Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,атлас,Қазақстанның физикалық картасы.
С/барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Сыныпқа кіру, оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, балалардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды топқа бөлу .
Үй тапсырмасы
Өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы кеменің билетіне ие болып саяхатқа аттану.
1.жердегі су туралы не білеміз?
2.дүние жүзілік мұхит туралы кім айтады?
3.мұхит бөліктері дегеніміз?
4.мұхит суының температурасы мен тұздылығы дегеніміз?
5.толқындар дегеніміз?
6. цунами дегенімі не екен?
7. мұхит ағыстары дегеніміз?
8. мұхиттар мен теңіздердің жол қатынасы үшін қандай маңызы бар?
9. мұхитты зерттеу және қорғау жолдары қандай екен?
Жаңа сабақ
2030 жылы Қазақстан суы мөлдір, ауасы таза, жасыл желекті гүлденген ел болады»
Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен
Су деген тіршіліктің наны емес пе?
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат.
Күміс су қара жердің сәні емес пе?
Жұмбақтар шешіп көрейік
Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен. Өзен немесе су
Ирелеңдеген арқан
Қуып жете алман. өзен
Кіріспе сұрақтармен жұмыс
1.Өзен дегеніміз не?
2.Қандай өзендерді білеміз?
3.Мақал-мәтел, жұмбақ, тыйым сөздер айтып, жарысайық.
Тірек -сызба
Өзен дегеніміз -арна деп аталатын ойпаңмен ағатын су.
Бастау - өзен ағып шығатын жер.
Сағасы - өзеннің барып құяр жері.
Саласы – оң және сол. Есіл – Ертістің сол жақ саласы, Арыс - Сырдарияның оң жақ саласы.
Атырау - өзен сағасына жинақталып, тармаққа бөліну.
Аңғар- өзен бастауынан сағасына дейінгі әрі кең, әрі ұзынша ойыс алқап
Арна – аңғардың табанындағы ойыс.
Жайылма – аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі.
Өзен жүйесі - өзеннің барлық салаларымен бірігіп қосылуы
Шоңғалдар - өзен арнасындағы қатты жыныстар.
Өзен алабы – өзен және оның салаларымен су жинайтын жері
Өзен режимі – өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгеру ерекшелігі
Сарқырама – өзеннің биік кемерден құлап ағатын бөлігі.
Суайрықтар - өзен алқаптарын бір-бірінен бөліп жататын қыраттарды атайды.
Өзеннің құрылымы
Су тасуы деп – жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің көбеюі
Тасқын - өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі.
Сабасына түсуі – өзендегі судың ең төменгі күйі.
Өзендердің шаруашылықмаңызы:
1. Тіршілікке қолайлы жерлер.
2. Электр қуатын өндіреді.
3. Өзен кемелері жолаушы, жүк тасымалдайды.
4. Өзен суын зауыт, фабрикалар пайдаланады.
5. Ауылшаруашылығында жер суаруға пайдаланады.
Өзендер туралы қосымша ақпарат
Әлемдегі ең суы мол өзен ол-Амазонка –Оңтүстік Америкада орналасқан.
Ең ұзын өзен –Ніл өзені.Африка материгінде орналасқан.
Жер шарындағы ең биік сарқырама-Анхель.Оңтүстік Америаның Ориноо өзенінде орналасқан(1054м биіктікте құлайды)
Қазақстанға келетін болсақ Қазақстан жерінде ірілі-ұсақты 85 мың көл бар.
Оның 7 өзенінің ұзындығы 1000 км асады.
Ертіс,Есіл,Тобыл,Іле,Жайық.
Рольдік ойын
ӨЗЕН
Сарамандық жұмыс №9
Тапсырма: Картадан кез-келген өзенді тауып, сипаттама бер
Өзен
аты
Қай алапқа
кіреді?
Салалары
1. Ертіс
Солтүстік Мұзды мұхиты алабы
Тобыл, Есіл (Сол жақ) Үлбі, Бұқтырма (Оң жақ)
Бекіту.
Сәйкестендіру тесті:
А) Ластанған суды 1) Өзеннің биік кемерден құлап ағатын
бөлігі
Ә) Саға 2) Жыл сайын белгілі бір маусымда
қайталанып отыратын өзендегі су
мөлшерінің көбеюі.
Б) Сала 3) Өзеннің барлық салаларымен бірігіп
қосылуы.
В) Сарқырама 4) Жоғары,ортаңғы, төменгі
Г) Өзен жүйесі 5) Өзеннің барып құяр жері.
Д)Өзен ағысы 6) Сүзгіден өткізу
Е) Су тасуы 7) Оң және сол.
Ойланайық.....
1.Өзендер неге ластануда?
2.Өзендерді ластанудан қалай сақтауға, қорғауға болады?
Үйге тапсырма:
§44. Өзендер
- “Өзен, суларды қорғау турал менің жобам” (әңгіме жазу