Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а жа?а саба?ты мазм?ндау. Аустралияны? географиялы? орнын, зерттелуін, жер бедері мен пайдалы ?азбаларыны? даму ерекшеліктерін ?ылыми деректерді пайдаланып,тере?дете ме?герту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Панорамалы? саба? "Аустрлия "»
Алматы облысы
Қаратал ауданы
№13 орта мектебі жанындағы интернатымен
Панорамалық сабақ
Аустралия
География пәнінің мұғалімі: Құрманбек Қастер
Үштөбе қаласы
2015-2016 оқу жылы
Сынып:11
Панорамалық сабақ Уақыты:19.04.2016ж.
Сабақтың тақырыбы: Аустралия Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау. Аустралияның географиялық орнын, зерттелуін, жер бедері мен пайдалы қазбаларының даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдаланып ,тереңдете меңгерту.
Сабақ көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, саяси картасы, атлас, кескін карта, оқулық, қосымша материалдар, интерактивті тақта, плакаттар. Сабақтың әдісі: СТО, топпен жұмыс, картамен жұмыс
Дамытушылық мақсаты: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, картамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықтық тәрбие үлгілерін қолдану, өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлтаралық сыйластыққа, шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды сабаққа дайындау.шаттық шеңбері арқылы топқа бөліу. ІІ. Қызығушылықты ояту .
ІІІ . Жаңа сабақты меңгерту .(Қосымша материялдар пайдалану).
VІ . Топтарға жеке-жеке сұрақ – жауап:
V. Білемін Білгім келеді Білгенім .
VI. Бекіту: Оқушылар сынақ жұмысын орындайды .
VII. Бағалау:
VIII. Үйге тапсырма:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды сабаққа дайындау.шаттық шеңбері арқылы топқа бөліу. ІІ. Қызығушылықты ояту .
Ертеде ренжіп мен аралдарға, Кетіп ем жылжып өзге жағалауға. Оңтүстік жарты шарды мекен еттім, Талайлар көшіп келді паналауға .
Сондайлық аспан тірер тауларым жоқ, Ойпат көп, шығысында жоталар көп . Шағыл мен құм басады баурайымды, Сөнбеген өзгелердей жанартау жоқ .
Менде бар жануарлар өзгеде жоқ , Қалталы аю, қалталы кенгуру көп . Мен өзім кіп-кішкентай болғанменен , Материктің сыры мен жұмбағы көп .
ІІ.Ой шақыру. БББ кесте толтыру.
Білемін
Білгім келеді
Білгенім
ІІІ .Жаңа сабақты меңгерту.(Қосымша материялдар пайдалану)
Аустралия - Жер шарындағы ең кіші материк.Аустралия жер көлемі жөнінен жер шарында алтыншы орын алады. Материктің ауданы маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн шаршы шақырым.
Аустралия материгі Жер шарындағы ең аласа материк болып есептеледі, оның теңіз деңгейінен орташа биіктігі 215 м құрайды.
Аустралия Оңтүстік жарты шарда орналасқан материк. Аустралия материгін бір ғана ел- Аустралия Одағы алып жатыр. Халқының саны - 22 млн адам. Астанасы - Канберра қаласы. Канберра халқының саны 309 мың адам болып келетін шағын әкімшілік қала.
Мемлекетті ұлыбритания королевасы басқарады. Мемлекеттік құрылымы жөнінен Британ бірлестігі құрамына кіретін мемлекет. Ұлыбритания басқаратын Достастыққа дүниежүзі бойынша 50 мемлекет кіреді.
Аустралия әкімшілік- аумақтық құрылым бойынша федералды ел болып саналады. Аустралия 6 штат пен 2 аумақтан тұрады.
Аустралия минералды ресурстарға өте бай.Аустралия ежелгі гондваналық платформада орналасқандықтан боксит, қорғасын, темір, никель, уран кендеріне өте бай.
Аустралияның байырғы халқы- аборигендер. Аборигендер аңшылық және жеуге жарамды өсімдіктердің тамырын жинаумен күнелткен. Қазіргі кезде Аустралия халқының тек 1%-н ғана аборигендер құрайды, оларды жалпы саны 160 мың адам.
Аустралия халқының 97%- н ағылшын аустралиялықтар құрайды. Екіші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбритания мен Ирландиядан қоныс аударушылар есебінен Аустралия халқының саны күрт өсті.
Аустралия дүниежүзі бойынша жоғары урбандалған қалалар қатарына жатады. Аустралиядағы қала халқының үлесі 83%-ды құрайды. Аустралияның ірі қалалары болып Мельбурн, Сидней қалалары саналады. Әрбір бес аустралиялықтың екеуі Мельбурн, Сидней қалаларының тұрғындары болып саналады. Аустралияның өнеркәсібінің жетекші саласы болып тау- кен өнрекәсібі саналады. Тау-кен өнеркәсібі елдегі өнеркәсіп өнімінің 1\3-н береді. Аустралия дүниежүзі бойынша боксит, уран, көмір, қорғасын, мырыш өндіруден алдыңғы орындарды алады.
Аустралияда тау-кен өнеркәсібі өте жоғары деңгейде дамыған.Тау- кен өнеркәсібінің басты орталығы болып Аустралияның оңтүстік- шығысында орналасқан Брокен Хилл қаласы болып саналады. Бұл қалада полиметалл кен өндірісі дамыған. Аустралияда машина жасау біршама дамыған. Машина жасау өнеркәсібі тау- кен өнеркәсібіне, тамақ өнеркәсібіне қажетті құрал жабдықтар шығарады. Аустралиядағы машина жасаудың ірі орталықтары болып Сидней, Мельбурн, Аделаида, Брисбен қалалары болып саналады.
Аустралияда ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде автоматтандырылған. Аустралияның өсімдік шаруашылығының жетекші саласы бидай өсіру.
Бидай егістіктері Аустралияның оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысын алып жатыр. Мұхит аралдарындағы ең ірі, шаруашылығы жақсы дамыған
ел - Жаңа Зеландия. Жаңа Зеландия жері екі үлкен арал мен көптеген ұсақ аралдардан тұрады. Жаңа Зеландияда қой шаруашылығы дамыған.
Климаты: Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңтүстік ендік), ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағалауының климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым. Сондықтан Құрлықтың барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы (20 -28 °C ға дейін), тек қыс айларында (шілде - тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40 °C болатын аудан құрлықтың солтүстік-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1 °C). Тұрақты аяз тек оңтүстік-шығыстағы Құрлық Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың бүкіл орталық аймағының климатының кұрғақ болуына әсерін тигізеді. Құрлық жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден аспайды. Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері бар.
VІ . Топтарға жеке-жеке сұрақ – жауап:
І – топ:
Аустралия Одағының астанасы ? Канберра
Аустралияда көмір қай штаттарда өндіріледі? Оңтүстік Уэльс және Квинслименд
Аустралияда халыктың тығыз қоныстанған аймагы? Шығысы
Аустралиядағы жаз айлары аралығы ? Желтоқсан-ақпан аралығы
Аустралиядағы уакытша кеуіп калатын өзен арналары ? Криктер
Аустралияның ... тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған ? Оңтүстік-шығысында
Аустралияның ... таулы болып келеді ? шығысы
Аустралияның ең биік жері ? Косцюшко
Аустралияның ең ірі өзені ? Муррей
Аустралияның кен - зауыт астанасы атанған қала? Брокен -Хилл
Аустралияның органикалық дүниесінің ерекше болу себебі? Материктің басқа материктерден ерте пайда болғаны.
Аустралияның сыртқы экономикалық қатынастарын ... транспорты атқарады.? теңіз су жолы
Аустралияның халық саны жағынан екі ірі қаласы? Мельбурн, Сидней.
Аустралнянын байырғы халкы ? Аборигендер.
ІІ- топ:
Аустралияның жер көлемі:
Жер шарындағы теңіз деңгейінен есептегендегі ең аласа материк
Аустралия Одағының астанасы:
Аустралияның мемлекеттік құрылымы
Әкімшілік аумақты құрылымы бойынша Аустралия....... тұрады
Аустралияның халықаралық нарықтағы басты байлығы
Аустралияның жалпы халық санындағы аборигендердің үлесі:
Аустралия халқының 97%-н..... құрайды
Аустралияның ірі қалалары
Аустралия өнеркәсібінің жетекші саласы
Аустралияның тау- кен өнеркәсібінің басты орталығы болып саналатын қала
Аустралиядағы машина жасау орталықтары
Аустралияның өсімдік шаруашылығының басты саласы.
