kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Құрлықтағы таулар,олардың жіктелуі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақта оқушылар таулардың түзілуі, жіктелуі туралы мәлімет алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Құрлықтағы таулар,олардың жіктелуі»

География 6 сынып.

Тақырыбы: Құрлықтағы таулар,олардың жіктелуі.

Мақсаты:

а) білімділік:Құрлық таулары туралы білу,олар жайлы толық мағлұмат алу.

ә)дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелілік: ұжымдастық, ынтымақтастықты дамыту, өзгенің пікірін тыңдауға үйрену.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.

Сабақтың әдісі: баяндау,топтық жұмыс, сұрақ – жауап, интербелсенді тақтамен жұмыс.

Көрнекілік: Дүние жүзінің физикалық картасы, слайд, бейнебаян, интербелсенді тақта, Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесіп, жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы.

1.Жанартау дегеніміз не ?

2. Жанартадың түрлерін ата?

3. Лава дегеніміз не,ол қалай пайда болады?.

4. Кратер мен көмедің айырмашылығы неде?

5.Сөнген жанартау мен сөнбеген жанартауды қалай ажыратамыз?


3. Жаңа сабақ .

Тay бір аңыз,
Тау - дастан.
Таусылмаған әу бастан.
Тоқтап қалған керуен,
Бір-бірімен жалғасқан.
Жетер жерге жеткенде,
Керуенші кеткенде,
Шығыс пен Батысты,
Жалғастырып шөккен бе?
Бұлттан бұйда тағынып,
Көктен көрпе жамылып,
Таулар жатыр аңырып,
Сапарларын сағынып.
Жетер жерге жеткесін,
Мәңгілікке шөккесін!
Оятпаңдар, байқаңдар!
Таулар тұрып кетпесін,
Тау бір аңыз,
Тау - дастан.
Таусылмаған әу бастан.
Ана - Жердің төсіне,
Алып сәби жармасқан.

М.Мақатаев



Таулар - жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі. Ұзындығы жүздеген, мыңдаған км-ге дейін созылады.

Таулар алып жатқан көлеміне, құрылымына, жасына қарай: жота, тау жүйесі,тау массиві, таулы қырат, таулы үстірт, тау сілемдері болып бөлінеді.

Таулар пайда болуына қарай екіге бөлінеді: қатпарлы, қатпарлы –жақпарлы таулар.

Бейнебаян «Әлемдегі ең биік таулар»

1.Жердің ішкі күштерінің әсерінен әртүрлі жыныстардан тұратын қабаттары майысып, қатпарларға бүктеледі. Осындай таулардағы жоғары қарай иілген жерлер қатпарлы тау жоталарын құрайды. Мысылы оларға Кавказ, Альпі, Кордильер таулары жатады.

2. Тау жыныстарының қатпарлануға ұшыраған қабаттары үлкен қысымның әсерінен алғашқы иілгіштік қасиетін жоғалтады. Сондықтан таулар екінші қайтара тау жасалу қысымына ұшыраған жағдайда, жарықтармен бөлшектенеді. Жарықтарды бойлдап жоғары- төмен қозғалысының нәтижесінде қатпарлы – жақпарлы таулар пайда болады. Қатпарлы- жақпарлы тауларға Тянь- Шань, Алтай таулары мысал бола алады.


Слайдта таулардың түзілуі мен өзгеруі туралы мәлімет беріледі.


Оқушыларды таулардың атауларын тарату арқылы 3 топқа бөледі.

І топ –«Гималай», ІІ топ –«Кордильер», ІІІ топ- «Алатау»

1 тапсырма «Адасқан әріптер». Әріптерді дұрыс қою арқылы тауларды атаулары шығады.

ПІАЛЬ –АЛЬПІ

ПАТКАР- КАРПАТ

ТАЙАЛ – АЛТАЙ

ЗИЯФУДМА- ФУДЗИЯМА

ЕРДИЛЬКОР- КОРДИЛЬЕР

ЛАЙМАГИ- ГИМАЛАЙ

МИРПА-ПАМИР

КАЗКАВ-КАВКАЗ

НАД- АНД



2 тапсырма «Геодиктант»

  1. Жер бетінің ерекше биік бөлігін.............. деп атаймыз.

  2. 2.Таулар тізбектеліп тау................ құрайды.

  3. Таулар биіктігіне қарай ........,...............,............. болып бөлінеді.

  4. Жер шарындағы ең биік тау.................

  5. Сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстарының өзгеруі......... деп атайды.

  6. Әлемдегі ең ұзын ...................тауы.



  1. тапсырма Жер шарының биік тауларын анықтау.

Биік таулар

Биік нүктелері

Орналасқан материгі

Гималай

8848м

Еуразия

Анд



Кордилера



Карпат



Кавказ



Тянь-Шань



Аппалач



Алатау



Памир



Мак-Кинли



Альпі





ІҮ тапсырма материктердің ең биік нүктелерін табу, көрсету.


Сергіту сәті: Интербелсенді тақтада көрсетілген би қимылдарын қайталату арқылы балаларды сергіту, көңіл-күйлерін көтеру.

Бекіту:

Топтар постер қорғайды.

Қорытынды:

INSERT әдісі арқылы.


Бағалау. Топбасшылары тобындағы оқушыларды бағалайды.

.Үйге тапсырма: §23 оқу, реферат жазып келу.



Ерназаров Қанатбек Қайырбекұлы

121 орта мектептің география пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Құрлықтағы таулар,олардың жіктелуі

Автор: Ерназаров Қанатбек Қайырбекұлы

Дата: 10.04.2017

Номер свидетельства: 408121


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства