kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстанның аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жауын-шашын түрлерімен таныса отырып, олардың пайда болуы мен сипатына тоқталу нәтижесінде атмосфералық жауын-шашын туралы түсінікті қалыптастыру. Өткен сабақтардың негізінде ауа температурасының өзгеру себептері мен оның мазмұнын, маңыздылығын ұғындыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстанның аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы»


Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы

Сабақтың мақсаты

Жауын-шашын түрлерімен таныса отырып, олардың пайда болуы мен сипатына тоқталу нәтижесінде атмосфералық жауын-шашын туралы түсінікті қалыптастыру. Өткен сабақтардың негізінде ауа температурасының өзгеру себептері мен оның мазмұнын, маңыздылығын ұғындыру.

Күтілетін нәтиже

Атмосфералық жауын -шашынды өлшеуді, есептеуді үйренеді.Атмосфераның құбылыстарымен танысу арқылы , оны қорғау мәселелерін қарастырады.

7 модульдің қолданылуы

Омен ОЖТ; СТОҮ; ОБжәне К; ОҮБжОБ; АКТ; ТжДБО; ОЖЕСОжО;

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сын тұрғыдан ойлау Ой қозғау Неліктен? Мәтінмен жұмыс Картамен жұмыс

Ыстық орындық “Ойлан,жұптас,пікірлес“


Қолданылатын ресурстар

Интерактивті тақта, Қазақстанның физикалық, климат картасы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушыларды қыс, көктем, жаз, күз топтарға біріктіру. Психологиялық дайындық 4 мезгілге байланысты А. Құнанбаевтің өлең жолдарымен.



Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Көпір тапсырма-лары

Сын тұрғыдан ойлау

Өлең жолдарынан табиғаттағы жауын-шашын түрлерін анықтату.

Жаңбыр,қар, тұман,ыстық, қапырық т.б.

Білу

Ой қозғау

1.Қазақстан жерінде ауа температурасы қалай таралған?

2.Қазақстанда ең суық ай және жылы айды ата?

3.Инверсия дегеніміз не?

4.Амплитуда дегеніміз не?

5. Күн радиациясы және түрлері?

6. Қазақстан аумағына

әсер ететін ауа массалары

7. Қазақстан аумағында соғатын желдерді ата?

8.Изобар дегеніміз не?


Түсіну

Неліктен?

Қазақстанның барлық жерінде ауа райы бірдей емес?


Қолдану


Мәтінмен жұмыс “Ойлан, жұптас, пікірлес“

“Ойлан, жұптас, пікірлес“Мәтін бойынша сызбаны толтыру, ойын ортаға салып, пікір бөлісу.

Термин сөздермен жұмыс

Қар жамылғысы

Аймақтар Қардың жату ұзақтығы Қар қалыңдығы

Солтүстікте

Оңтүстікте

Таулы аймақтарда (Іле Алатауындағы Мыңжылқыда)

Ылғалдану коэффициенті

Ылғалдану коэффициенті – жылдық жауын - шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын айтады.

Ылғадану коэффициенті – К.

Жылдық жауын - шашын мөлшері – Ж.

Буланушылық – Б.

К=Ж/Б

К1 ылғал артығымен

К

К=1 ылғал жеткілікті

Ылғалдану коэффициентінің маңызы:

1. Жылу мен ылғал мөлшері арасындағы байланысты анықтайды.

2. Табиғат зоналарының таралу заңдылықтарын түсіндіруге мүмкіндік береді.

3. Ылғал сүйгіш және қуаншылыққа төзімді дақылдарды өсіретін жерлерді тиімді тандауға мүмкіндік береді.

Терминдермен жұмыс

Изогетта – жауын - шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар.

Қышқылды жаңбыр – күкірт пен азот қосындысы бар жаңбыр.

Синоптикалық метеорология – ауа райын зерттейтін ғылым.

Ылғалдану коэффициенті – жауын - шашынның буланушылыққа қатынасы.

Радиозонд – арнайы қадағалау тетіктері бар құрал.

Булану – судың сұйық күйден газ күйіне өтуі.

Буланушылық – су қоры жеткілікті жағдайдағы булану мүмкіндігі.

Энциклопедия беттерінен

1. 1907 - 1908 жылы алғашқы қышқылдық жауын Англияда байқалған.

2. Қышқылдық жауын - шашындар Скандинавия елдеріне, Англия, Бельгия, Дания, Польша елдеріне тән.

3. 1911 жылы ең қалың қар – 11, 46 м Калифорнияда тіркелді. 1921 жылы 14 - 15 сәуір Колорадо қалың қар бір тәулік ішінде 1, 93 м құрады.


