kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды? белсенділігін арттыруда «?ш?лшемді ?дістемелік ж?йесіні?» тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

?араевты? де?гейлеп о?ыту ж?йесі негізінде "?ш?лшемді ?дістемелік о?ыту" ж?йесіні? гография саба?ында?ы тиімділігі туралы баяндалады. 7 сынып?а арнал?ан саба? жоспарында осы о?ыту ж?йесіні? н?тижелі білімге ба?ыттал?ан жа?тары ?арастырыл?ан.Жа?а білім беруді? мазм?ны м??алім мен о?ушы арасында?ы шы?армашылы? байланыс, бірлік болуды талап етеді. Мен ?з саба?тарымда        «О?ытуды? ?ш ?лшемді ?дістемелік ж?йесі» педогогикалы? технологиясын пайдалану ар?ылы  география п?ні бойынша т?мендегідей н?тижеге  ?ол жеткіздім:

  • ?р о?ушы ?з м?мкіндіктерін пайдалану?а м?мкіндік алды;
  • География п?ніне деген ?ызы?ушылы?тары артты;
  • ?лгерімі т?мен о?ушылармен ж?мыс ж?ргізілді;
  • Дарынды о?ушыларды? білімі шы?дылы т?сті;
  • Барлы? о?ушылар ?з м?мкіндіктеріне к?з жеткізді;
  • ?абылдауы т?мен балалар?а барлы?ымен бірдей к??іл б?лінді;
  • ?р о?ушыны? мемлекеттік стандарт бойынша білім алуы ?амтамасыз етілді;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? белсенділігін арттыруда «?ш?лшемді ?дістемелік ж?йесіні?» тиімділігі »



№17 орта мектеп
география пәнінің мұғалімі
Сарсекулова Салтанат
Қадырбергенқызы




Оқушылардың белсенділігін арттыруда

«Үшөлшемді әдістемелік жүйесінің» тиімділігі

Қазақстан Республикасының білім беру саласын арттыру үшін тың көзқарас, жаңа үлгідегі ізденіс қажет. Өскелең ұрпақ, болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат мүддесіне сәйкес өмір сүруге бейімдей отырып, логикалық ой тұжырымдатып, жаңалыққа жаны құмар, таңғажайып ғылым саласына тартуға орта мектеп пен ұстаздардың алдына қойған мақсаттары зор. Әрбір ұстаз өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамытып, қалыптастыруды мақсат етеді. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологиялардың тиімді әдістерін таңдап алып оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен қолдану-ұстаз шеберлігінің белгісі.

Қазіргі уақытта жаңа педогогиқалық тенологиялар саны жеткілікті әзірленген.Сол технологиялардің бірі- «Оқытудын үшөлшемді әдістемелік жүйесі» (ОҮӘЖ) педагогикалық технологиясы (авторы профессор Ж..А.Қараев). Соңғы жылдары еліміздің көп мектептері өзінің оқу тәрбие үрдісінде пайдаланып,тиімді нәтижелерге жетіп жүр. Бұл технология оқушылардың өз бетімен жасаған нәтежесі білім ұстанымының тұрақты болуына әсерін тигізеді. Ұлы ойшыл қытай философы Конфуции: «Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл ойыммен істеген ісімді түсінемін» дегендей оқушылардың негізгі білім және білік дағдыларын қалпыстырады. Қазіргі кезде білім беру технологияларының негізгі бағыттарының бірі деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқыту Америкада бастауыш сыныптардан, ал Жапония мен Франция елдерінде ортаңғы және жоғарғы сыныптарда жүзеге асырылуда.

Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады,оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілді әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға бөледі.

Оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады (интеллектуалды дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, иннициативасы, жауапкершілігі т.б) Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырады. Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді.

Бұл технологияда жеке және топтық оқыту формалары негізгі болып табылады.

«Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педогогикалық технологиясы бойынша күнтізбелік жоспарды жасау барасында ең алдымен барлық тақырыпты модульге бөлеміз:

Күнтізбелік жоспарлау


Әрбір модульге бөлеміз

Өзіндік жұмыстар

  1. Қатемен жұмыс

  2. Деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмыстары

«Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педогогикалық технологиясы бойынша әр тақырыпта міндетті түрде кері байланыс жүргізіліп отырады.

Мақсаты: үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей тапсырмаларын барлық оқушыға бірінші деңгейден бастап орындату.

