Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларды Мұхит аралдарымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: ОқушыларМұхит аралдарымен танысып, оның ерекшеліктері мен маңызына біледі.Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін оянып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.
1.Оқушылар амандасады,сабаққа дайындалады.Оқушылар өзіне стикерге ізгі тілек жазып,оны сыныптастарына сыйлайды.
Үйге берілген тапсырма бойынша
1 топ Сөзжұмбақты интерактивті тақтадан көрсетіп,қарсы топтардың шешуіне ықпал жасайды.
2 топ Аустралияның табиғат зоналары тақырыбында таныстырылым көрсетеді, қосымша сұрақтарға жауап береді
3 топ Аустралия одағы тақырыбында постерлерін қорғайды,қосымша сұрақтарға жауап береді
Топтар бір-бірінің жұмыстарын смайликтер арқылы бағалап,коментарий береді.
2.Топтар кескін карталарын ауыстырып тексеріп,қателіктерін тексереді,мұғалімге жинап береді.
Тұсаукеср
Мұғалім қосымша мәлімет"Ойлану,ойға жетелейді" әдісімен сұрақтар қойып жауап алады,топқа бөледі.
1 Грек мифологиясында су патшасын кім деп атайды? Посейдон
2 Римдіктерде су патшасын кім деп атайды Нептун
3 Қазақтар су патшасын кім деп атайды Сүлеймен
Мұғалім ББҮ кестесін таратып береді. Электронды оқулықпен,кестемен жұмыс және ой қозғау стратегиясы,мәтінмен таныстыру,картамен жұмыс жасау.
Оқушылар топқа бөлінеді,топтық міндеттерін бөліседі.ББҮ кестесін алады,орындайды.
Оқушылар өтілген тақырыпты еске түсіру үшін электронды оқулықтан мұхиттар географиясы тақырыбын көреді,Ой қозғау стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беріп ,тақырыптарды байланыстыра отырып,жаңа тақырыпты ашады,мәтінммен,картамен танысады.
Негізгі бөлім
бөлім
Ойлан,бірік ,бөліс тапсырмасын орындатады.
Терминмен жұмыс кестесі
Сергіту сәті Аустралия биі
Деңгейлік тапсырма геотапсырма
Жеке ойланады,топ болып жұмыс жасайды,сыныпта таныстырады.
1 топ Мұхиттық аралдардың жер бедері және климаты
2 топ жануарлары мен өсімдіктері
3 топ Халқы және шаруашылығы
Смайликтер арқылы бағалайды,коментарий береді
Оқушылар дәптерге терминмен жұмыс жасап,геотапсырманы орындайды.
Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылап "ББҮ кестесін " талдайды ,сабаққа белсен араласқан оқушыларды атап өтіп,мадақтайды.
2.Үйге тап-ма: Тақырыпты оқу.Кескін картамен жұмыс
ББҮ Мұғалім сабақ барысында алған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады.
Терминдермен жұмыс жүргізу кесте.
Термин сөз
Анықтамасы
Топтастыру арқылы Мұхиттық аралдардың халқын түсіндіру
Халқы
Ағылшындар
Маорилер
Аборигендер
Папуастар
Кесте арқылы мұхиттық аралдардың пайда болу жолын түсіндіру.
Жанартаулық аралдар
Аралдардың басым көпшілігі осы жолмен пайда болған, ең ірісі-Гавай аралдары.
Геосинклиналдық аралдар
Екі литосфералық тақталардың жымдасу аймағында қалыптасқан, ең ірісі-Жаңа Зеландия аралдары.
Материктік аралдар
Жаңа Гвинея, Жаңа Каледония т.б.
Маржандық аралдар
Судың температурасы жыл бойы жоғары болатын екі тропиктік сызық аралығында басым.
Тірек-сызба арқылы мұхит аралдарының тарихи-географиялық ерекшеліктеріне қарай бөлінуін түсіндіру
Мұхит аралдары
Полинезия
(«Көп аралдар»)
Микронезия
(«Кіші аралдар»)
Меланезия
(«Қара аралдар»)
Геотапсырма
1. Тынық мұхитына жер шарындағы барлық ... сыйғызуға болады.
2. Тынық мұхитымен шектеспейтін материк .
3.Тынық мұхит пен Мұхит аралдарының табиғатының құпияларын зерттеген саяхатшы.
4. Мариан шұңғымасын ашқан саяхатшылары.
5. Француз әскери теңізшісі Жак Ив Кусто басшылығымен жасап шығарды.
6. Жаңа Зеландияның эндемиктері.
7.Тынық мұхитынан өтпейтін климаттық белдеу.
8.Тынық мұхитында басқа мұхиттарда кездеспейтін теңіз жануары.