Просмотр содержимого документа
«?лкетану.Алматы облысыны? климаты.docx »
Есжан Берліқожаұлы атындағы №11орта мектеп
Алматы облысының климаты.
География пәні мұғалімі:
Абдрахманова.О.А
Өлкетану.Алматы облысының географиясы
Сабақтың тақырыбы: Климаты.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Облыстың климатын түзуші негізгі факторларды анықтап,ауа райын тұрақты түрде бақылаудың адам өмірі мен шаруашылығында алатын орны жөнінде түсінік бере отырып,Қазақстан климатының жалпы ерекшеліктері жөніндегі білімдерін тереңдету
Дамытушылық:Климат карталарының деректерін пайдалана отырып облыс аумағының климатының ерекшеліктері жөнінде негізгі ұғымдар мен түсініктерді меңгерту.Ауа райына жүргізілген тұрақты бақылау нәтижесінде жинақталған деректерді талдап ,климаттық кесте,диаграммаларды құрудың іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз бетімен ізденіп білімін тереңдетуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнектіліктері: Қазақстанның физикалық картасы,климат картасы.Қазақстан географиясы оқулығындағы карталар,диаграммалар,слайд
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,сұрақ-жауап,миға шабуыл,картамен жұмыс
4.Қасиеттері жөнінен бірдей зор көлемді қамтитын ауа.(Ауа массасы)
5.Бірдей қысымдарды қосатын сызық(Изобар)
6.Жер бетіне түсетін күннің жарығы мен жылуы
7.Ауа массалары аралығындағы өтпелі аймақтар.(Фронт)
8.Күн радиациясы немен өлшенеді(Ккалл/см² дж/м².)
9.Ең жоғарғы температура мен төмен температураның айырмасы(Амплитуда)
10.Адамның күш-қуатын қалпына келтіретін аймақ(Комфорт зона немесе рекреациялық аудан)
2.Климат құрушы факторларды ата.
3.Топқа жеке тапсырма.
1-тапсырма
I-топ
Карта бойынша Алматы облысының күн радиация мөлшері және температураның қалай өзгеретінін анықтаңдар.
Күн радиация мөлшері солтүстіктен оңтүстікке өсе түседі: 130 ккал-140 ккалға дейін.
Жылудың таралуы .Шілде айының орташа температурасы 15,+29,3, қаңтар айының орташа температурасы-2̊
Ең ыстық ай шілдеде жоғары температура +47
Ең суық ай қаңтар төменгі температура -30̊
II-топ
Біздің облысқа қандай ауа массалары әсер ететінін анықтаңдар
Сотүстіктен Арктикалық ауа массасы, оңтүстік-батыстан тропиктік ауа массасыСібір антициклоны үлкен әсер етеді.Бұл кезде ауа райы ашық аязды болады.Ауа ағыны ауысқан кезде күшті боран бұрқасын тұрып ,соның әсерінен дауылды жел көтеріледі.Күшті жел әсіресе Жоңғар қақпасында байқалады.Солтүстік батыстан циклондар соққан желдің жылдамдығы 40-60м/сек-ке жетеді,Оңтүстік шығыстан антициклон Ебі желдерін әкеледі.Жылдамдығы 40 м/сек Қазан-ақпан айларында соғады.Антициклонға байланысты көктемгі-күзгі үсіктер жүреді.
III-топ
Климат картасы бойынша жылдық жауын-шашынның таралу мөлшерін анықта ?
Жауын-шашын таралуы: Солтүстіктен оңтүстікке көбейе түседі.Солтүстікте 130мм,оңтүстікте 600-800 мм.Қар қалыңдығы солтүстікте 20 см, оңтүстікте 40см. Жауын-шашын ең аз түсетін Балқаштың солтүстік батысы 130мм,ылғалдану коэффициенті 0,2
2-тапсырма
1-топ
Талдықорған қаласының жылдық орташа температурасы графигін сызу.
Станса
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
жылдық
Талдықорған
-11,2
-9,3
-0,5
9,7
15,8
10,6
22.8
21,4
15,5
7,8
-1,6
-8,4
6,9
2-топ
Талдықорған қаласының жылдық орташа жауын-шашынның графигін сызу.
Станса
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
жылдық
Талдықорған
29
31
47
41
46
34
34
15
16
33
44
42
412
3-топ
Талдықорған қаласының ылғалдану коэфицентін есептеу
Жауын-шашын
400
Буланушылық
800
3-тапсырма
Климат шаруашылық әрекетіне қалай әсер етеді?
Агроклиматтық ресурстар.Орташа тәуліктік температура 10̊-тан жоғары температураның жиынтығы 4300-4600̊ С-қа дейін.Өсіп өну кезеңінің ұзақтығы -180 күн. Күннің әсері мен сәулесінің молдығы ,суармалы жерлерде: күріш,темекі,қант қызылшасы,бау-бақша өнімдерін өсіруге жеткілікті.
Зиянды атмосфералық құбылыстар
1.Қуаңшылық
2.Аңызақ(жел) -100күн
3.Үсік қауіпі
4.Көктайғақ қалыңдығы15-20мм
5.Шаңды дауыл 55-60 күн
Сабақты қорытындылау.БББ кестесін толтыру
Білемін
Білгім келеді
Білдім
Үйге: Алматы облысының климаты жайлы қосымша деректер жинақтау