Просмотр содержимого документа
«О.Америка таби?ат зонасы»
Тексерілді: Күні:26,01 сынып:7 «Ә»
Тақырыбы:§ 41-42 Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Мақсаты:
І Білімділік: Табиғат кешендеріне сипаттама бере отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.
ІІ Тәрбиелік: Оқушыларға Оңтүстік Американың қайталанбас тіршлік дүниесін қорғау және сақтау шараларын түсіндіру барысында эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.
ІІІ Дамытушылық: Оқушылардың картамен, оқулықпен жұмыс жасауын одан әрі дамыту.
Көрнекіліктер:Атлас, таратпа материалдар, Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы
1. Оңтүстік Америка өзендері суының мол болып келуі себебі: ?
A) Өзендер бастарын биік таулардан алады
B) Жауын-шашын мол түсуінен
C) Басым желдердің болмауынан
D) Басым желдердің соғуынан
E) Ағыстардың әсерінен
2 .Жапырағының диаметрі 2 м-ге жететін өсімдік ?
А) Какао
В) Гевея
С) Хина
D) Бразилия жаңғағы
Е) Виктория-регия
3 .Маракайбо атауының Оңтүстік Америкадағы географиялық объектіге қатысы ?
А) Өзен
В) Көл
С) Үстірт
D) Жазық
Е) Сарқырама
4. Амазонканың жыл бойы суының мол болу себебі ?
А) Тауда қар көп ериді
В) Биік таудан басталады.
С) Салалары көп.
D) Экватор аймағында ағып жатыр.
Е) Амазонканың суы мол болмайды.
5. Ориноко өзенінің сарқырамасы ?
А) Игуасу
В) Анхель
С) Виктория
D) Ауграбис
Е) Тугела
6. Қай көлден мұнай өндіріледі ?
А) Титикака
В) Маракайбо
С) Виктория
D) Мичиган
Е) Танганьика
7 . Анд тауларында орналасқан тектоникалық көл?
А) Титикака
В) Маракайбо
С) Виктория
D) Мичиган
Е) Танганьика
Бағалау шкаласы:
4 – «2»
5 – «3»
6 – «4»
7 – «5»
ІІІ Жаңа сабақтың мақсатын қою
ІV Жаңа сабақты түсіндіру
Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады:
1. Ылғалды экваторлық ормандар (гилея);
2. Ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар;
3. Саванналар мен сирек ормандар;
4. Субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар;
5. Жалпақ жапырақты ормандар;
6. Субтропиктік дала (пампа);
7. Шөлейт және шөл;
8. Анд тауларындағы биіктік белдеулер.
Табиғат зонасы
Табиғат жағдайы
Топырағы
Өсімдігі
Жануарлары
Ылғалды экваторлық ормандар(гилея)мен ауыспалы ылғалды ормандар(сельвас)
Орман іші өте ыстық, әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді
Қызыл-сары ферралитті
Ағаштардың биіктігі 80 м-ге дейін жетеді. Мұнда шөптесін өсімдіктер өспейді.Лиана, папоротниктер, орхидея, гевея, бальс ағашы, хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы өседі.
Бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибара, ягуар, пуна, тоты құс, тукан, гаоцин, колибри, ұзындығы 12 м-ге жететін анаконда кездеседі. Жәндіктер өте көп
Саванналар мен сирек ормандарОриноко саваннасы –льянос, Бразилия саваннасы –кампас
Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.
Ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады
Льяноста – пальмалар, акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған.Кампоста –ағаштар аз, көбіне тікенекті кактус, мимоза, сүттіген, бөтелке ағашы, кебрачо өседі.
Пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрі, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы
V Жұмбақтар шешу
Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсiп тұр бiр басында. (Бұғы)
Қаймықпайды күштi аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Пiл)
Түрi жылқы бейнесi,
Жолақ-жолақ жейдесi. (Зебр)
VІ Практикалық жұмыс
Жануарлардың және өсімдіктердің өмір сүру ортасына қарай қоныстандыр.
VІІ Рефлексия: «Бос микрофон»
VІІІ Үйге тапсырма:
§41-42 Табиғат зоналары
Кескін картаға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын белгілеу.