Өзіңізге қатты әсер еткен жері

Мәселенің себебі неліктен солай?

Талдау

Картамен жұмыс

І топ

1. Қазақстан жеріне жауын - шашынның аз және әркелкі түсуінің себебі неде?

2. Қазақстандағы жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері қанша?

3. Әсіресе, Қазақстанның қай аймақтарына жауын - шашын өте аз түседі?

4. Қазақстандағы жауын - шашын ең көп түсетін жерді ата

5. Республикамыздың жазық және аласа таулы өлкелерінде жауын - шашын қай бағытқа қарай кемиді?

ІІ топ

1. Солтүстіктегі жауын - шашынның орташа мөлшері қанша?

2. Орталықтағы жауын - шашынның орташа мөлшері қанша?

3. Оңтүстіктегі жауын - шашынның орташа мөлшері қанша?

4. Қазақстанда жауын - шашын мөлшері батыстан шығысқа қарай қалай өзгереді

5. Республикамыздың қай аймақтары ылғалды өңір саналады?

ІІІ топ

1. Солтүстік өңірлерге жауын - шашынның 70 - 80%- ы жылдың қай мезгілінде түседі?

2.«Құрғақ жаңбыр» деген не?

3 Қазақстанның қай жерлерінде байқалады?

4. Еліміздің солтүстігінде жылдық жауын - шашынның қанша пайызы қыста түседі? 5. Еліміздің оңтүстігінде жылдық жауын - шашынның қанша пайызы қыста түседі?

IV топ Сәйкестендіру

1.Қыста аязда тартылған сымға тұрып қалатын мұз қиыршықтары.

2.Күзде жанасқан заттарға ауадан бөлінетін су тамшылары.

3. Бұлттан температура 0 градустан төмен болғанда түсетін жауын- шашын түрі.

4.Қүзде , қыста ауа температурасы төмендеп кеткен кезде , заттарға тұрып қалатын кристалды мұз.

5.Бұлттан сұйық күйінде түсетін жауын- шашын түрі.

Жауаптары: А.қар Б.Жаңбыр

В.Қырау Г.Шық Д. Қылау

1. Қазақстан жеріне жауын - шашынның аз және әркелкі түсуінін себебі Евразия материгінің орталығында орналасуы және мұхиттардан алыс жатуы.

2. Қазақстандағы жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері 130 - 1600 мм.

3. Қазақстанда Арал теңізінің солтүстік шығысымен Балқаш көлінің батыс бөлігіне жауын - шашын өте аз түседі.

4. Қазақстандағы жауын - шашын ең көп түсетін жер Батыс Алтай.

5. Жазық және аласа таулы өлкелерде жауын - шашын солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді.

6. Солтүстіктегі жауын - шашынның орташа мөлшері 400 мм.

7. Орталықтағы жауын - шашынның орташа мөлшері 275 мм.

8. Оңтүстіктегі жауын - шашынның орташа мөлшері 130 мм.

9. Қазақстанда жауын - шашын мөлшері батыстан шығысқа қарай кеми береді.

10. Республикамыздың шығыс және оңтүстік - шығыстағы таулы аймағы ылғалды.

11. Солтүстік аймаққа жауын - шашынның 70 - 80% жылы мезгілде түседі.

12. Жаңбыр тамшыларының жер бетіне түспей, ауада буланып кетуі құрғақ жаңбыр деп аталады. Құрғақ жаңбыр оңтүстікте байқалады.

13. Еліміздің солтүстігінде жылдық жауын - шашынның 20 - 30% қыста түседі.

14. Еліміздің оңтүстігінде жылдық жауын - шашынның 50 - 60% қыста түседі.

Қар жамылғысы

Аймақтар Қардың жату ұзақтығы Қар қалыңдығы


Жауабы: 1-Д, 2- Г, 3- А, 4-В, 5-Б

Жинақтау

Ыстық орындық

1.Сіз қала немесе ауыл әкімісіз сіздің қарамағыңыздағы елді мекенді қар немесе су басқалы жатыр, не істер едіңіз?

2.Сіздің ауылыңызда су басуға байланысты қандай шаралар жасалды және жасалуда? Сіз не қосар едіңіз?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Бағалау

Сабаққа кері байланыс жасау

Үйрендім Қиын болды Түсінбедім

Смайликтер арқылы бағалау.

Оқушылар өз ойларын жазып қалдырады.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақстанның аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы

Автор: Тургунбекова Акбаян Нурлыхановна

Дата: 03.01.2017

Номер свидетельства: 374980


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства