Үстірт табиғи мемлекеттік қорығы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 223,342 гектар аумақты алып жатыр.Өзінің құқықтық қорғау режиміне сәйкес, қорықтық және күзетілетін өңірлерге бөлінеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Жас мамандарға өлкеміздегі керемет табиғаттары туралы мағлұмат бере отырып, деңгейлік курста оқыған оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын ұсыну.
Сабақ барысы:
1тапсырма: Ортаға тақырыпты ашу үшін түрлі түсті қағаздар берілді жас мамандар сыни тұрғыдан ойлау арқылы жасырылған сөздерді құрастырып жауап берді.
2 тапсырма: «Сын тұрғысынан ойлау» коучингті тыңдайды Маңғыстау облысында кездесетін табиғат жағдайлары туралы мағлұмат беру. «Сын тұрғысынан ойлау» туралы түсініктері қалыптасады.
Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата, Сейсем ата секілді қасиетті орындар ғасырлар бойы халықтың рухани қажеттілігіне қызмет етіп келе жатыр. Қазақ мемлекеттілігінің мызғымас тірегі болған қастерлі есімдер талай ғасыр аунаса да, ұрпақ санасынан еш ұмытылмақ емес. Керісінше күн өткен сайын жаңарып, жаңғыруда.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 223,342 гектар аумақты алып жатыр. Өзінің құқықтық қорғау режиміне сәйкес, қорықтық және күзетілетін өңірлерге бөлінеді. Үстірт қорығы Қарақия ауданының шығыс бетінде, Батыс Үстірт жонының Қараған босаға, Көкесем, Кендірлі, Елшібек сияқты ұшпа шыңдары мен жарқабақты таулары және Қарынжарық құмымен Сақсорқа құмын жағалай орналасқан.Үстірт шыңдарының бедері алуан түрлі. Олар Кендірлі сорын үш жағынан қоршай жиектеп, тік құлама жарлы болып келеді.
3 тапсырма: Әр түрлі таратпа қағаздарды тарқата отырып, өлкемізде кездессетін жер астында орналасқан тарихи жәдігерлер туралы көптеген мәліметтер ала алды.
4-тапсырма экранға өлкеміздегі кереметей демалыс орындары туралы мағлұматтар көрсетіліп талқыланды.
Тамшалы – Түпқараған ауданында орналасқан табиғи су көзі. Форт-Шевченко қаласынан солтүстікке қарай 35 км-дей жерде. Тамшалы – кәдімгі киіз үйге ұқсас дөңгелек кеуек үңгір. Айырмасы тек шаңырағы, уығының иінінен жоғарғы жағы жоқ. Кереге басы дерлік деңгейден кей жерінде тас қабырға шып-шып терлеп, кей жерлерінде себезгілеп, мұздай әрі мөлдір тамшы бүркіп тұрады. Үңгір табанында шағын көлшік пайда болған. Осыған орай Тамшалы аталып, ол ертеден төңірегіндегі елдің ауыз су көзіне айналған; ал көл арнасынан артылып аққан су бөгеліп, суармалы егіншілікке пайдаланылып келген. Тамшалының ерте заманнан елді мекен болғандығын сай бойында сыңсып өсіп тұрған тұт ағаштары айғақтайды.
5-тапсырма: «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы өлкемізді одан ары қарай дамыту үшін қандай тиімді жолдарды ұсынар едің? Деген сиияқты бірнеше сұрақ түрлері жас мамандар арасында талқыға салынып, өз ойларын еркін жеткізе алды.
Қорытынды:
Төрт құбыласы тең даңғыл, транспорттық әлеуеті зор, Қазақстанның теңіз қақпасы саналатын өлке өзінің экономикалық жетістіктерімен де және табиғат жағдайымен мақтана алады.
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе аулының жанында. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 95-100 км шамасында созылып жатыр, ені 15-20 км. Абсолюттік биіктігі 332 м секілді өлкемізде кездесетін табиғаттың әсем жерлерін,таулары, жерасты кесенелері, ескерткіштерін одан ары қарай дамыту үшін осындай коучинг сабақтар көп бола берсін деп аяқтадық!