Бекітемін: мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
А.Қуанова
Пән мұғалімі: А.Бекжанова
Күні: 27.01.2015 ж
Сыныбы: 7 б
Тақырыбы: Оңтүстік Американың табиғат зоналары.
Мақсаты:
Білімділік: Табиғат кешендеріне сипаттама бере отырып, Оңтүстік
Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу
Дамытушылық: Оқушылардың картамен, кестемен, оқулықпен жұмыс жасауын одан
әрі дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларға Оңтүстік Американың қайталанбас тіршілік дүниесін
қорғау және сақтау шараларын түсіндіру барысында эстетикалық
және экологиялық тәрбие беру
Сабақтың түрі: Аралас , топпен жұмыс
Пәнаралық байланысы: биология, тарих, экология
Сабақтың әдісі: 1. Топқа бөлу, оқулықпен жұмыс, кластер қорғау
2. Сұрақ-жауап - ақиқат па, жалған ба
3. Семантикалық карта
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дүниежүзінің физикалық картасы,
қосымша деректер, оқулық, атлас, кескін карта
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сұрақ қою арқылы топқа бөлу
1. Топқа бөлу
ІІІ. Кластер қорғау
1.Ақиқат па, жалған ба сұрақ-жауап
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Семантикалық карта
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Сұрақ-жауап парақшасын тарату арқылы 5 топқа бөлу:
1топ – ылғалды экваторлық орман, ауыспалы ылғалды орман
2 топ – саванналар мен сирек ормандар
3 топ – субтропиктік дала
4 топ – шөлейт зонасы
5 топ – биіктік белдеулік
І топ сұрақтары
1.Экватордың екі жағын да алып жатқан табиғат зонасы?
2.Гилея сөзі қай табиғат зонасына тән?
3.Ит тұмсығы батпайтын қалың ну орман «сельвас» қай зонаға тән?
4.Гевея ағашы қай зонаға тән?
5.Льянос термині қай зонаға тән?
ІІ топ сұрақтары
1.Кампос термині қай зонаға тән?
2.Бөтелке ағашы қай табиғат зонасында өседі?
3.Бұл табиғат зонасында кебрачо ағашы өседі?
ІІІ топ сұрақтары
1.Ла-Плата жазығын алып жатқан зона
2.Бұл зона да «жазық даланы» «пампа» деп атайды
3.Жайылым ретінде пайдаланылады, бұл жер түгел жыртылған
4.Пампа мысығы қай зонаға тән жануар
5.Пампа түлкісі қай зонаға тән
ІV топ сұрақтары
1.Патагония жерін қамтитын зона
2.Ірі жануарлар гуанако лама қай зонаға тән
3.Пума жануары қай зонаға тән
4.Сұр, қоңыр топырақты зона
5.Климаты қолайсыз зона
V топ сұрақтары
1.Бұл таудың ең төменгі бөлігінде әйгілі Атакама шөлі орналасқан?
2.Құс базары тән зона?
3.Түйе тұқымдасына жататын ламаның жабайы түрлері тән зона
4.Аса ірі жыртқыш құс кондор бұл зонаның символы
5.Қазірдің өзінде бұл жерде 3500 м биіктікте де картоп , астық дақылдары өсіріледі?
ІІІ. Кластер қорғау
1. Ақиқат па, жалған ба?
Оңтүстік Американың географиялық орны мен климаттық жағдайларына байланысты ормандар кең таралғаны ақиқат па, жалған ба? /Ақиқат/
Оңтүстік Америка материгі ауданы жөнінен 3 орын алады, ақиқат па, жалған ба?/жалған, 4 орында/
Ылғалды экваторлық орманды гилея деп атауы ақиқат па, жалған ба? /Ақиқат/
Жергілікті халық жазық даланы “пампа” деп атайды ақиқат па, жалған ба? /Ақиқат/
Жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын қалың орманды “кампос” деп атауы ақиқат па, жалған ба? /жалған/ сельвас деп атайды.
Гевея ағашынан каучук алынатыны ақиқат па, жалған ба? /Ақиқат/
Хина ағашы дәрілік шикізат беретіні ақиқат па, жалған ба? /Ақиқат/
Әлемдегі ең кішкентай құс – колибри екені ақиқат па, жалған ба? /Ақиқат/
Трансамазония тас жолының салынуына байланысты Амазонка ормандары жойылып кетуі ақиқат па, жалған ба? /Ақиқат/
Ориноко саваннасын – льянос деп атауы ақиқат па, жалған ба? /Ақиқат/
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Семантикалық карта
Семантикалық карта
«Ылғалды экваторлық орман, ауыспалы ылғалды орман» тобына
| Ылғалды экваторлық орман | Ғаламшардың өкпесі | Ағаш тәрізді папротниктер, орхидеялар | Каучук | Анаконда | Трансамазония | Бальс |
Сельвас | | + | | | | | |
80 м | | | + | | | | |
Жеңіл ағаш | | | | | | | + |
12 м, жылан | | | | | + | | |
Гевея ағашы | | | | + | | | |
Тас жолы | | | | | | + | |
Гилея | + | | | | | | |
Семантикалық карта
«Саванналар мен сирек ормандар» тобына
| Ориноко саваннасы | Кактустың екінші отаны | Кебрачо | Бразилия саваннасы | Акация, пальма | Бөтелке | Нанду |
Кампос | | | | + | | | |
Мексика | | + | | | | | |
Өсімдік | | | | | | | |
Тері илеуге қажетті шикізат алынатын ағаш | | | + | | | | |
Бөтелке тәріздес діңіне су жиналатын ағаш | | | | | | + | |
Льянос | + | | | | | | |
Түйеқұс | | | | | | | + |
Семантикалық карта
«Субтропиктік дала» тобына
| Жазық дала | Ла-Плата | оцелот | Саз құндызы | Пампа шөбі, қоңырбас | Қызғылт-қара | 18,3 млн.км2 |
Топырақ | | | | | | + | |
Пампа | + | | | | | | |
Жазық | | + | | | | | |
Жануар | | | + | | | | |
Астық тұқымдас дақыл | | | | | + | | |
Терісі бағалы жануар | | | | + | | | |
Оңт.Америка ауданы | | | | | | | + |
Семантикалық карта
«Шөлейт зонасы» тобына
| Пума | Гуанако | Шөлейт зонасы | Сұр, қоңыр | Тікенекті бұталар | Магеллан | Анд |
Түлкі | | | | | | + | |
Жануар | + | | | | | | |
Ламаның түрі | | + | | | | | |
Топырақ түрлері | | | | + | | | |
Патагония жерін қамтиды | | | + | | | | |
кактус | | | | | + | | |
Тау | | | | | | | + |
Семантикалық карта
«Биіктік белдеулік» тобына
| Атакама | Ломас | Гуано | Викунья, гуанако | Шиншилла | Кондор | Аконкагуа 6960м |
Жыртқыш құс | | | | | | + | |
Бағалы азотты тыңайтқыш | | | + | | | | |
Түйнекті өсімдік | | + | | | | | |
Ламаның жабайы түрі | | | | + | | | |
Терісі бағалы кеміргіш | | | | | + | | |
О.Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі | | | | | | | + |
Шөл | + | | | | | | |
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру Оңтүстік Американың табиғат зоналарын оқу, кестені аяқтау.