kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыс?а мерзімді саба? жоспары "Материкті? таби?ат зоналары.Анды тауында?ы биіктік белдеулік." 7 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Апта 3

К?ні.1

Саба? 5

Саба?ты? атауы

Материкті? таби?ат зоналары.Анды тауында?ы биіктік белдеулік.

Сілтеме

Материктер мен м?хиттар географиясы 7-сынып  157-163 беттер,7сынып?а арнал?ан атлас картасы. т.б. интернет к?здері.

Жалпы ма?саты

Таби?ат кешендеріне сипаттама бере отырып,  ыл?алды экваторлы? ормандар зонасы, саванналар ж?не сирек ормандар зонасын о?ушылармен біріге отырып талдау. О?ушылар?а ?р т?рлі бейне материалдар ж?не слайдтар к?рсете отырып ойларын одан ?рі дамыту. О?ушылар?а тапсырмалар беру ар?ылы топпен ж?мыс жасау?а да?дыландыру. О?ушылар?а О?т?стік Американы?  ?айталанбас тіршілік д?ниесін ?ор?ау барысында ж?не са?тау шараларын т?сіндіру барысында экологиялы? т?рбие беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыс?а мерзімді саба? жоспары "Материкті? таби?ат зоналары.Анды тауында?ы биіктік белдеулік." 7 сынып »

Апта 3

Күні.1

Сабақ 5

Сабақтың атауы

Материктің табиғат зоналары.Анды тауындағы биіктік белдеулік.

Сілтеме

Материктер мен мұхиттар географиясы 7-сынып 157-163 беттер,7сыныпқа арналған атлас картасы. т.б. интернет көздері.

Жалпы мақсаты

Табиғат кешендеріне сипаттама бере отырып, ылғалды экваторлық ормандар зонасы, саванналар және сирек ормандар зонасын оқушылармен біріге отырып талдау. Оқушыларға әр түрлі бейне материалдар және слайдтар көрсете отырып ойларын одан әрі дамыту. Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы топпен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушыларға Оңтүстік Американың қайталанбас тіршілік дүниесін қорғау барысында және сақтау шараларын түсіндіру барысында экологиялық тәрбие беру.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері


Оңтүстік Американың табиғат зоналарының негізгі ерекшеліктерін оқушыларға бағыт бағдар бере отырып топаралық талқыға салу.Әрбір белдеудегі климат жағдайына байланыста өсімдіктер мен жануарлардың бейімделу ерекшеліктерін анықтату.Жазықтықтағы табиғат зоналарымен қатар Анд тауындағы биіктік белдеулерінің ерекшеліктерін ажырата білуіне назар аудару.

Жаңа материалды оқып үйрену жоспары:

  • Оңтүстік Американың табиғат зоналары

  • Оңтүстік Американың сельвасы

  • Саванналары (льянос пен кампос) және сирек ормандары

  • «Табиғат зоналары » сызбасымен жұмыс жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар




  1. Әр топ өз бетімен ізденіп, мәтінді оқи отырып оны практикада қолдана білдіруге дағдыландыру.Сонымен қатар сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін ең бірінші туындаған идея, ол Оңтүстік Американың физикалық картасын және оқулықты пайдалана отырып,төмендегі кестені толтыру керек.(топтық жұмыс)

    Табиғат зоналары

    Географиялық орны (алып жатқан жері)

    Топырағы

    Жануары

    Өсімдігі

    Қай климаттық белдеуде орналасқан

    Ылғалды экваторлық ормандар

    Экватордың солтүстігі және оңтүстігіне қара й ауыспалы ылғалды болып ауысады

    Қызыл феролитті,


    Ягуар,пума,

    калибри,т.б

    қалың орман-сельвас,орхидея

    ,хинат.б

    Экваторлық және субэкваторлық

    Белдеулер

    Ауыспалы ылғалды ормандар






    Саванналар мен сирек ормандар






    Субтропиктік дала






    Шолейт зонасы






    Анд тауларындағы биіктік белдеулері






  2. Әрбір тоақа берілген табиғат зонасы кескін картасын топ ішінде талдай отырып кестені толтыру(топтық жұмыс)

  3. Сәйкестерді тап (топтық жұмыс)

Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер Материктер мен мұхиттар географиясы 7-сынып 157-163 беттер,7сыныпқа арналған атлас картасы. т.б. интернет көздері

1.Үйге берілген сабақты еске түсіру..

