О?ушылар?а О?т?стік америка хал?ы мен елдері, оларды? саны мен елдегі халы?тарыны? т?рмыс – тіршілігі, шаруашылы?тары туралы ке? ма?л?мат бере отырып, халы?тар мен елдерді? дамуы мен таралу ерекшеліктерін, тілдік ж?не ?лтты? атаулары арасында?ы себеп – салдар байланыстарды аны?тай білуге ?йрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«О?т?стістік Американы? хал?ы мен елдері »
Сабақтың тақырыбы: «Оңтүстік Америка халқы мен елдері».
Сынып: 7 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Оңтүстік америка халқы мен елдері, олардың саны мен елдегі халықтарының тұрмыс – тіршілігі, шаруашылықтары туралы кең мағлұмат бере отырып, халықтар мен елдердің дамуы мен таралу ерекшеліктерін, тілдік және ұлттық атаулары арасындағы себеп – салдар байланыстарды анықтай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: дүние жүзі физикалық картасы, дүние жүзі саяси картасы, атлас, кесте, кеспе қағаздар, суреттер, слайдтар.
Оқушылардың оқитын тақырыбына деген қзығушылығын туғызу. Оқушылардан сұрақтар жиналады.Нені білгісі келетіні туралы себептер айтылады. Немесе белгілі бір алынып отырған тақырып, мәселе төңірегінде не білгенінді жинақтап тізім жасау. Сосын топпен ой алмасу. Оқушылардың өздері таңдап алған белгілердің түріне қарай оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.
Ассоциация құрастыру.
Оңтүстік америка: пампа, сельвас, гилея, ломас, льянос, пуна, кебрачо, кампос.
Оқушылар жауабы:
Ылғалды экваторлық орман.
Сельвас – ит тұмсығы батпайтын қалың орман.
Льянос – Ориноко саваннасы
Кампос – Бразила саваннасы
Пампа – құнарлы шымды қызғылт «жазық дала»
Гилея – ылғалды экваторлық орман
Ломас – түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы
Кебрачо – тері илеуге қажетті шикізат алынатын ағаш
Пуна – биік таудағы шөптесін өсімдіктерден тұратын белдеу.
Оқушы
Мұғалім
Әр оқушы өз білетіндерін еркін айтады.
Өз лидерін анықтайды.
Әр оқушы жеке – жеке белгілеп, лидерге ұсынады.
Өздерін – өзі бағалайды.
Оқушылардың топқа дұрыс бөлінуін қадағалайды.
Бағалау парағын таратады.
Еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар береді.
Мағынаны ашу. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпараттармен, пікірлермен таныса бастайды. Бұл қадамда әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды. Тақырыпқа байланысты видеобейне көру, лекция тыңдау, тәжірибе немесе эксперимент жасауға болады. Оқушы өз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасау керек.
Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт.
Тақырыбы: «Оңтүстік америка халқы мен елдері».
Мәтіннің жоспары:
Оңтүстік америка халқының құрамы.
«Инктер өркениеті»
Байырғы және келімсек халықтары.
Елдері.
Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және халықтармен таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсніксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды. Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір – біріне сұрақтар қояды. Бұл кездегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.
Оқушы
Мұғалім
Мәтінді оқиды. Опқа, жеке бәрі бірігіп шарты белгілер қойып, талдау жасайды. Әр топтан біреуі жауап береді. Негізгі жауапты таңдауға үйренеді. Бір – бірін тыңдауға үйренеді.
Мәтінді оқуға 10 минут уақыт береді. Ойлауға, пікір айтуға уақыт береді. Әр топтың тапсырмасын мұқият орындауын қадағалайды. Жолдастарының жауаптарын тыңдауын, толықтыруын, дұрыс жауап беруін қадағалайды.
Ой – толғаныс. Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады. Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды. Алған білімдерінің ұнағанын ортаға салады. Пікір таластырады.
Колумбтың Американы ашуы жақсы болды ма? 3 дәлелмен жауап береді.
Иә
Бейтарап
Жоқ
Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салады.
Батыс жарты шарды алып Америка дүние бөлігі ашылды.
Жаңа жерлердің табиғаты, халқы, шаруашылығы жөніндегі деректер белгілі болды, т.б.
Жақсысы себебі - Амерканың ашылуы - жаңа ашылуларға жол салады.
Жақсы болмағаны – үндістердің едәуір дамыған өркениеті мен мәдениетінің дамуына нұқсан келтірілді.
Еуропалықтар келгеннен кейін жергілікті халықты аяусыз құлдыққа салып, олардың өркениеті мен мәдениетін жойды.
Бағынбаған үндістердің көпшілігі қырғынға ұшырады.
Байырғы халықтар тіршілікке, қолайсыз аудандарға көшірілді.
Бұл кездегі оқушылар мен мұғалімнің әрекеті:
Оқушы
Мұғалім
Өзі белгіні қояды.
Еркін сөйлейді.
3 дәлел келтіріп, сөзін дәлелдеп береді.
Уақыт береді.
Нақты жауаппен дәлелдеуін талап етеді.
Үйге тапсырма:
1. «Егер мен саяхатшы болсам» эссе.
Елдерге визитка жасау.
Тест құрастыру, елдердің территориясын кескін картаға белгілеу.
Мұғалімнің қол жеткен жетістіктері:
Оқушы қызығушылығы артты.
Бей – жай отырған оқушы жоқ, бәрі топтық, ұжымдық іс –әрекетте.
Тіл байлығы артып, ойлау қабілеті дамиды.
Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырады.
Бір – бірін сыйлауға, құметтеуге үйренеді.
Топ алдына шығып, еркін өз ойын айтуға дағдыландырады.