І Білімділік: Табиғат кешендеріне сипаттама бере отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.
ІІ Тәрбиелік: Оқушыларға Оңтүстік Американың қайталанбас тіршлік дүниесін қорғау және сақтау шараларын түсіндіру барысында эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.
ІІІ Дамытушылық: Оқушылардың картамен, кестемен, электронды оқулықпен жұмыс жасауын одан әрі дамыту.
Көрнекіліктер: Жарты шарлар картасы, атлас, таратпа материалдар, электронды оқулық, Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы
Топқа бөлу (Оңтүстік Америкаға байланысты географиялық атауларды таңдау арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Өзендері мен көлдері (Сәйкестендіру)
ІІІ Видеоролик
Топтық жұмыс
1 топ. «Оңтүстік Американың табиғат зоналары шекараларын түсіру» (постермен жұмыс)
Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады:
1. Ылғалды экваторлық ормандар (гилея);
2. Ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар;
3. Саванналар мен сирек ормандар;
4. Субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар;
5. Жалпақ жапырақты ормандар;
6. Субтропиктік дала (пампа);
7. Шөлейт және шөл;
8. Анд тауларындағы биіктік белдеулер.
Табиғат зонасы
Табиғат жағдайы
Топырағы
Өсімдігі
Жануарлары
Ылғалды экваторлық ормандар(гилея)мен ауыспалы ылғалды ормандар(сельвас)
Орман іші өте ыстық, әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді
Қызыл-сары ферралитті
Ағаштардың биіктігі 80 м-ге дейін жетеді. Мұнда шөптесін өсімдіктер өспейді.Лиана, папоротниктер, орхидея, гевея, бальс ағашы, хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы өседі.
Бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибара, ягуар, пуна, тоты құс, тукан, гаоцин, колибри, ұзындығы 12 м-ге жететін анаконда кездеседі. Жәндіктер өте көп
Саванналар мен сирек ормандарОриноко саваннасы –льянос, Бразилия саваннасы –кампас
Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.
Ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады
Льяноста– пальмалар, акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған.Кампоста–ағаштар аз, көбіне тікенекті кактус, мимоза, сүттіген, бөтелке ағашы, кебрачо өседі.
Пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрі, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы
Субтропиктік дала(пампа)
Ла-Плато жазығын алып жатыр. Жазы ыстық, қыста температураны төмендететін желдер соғып тұрады.
Құнарлы шымды қызғылт топырақ
Пампа шөбі, қоңырбас, қамыс
Пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер.Өзен жағаларында теңіз шошқасы, терісі бағалы саз құндызы мекендейді.
Шөлейт зонасы
Қиыр оңтүстіктегі Патогония жерін қамтиды.
Сұр, қоғыр топырақ
Сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар, жастық тәріздес өсімдіктер өседі.
Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілер, пампа бұғысы, пампа мысығы, магеллан түлкісі, ірі құстар, гуанако ламасы мен пума
2 топ. «Табиғат зоналары» (ментальды карта)
3 топ. «Оңт.Американың жануарлар дүниесін жарнамалау» (таныстырылым)
4 топ. «Оңт.Американың өсімдік жамылғысы» (ТВ шоу)
ІV Топтар бірін-бірі бағалайды
1 топ «Екі жұлдыз бір ұсыныс»
2 топ «Қол белгілері арқылы»
3 топ «Қол шапалақтау»
4 топ «Стикер арқылы»
Жасыл түс - өте жақсы
Сары түс - орташа
Қызыл түс - дайындық керек
V Жаңа сабақты бекіту
«Топ викторинасы» әдісі
Бұл әдісте әр топ кезекпен кезек тақтаға шығады, қалған топтар оларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды
VI. Бағалау. Кері байланыс.
VІІ Үйге тапсырма:
§41-42 Табиғат зоналары ( мазмұндау)
Кескін картаға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын белгілеу.