ІІІ – топ:
1. Аустралия – бір құрлықты тұтасымен қамтып жатқан әлемдегі жалғыз мемлекет.
2. Аустралиялықтар — ешқашан шайға ақша (шайпұл) тастамайтын халық.
3. Аустралиялықтар ағылшындарға туыс ұлт болып есептеледі. Олар ағылшындарды «pome», яғни «Prisoners of Mother England» деп атайды. Ол «Англия анасының тұтқындары» деген мағына береді.
4. Аустралия астанасы Канберра Сидней мен Мельбурн қалаларының мәміле нәтижесінде пайда болған. Үкімет басшылары осы екі қаланың қайсысын астана етіп қоятындығын шеше алмағандықтан, астананы екі қаланың ортасына орналастырған.
5. Кенгуру етін Аустралия әмбебап дүкендері мен мейрамханаларынан оңай табуға болады. Бұл біздегі сиыр мен қой еті секілді қол жетімді.
6. Әлемдегі ең улы жылан осы құрлықта өмір сүреді. Тайпан жыланының бір шаққанда 100 адамды о дүниеге аттандырып жіберетін қауқары бар.
7. Аустралияда эмигранттар өте көп көлемде тұрақтаған. Статистика бойынша әрбір 4-ші адам шетелде туылғанға ұқсайды.
8. Футбол тарихындағы ең ғаламат жеңіс – Аустралия футбол құрамасына тиесілі. Құрама 2001 жылы Самоа командасын 31:0 есебімен ойсырата жеңген.
9. Әлемдегі ең түзу, ешқандай бұрылысы жоқ жол – Наалларбор жазық даласында. Оның ұзындығы – 146 шақырым.
10. Аустралиялықтар құмар ойынға жақын халық. Статистикаға сәйкес, олардың 80%-дан көбі анда-санда болса да өмірінде ойынды ақшаға ойнап көрген.
13. Тасмания табиғаты әлдемдегі ең таза ауа болып есептеледі.
V.Білемін Білгім келеді Білгенім
І-топ.
Аустралия материгінің ерекшелік белгілерін анықтау. ІІ-топ. Материктің географиялық орнын анықтау. ІІІ-топ. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.
І-топ:
Аустралия материгінің ерекшелік белгілерін анықтау. 1) Материктің экваторға, бастапқы меридианға, тропиктік сызықтарға қатысты орнын анықтау. 2) Шектесіп жатқан мұхиттар мен теңіздер, материктер. 3) Қандай климаттық белдеулерде орналасқан?
ІІ-топ:
Материктің географиялық орнын анықтау. Оқушылар оқып есте сақтап, дәптерлеріне жазады. Осы тірек сөздерді оқулықтан тауып оқып, мазмұнын ашады. Кескін картамен жұмыс : • тапсырма. Материктің шеткі нүктелерінің координатын анықтау . • тапсырма. С-О-нің Б-Ш-ның координатын анықтау .
ІІІ-топ:
Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Тірек сөздер:
1. Аустралия 2. Жылы сулары 3. Маржандық құрылымдар 4. Таулы үстірттер 5. Аустралия Альпісі 6. Пайдалы қазбалары 7. Семантикалық карта
Қ/с Атауы ,Арал, Астана, Биік нүкте, Тау, Өсімдік ,Жануар ,Көл, Өзен ,
1. Жер шарындлағы ең кіші материк А. Африка Ә. Европа Б. Австралия В. Антарктида 2. Аустралия материгінің жер көлемі А. 7,7 млн.шқ2 Ә. 7,2 млн.шқ2 Б. 7 млн.шқ2 В. 9 млн.шқ2 3. Аустралияның суы мол өзені. А. Дарлинг Ә. Муррей Б. Куперс-Крик В. Эйр 4. Аустралия одағының астанасы А. Сидней Ә. Марлен Б. Клайд В. Канберра 5. Аустралияның байырғы халқын атаңыз? А. Үндістер Ә. ағылшындар Б. аборигендер В. эпиоптар
VII. Бағалау:
VIII. Үй тапсырмасы:
Аустралия тақырыбына тест құру.пайдалы қазбаларын кескін картаға тусіру.