Топ?а берілген суреттер ар?ылы о?ушылар ?з ойларын айтып ,??гімелейді.
М??алімні? ?р топ?а берген тапсырмасы бойынша о?ушылар постер жасайды,оларды ?з де?гейімен ?ор?айды
Топта жеке,б?рі бірігіп шартты белгілер ?ойып, талдау жасайды. ?р топтан біреу жауап береді. Негізгі жауапты та?дау?а ?йренеді. Бір-бірін ты?дау?а ?йренеді.
М??алімні? ?осымша с?ра?тарына жауап береді.
Сергіту с?тінде «а?дар суретін карта?а жапсыру» таби?ат зоналарыны? таралуы бойынша топпен бірлесе ж?мыс жасайды.
Просмотр содержимого документа
«?аза?станны? таби?ат кешені »
Күні: 19.02.14ж Сынып: 8 «А»
Тақырыбы: Қазақстанның табиғат кешені
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандағы табиғи-аумақтық кешеннің бөлінуі,географиялық зоналардың таралуы және қалыптасу факторларының ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету.Топтық,ұжымдық іс-әрекетте жұмыс жасау арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже:Тіл байлығы артып,ойлау қабілеті артады,бір-бірін құрметтеуге үйренеді.
.Сабақтың түрі: СТО оқыту технологиясын сабақта қолдану.
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: топпен, проблемалық тапсырмалар
Құрал-жабдықтар:Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері. Интербелсенді тақта
Сабақтың барысы
Кезең
Мұғалімнің әрекеті
Оқушылардың әрекеті
Ұйымдастыру
1мин
Оқушылармен амандасып, сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Сабаққа дайындығын тексереді.
Мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді.
Үй тапсырмасы
10мин
Қызығушылықты ояту
1.Психологиялық дайындық
2. Түрлі түсті таспалар арқылы оқушыларды топқа бөлу.Бағалау парақтарын тарқату.
3. Мұғалім өткен сабақтардан оқушылардың алған білімдеріне сүйеніп сұрақ қояды.
1.Биосфера д-з не?
2.Флора,Фауна д-з не?
3.Қазақстанда сүтқоректілер мен құстардың қанша түрі бар?
4.Зоогеографиялық адандарға сипаттама бер.
5.Адамға қауіп төндіретін омыртқасыз жәндіктер.
6.Қазақстанның қызыл кітабы алғаш қашан жарық көрді?
7.Қазақстандағы қорықтарды ата.
8.Қазақстан жануарлар дүниесінің азаюына әсер ететін факторлар.
. Оқушылар топқа бөлінеді,өз топбасшысын тағайындайды.
Топ ережесін еске түсіреді.
Әр оқушы өз білетіндерін еркін жауап береді.
Әр топтан топ басшылар топ мүшелерінің жауабына бағалау парақтарына баға қойып отырады .
Оқушылар нақты дәлелдермен жауап беріп отырады.
Жаңа сабақ
20мин
Мағынаны тану.
1.Суретпен жұмыс.
2.Жаңа сабақтың мағынасын ашу.Уақыт береді.Әр топтың тапсырмасын мұқият орындауын
А) 1-шаңырақ. Табиғи-аумақтық кешен дегеніміз не?Қандай топқа бөлінеді?
Ә) 2-шаңырақ Географиялық зоналардың таралуы ж-е қалыптасу факторы.
Б) 3-шаңырақ Табиғат зонасы дегеніміз не?Қазақстандағы табиғат зоналарының таралуы.
В) 4-шаңырақ Табиғи-аумақтық кешеннің өзгеріске ұшырау факторлары.
3.Тапсырмалар арқылы постер қорғау.
4.Сергіту сәті. «Адасқан аңдар» Картамен жұмыс.
Топқа берілген суреттер арқылы оқушылар өз ойларын айтып ,әңгімелейді.
Мұғалімнің әр топқа берген тапсырмасы бойынша оқушылар постер жасайды,оларды өз деңгейімен қорғайды
Топта жеке,бәрі бірігіп шартты белгілер қойып, талдау жасайды. Әр топтан біреу жауап береді. Негізгі жауапты таңдауға үйренеді. Бір-бірін тыңдауға үйренеді.
Мұғалімнің қосымша сұрақтарына жауап береді.
Сергіту сәтінде «аңдар суретін картаға жапсыру» табиғат зоналарының таралуы бойынша топпен бірлесе жұмыс жасайды.
Сабақты бекіту
10мин
Ой-толғаныс
Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар береді: 1)Графикалық диктант.
2) Проблемалық сұрақтар беріледі Ой-қозғау
А)Табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер
Ә)Егер мен табиғатты қорғау министрі болсам..........
Б) Құмды шөл табиғат кешенін көз алдарыңа елестетіңдер.сусыған құм, тікенекті сирек өсімдік,құмға бейімделген жануар.Енді осы табиғат кешеніне өзен суын бұрып,канал жүргізгенде қандай өзгеріске ұшырайды?
В)Біздің елімізде табиғатты қорғау мақсатында қандай шаралар жасалуда?
Графикалық диктантты барлық оқушылар орындарында орындайды, тақтадағы дұрыс жауабымен бір-бірінің жұмысын тексереді,бірі-бірін бағалайды.Жұмыстың бағасын топ басшы бағалау парағына қояды.
Мұғалімнің Ой-қозғау кезеңінде берген тапсырмаларын орындайды:
Ауызша тапсырманы орындай отырып,еркін өз ойларын жетізеді.
Топтан бір –екі оқушы сөйлеп тапсырманың толық орындалуын топ басшы қадағалайды.Бағалау парағына топ мүшесінің бағасын әділ қояды.
2мин
Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай,
топ басшылардың бағалау парақтарына қарап бағалайды.
Үй тапсырмасына §36 оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.Кескін картаға табиғат зонасын түсіру
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.
2мин
Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды.
Сабақтан алған әсерін стикерге жазып, плакатқа бекітеді.
Графикалық диктант «ия +» немесе «жоқ - »
Табиғат кешенінің көлемі әртүрлі
Табиғат кешендері экватордан полюстерге қарай өзгереді.
Тірі ағзалар тіршілік ететін қабат-литосфера
Табиғат кешені антропогендік факторлардың әерінен өзгереді.
Жердің сыртқы қабаты ядро мантия литосфера қабаттарын құрайды.
1
2
3
4
5
+
+
-
+
-
А) Табиғи-аумақтық кешен дегеніміз не?Қандай топқа бөлінеді?
Ә) Географиялық зоналардың таралуы ж-е қалыптасу факторы.
Б) Табиғат зонасы дегеніміз не?Қазақстандағы табиғат зоналарының таралуы.
В) Табиғи-аумақтық кешеннің өзгеріске ұшырау факторлары.
А)Табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер
Ә)Егер мен табиғатты қорғау министрі болсам..........
Б) Құмды шөл табиғат кешенін көз алдарыңа елестетіңдер.сусыған құм, тікенекті сирек өсімдік,құмға бейімделген жануар.Енді осы табиғат кешеніне өзен суын бұрып,канал жүргізгенде қандай өзгеріске ұшырайды?
В)Біздің елімізде табиғатты қорғау мақсатында қандай шаралар жасалуда?