Көрнекі-құралдар:Жануарлардың суреттері, түрлі - түсті қағаз, үлестірмелі құралдар, тақта, бор, субояу, қылқалам.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Сәлемдесу: Сәлемдесейік иіліп
Жылы жүзбен жымиып
Қызығы мол сабақта
Ойнайықта күлейік.
Мұғалім керуен туралы түсінік береді.
Біздер қазір бір жерден екінші жерге бару үшін әр түрлі көліктерді: ұшақ,
кеме, автомобиль түрлерін пайдаланамыз. Ертеде техника жоқ кезде ата – бабаларымыз көлік ретінде түйе, жылқы, өгізді пайдаланған.Ел қыстаудан жайлауға көшкенде, базарға барып зат әкелгенде жылқы және түйелерден құралған керуендермен жүрген.Түйелердің күші көп болғандықтан оларға ауыр жүк тиеуге болады.Түйе шөлге де төзімді келеді.Ал жылқы малы жүйрік келеді т.б мәліметтерді айту. Сұрақ – жауап арқылы жылқы мен түйе туралы, олардың төлдері , олардан алынатын өнімдер туралы әңгімелеу.
Суретпен жұмыс:Түйе мен жылқының әрқайсысының тұсына төлдері мен олардан алынатын өнімдердің суретін тауып ілу.
Жаңа тақырыпқа кіріспе: а) Мозайка құрастырамыз.
Сергіту сәті: Бойды бүкпей тік ұста
Еркін тұрып тыныста.
Жай он қолды оң жаққа,
Жай сол қолды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай,
Екі шеңбер сызғандай.
Сәл тынығып байқа да,
Он шақты рет қайтала.
II апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару. Суреттер көрсету.
Релаксация «Тыныштық әлемінде».
Мақсаты:Бала бойында сабырлылықты, ұстамдылықты қалыптастыру.Көзімізді жұмамыз. Денеміздегі қысымды жіберіп, денемізді бос қоямыз. Баршамыз жанға жайлы үлкен бір тыныштық әлемінде ұшып жүрміз. Керемет, өте тамаша, бұнда біз өзімізді өте еркін таңғажайып сезінеміз. Біздің барлық денеміз көзіміз, бетіміз, кірпігіміз, аяқ-қолымыз түгелдей дем алып жатыр. Мен осы әлемде еріп жұмсақ жылылыққа айналып бара жатқандаймын.Мен өзімнің жеңілдегенімді сезіп көгілдір мұхит үстінде ұшып барамын.Айнала өте әдемі. Алыстағы өте әдемі таулар, көгілдір мұхит, жасыл орман бәрі менің жанымда. Бұлттарға көтерілуге болады. Мен сол бұлттарға көтеріліп қуаныш сезімін сезініп тұрмын. Міне менің жүрегімде қуанғаннан алып-ұшып соғып тұр. Бұл менің бақытты кездегі қуанғанда соғатын жүрек қағысым. Тіпті тоқтар емес, тоқтай алар емес.Маған өте жайлы және қолайлы. Мен сабырлымын және керемет дем алып тыныштық әлемінде ұшып жүрмін.Барлық табиғат сайраған құс, жүгірген аң, жәндіктерде бәрі-бәрі менің сабырлы болғанымды қалап тұрғандай. Тыныштық әлемі өте тамаша, жайлы, қолайлы, керемет. Жайлап көзімізді ашып орнымызға қайтамыз.
Балалар релаксация бойынша алған әсерлерін әңгімелейді.
Жұмбақтар жасырылады.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой.)
От басында құмған,
Екі көзін жұмған. (Мысық.)
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-да шу. (Түлкі.)
Бір аң бар қайраты көп, болған күшті
Басынан өткізеді әрбір күшті. (Арыстан.)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе.)
Балалар көріп отырғанымыздай біздің бүгінгі тақырыбымыз «Жануарлар». Жалпы жануарлар дала жануарлары және үй жануарлары болып екі түрге бөлінеді.Үй жануарларына сиыр, қой, екші, жылқы, түйе жатады.
Түйенің төлі - бота Жылқының төлі - құлын Сиырдың төлі - бұзау Қойдың төлі - қозы Ешкінің төлі - лақ.-деп аталады.Үй жануарлары бізге ет, сүт береді.Жылқы малын ертеде көлік ретінде пайдаланған.Олардың адам баласына пайдасы зор болып табылады.Ал енді дала жануарларына келер болсақ;-олар:Арыстан, жолбарыс, қасқыр, аю, түлкі, қоян,т.б.Бұлар орманда мекендейтін жыртқыш аңдар.Олардың терісін пайдаланып киімдерімізге жаға ретінда пайдаланамыз.
Логикалық тапсырмалар орындату.
Мақсаты: Балалардың зейінінің қолайлығы мен шұғырлануын жаттықтығуы, талдау және топтау дағдыларынының қалыптасуы, образды –логикалық ойлау қабілеті мен көзбен көру қабылдау қабілетінін дамуы, сөйлеу - логикалық есте сақтау қабілеттерін, тапқырлықтарын, шапшандықтарын жаттықтыру.
Альбоммен жұмыс: Жануарладың суреттерін су бояумен бояу.
IY.Сергіту сәті: Бойды бүкпей тік ұста
Еркін тұрып тыныста.
Жай он қолды оң жаққа,
Жай сол қолды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай,
Екі шеңбер сызғандай.
Сәл тынығып байқа да,
Он шақты рет қайтала.
«Сиқырлы суреттер» деп аталатын дидактикалық ойынды өткізу. Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процестерін дамыту, тілдерін дамыту.
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері. Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну көзделеді, нәтижесінде балалардың тіл байлықтары дамиды.
III апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару. Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Деніміз сау болсын! Шығармашылық тапсырма:1)Артық затты тап
а)
Бұл суретте инелік артық. Себебі инелік жануар емес, ал қалған мысық, күшік және ешкі бұлар үй жануарлары.Осылайша қалған суреттердегі артықтарды тауып,себебін түсіндірулері керек.
IY.Сергіту сәті: Бойды бүкпей тік ұста
Еркін тұрып тыныста.
Жай он қолды оң жаққа,
Жай сол қолды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай,
Екі шеңбер сызғандай.
Сәл тынығып байқа да,
Он шақты рет қайтала.
Суретпен жұмыс: Қой мен ешкінің суреті тұрған қатарға,олардың төлдері мен өнімдерінің суретін ілу.
Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»
Шарты: Тәрбиеші түліктің атауын айтқанда балалар сол түліктің қалай дыбыстайтынын тауып айтулары және дыбыстаулары керек. Мысалы: Түйе – боздайды т.б. Дидактикалық ойын: «Адаспай тап».Сәйкестендіру тесті.
Шарты: Сурет бойынша төлдерді өз енелеріне сызықпен қосу, сәйкестендіру.
IY апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Психологиялық жаттығу. «Күн шуағы» Ал, балалар көзімізді жұмамыз, біз бақшаға келе жатырмыз деп ойлаңдар. Өздерің білесіңдер күн жылы шуағын төгіп, жарқырап шығып тұр, сен қуаныштысың айналада кұстар сайрап жатыр. сен сол дыбысты естіп бір сәт тұрып қалдың, осы кезде анаң «балам бол жүгір бақшаға кешігесің - деді». Сен жүгіріп бақшаға жөнелдің. Ал енді көздеріңізді ашыңыздар. - Балалар, қандай сезімде болдыңыздар, көңіл - күйлеріңіз қалай? - Керемет, бақытты, тамаша.
«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойынын ұйымдастыру.
Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. Тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту, ойларын ұштау. Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.
IY.Сергіту сәті: Бойды бүкпей тік ұста
Еркін тұрып тыныста.
Жай он қолды оң жаққа,
Жай сол қолды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай,
Екі шеңбер сызғандай.
Сәл тынығып байқа да,
Он шақты рет қайтала.
V. Бекіту. Ойын ойнату арқылы тақырыпты бекіту.
Жануарлардың атауларын атай отырып суреттерін құрастыру.
VI. Қорытынды.Сабақты қорытындылау:«Үй жануарлары» дидактикалықойыны.
Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.
Шарты: Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды дыбысын салып береді.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. Балалар, сіздерге сабақ ұнады ма? Берілген тапсырмаларды өте жақсы атқардыңдар, сол себепті барлығыңа «жұлдызша» ұсынамын.