Оқушыларға Қазақстандағы биік таулардың географиялық орны мен геологиялық құрылысынының ерекшеліктерін ұғындыру.
Просмотр содержимого документа
«Қазақстандағы биік таулы өлкелер»
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы биік таулы өлкелер
Сабақтың мақсаттары:
А) білімділік: Оқушыларға Қазақстандағы биік таулардың географиялық орны, геологиялық құрылысының ерекшеліктерін ұғындыру.
Ә) дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын айта білу, жан – жақты ойлау, топпен жұмыс жасау
қабілеттерін дамыту.
Б) тәрбиелік: Танымдық іс – әрекетін, өзіндік жұмыстарды тез орындауға үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа білім меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, қосымша деректер, интернет материалдары, Атлас, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Ынтымақтастаық атмосферасын құру, Сынып ережесін бекітіп алу, сынып ережесін сақтауды ескерту. Сыныпты тау суреттері арқылы екі топқа бөлу.
І топ «Сарыарқа» ІІ топ «Тянь - Шань»
Ойсергек: «Өз тобыңдағыларға тілегенді – басқа топтағыларға да тіле» ойыны.
Балаларға бағалау парағы беріледі. Өзін – өзі бағалайды.
ІІ. Ойқозғау. «Қарлы кесек» ойыны арқылы
Тау дегеніміз не?
Биіктігіне қарай таулар нешеге бөлінеді?
Аласа таулы өлке деп нені айтамыз?
Оларға қандай таулар жатады?
Орал тауының Қазақстан жеріндегі жалғасы? (Мұғалжар)
Мұғалжар тауының биік нүктесі? (Үлкен Боқтыбай 657 м)
Қазақстанның ең төмен нүктесі қайда орналасқан?
(Маңғыстау түбегіндегі – Қарақия ойысы, теңіз деңгейінен – 132 м төмен орналасқан )
Сарыарқа тауының биік нүктесі? (Қызыларай тауындағы Ақсораң тауы 1565 м)
Маңғыстау тауының биік нүктесі? (бесшоқы деп аталады. Биіктігі 556 м)
Сарыарқа өңірі әлемдік сұранысқа ие қандай пайдалы қазбаларға бай деп ойлайсыңдар?
Сарыарқа өңіріндегі су проблемасының туындауын немен түсіндіресіңдер, оны шешу жолдары қандай?
Қазақстанның Швейцариясы деп қандай тауды айтамыз, неліктен?
Сарыарқа қазақтың байлығының көзі, өнер мен мәдениеттің, тарихтың кеніші. Осы өлкеде дүниеге келген асыл тұлғаларды атаңдар?
ІІІ. Мағынаны тану.
Экраннан «Қазақстанның биік таулары» туралы видео-ролик көрсету.
2 топқа Ресурс тарату. «Қазақстанның биік таулары».
І топ. Алтай, Жоңғар Алатауы «Топтастыру».
ІІ топ. Тянь – Шань, Сауыр – Тарбағатай «Тірек сызба». Әрбір топ тапсырмаларын қорғайды (презентациялау).
Картамен жұмыс.
Картадан аласа таулар мен биік тауларды көрсету.
IV. Сабақты бекіту: Венн диаграммасы
Сарыарқа Ұқсастығы Алтай
Тау
Биік тау
Биік шыңы
Аласа тау
Биік шыңы
V. Сабақты қорытындылау. Рефлексия (ауызша).
Алтайды әлемдік туризм орталығына айналдыруға менің көзқарасым ...
VI. Сабақты бағалау. Бағалау парағы арқылы оқушылар өз – өзін бағалайды және екі топ бірін – бірі бағалайды.
VII. үйге тапсырма: § оқу. Биік тауларды кескін картаға түсіру.