Алап

Өзен

Бастауы

Сағасы

Қоректену көздері

Өзеннің режимі


Амазннка






Парана






Ориноко






Магдалена





8-9 қосымшада берілген тапсырмаларды кескін картаға түсіру. (жеке жұмыс)

Әр оқушы өзінің кескін картасына қосымшада көрсетілген ірі өзендерді және сарқырамаларды түсіреді.

Топ аралық сұрақтар.

(7 минут)

 2. Мәтінмен жұмыс және еске түсіруге арналған сұрақтар.

1.Оңтүстік Америкада қандай табиғат зоналары кездеседі?

2.Неге Американың орман зонасы д.ж ең үлкені болып саналады?

3.Ылғалды экваторлық ормандарға қанда өсімдіктер тән?.

4.Саванна өсімдік жамылғылыарының ылғалды экваторлық ормандарынан айырмашылығы қандай?

Мәтінді оқып шығып, түрлі тапсырмалар аясында тақырыпт ымеңгерту. /Әр зонаның ерекшеліктеріне тоқталу және әр топ бір–біріне әр түрлі деңгейдегі сұрақтар дайындау.

Материктің табиғат зоналары.Анды тауындағы биіктік белдеулік.

Құрлықтың топырақ-өсімдік жамылғысының қалыптасуы мен таралуы ең алдымен ылғалдану дәрежесіне тәуелді. Ұзақ уақыт құрлық жеке дара дамыған, органикалық дүниенің эндемизмі өте жоғары. Флоралық құрамы жағынан құрлықтың көпшілік бөлігі Неотропиктік, қиыр оңтүстік Голантарктикалық әлемге жатады. Неотропиктік әлем бес флоралық облысқа бөлінеді (Кариб, Гвиана, Амазона, Бразилия, Анд) және мезозойдан бері қалыптасқан көп түрлі өсімдіктердің эндемик формалардың көптігімен ерекшеленеді. Қазіргі флора бір кездегі Гондвана құрлығындағы ежелгі қоңыржай флора қалдығы мен неотропиктік флора өкілдерінің араласуынан қалыптасқан. Өсімдік түрлерінің 75%-ы эндемиктерге жатады. Олардың ішінен оңтүстік мәңгі жасыл шамшаты, бал пальмасы, чили араукарийі ерекше көзге түседі. Өсімдік жамылғысының таралуында белдемділік айқын байқалады. Құрлықтың көпшілік бөлігін құрамы мен аумағы жөнінен дүние жүзінде теңдесі жоқ ылғалды тропиктік орман алып жатыр. Орман өте тығыз, тек қана ағаштың 4000-ға жуық түрі бар, ағаштары бірнеше қабатты болып келеді, биіктігі 80 м, кейде 100 м-ге дейін жетеді. Оларға шарап пальмасы, алып сейба, жакаранда, пау-бразил, гуаякан, гевея, хинн ағашы, бразилия жаңғағы, какао, т.б. жатады. Бұл орман лианалар мен эпифиттерге өте бай, әсіресе, әдемі гүл ашатын хош иісті орхидеялардың 5 мыңнан астам түрі бар. Ылғалды тропиктік ормандар түр құрамы онша өзгеріске ұшырамастан 1000 – 1500 м биіктікке дейін көтеріледі. Бразилия таулы үстіртіндегі қызыл ферралитті топырақтағы саванна “кампос” деп аталады. Оның шөптесін бөлігі биік астық тұқымдастардан, бұршақ тұқымдастар мен күрделі гүлділерден, ағаштар қолшатыр тәрізді бөрікбасты мимозадан, кактустен, сүттігеннен құралады. Бразилияның солтүстік-шығысында балауыз беретін карнауба пальмасы өседі. Солт. бөлігінің Ориноко ойпатындағы пальмалы саваннаны “льянос” дейді. Қара шірікке бай, құнарлы саваннаның көп бөлігі кофе ағашы, мақта, банан, какао, маниок сияқты мәдени өсімдіктер өсірілетін плантацияларға айналған. Патагония жері қоңыржай климаттық белдеуге кіреді, оның батыс желдер жолында жатқан Патагония Андысында мәңгі жасыл субантарктикалық ылғалды орман таралған. Сонымен қатар лиана, мүк, қына, ағаш тәрізді папоротник, бамбук, магнолия кездеседі. Патагония үстіртіндегі құрғақ дала мен шөлейт белдемінде сұр-қоңыр тұзды топырақта биік шөптесін және ксерофитті бұталар мен аласа кактус басым өседі. Оңтүстік Америка көптеген бағалы ағаштар мен пайдалы өсімдіктердің отаны болып есептеледі. Оларға картоп, маниок, арахис, ананас, какао, томат, асқабақ сияқты мәдени өсімдіктер мен бромелия, настурция, канна, кактус сияқты бөлме және бақша өсімдіктері нақты дәлел болады. (7 минут)

3. Оңтүстік Американың физикалық картасын және оқулықты пайдалана отырып,төмендегі кестені толтыру керек.(топпен жұмыс)

Табиғат зоналары

Географиялық орны (алып жатқан жері)

Топырағы

Жануары

Өсімдігі

Қай климаттық белдеуде орналасқан

Ылғалды экваторлық ормандар






Ауыспалы ылғалды ормандар






Саванналар мен сирек ормандар






Субтропиктік дала






Шолейт зонасы






Анд тауларындағы биіктік белдеулері






(7 минут)

4. .Әрбір топқа берілген табиғат зонасы кескін картасын топ ішінде талдай отырып кестені толтыру(топтық жұмыс)


Льянос саваннасы............

...........................................

Өзен аңғарларындағы шөптесін өсімдіктер – тізбекті ормандар, маврикиялық пальма.......


Сельва () – орман Кампос саваннасы............

...........................................


Араукария- акация, йерба-мате бұтасы().........

...........................................





Пампа................................

Пампа шөбі, жабайы тары, ақ селеу, ирис гүлі, бұршақ тұқымдас өсімдіктер..........................

...........................................


Шөл зонасы


Кебрачо («балта сынар») ........................

5. Жаңа атаулармен жұмыс әр топқа берілген кестеге жаңа атаулардың мазмұнын жазыңдар(топтық жұмыс)

6. Сәйкестерді табыңдар (топтық жұмыс)

ГИЛЕЯ

Құнарлы қызыл шым топырақта орналасқан шөптесін өсімдік басқан жазық

ПАМПА

Бразилия саваннасы

СЕЛЬВА

Ориноко саваннасы

ЛЬЯНОС

Ылғалдыэкваторлық ормандар

КАМПОС

Ит тұмсығы батпайтын ылғалды ормандар

ПАРАМОС

Биік таулы жердегі шалғын

(7 минут)

Сабақ бойынша жазбалары: Сабақ соңында әр топ бірін-бірі бағалайды және мұғалім жеке тапсырмалар бойынша оқушыларды бағалайды.Оқушылар $41 тапсырманы қайталап картамен жұмыстарын аяқтап келеді.

(4 минут)

Сабақты талдау:








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Автор: Мамлеева Жибек Сарсенбековна

Дата: 13.05.2015

Номер свидетельства: 210832


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства