Саба?ты? та?ырыбы: К?мір ?нерк?сібі ж?не электр энергетикасы шаруашылы?ы.
Жалпы ма?сат: К?мір ?нерк?сібі мен электр энергиясын ?ндіретін салалар туралы білу. Ел экономикасын дамытуда отын ?нерк?сібіні? ма?ызын т?сінеді. К?мір ?нерк?сібі мен ЖЭС, СЭС орталы?тары мен ?ндірілетін айма?тарды картадан аны?тай алады.
К?тілетін н?тиже: Жылу электр станциялары мен су электр станцияларыны? ??састы?ы мен айырмашылы?ын ж?не орта? ?асиетін аны?тап, ?ара?анды ж?не Екібаст?з к?мір алаптарын салыстырады.
Сабақтың тақырыбы: Көмір өнеркәсібі және электр энергетикасы шаруашылығы.
Жалпы мақсат:Көмір өнеркәсібі мен электр энергиясын өндіретін салалар туралы білу.Ел экономикасын дамытуда отын өнеркәсібінің маңызын түсінеді.Көмір өнеркәсібі мен ЖЭС, СЭС орталықтары мен өндірілетін аймақтарды картадан анықтай алады.
Күтілетін нәтиже: Жылу электр станциялары мен су электр станцияларының ұқсастығы мен айырмашылығын және ортақ қасиетін анықтап, Қарағанды және Екібастұз көмір алаптарын салыстырады.
Бағалау: Жел, күн энергиялары және жергілікті жердегі электрстансиялар мен олардың қамтамссыз етілуі туралы өз ой—пікірін жазады.
1.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?
Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу
2.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау
3. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?
Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру
4. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?
Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында
Сабақтың барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс -әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, кім жоқтығын анықтау. Сергіту арқылы оқушыларды топқа бөлу. Жеміс ағашындағы алма мен жапырақтарды таңдау арқылы 4 топқа бөлу.
Көмір тобы
Мұнай тобы
Газ тобы
Электр энергетикасы
Қарағанды
Бензин
Теңге
ЖЭС
Екібастұз
Дизель
Үстірт
МАЭС
Майкөбен
Гудрон
Имаш
АЭС
Торғай
Мазут
Атырау-Ембі
СЭС
Оқушылар топқа бөлінеді.
10 минут
Үй тапсырмасы: Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.
«Ыстық орындық» стратегиясы.
Әр топтан бір оқушы шығып ортадағы орындыққа отырады, қалған үш топтан бір сұрақтан ұсынылады.
Оқушылардан осылай үй тапсырмасы сұралады.
Бағалау критерийі
3-сұраққа толық жауап берсе « 5»
2-сұраққа жауап берсе «4»
1-сұраққа жауап берсе «3»
Оқушы топтан қойылған сұрақтарға жауап береді.
20 минут
Негізгі бөлім
Тақтаға күн жады мен жаңа сабақтың тақырыбы жазылады
Видео көрсетіп, Қазақстандағы отын өнеркәсіп орындарының орналасуын, өнеркәсіптің дамуынның негізгі бағытын анықтату
Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады
Топтық жұмыс
I-топ. Тии кестесі: Көмір өнеркәсібінің даму жағдайы мен болашағы.
II-топ. Венн диаграммасы: СЭС және ЖЭС өндіру.
III- топ. Топтастыру. Қазақстандағы баламалы энергия көздері.
IY- топ. Постер. Көмір және электр энергиясын өндіруге байланысты қандай экологиялық мәселелер туындайды.
Картамен жұмыс.
Оқушылар кескін картаға көмір мен энергетика орындарын тауып белгілейді
А)Оқушылар тақырыпты жазып алады
б)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды,оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.
8 м
инут
Қорытынды бөлім
Ой толғау
Оқушының жеке пікірі(көзқарасы)
Электр энергиясының орналасу принциптері қандай?
Неліктен біз электр энергетикасын отын өнеркәсібімен бірге қарастырамыз.
Оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.