Сонда сынып оқушылары (қабілетті-қатілетсіз) деген жіктеуге сырт көзбен бөлінбей, деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындау барысында (ішкі сараласу арқылы), жеткен деңгейлеріне сәйкес өздері табиғи жолмен топтасады, олардың білім сапасының көрсеткіштері бойынша тиісті бағасын алады.

1 – кезең: Өткенді пысықтау (үй тапсырмасы)

А) Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық оқушыларды дайындау)

Б) үй жұмыстарын тексеру. Оқушылар өз-өздерін тексереді немесе мұғалімге тексертіп тақтадағы ашық журналға баллдарын тіркеп отырады.

В) «Көпір » тапсырмалары өтіп кеткен тапсырмалардан сабаққа негіз болатын тапсырмалар. Оқушылар үйден жаңа өтілетін тапсырмаға үйден дайындалып келеді. Тиімділігі уақыт үнемделеді,әрбір оқушының белсенділігі мен жауапкершілігі артады.

2-кезең синектикалық бөлім (20-25мин)

А) өз бетімен сабақты меңгеру. Теорияны меңгеру үшін

1. Білу мақсатына сәйкес не? Қашан? Қай жылы?Қайда?,

2.Түсіну неге?неліктен? себебі?

3. Талдау салыстыр, айырмашылығы неде?

4. Жинақтау: классификация жаса, қорытынды шығар.

3 – кезең: (эвристикалық) (12мин+3мин қортынды шығару ) 2-ші деңгейдің нәтижелерінің басын қосып, жалпылауға, қорытынды шығаруға арналған тапсырмалар.

1-деңгей (репродуктивтік) оқушылар репродуктивті әрекеттер жасайды. Тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады.

2-деңгейде (алгоритімдік) 1-деңгейде анықталған ақпараттық білімдердің себеп-салдарын анықтайтын тапсырмаларды орындап, өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі, оқу материалын талдау іскерлігі талап етіледі.

3-деңгейде (эвристикалық) оқушылар танымдық - ізденушілік сипаттағы, білімнің тереңделуіне, қорытындылауына бағытталған тапсырмаларды орындайды. Осы кезеңде оқушылардың алдына ноутбук беріп қосымша ақпарат көздерін, интернет желісін пайдаланып тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беруге болады.

«Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педогогикалық технологиясы оқушылардың география пәні бойынша міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды орындап шығуға толық кепілдік бере отырып, одан да жоғары деңгейлерді (екінші, үшінші) орындауға мүмкіндік береді. Оқушылардың олимпиадаларға қатысып, шығармашылықпен жұмыс жасауына, ғылыми жобалар жасауда көмегі көп екеніне тәжірибемде көз жеткіздім.

Сыныбы: 7 сынып

Тақырыбы:

Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар.

Ашылу және зерттелу тарихы

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келед. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) « Көпір» тапсырмаларын тексереді.

І кезең. Ұйымдастыру кезеңі

«Көпір» тапсырмалары

(Жаңа тақырыпқа қажет болатын өткен материалдардың қайталау тапсырмаларын үйден орындап кел)


Сұрақтарға жауап бер.

  1. Оңтүстік жарты шар материктерін атаңдар

Ж: Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида

2. Ең құрғақ материк Ж: Аустралия

3. Ең суық материк Ж: Антарктида

4. Ең ылғалды, жасыл материк

Ж: Оңтүстік Америка

5. Ең ірі плиталардың бірі Ж: Оңтүстік Америка

6. Еуразияның жер көлемі Ж: 53,3млн ш.ш.

7. Солтүстік Американың жер көлемі

Ж: 24,2 млн ш.ш.

6. Оңтүстік Американың жер көлемі Ж: 18,3млн ш.ш.


ІІ кезең ( топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», « Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

ІІ кезең.

Жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгеріп көр.

(Төмендегі жетелеуші тапсырмалар арқылы)

Теориясы:

«Білу»

(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

  1. Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтырыңдар

Материктің рекордттары

1.Жер көлемі жөнінен Солтүстік Америка дүние жүзінде ................орын алады. (4)

2. Ең суы мол үлкен өзен ................ орналасқан, оның жылдық ағыны ................, су жинау алабының ауданы .................. асады. (7000 ш.ш., 7 млн ш.ш.)

3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырма ....................... орналасқан, биіктігі .............. м биіктіктен құлап ағады. (Анхель, 1054м)

4. Дүние жүзіндегі ең биік тау көлі ................., теңіз деңгейінен ............. биіктіте. (Титикака, 3812м)

5. Ұзын тау жүйесі............., ұзындығы ............ км-ден асады, ............................................. жалғасы болып табылады. (Анд, 9000, Солт Америкадағы Кордильераның )

6. .............. мен .............. өзендерінің ...................... мұхитына құяр жерде дүние жүзіндегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы ................ орналасқан.

(Парана, Уругвай, Атлант мұхитына, Ла-Плата)

7. Материктің ірі аралы........................(Отты Жер)

  1. Саған мына деректер таныс па?

«Америка», «Латын Америкасы», «Оңтүстік Америка» атауларының ортақтығы бар ма?

(Америка- дүние бөлігі, Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері дүние бөлігі.

Латын Америкасы – Оңтүстік Америка Орталық Америкамен қоса осылай аталады, өйткені бұл аймақтарда латын тілді португалдықтар мен испандықтардың иелігі басым болған

Оңтүстік Америка – жеке литосфералық плитада орналасқан материк)

Теориясы:

«Түсіну»

(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)




1. Материктің Тынық мұхит жағалауында бірден терең шұңғымалардың қалыптасуы ............................................

(Тынық мұхиттық плитаның майысып, Оңтүстік Америка плитасының астына енуіне байланысты)

2. Батыста аса биік Анд тауларының орналасуы ....................(Тынық мұхитының материк табиғатына тигізетін әсерін бәсеңдетеді)

3. Перуана суық ағысы әсерінен ......................(жағалық шөл Атакама қалыптасқан)

4.Материк табиғатын .......................(Атлант мұхитының әсері күшті: жер бедері еңіс, жағалық жылы желдер әсері.)


Теориясы:

«Талдау»

(салыстыр, ерекшелігі неде? Т.б. ең бастысын бөліп шығар)

зерттеушілер

уақыты

жаңалығы


1492-1498ж.ж

Орталық Америка .............

........... теңізін, байырғы халықтарды.................д.а.

Америго Веспуччи



* «Кіші Венеция» (Венесуэла)

* Жаңа Дүниені ашты


1512ж


Магеллан бұғазын, Тынық мұхитын ашты

Фрэнсис Дрейк

16ғ аяғында


А.Гумбольдт



18ғ аяғы-19ғ басы






1932-33ж.ж

Картоп, жүгері, қызанақтың Отаны Оңтүстік Америка екенін дәлелдеген.


Теориясы:

«Жинақтау»

(қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, сөзжұмбақ, ребус, т.б. құрастыр)

  1. Рекордттары, географиялық орны

  2. Жағалауын шайып жатқан теңіздер мен мұхиттар

  3. Шеткі нүктелері

  4. Зерттеушілер

Практикасы:

«Қолдану»

(қарапайым тапсырмалар)


Сөздерді топтастырыңдар:

Тау 4

Теңіз 3

Ойпат 2

Мүйіс 1, 5

Шөл 7

Арал 8

  1. Гальинас; 2) Амазонка; 3) Кариб; 4)Анд; 5)Фроуэрд; 6) Ла-Плата; 7)Атакама;

8) Отты Жер


Практикасы:

«Баға беру»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)


Оңтүстік Америка солтүстік жарты шарда орналасса, оның табиғаты қазіргі табиғат ерекшеліктерінен өзгерер ме еді?

.......................................................................................

Келесі кері байланыс – үшінші кезеңде Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» негізіндегі аралық мақсаттарға (білу – түсіну – қолдану – талдау – жинақтау – рефлексия жасау) сәйкес біртіндеп тереңдетілген және күрделендірілген, сондықтан сапасы әр түрлі үш деңгейлік тапсырмалар іріктелінеді. Олардың ішінде білім сапасын және біліктілік дәрежесін өлшеуші-тапсырмалар ұсынылады. Бұл тапсырмалар төмендегі критерийлер бойынша үш деңгейге іріктелініп, оқушылардың жеке жұмыс барысында қайта орындатылып, балл жинатылады:

ІІІ кезең.

ІІІ кезең (кері байланыс- бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп ( әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзыреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды +3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаладыр үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

Деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындап, балл жинаңдар

І деңгей (5 балл)


Теориясы:

«Білу»

(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

1. (Анықтама - сөздер) қалай аталатынын жазыңдар:
1) Жаңа Дүниені ашқан кім?.
2) Амазонканың су жинау алабының ауданы қанша?
3) Анхель сарқырамасы қай өзенде орналасқан?
4) Отты жер аралы мен материкті жалғастыратын бұғаз
5) Солтүстік Америкамен жалғасатын мойнақ

2. Африка және Оңтүстік Американың қандай ұқсастығы мен айырмашылықтары бар?

Ж: 1. 1) А. Веспуччи, 2) 7млн ш.ш, 3) Чурун өзені

4) Магеллан, 5) Панама


2. Табиғат зоналары ұқсас, экватор сызығы кесіп өтетін ыстық құрлықтар болып табылады. Бірақ өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлерінің құрамы жөнінен айырмашылық жасайды.


Практикасы:

«Қолдану»

(ІІ кезеңдегі қолдану үлгісі бойынша)


3. Тынық мұхитының жағалауында қандай шөл дала орналасқан, қалай пайда болды?

Жауаптары

Атакама. Оның пайда болуы суық Перу ағысымен байланысты.)


ІІ деңгей (5балл+4 балл= 9 балл)


Теориясы:

«Түсіну»

(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)



Әдетте өзендер жағалауында жіпке тізілген моншақ тәрізді қалалар тізбектелген, мысалы Волгада 16 ірі қала, оның арасында 4 миллионер қала.
Амазонкада қандай қалалар орналасқан? Олар неге аз?

Жауабы:

( Амазонка жағалауы батпақты және өте қолайсыз. Амазонка бойында екі ғана ірі қала орналасқан: бразилияның қаласы Манаус (1млн-ға жуық тұрғыны бар) және Перу қаласы Икитос (270 мыңға жуық тұрғыны бар).

Теориясы:

«Талдау»

(салыстыр, ерекшелігі неде? Т.б. ең бастысын бөліп шығар)


Андының қай бөлігінде мұздық көп, қай бөлігінде аз?

Неліктен?

Ж: Анд тауының орталығы мен жоғарғы бөлігінде мұздықтар көбейе береді.

Практикасы:

«Қолдану»

(өзгертілген жағдайда)

Шеткі нүктелердің географиялық координаталарын анықтаңдар:

Гальинас

Фроуэрд

Париньяс

Кабу-Бранку


120 с.е., 720 б.б.

540 о.е., 720 б.б

40 о.е., 810 б.б

70 о.е., 350 б.б



ІІІ деңгей (5балл + 4балл + 3 балл= 12 балл)


Теориясы:

«Жинақтау»

(қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, сөзжұмбақ, ребус, т.б. құрастыр)





1.Америка қандай мәдениет өсімдіктерінің отаны болып саналады? Олар қашан еуропалықтарға белгілі болды? Ресейге қашан таралды? Қазір оларды өндіруден қандай елдер бірінші орында?
2. Трансамазоника деген не?
3. Оңтүстік Америка солтүстіктен оңтүстікке қанша градус және километрге созылған?


Жауаптары:
1. Америка картоптың, мақтаның, томаттың, жүгерінің, жасанды каучуктың, какаоның отаны саналады. Картоп пен мақта өндіруде дүние жүзі бойынша алдыңғы орындарда – Қытай, жүгеріден – АҚШ, какао – Кот-д-Ивуар, жасанды каучуктан – Оңтүстік-Шығыс Азия болып саналады..
2. Амазонка алабындағы тропиктік ормандар мен таулар арқылы, Бразилияның шығысынан батысына қарай Амазонка салалары арқылы өтетін даңғыл тас жол.1970-73ж салынды.

3. 1)120 с.е. + 540 о.е.= 66 0

2) 66 0 * 111 км = 7326 км

Осылайша Оңтүстік Америка солтүстіктен оңтүстікке 7326 км-ге созылып жатыр



Практикасы:

«Баға беру»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)


Оңтүстік Америка материгін тұнып тұрған құпиялы материк деп атауға бола ма? Қалай ойлайсың ? Қандай дәлелдерің бар?

Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған «ашық журналға» + белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырады






АШЫҚ ЖУРНАЛ

Күні _________


Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы

мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы


оқушылардың аты-жөні

1 деңгей «5» балл

2деңгей «4»балл

3деңгей

«3»балл

Сыныпта жинаған балы

Үйде

Бар. балы

Баға

1

2

3

4

1

2

3

1

2

1

Айдосұлы Альфараби

+

+

+

-

-

-

-

-

-

3,5

-

3,5

3

2

Амандосова Еркеназ

+

+

+

+

+

+

+

+

ү

5+4+1,5

1,5

12

5

3

Аманжол Диана

+

+

+

+

+

+

ү

-

-

5+3

1

9

4

4

Әмірқұл Зере

+

+

+

+

+

+

+

+

ү

5+4+1,5

1,5

12

5

5

Габаева Алина

+

+

+

+

+

+

+

ү

ү

5+4

3

12

5

6

Дәулетбақ Жанель

+

+

+

+

+

+

+

ү

ү

5+4

3

12

5

7

Екжанова Күмісгүл

+

+

+

+

-

-

-

-

-

5

-

5

3

8

Ержан Еламан

+

+

+

+

+

+

ү

ү

ү

5+2,5

4,5

12

5

9

Ерікқызы Айдана

+

+

+

+

-

-

-

-

-

5

-

5

3

10

Жексембі Серікжан

+

+

+

+

ү

ү

ү

-

-

5

4

9

4

11

Жұмабаев Досжан

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5+4+3

-

12

5

12

Иманғалиева Лаура

+

+

+

+

+

-

-

-

-

5+1

-

6

3

13

Искаков Амир

+

+

+

+

-

-

-

-

-

5

-

5

3

14

Қасабеков Мади

+

+

+

+

+

ү

ү

-

-

5+1

3

9

4

15

Қайролданова Айым

+

+

+

+

+

ү

ү

-

-

5+1

3

9

4

16

Қайсарқызы Ақбота

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5+4+3

-

12

5

17

Қанатова Анель

+

+

+

+

+

+

+

ү

ү

5+4

3

12

5

18

Құрманғали Асем

+

+

+

+

+

+

ү

-

-

5+3

1

9

4

19

Мақсұт Әнуар

+

+

+

+

ү

ү

ү

-

-

5

4

9

4

20

Оразбек Серік

+

+

+

+

ү

ү

ү

-

-

5

4

9

4

21

Смағзан Бақытжан

+

+

+

+

+

+

+

ү

ү

5+4

3

12

5

22

Сұлтанбеков Елдос

+

+

+

+

-

-

-

-

-

5

-

5

3

23

Тәнірбергенова Қалқа

+

+

+

+

+

+

+

ү

ү

5+4

3

12

5

24

Шәкенова Жансая

+

+

+

+

+

+

+

ү

ү

5+4

3

12

5

25

Ізтай Гафура

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5+4+3

-

12

5

26

Джаксылыкова Лаура

+

+

+

+

ү

ү

ү

-

-

5

4

9

4




Қорытып айтқанда, жаңа білім берудің мазмұны мұғалім мен оқушы арасындағы шығармашылық байланыс, бірлік болуды талап етеді. Мен өз сабақтарымда «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педогогикалық технологиясын пайдалану арқылы география пәні бойынша төмендегідей нәтижеге қол жеткіздім:

  • Әр оқушы өз мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік алды;

  • География пәніне деген қызығушылықтары артты;

  • Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізілді;

  • Дарынды оқушылардың білімі шыңдылы түсті;

  • Барлық оқушылар өз мүмкіндіктеріне көз жеткізді;

  • Қабылдауы төмен балаларға барлығымен бірдей көңіл бөлінді;

  • Әр оқушының мемлекеттік стандарт бойынша білім алуы қамтамасыз етілді;

  • Картамен, оқулықпен, қосымша материалдармен, жаңа ақпараттық технологиялармен бір деңгейде жұмыс жүргізіліп, нәтижелі білім алынды;

  • Әр оқушы өз қабілеттеріне қарай өзін-өзі бағалады .

«Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педогогикалық технологиясын жоғарғы сыныптарда пайдалану жолдарын қарастыра отырып, сабақ жоспарларын дайындауды келешектегі міндетім ретінде алып отырмын. Жоғарғы сынып оқушылары дайын теориялық білімнен гөрі, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға негізделген тапсырмаларды көбірек пайдаланамын. Соның нәтижесінде оқушылардың іздену, зерттеу қабілеттері дамиды.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Ж.А. Қараев «Педагогикалық жүйені технологиялық тұрғыдан жаңартудың өзекті мәселелері» монография // Учитель Казахстана ,

№42-45; 15.12.2005ж

  1. Ж.У. Кобдикова. Критериалды бағалау жүйесі мектеп сабақтарында

www.pttmso.info [email protected]

  1. Ж.У. Кобдикова. Білім беру сапасын технологиялық амал негізінде басқару. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2010

  2. Қ.Д. Карпеков.Ш.Айтақынова. Материктер мен мұхиттар географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Астана, «Арман - ПВ» 2011ж











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?ушыларды? белсенділігін арттыруда «?ш?лшемді ?дістемелік ж?йесіні?» тиімділігі

Автор: Сарсекулова Салтанат ?адырберген?ызы

Дата: 02.03.2015

Номер свидетельства: 181307


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства