Бөлім: Энергия және қозғалыс | Мектеп: «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-балабақша» КММ |
Күні: 05.03 | Мұғалімнің аты-жөні: Ласпаева Гульмира Хайроллаевна |
СЫНЫП: 5 сынып | Қатысқаны:16 | Қатыспағаны: |
Сабақтың тақырыбы: Энергияның өзара алмасуы. |
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | Энергияның түрленуіне және өзара алмасуына мысалдар келтіруді үйрену |
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: энергия түрлерін ажырата алады,сұраққа жауап беру. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: энергия бір түрден екінші түрге қалай ауысатынын білу. Кейбіреулері орындай алады: энергияның өзара айналымына мысал келтіріп, қосымша мәліметтер айта алу. |
Бағалау критерийлері | - энергияның түрлерін түсінеді. - энергия бір түрден екінші түрге қалай ауысатынын біледі. - энергияның өзара айналымына мысалдар келтіреді. |
Тілдік мақсаттар | Тақырып бойынша глоссарий қазақ | русский | English | энергия | энергия | energy | энергияның түрленуі | взаимопревращение энергии | Interchange of energy | Арнайы пәндік лексика және терминология: энергия, энергияның түрленуі, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, жылу энергиясы, электр энергиясы, жарық энергиясы. |
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмысқа қатыстыру арқылы бірлесе жұмыс жасауға баулу, өз пікірін дәлелдеуге және басқалардың пікірін сыйлауға тәрбиелеу «Мәңгілік ел» құндылықтарын айта отырып, патриоттық тәрбие беру. |
Пән аралық байланыс | Физика пәндерінің кейбір элементтері |
АКТ | Power Point презентациясы, бейнежазба |
Бастапқы білім | Энергия түрлері, жылудың ұлғаюы, энергия, судың аномальды жылу қасиеттері. |
Сабақтың басы |
Уақыт жоспарлау | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар |
Сабақтың басы 1-3 минут 4-7 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларға бірнеше жаттығуларды жасату, соңында алақандарын бір-бірімен ысқылау. Нәтижесінде болған өзгерісті сипаттау (жылудың бөлінуі). Оқушыларға «INSERT» кестесі таратылады. Мақсаты: Оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру. Шарты: Сабақта түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:V білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді. Кесте жүйесі бойынша сабақ соңына дейін жұмыс жасайды. Топқа бөлу: «Атом-молекула ойыны». Мақсаты: өзара әрекетті ұйымдастыру. Шарты: Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. «Миға шабуыл» әдісі Энергия дегеніміз не? Энергияның қанша түрін білесіңдер? Энергияға ие болатын денелердің мысалдарын келтіріңдер. | «INSERT» кестесі
«Миға шабуыл» әдісі Сұрақ-жауап ДТ оқушыларға қосымша картотека үлестіру. |
Сабақтың ортасы 8-16 минут 17-20 минут | Топтық жұмыс: Оқушылар мәтінді оқи отырып, топ мүшелері бір-біріне түсіндіреді. Топта өз ойларымен бөлісе алады. “Екі жұлдыз, бір тілек” стратегиясы Екі жұлдыз = екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы); Бір тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе. «Қар кесегі» әдісі. Мақсаты: Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді. Шарты: Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады. | Топтық жұмыс “Екі жұлдыз, бір тілек” стратегиясы «Қар кесегі» әдісі. |
20-27мин | Топтық жұмыс. Төмендегі берілген суреттер бойынша энергияның өзара айналымына мысалдар келтіріңіз. Дескриптор Білім алушы - мәтіндегі табиғаттағы энергиялардың өзара айналуын білдіретін қажетті сөздерді табады. - сурет бойынша табиғаттағы энергиялардың өзара айналымын мысалдармен көрсетеді; - энергияның өзара айналымдарын сипаттайды. | Топтық жұмыс. Power Point презентациясы |
Сабақтың соңы 28-35 минут 36-38 минут 39-40 минут | Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Өз жұмысыңды бағала: «Білім ағашы» стикерге жазу. Бағалау: «INSERT» кестесі V білемін | + жаңалық; | - білмеймін; | ? білгім келеді. | | | | | Үйге тапсырма. Оқулықтағы (88-89 бет) сурет бойынша 3 нұсқадан тұратын тест құрастыру. | «Білім ағашы» әдісі «INSERT» кестесі Тест құрау |
Қосымша ақпарат |
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелері |
Уақытты үнемді пайдалану, оқушыларға берілген тапсырмалар мен әдістерді қолдану арқылы даралық ерекшеліктері дамыды. | «Сұрақ-жауап», «Қар кесегі», “Екі жұлдыз, бір тілек” стратегиясы, «Миға шабуыл», «INSERT» кестесі, «Білім ағашы» әдісі, топтық жұмыс. | Оқушыларға партада дұрыс отыру және қозғалыс ережелері туралы түсінік берілді. Энергияны дұрыс пайдалану. Қауіпсіздік ережесін сақтау. |
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |