6995 м)
Ойпат, қырат, үстірт биіктіктері қандай? (200- ден төмен, 200-500, 500- ден жоғары)
Бағалау. Сайыс аяқталғаннан кейін сөз әділ- қазыларға беріледі. Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.