Жа?а саба?ты т?сіндіру: Материктерде ??рлы?та?ы ?зіндік ерекшеліктерімен ай?ындалатын биік тау ж?йелері мен ?лан-?айыр жазы?тарды? таби?аты, д?ниеж?зілік м?хитты? тылсым таби?аты мен орасан мол таби?и ?орлары, онда?ы тере? сулы ш???ымалар мен су асты жоталары, ??рлы? климатына ?сер ететін те?із а?ыстары мен м?хит суыны? жалпы ?асиеттерін жат?ызамыз.
Жер шары бетіні? жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге те?. Ол материктер мен м?хиттар?а б?лінген. ??рлы?ты ??райтын материктер мен аралдар ?лесіне шамамен 149,1 млн км немесе б?кіл Жер бетіні? 29,2%-ы келеді.
Жер шарында барлы?ы алты материк бар. Материктер ?алыптасуы мен ?азіргі таби?ат ерекшеліктеріне с?йкес, солт?стік ж?не о?т?стік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай т?ртіппен ?арастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солт?стік Америка (24,2 млн км), О?т?стік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен М?хит аралдары (9,0 млн км-ге жуы?), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жа?алауда?ы ?айра?дар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналас?ан. Олар – жер ?ыртысында?ы ?оз?алыстар ?серінен ??рлы?ты? кейіннен б?лініп ?ал?ан б?ліктері, к?бінесе ауданы ау?ымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары ж?не т.б.). М?хиттарды? ?оз?алмалы б?ліктерінде жанартаулы? аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал суды? беткі температурасы +25С-тан жо?ары айма?тарында маржанды? аралдар (?лкен Аустрия Тос?ауыл рифі, Маржан те?ізіні? аралдары) орналас?ан. Аралдар жеке-дара ж?не топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарында?ы ірі архипелагтар ?атарына Канаданы? Арктикалы? архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.
??рлы? материктерге б?лінумен ?атар, д?ние б?ліктеріне де жіктеледі. Д?ние б?ліктері дегеніміз ??рлы?ты? ашылуы мен ?оныстану ерекшеліктеріне с?йкес шартты т?рде ажыратылатын тарихи-географиялы? ірі айма?тар. Д?ние б?ліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі д?ние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жа?а Д?ние»).
Жер шарыны? аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі д?ние б?лігіне ажырат?ан. Б?л д?ние б?ліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халы?тар – финикиялы?тарды? «эреб»-батыс, «асу»-шы?ыс деген с?здеріні? негізінде Еуропа ж?не Азия деп атал?ан. Кейінірек ашыл?ан Солт?стік ж?не О?т?стік Америка материктері таби?ат жа?дайларыны? айырмашылы?тарына ?арамастан, бірт?тас Америка д?ние б?лігіне біріктірілген. Д?ние б?ліктеріні? ??рамына к?ршілес жат?ан аралдар да енеді.
Д?ниеж?зілік м?хит.Д?ниеж?зілік м?хитты? жалпы ауданы 316 млн км, б?л Жер беті ауданыны? 70,8%-ын ??райды. Ол материктер ар?ылы т?рт м?хит айдынына б?лінеді: Тыны?, Атлант, ?нді ж?не Солт?стік М?зды м?хиттары.
Д?ниеж?зілік м?хитты? е? тере? жері – Тыны? м?хитта?ы Мариана ш???ымасы (11 022м). М?хиттар ??рлы?ты? б?ліктерімен ты?ыз байланыста бола отырып, онда?ы таби?ат жа?дайларыны? ?алыптасуына зор ы?пал жасайды.
Жа?а та?ырыпты бекіту:
С?ра?: Жер шары бетіні? жалпы ауданы ?анша млн км²?
Жауап: 510,2 млнкм²
С?ра?: Жер шарында барлы?ы ?анша материк бар ж?не оларды ата?
Просмотр содержимого документа
«Материктер мен м?хиттар географиясында нені о?ытады? »
Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясында не оқытады?
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, материктер мен мұхиттарға нақты түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту.
3. Тәрбиелік: Материктер мен мұхиттарға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, суреттер, карточкалар
Сабақтың жоспары:
№
Сабақтың кезеңдері
Берілетін уақыт (мин)
1.
Ұйымдастыру
1-2
2.
Жаңа сабақты түсіндіру
18-20
3.
Жаңа сабақты бекіту
5-6
4.
Үйге тапсырма беру
1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Жаңа сабақты түсіндіру: Материктерде құрлықтағы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын биік тау жүйелері мен ұлан-ғайыр жазықтардың табиғаты, дүниежүзілік мұхиттың тылсым табиғаты мен орасан мол табиғи қорлары, ондағы терең сулы шұңғымалар мен су асты жоталары, құрлық климатына әсер ететін теңіз ағыстары мен мұхит суының жалпы қасиеттерін жатқызамыз.
Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді.
Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.
Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).
Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.
Дүниежүзілік мұхит.Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 316 млн км, бұл Жер беті ауданының 70,8%-ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлінеді: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (11 022м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды.
Жаңа тақырыпты бекіту:
Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км²?
Жауап: 510,2 млнкм²
Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата?
Жауап: 6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика