kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?станны? географиялы? орны мен шекаралары

Нажмите, чтобы узнать подробности

тпитпитпаааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааалтм ттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттичлттпппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппчржлтжлмттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттчжлтпирпжлттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттт
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?станны? географиялы? орны мен шекаралары»


Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова Күні________



8-сынып

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары.

Мақсаттары:

Білімділік: Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық орнының ерекшелігін анықтау.

Дамытушылық: Дүние жүзінің саяси картасынан Қазақстанның қандай мемлекеттермен шектесетінін анықтау және Қазақстанның , Қазақстанның және дүние жүзіндегі кез-келген қаласының белдеулік және жергілікті уақытын тауып, олардың айырмасын анықтауға дағдылану.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, репродуктивті

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

3.Жаңа тақырып кезеңі (20 мин)


7-сынып материалын еске алу. «Физикалық география» ұғымын анықтау. Қазақстанның физикалық географиясы курсымен таныстыру.

1. Қазақстанның тәуелсіздігін анықтайтын негізгі даталармен таныстыру.

2. Қазақстанмен шектесетін елдерді дүние жүзінің саяси картасына қарап анықтау.

3. География курсының негізгі құрылымымен таныстыру.

4. Физикалық география пәнінің және Қазақстанның физикалық географиясының мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

5. Оқулықтың құрылымымен таныстыру.

6. Қазақстанның географиялық орнын карта бойынша сипаттау.



7-сынып курсын еске түсіреді. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту (10 мин)

Кескін картаға Қазақстанның Еуразиядағы орнын салу. Көршілес мемлекеттерін көрсету. Оларды атау.

Картамен және кескін картамен жұмыс жасау, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрау.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі (10 мин)

Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында төмендегі сұрақтарды қою:

  • Еліміздің егемендігін қандай белгілері көрсетеді?

  • Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады?

  • Қазақстанның және ШҚ облысының географиялық орнының ерекшелігі неде?

  • ТМД қай жылдары құрылды?

  • Қай жылы Астанаға Алматыдан көшірілді.

  • Неше ұлт өкілдері мекен етеді?


Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі (2 мин)

§ 1-2 оқу, мазмұндау.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.






Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова Күні________


8-сынып

Тақырыбы: Ғаламшардағы уақыт өлшемі, даталардың ауысу сызығы.шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы.

Мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы, уақыт айырмасы, сағаттық белдеулерге тоқталып, көршілес жатқан мемлекеттерді тану туралы білім беру.

Дамытушылық: Балаларды оқулықпен, картамен, кескін картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, сұрақ- жауап.

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстанның әкімшілік-территориялық картасы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Үй жұмысын тексеру кезеңі

Үй жұмысын тексеру мақсатында төмендегі сұрақатрды қою:

  • ҚР қай жылы өз тәуелсіздігін алды?

  • Егемендік туралы Деклорация қай жылы қабылданды?

  • Қай жылы Қазақстан ТМД құрамына кірді?

  • БҰҰ-ға қай жылы мүше болды?

  • Ата Заң қай жылы шықты?

  • Заң шығарушы қызметін кімдер атқарады?

  • Неше обл, қала, аудан, кенттер бар?

  • Қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Алматыдан Астанаға қай жылы көшірілді?

  • Қазақстанның физикалық географиясы ені оқытады?

  • ШҚ облысының географиялық орны мен орналасу ерекшелігі неде?

Мұғалімнің қойған сұрақтарын мұқият тыңдап, жауап беру.

3.Жаңа тақырып кезеңі

ҚР жер көлемі, оның алатын орны, д.ж. саяси картасында алатын орны мен орналасуындағы ерекшелігі туралы айту. Халық тығыздығы дегеніміз не? Қазақстанның халық тығыздығы 1км2 5,4 адамнан келеді.

Қазақстан қандай мемлекеттерімен шектеседі?

Ресей- 6467 км; ҚХР- 1460 км; Түркменстан- 380 км; Өзбекстан- 2300км; Қырғызстан- 980 км.

Д.ж. сағаттық белдеулер туралы айтып. Қазақстанда кездесетін сағаттық белдеулерді, олардың түрлерімен таныстыру.

Сағаттық уақыт белдеулері



белдеулік декреттік жергілікті жазғы уақыт

1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен қабылданған уақыт.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту


Кескін картаға д.ж. сағаттық уақыттын және оның айырмашылықтарын салу.


Карталармен жұмыс жасайды.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

Қорытындылай келе төмендегі сұрақтарды қою:

  1. ҚР аумағының көлемі?

  2. Картадан шектесетін мемлекеттерді көрсетіп, оларды ата?

  3. Сағаттық уақыт дегеніміз не?

  4. Жер шарында неше сағаттық уақыт белдеулері бөлінген?

  5. Қазақстан қандай уақыт белдеуінде жатыр?

  6. Декреттік уақыт дегеніміз не?

  7. Жазғы уақыт дегеніміз не?

  8. Жергілікті уақыт дегеніміз не?

  9. Белдуелік уақыт дегеніміз не?

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі


Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі


Оқу, кескін картаға ҚР шекарасын, шектесетін мемлекеттерді, облыс орталықтарын бөліп, көрсету.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.




Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова Күні________


8-сынып

Тақырыбы: мағлұматтар. Ұлы Жібек жолы.

Мақсаттары:

Білімділік: Қазақстан аумағының географиялық тұрғыдан зерттелуінің себептерін айқындау, мақсатын ұғыну, қазақ жері туралы ерте кездегі мағлұматтармен таныстыру. Ұлы Жібек жолының тарихи, географиялық, экономикалық маңызын анықтауға бағыттау, Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар туралы білім беру.

Дамытушылық: Қазақстанның ерте кездегі зерттелу тарихына қосымша материалдарды беру арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: пікір алмасу, репродуктивті.

Құрал-жабдықтар: ҚР физикалық картасы, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(1 мин)


Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (10 мин)

Үй жұмысын тексеруге арналған жабық тест тапсырмалары:

  • Қазақстанның географиялық орнын сипатта.

  • Сағаттық белдеулер дегеніміз не?

  • Декреттік, жергілікті уақыт дегеніміз не?

  • Уақыт айрмасы қалай анықталады?

  • Гринвич меридианы туралы не білесің?

  • Шеткі нүктелерін жаз.

Оқушылар бір парақ қағаз алып, тест сұрақтарына жауап береді.

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі (10 мин)

Қазақстан территориясын зерттеген саяхатшылар, зерттеушілер, географ ғалымдары олардың ашқан жерлері, жүрген жолдары, істелген жұмыстары туралы айтып, еңбектерімен таныстыру.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (15 мин)

Төмендегі кестені толтыру:

Герадот

Страбон

Птоломей

Б.з.б. VI ғасырда «жер пішіні» картасын жасап, Каспий теңізін зерттеді.




Ұлы Жібек жолы

Ұлы Жібек жолының пайда болуы

Бағыттары

Қалалары

Ескерткіштері

Маңызы








Оқушылар жаңа тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім берген кестелерді толтырады. Түсінбеген жерлерін сұрайды.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі (5 мин)

Оқушылар бір- бірлеріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды. Картамен жұмыс істейді.

Сұрақтар ойластырып, оларға жауап беруге тырысады.

7. Бағалау кезеңі (2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

(2 мин)

§ 4-5 оқу, кескін картаға ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясы арқылы өтетін жолдары мен қалаларын салу.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.









Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова Күні

Тақырыбы: № 1 практикалық сабақ. Жердегі уақытты анықтау

8-сынып

Тақырыбы: Кіріспе бақылау жұмысы

Мақсаттары:

Білімділік: 7 сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау, бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өз ойларын еркін жеткізе алуға дамыту.

Тәрбиелік: картамен жұмыс істеуге, адамгершілік пен жеке жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: қайталау, бекіту.

Құрал-жабдықтар: ҚР физикалық картасы, интербелсенді тақта

.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  2. Білім мен икемділіктерді бекіту кезеңі:


І- нұсқа

  1. Ұлы географиялық ашылулар.

  2. Африка климатын қалыптастырушы факторлар.

  3. Аустралияның өзендері мен көлдері.

  4. Тынық мұхиттың зерттелуі.


ІІ- нұсқа

  1. Жаңа заман ашылулары.

  2. Антарктида материгін сипатта.

  3. Аустралияның климаты.

  4. Африкада қандай халықтар мекен етеді?



  1. Қорытындылау кезеңі: оқушылардың жұмыстарын жинап алу.




Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова

Күні_21.09.15ж_______

8-сынып

Тақырыбы: ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу.

Мақсаттары:

Білімділік: Қазақстан жерінің орта ғасырда зерттелуінің сипаты, ерекшеліктері, мақсаты, зерттеуші ғалымдар, зерттелмеген географиялық нысандар туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Орта ғасырдағы және қазіргі географиялық карталарды салыстыру, қорытынды жасау.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның карталары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

1) Ерте кезде Қазақстанның жерін қандай ғалымдар зерттеген?

2) Олар қай жерлерді сипаттаған?

3) Ұлы Жібек жолының неше бағыты бар?

4)Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай аймақтары арқылы өтеді?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді



4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

1) Орта ғасырлардағы зерттеулердің жүргізілу себептеріне және оған үлес қосқан зерттеушілерт туралы шолу

2) Әбу Наср әл-Фараби зерттеулері мен еңбектері

3) Махмуд Қашқаридің зерттеулері мен еңбектері

4) Қытай саяхатшыларының зерттеу жұмыстары

5) ХІІІ ғасырдағы еуропалық саяхатшылар мен елшілердің зерттеулеріне тоқталу. 6) Қадырғали Қосынұлы мен С.Ремезовтың еңбегі; 7) 18ғ. І Петрдің зерттеулерге тигізген ықпалы; 8) 18 ғ. әскери экспедициялар; 9) Семенов Тянь-Шанскийдің, Н.А.Северцовтың, И.В. Мушкетовтың, А.Н. Красновтың, Л.С. Бергтың зерттеу жұмыстары мен маршруттарын қарастырып, талдау.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді



5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Орта ғасырдағы зерттеушілердің жүрген жолдарын кескін картаға түсіру.

Карталармен жұмыс жасайды.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

1) Орта ғасырларда қазақ жерінің зерттелуіне қай халық өкілдері көп үлесін қосқан?

2) Әбу Наср әл-Фарабидің негізгі еңбектері

3) Махмуд Қашқаридің негізгі еңбектері

4) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай қытай саяхатшыларын бар?

5) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай еуропалық саяхатшылар мен елшілер бар? 6)16-19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағын қандай зерттеушілер зерттеген? Олардың басты еңбектері қандай? П.П. Семеновқа Тянь-Шанский атауы не үшін берілген.

Сұрақтар ойластырып, оларға жауап беруге тырысады.

7. Бағалау кезеңі

Оқушылар сабақтағы белсенділігіне және картамен жұмыс істей білуіне қарай бағаланады.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

6,7 параграфтың сұрақтарына жауап беру. «Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесіне орта ғасырлардағы географиялық деректерді енгізу

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.









Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова

Күні____23.09.2015ж____

8сынып

Тақырыбы: ХХ ғасырдың басында және ортасында Қазақстан аумағының зерттелуі.

Мақсаттары:

Білімділік. Демография, этнография ұғымдарына түсінік беру, халықтың табиғи қозғалысы, көші-қоны туралы көзқарастарын қалыптастыру. Халықтың құрамы туралы, өз туған өлкесінің зерттелу тарихы жайында, Қ.И.Сәтпаевтың, Ш.Уәлихановтың, қосқан үлесі туралы білім беру.

Дамытушылық. Қазақстанның географиялық орнын және табиғи ресурстық әлеуетін карта бойынша сипаттау арқылы және өз туған өлкемізді зерттеген ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері мен зерттеу жұмыстарын қарастыра отырып, Қазақстанның зерттелу тарихы, ШҚ облысы туралы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

1) 16-19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағын қандай зерттеушілер зерттеген? Олардың басты еңбектері қандай? Қадырғали Қосынұлы мен С.Ремезовтың еңбегі; 2) 18ғ. І Петрдің зерттеулерге тигізген ықпалы; 3) 18 ғ. қай жылдары әскери экспедициялар жасалды?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді



3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі


Қандай қазақ зерттеушілерін білесіңдер? Ш.Ш. Уәлиханов кім? Қ.И. Сәтпаев кім? Олардың қандай еңбектері бар?

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады

4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Ш.Уәлихановтың қазақ жерін зерттеуге қосқан үлесін, оның сапарлары мен негізгі зерттеу жұмыстарын қарастыру. Неліктен Ш.Уәлихановқа жеке тақырып берілгендігін анықтау. Жаңа дәуірде қазақ жерінің зерттелу деңгейі қандай екенін, бұл зерттеулерге үлес қосқан география мамандарын білу. Қ.И. Сәтпаевтың жасаған еңбектері мен оның КСРО ҒА-на қандай қатысы бар екенін анықтау.

1. І Петрдің тұсында болған экспедициялар

2. Кіші жүз бен Орта жүздің Ресей империясына кіруінен кейінгі зерттеулер

3. Сібір мен Қазақстанды зерттеудің екінші кезеңі кезіндегі зерттеулер

4. 1875 ж. Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімін құрғаннан кейін жүргізілген зерттеулер


5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Ш.Уәлихановтың сапарлары мен зерттеген жерлерін кескін картаға түсіру.

Карталармен жұмыс жасайды

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Ш.Ш. Уәлиханов және Қ.И. Сәтпаев кім? Олардың қандай еңбектері бар? Олардың зерттеу жұмыстарының маңызы неде?

ШҚ облысының зерттелу тарихына қандай ғалымдар мен зерттеушілер өз үлесін қосқан? Қай кезеңде өлкеміздегі зерттеулер қарқынды жүрді?

Сұрақтар ойластырып, оларға жауап беруге тырысады

7. Бағалау кезеңі

Сабаққа белсенді қатысып отырған және қорытынды жасай алған оқушыларға жоғары баға қойылады.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

8-9 параграфтың сұрақтарына жауап беру.«Қазақстанның зерттелу тарихы»кестесіне Ш.Ш.Уәлихановтың зерттеу жұмыстары туралы деректерді енгізу. П.П.Семеновтың қазақ жерін зерттеуі туралы баяндама жазып келу.


Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.














Күні:


№ сарамандық жұмыс.Тақырыбы: П.П.Семеновтың Тянь-Шаньға саяхаты мен Ш.Уәлихановтың зерттеулері.



Мақсаттары:

Білімділік. Дөңгелек картаның мәнісін түсіну.

Дамытушылық. Зерттеулердің бағытын картаға түсіруге дағдыландыру

Тәрбиелік. Өз Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, проблемалық

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Сарамандық жұмыс тақырыбымен таныстыру. Мақсат-міндеттерін анықтау.

Мұғаліммен амандасу. Сарамандық жұмыс тақырыбымен таныстыру. Мақсат-міндеттерін анықтау.

2. Тақырыпты бекіту кезеңі

1. Дөңгелек картаға сипаттама жазу.

2. Кескін картаға П.П.Семеновтың Тянь-Шаньға саяхаты мен Ш.Ш. Уәлиханов зерттеулерінің бағытын түсіру.


3. Сабақты қорытындылау

Қазақстанның зерттелу тарихы бойынша жалпы қорытыныды жасайды.











Күні:


Тақырыбы: Қазақстан жер бедерінің негізгі сипаты. ШҚ облысы жер бедерінің басты ерекшеліктері


Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстан және ШҚ облысының жер бедерінің негізгі ерекшеліктерін және ең биік және ең төмен нүктелерін анықтау.

Дамытушылық. Қазақстан және Павлодар облысы жер бедерін Қазақстанның физикалық картасы бойынша сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Жаңа ма-териалға көшу кезеңі


1. Қазақстанның зерттелу тарихы тақырыбынан қандай номенклатура объектілері естеріңде бар?

2. Олар қайда орналасқан?


3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

І.1. Қазақстанның физикалық картасы бойынша Қазақстан жерін алып жатқан құрылымдарды атаңдар.

2. Қандай жер бедері түрлері аталды?

3. Қазақстан жер бедерінде қандай заңдылық байқалады?

4. Қазасқтан аумағынын алып жатқан басым жер бедері түрлері. Қанша пайызын биік таулар алып жатыр?

5. Ең биік және ең төмен нүктелерін анықтау.

ІІ. 1. ШҚ облысының географиялық орны

2. Географиялық орнына байланысты жер бедері түрлерін анықтау.

3. Жер бедерінің негізгі ерекшеліктері

4. Ең биік шыңы

5. Жазықтарының орташа биіктігін анықтау.


4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Қазақстанның физиклық картасына қарап кескін картаға Қазақстанның жер бедерінің негізгі ерекшеліктерін белгілеу.


5. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Қазақстанның жер бедерінің сипаты қандай?

2. Қазақстанның ең биік және ең төмен нүктелері

3. ШҚ облысының жер бедері мен Қазақстанның жер бедерінің ұқсастықтары бар ма?


6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.


7. Үйге тапсырма беру кезеңі

10 параграфтың сұрақтарына жауап беру.











Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова Күні 30.09.2014ж





Сынып: 8 Тақырыбы: Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте


Мақсаттары:

Білімділік. Жердің даму кезеңдері, тау жыныстарының жасын анықтау туралы білім беру. Геохронологиялық кесетемен таныстыру.

Дамытушылық. Қазақстанның геолоогиялық каратасы бойынша талдау жасау арқылы картамен жұмыс жасау икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы

Негізгі ұғымдар: тау жыныстарының жүйесі.

Номенклатура: Солтүстік Тянь-Шань жотасы, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Алтай, Ұлытау, Көкшетау және Мұғалжар таулары, Үстірт, Торғай, Жем үстірті, Зайсан қазаншұңқырлары.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

1. Қазақстанның жер бедерінің сипаты қандай?

2. Қазақстанның ең биік және ең төмен нүктелері

3. Павлодар облысының жер бедері мен Қазақстанның жер бедерінің ұқсастықтары бар ма?


3.Жаңа материалға көшу кезеңі


1. Жер планетасы қашан пайда болды?

2. Жер бетіндегі тіршілік қашан пайда болды?

3. Жердің қазіргі бейнесі қандай процестер мен құбылыстардың жүруі нітижесінде қалыптасты?


4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

1. Жердің ғаламшарлық және геологиялық даму кезеңдері

2. Тау жыныстарының абсолюттік және салыстырмалы жасын анықтау.

3. Геохронологиялық кесте


5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Қазақстанның геологиялық картасы бойынша Қазақстанның геологиялық құрылысына сипаттама беру.


6. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Жердің қандай даму кезеңдері бар?

2. Геохронологиялық кесте қай жылы Дүниежүзілік конгресте бекітілді?

3. Тау жыныстарының абсолюттік және салыстырмалы жасын анықтаудың айырмашылықтары


7. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.


8. Үйге тапсырма беру кезеңі

11 параграфтың сұрақтарына жауап беру. Геохронолиялық кестені жаттау.








Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова Күні 03.10.2014ж


8 сынып

Тақырыбы: Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы.

Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы.

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанның геологиялық даму тарихы және геологиялық даму барысында республика аумағының табиғат жағдайларының бірнеше рет өзгергені жайлы түсініктер беру. «Тектоника» ғылымы туралы ұғымды қалыптастыру. Оқушыларды Қазақстанның тектоникалық құрылымы және тектоникалық картаның мазмұнымен таныстыру. Тау жыныстарының жасын анықтаудағы палеонтологиялық зерттеу тәсілі. Геологиялық карта туралы білім (мазмұны, практикалық мәні) және «тау жыныстарының жүйесі» ұғымын қалыптастыру. Қазақстан аумағының геологиялық құрылысының ерекшеліктерін анықтау.

Дамытушылық. Қазақстанның тектоникалық, геологиялық картасын физикалық картасымен салыстырып, сәйкестендіру арқылы икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық және тектоникалық картасы, геохронологиялық жержылнамалық кесте.

Негізгі ұғымдар: Геосинклиналдар, платформалар, жер бедерінің геологиялық дамуы, тектоника, тектоникалық құрылымды аймақтар.

Номенклатура: Солтүстік Тянь-Шань жотасы, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Алтай, Ұлытау, Көкшетау және Мұғалжар таулары, Үстірт, Торғай, Жем үстірті, Шу, Іле, Зайсан қазаншұңқырлары.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

1. Ғалымдар жер қыртысының даму тарихын ұандай кезеңдерге бөледі?

2. Жердің жасын және геологиялық даму тарихын анықтау үшін қандай есептеу әдістері қолданылады?

3. Геохронологиялық жержылнамалық кесте қай жылы және қандай мақсатта жасалынған.

4. Кестені пайдалана отырып, әрбір эраның қанша және қандай дәуірлерге бөлінгендігін айтып беріңдер.


3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Тау түзілісі кезеңдері (қатпарлықтар)

Эралар мен дәуірлер

Негізгі геологиялық оқиғалар. Жер бедері кескіні

1. Байкал тау түзілісі

Архей, протерозой эрасы және палеозой эрасының кембрий дәуірлерін қамтиды.

Республика аумағын тұтастай теңіз суы басып жатты. Геосинклиналды аймақ болды. Шығыс Еуропа (Орыс) платформасы пайда болды.

Тау жыныстарының жердің даму эраларына қарай бөлінуі

Тау жыныстарының түрлері мен таралу аймақтары

1. Палеозойға дейінгі жыныстар

Кристалды тақтатастар мен гнейстердің жер бетіне шығып жатқан жерлері Солт. Т-Ш. жоталарында, Мұғалжарда және Сарыарқадағы Ұлытау мен Көкшетауда байқалады.


4. Жаңа тақы-рыпты бекіту

Кестеде аталған аймақтарды картаға түсіру, яғни Қазақстанның тектоникалық картасының моделін жасау, тау жыныстарының таралуын түсіру.


5. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Тектоника ғылымы нені зерттейді?

2. Қазақстанның аумағы қандай геотектоникалық аймақтарға бөлінеді?

1. Қазақстан аумағында қандай эралардың жыныстары тараған?

2. Географияның тау жыныстарын зерттейтін қандай салалары бар?


6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.


7. Үйге тапсырма беру

Кестелер мен кескін картаны аяқтау.



Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова Күні 10.10.2014ж


Сынып 8

Тақырыбы: Қазақстан жер бедерінің негізгі ерекшеліктері


Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстан аумағы жер бедерінің ішкі және сыртқы күштердің әсерінен дамуы мен қалыптасуын түсіндіру. Сыртқы және ішкі күштердің әсерінен дамуы мен қалыптастыруды одан әрі дамыту.

Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру және оны кескін картаға түсіру арқылы икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, геохронологиялық кесте, тектоникалық және геологиялық карталар

Негізгі ұғымдар: тау жыныстарының жүйесі.

Номенклатура: Батыс Сібір(Солт.қазақ) жазығы, )Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты,Үстірт,Торғай үст.Бетпақдала,Балқаш маңы жазығы.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

1. Петрография, минералогия, тарихи геология, палеонтология, ғылымдары нені зерттейді. 2.ШҚ облысы аумағының геологиялық даму тарихы мен органикалық дүниесін сипаттайды.

3. Тектоника және сейсмология ғылымдары нені зерттейді? Тектоникалық қозғалыстар дегеніміз не деген сұрақтарға тоқталады.

4. MSK-64, MMSK-84 шкалаларын түсіндіреді.

5. Қазақстанның жер бедерінің қалыптасуына әсер еткен күштерге тоқталып, жер бедері пішіндерін мысалға келтіреді. .

6.Физикалық картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағында кездесетін ірі жазықтарды атап көрсетіңдер.

7. Тектоникалық картаны пайдаланып республика аумағындағы ірі жазықтардың пайда болу заңдылықтарын анықтаңдар.



3. Жаңа тақырыпты бекіту.

Жаңа тақырыпты бекіту ретінде келесі тапсырмаларды береді:

1. Оқулықтың 58-бетіндегі «Сейсмикалық аудандастыру» суретіне қарап, Қазақстанның сейсмикалық аудандарына талдау жасау. Ең күшті сейсмикалық аудандарды анықтау, оның балдық күші қандай?

Бекіту сұрақтары:

1. MSK-64, MMSK-84 шкалалары нені білдіреді?

2. Жер бедерінің өзгеруіне әкелетін сыртқы және ішкі күштерге мысал келтіріңдер.

3. Олардың әсерінен қандай жер бедері пішіндері пайда болады?


4. Сабақты қорытындылау кезеңі

1.ШҚ облысы аумағы геологиялық дамуына қарай қандай бөліктерге бөлінеді?

2. Тектоникалық қозғалыстар дегеніміз не? Сейсмология ғылымы нені зерттейді? .

3. Физикалық картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағында кездесетін ірі жазықтарды атап көрсетіңдер.

4. Тектоникалық картаны пайдаланып республика аумағындағы ірі жазықтардың пайда болу заңдылықтарын анықтаңдар.



5. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.


6. Үйге тапсырма беру кезеңі

Тақырыптар соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптар әзірлеу. «Аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстары» атты рефераттар дайындау.





Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова

Күні: 17.10.2014ж

Сынып: 8 Тақырыбы: Аласа таулары


Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстан аумағындағы аласа таулы өлкелердің ерекшеліктерімен таныстыру. Ішкі және сыртқы күштердің таулардың жер бедерін өзгертудегі ролін түсіндіру.

Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру және оны кескін картаға түсіру арқылы икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық карталар

Негізгі ұғымдар:биік таулар, таулардың биіктігі бойынша бөлінуі

Номенклатура: Сарыарқа,Мұғалжар,Маңғыстау,Ұлытау,Шыңғыстау,Ақсораң,Үлкен Боқтыбай,т.б,

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Кіріспе сұрақтар:

1. Жер бедерінің ірі пішіндері таулар қандай жолдармен пайда болады?

2. Жер шарындағы таулар не себептен өзгермей тұрмайды?

3. Таулар абсолюттік биіктігіне қарай қалай бөлінеді?

Таулардың биіктігі бойынша 1000 м-ге дейінгі аласа таулар деп аталады.

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Оқушыларға Қазақстанның физикалық картасынан 1000 м-ге дейінгі аласа таулы аумақтарды табу тапсырмасын береді. Оларды тапқаннан кейін осы өлкелерге жеке-жеке тоқталып кетеді:

1. Сарыарқаның қай кезеңде пайда болғанын табу.

2. Қазақстанның физикалық картасын пайдалана отырып, аласа таулы өлкелерінің тау жоталарынан тұратынын және ең биік нүктесін табу.

3. Аласа таулы өлкелердің жер бедерінің өзгеруіне қандай табиғат процестері әсер етуде?

4. Аласа таулы аймақтардың бүгінгі күнге дейін қалыптасып, дамып жатқандығын қалай дәлелдеуге болады?

Кейін мұғалім аласа таулы аймақтарға сипаттама беруді бастайды. Сипаттама беруде жеке тау жүйелеріне олардың географиялық орны мен бұл тау тау жүйесіне жататын тау жоталарына және ең биік нүктелеріне тоқталады.

Оқушылар картадан Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, таулы өлкелерін көрсету

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Таулы өлкелердің ерекшеліктерін кестеге салады:


Таулы өлке Оған кіретін тау жоталары Ең биік (.), биіктігі






5. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Қазақстан аумағында қандай аласа таулы өлкелер бар?

2. Олардың ең биік нүктелері қандай?


6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.


7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Кескін картаға аласа таулы өлкелерді түсіру.




Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова

Күні:24.10.2014ж

Сынып: 8

Тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы қазбалар. Рудалы және рудасыз пайдалы қазбалар


Мақсаттары:

Білімділік. Платформалар мен қатпарлы облыстарда пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыруды дамыту. «Кен орны» ұғымын қалыптастыру. Қазақстанның қазба байлықтары жөнінен дүние жүзіндегі алатын орнын көрсету. Қазақстанның негізгі қазба байлықтарының кен орындарымен таныстырып, олардың ерекшеліктерін түсіндіру.

Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру және оны кескін картаға түсіру арқылы икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту. Оқушыларға пайдалы қазбалардың сарқылатындығы жөнінде, сондықтан да оларды тиімді әрі кешенді пайдалану және қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы экологиялық білім-тәрбие беру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар

Негізгі ұғымдар: магмалық, шөгінді және метаморфты тау жыныстары, минералдық шикізат, кен, кен орындары.

Номенклатура: мұнай-газ – Қарашұңғыл, Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас, Теңіз, Қашаған, Кеңқияқ, Қарашығанақ, Құмкөл, Амангелді; Көмір – Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі, Торғай (Обаған); Уран – Солтүстік Қазақстан


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Бұрынғы өткен сыныптарды еске түсірү сұрақтары:

1) Тау жыныстары түзілуіне қарай қандай түрлерге бөлінеді?

2) Тектоникалық және пайдалы қазбалар карталарын беттестіре отырып платформаларда қандай пайдалы қазбалар кездесетінін және физикалық картадан жер бедерінің қандай формаларына сәйкес келетінін анықтау.

3) Картадан қатпарлы аймақтарға қандай пайдалы қазбалар сәйкес келеді, олардың осы жерлерде қалыптасу себептерін түсіндіріңдер.

4) Ежелгі тауларда пайдалы қазбалардың жер бетіне жаұын жату себебі неде?


3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Мұғалім Қазақстан пайдалы қазбалар жқнінен дүние жүзінде алатын орны жайлы оқушыларға баяндайды. Қазақстан жер қыртысында 90-нан астам пайдалы қазбалар кездеседі. Республика аумағында пайдалы қазбаларды іздестіру XVII ғасырдан бастау алған. Кен орны – пайдалы қазбалардың өндіруге жарарлықтай жер қыртысында шоғырлануы. Біздің елімізде 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Кен орындары жанатын, кен және кен емес болып үшке бөлінеді. Кен орны ұғымын одан әрі қалыптастыру мақсатында оқушыларға мынадай сұрақтар қояды: пайдалы қазбалар картасынан басқа кен орындарын тауып атаңдар.


4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Пайдалы қазбалар

Кен орындары

1. Мұнай-газ Теңіз, Қашаған, Кеңқияқ, Қаршығанақ, Құмкөл

2. Көмір




5. Сабақты қорытындылау кезеңі

1.Қазақстан жер қыртысында қанша пайдалы қазбалар бар?

2. Пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінеді?

3. Кен орны дегеніміз не?


6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.


7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Мәтінді оқып, соңындағы сұрақтармен жұмыс істеу.






Күні:

Сынып: 8 № сарамандық жұмыс

Тақырыбы: Жер бедерінің, тектоникалық құрылысының, пайдалы қазбалардың арасында байланыс.

Мақсаттары:

Білімділік. Оқулықтағы жалпы географиялық және тақырыптық карталарды бір-бірімен салыстары отырып жер бедерінің ірі пішіндерінің жердің геотектоникалық құрылысы мен пайдалы қазбалардың арасындағы байланыстарды анықтау.

Дамытушылық. Жалпы географиялық, тақырыптық карталарды салыстырып, сәйкестендіру арқылы дағдылары мен икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту. Қоршаған орта экологиясы туралы білім-тәрбие беру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері:салыстыру, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Тақырыпты бекіту кезеңі

1-тапсырма: Қазақстанның физикалық, тектоникалық, геологиялық және пайдалы қазбалары карталарын салыстыра төмендегі кестені толтырып, жер бедерінің ірі пішіндерінің жердің геотектоникалық құрылысы мен пайдалы қазбалардың арасындағы байланыстарды анықтаңдар.




Жер бедерінің ірі пішіндері

Қандай тектоникалық құрылымдарға жатады

Беткі қабаты қай эраның тау жыныстарынан тұрады

Пайдалы қазбалар

Маңызды кен орындары




Мысалы:


Каспий маңы ойпаты

Ежелгі платформа

Бор, неоген, төрттік дәуірлер шөгінді жыныстарынан тұрады

Мұнай, газ, тұздар

Доссор,Қосшағыл,Теңіз,Қаламқас,Жетібай,Өзен.




2-тапсырма: Кескін картаға тектоникалық құрылымдармен Қазақстанның маңызды кен орындарын белгілеңдер.


3. Сабақты қорытындылау кезеңі

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.













Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова

Сынып: 8

Күні 14.11.2014ж

Тақырыбы: Тектоникалық құрылымдары,жер бедері пішіндері және пайдалы қазбалардың арасындағы өзара байланысын анықтау

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымдары, жазықтары, үстірттері, қыраттары, аласа таулы өлкелері және биік таулары тақырыптарын қайталау. Білімдерін бекіту.

Дамытушылық. Әртүрлі тақырыптық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды дамыту. Карта бойынша тауларға сипаттама беру дағдыларын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.

Тәрбиелік. Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: қайталау сабағы

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Тақырыпты бекіту кезеңі

Өткен тақырыптарды бекіту үшін келесі тапсырмаларды береді:

1. Геохронологиялық кестені айтып беру.

2. Қазақстанның геологиялық даму тарихын физикалық карта бойынша толық сипаттау.

3. Қазақстанның физикалық картасынан тектоникалық құрылымдарды көрсетіп, сипаттау.

4. Қазақстанның физикалық картасы бойынша геологиялық құрылысын сипаттау.

5. Қазақстанның физикалық картасы бойынша Қазақстанның пайдалы қазбалары мен олардың кен орындарын көрсету.

Осы тапсырмаларды оқушылар өздігінен орындап, тақтаға шығып, картаның көмегімен жұмыс істейді.

3. Сабақты қорытындылау

1. Қазақстанның жер бедері қандай күштердің әсерінен қалыптасқан?

2. Жер бедерінің ерекшелігі неде?


4. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында тапсырмаларды орындауда картамен жұмыс істеу деңгейіне қарай бағаланады.



Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова Күні:


Тақырыбы: Қазақстаның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы

Мақсаттары:

Білімділік. Оқушыларға Қазақстан климатының ерекшеліктерін түсіндіру. Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеу және «күн радиациясы» ұғымын қалыптастыру. Күн радиациясының түрлерімен (тура, шашыранды, жиынтық) таныстыру. Қазақстан аумағында күн радиациясының таралу заңдылықтарын түсіндіру.

Дамытушылық. Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясының картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту..

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясының картасы

Негізгі ұғымдар: климат, климат қалыптастырушы факторлар: географиялық ендік, ауа массалары, климатқа мұхиттар мен ағыстардың, жер бедері мен биіктіктің әсері


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Бұрынғы өткен сыныптарды еске түсіру сұрақтары:

1) Климат дегеніміз не? Ол қандай климат құрушы факторларға тәуелді? Климаттың қалыптасуына географиялық ендік пен жер бедерінің ролі қандай?

2) Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? Қазақстан аумағының мұхиттардан алыс орналасуы оның климатына қалай әсер етеді?

1) Климат дегеніміз ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратын типі. Ол жер бедерінің сипаты, мұхиттардың ықпалы, географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысы және адам әрекетіне байланысты қалыптасады.

2) Қазақстан қоңыржай климаттық белдеуінің оңтүстігінде орналасқан. Қазақстанның 4 мұхиттан алшақ жатуы оның континенттік климатының басым болуына әкеледі.

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Сұрақтарға жауап ала отырып, оқушыларды климаттың қалыптасу себептерін, климат құрушы факторлар арасындағы себеп-салдар байланыстарын ашуға үйретеді. Қазақстан климатының ерекшелігіне сипаттама береді: Қазақстан климаты шұғыл континентті, Қазақстан климатының қалыптасуына негізгі үш фактор әсер етеді: күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, төсеніш бетінің сипаты.

Оқушыларға сұрақ қояды: Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің қандай ролі бар? Күн радиациясы ұғымына анықтама беріп, өлшем бірлігін айтады: Радиация дегеніміз не?


Мұғалімнің әңгімесін тыңдап, қажеттілерін жазып отырады.

Сұраққа жауаптары: Күннің Жер үшін энергияның негізгі көзі екенін, Күн жер бетін, суды, мұхиттарды қыздырып, күн сәулесінің әсерінен өсімдіктерге фотосинтез процесі жүреді.

Оқушылар Қазақстан климатына негізгі 3 фактор: күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, жердің төсеніш бетінің әсер етуінен қалыптасатынын анықтайды.

1. Күн радиациясының түрлері: а) тура күн радиациясы, шашыранды радиация, жиынтық радиация, жұтылған радиация, шағылысқан радиация.

Күн радиациясы түрлері туралы сызбанұсқа:

2. Күн радиациясының географиялық ендікке байланыстылығын анықтайды

3. Күн радиациясының атмосфераның мөлдірлігіне және жыл мезгілдеріне байланысты таралу заңдылықтарын анықтайды.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Күн радиациясының географиялық ендік бойынша таралуынды оқулықтың 84-85 беттеріндегі Қазақстан аумағының жиынтық күн радиациясы картасымен жұмыс істеуге тапсырма береді:

1. Картадан Петропавл, Астана, Қарағанды және Шымкент, қалаларының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңдар.

2. Қазақстан аумағындағы 66° меридиан бойынша оңтүстіктен солтүстікке қарай жиынтық радиация мөлшері қалай өзгереді?

3. Алынған фактілерді пайдалана отырып жиынтық радиацияның таралу заңдылықтары туралы қорытынды шығарыңдар.

Тапсырмалардың орындалуы: 1. Птеропавл қаласында жиынтық күн радиациясының мөлшері 100 ккал, Астанада 100-110 ккал шамасында, Қарағандыда 110-120 ккал, Жезқазғанда 120-130 ккал, Таразда 130-140 ккал, Шымкентте 140-150 ккал-ден астам. 2. Оңтүстіктен солтүстікке қарай жиынтық күн радиациясының мөлшері артады. 3. Владивосток мұхит жағалауында орналасқандықтан атмосфераның жоғарғы қабаттарында бұлттар көптеп шоғырланады, олар күн сәулесінің түсуіне кедергі жасап, жиынтық күн радиациясының мөлшері Алматыдағыға қарағанда аз болады.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

1.Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

2. Күн радиациясының түрлері қандай?

1. Қазақстан климатының қалыптасуына күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы және жердің төсеніш беті әсер етеді.

2. Күн радиациясының тура, шашыранды, жиынтық, жұтылған, шағылысқан түрлері болады.

6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

Бағаларын тыңдап, ескертулері болса, мұғалімге айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7. Үйге тапсырма

Кескін картаға жиынтық күн радиациясын түсіру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Күні: Тақырыбы: Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары. Ауаның қысымы және желдер

Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы туралы білім қалыптастыру. Арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары ерекшеліктері туралы қалыптасқан білімдерін тереңдету. Ауа қысымы мен желдердің Қазақстан аумағында таралу ерекшеліктерін түсіндіру. «Жергілікті желдер» ұғымын қалыптастыруды одан әрі дамыту. Желдердің табиғатқа және шаруашылыққа тигізетін әсерлері. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралу ерекшеліктерін түсіндіру. Маусым және биіктік бойынша температураның таралу заңдылықтары туралы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық. Климат картасымен картасы арқылы ауа массаларының, желдердің қозғалыстырына және ауа температурасының таралуына сипаттама беру арқылы картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Климаттық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды одан әрі дамыту.

Тәрбиелік. Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, климаттық картасы, Павлодар облысының физикалық картасы

Негізгі ұғымдар: атмосфералық циркуляция, ауа массалары, атмосфералық қысым, жергілікті желдер, температураның тәуліктік және жылдық өзгерістері, изотерма

Номенклатура: Ебі, Сайқан, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар желдері.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

Ең алдымен кескін карталарын тексереді. «Күн радиациясы» ұғымын бекіту үшін мынадай сұрақтар мен тапсырамалар береді:

1) Негізгі климат қалыптастырушы факторларды атаңдар.

2) Күн радиациясы дегеніміз не?

3) Күн радиациясының қандай түрлерін білесіңдер?

4) Картадан Қазақстан аумағында жиынтық күн радиациясының таралуын анықтап, оның әр түрлі болу себебін түсіндіріңдер.

Кескін карталарын мұғалімге тексертеді. Сұрақтарға жауаптары:

1) Күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, төсеніш беті

2) Күн радиациясы дегеніміз – Күннен шығатын сәулелі қуат.

3) Күн радиациясының түрлері – тура, шашыранды, жиынтық, жұтылған, шағылысқан

4) Жиынтық күн радиациясы солтүстіктен оңтүстікке қарай артады. Бұл оның қоңыржай ендігінің оңтүстігіне қарай орналасуына байланысты болатын құбылыс.

3. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

1) Ауа массасы дегеніміз не?

2) Ауаның қысымы дегеніміз не?

3) Жер бетінде температураның жылдық өзгерісіне қандай факторлар әсер етеді?

4) Бір тәулік ішінде температура қандай себептерге байланысты өзгереді?

5) Биіктеген сайын ауа температурасы қалай өзгереді? Оның себебі неде?

1) Өзіне тән қасиеттері бар: температурасы, ылғал мөлшері бар үлкен ауа көлемін ауа массаслары дейміз.

2) Ауаның қысымы дегеніміз ауаның жер бетіне түсіретін салмағы.

3) Жыл мезгілдерінің өзгеруіне байланысты, яғни Жердің Күнді айнала қозғалуына байланысты жыл бойында температураның таралуы өзгереді.

4) Күн мен түннің ауысуына байланысты, яғни Жердің өз білігінен айналуы әсер етеді.

5) Биіктеген сайын ауа температурасы төмендейді. Күн сәулелері ауадан кідіріссіз өтіп, оны тікелей қыздырмайды. Ең алдымен жер беті жылынып, содан кейін ауаға тарайды.

3. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі.

Жаңа тақырыпты келесі жоспар бойынша меңгереді:

1. Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары.

2. Ауаның қысымы

3. Желдер

4. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы

Мұғалім жоспардың әр бөліміне қысқаша сипаттама жасап, қалғанын оқушыларға өздері сипаттайтындай тапсырмалар мен сұрақтар беру арқылы меңгертеді.

Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтінімен және климат картасымен жұмыс істейді. Оқушылардың жоспар бойынша орындайтын жұмыстары:

1. Мұғаліммен бірге талқылай отырып, атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындарының болатындығы мен оның әрдайым қозғалыста, сипаты бойынша әр түрлі болатынын анықтайды. Кейін Қазақстан аумағына әсер ететін ауа массаларының типтерін анықтайды: олар үшеу – арктикалық, қоңыржай (полярлық) және тропиктік.

2. Қысымның таралуына сипаттама береді: Қазақстан аумағында қысым біркелкі таралмаған, мұнда қысымның маусымдық өзгеруі байқалады. Оған Сібір антициклоны мен оның о-б тармағы – Воейков белдеуі, Азор антициклонының шығыс тармағы әсерін тигізеді. Кейін республиканың әр жеріндегі қысымның мөлшерін қарастыра келе, оның таралу ерекшелігіне тоқталып кетеді.

3. Желдің таралуы атмосфера қысымының таралуы мен жер бедеріне тікелей байланысты екенін анықтайды. Желдің маңызын анықтап, республикадағы оның орташа температуралары мен жергілікті желдерінің түрлерін анықтайды: Қазақстан жерінде тау аңғарлық, сайқан, ебі, шілік желдері, дауыл соғады.

4. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралу ерекшеліктерін анықтайды: ол аумақтың созыңқы болуына және жер бедеріне байланысты. Орташа жылдық температура: солтүстікте 0,4°С-ден оңтүстікте 13,7°С-ге дейін. Ең суық ай – қаңтардың айының орташа темп. солтүстікте -19°С, оңтүстікте -1,5°С. Ең суық жер Атбасар -57°С, ең жылы ай – шілде айының орташа темп. солтүстікте 19°С, оңтүстікте 28-30°С, ең жоғары темп-лар солт-те 41°С, оңт-те 47°С. Температура инверсиясы – қысқы уақытта тау алдында, тау аралық қазаншұңқырларда, өзен аңғарларынан тау беткейлеріне биіктеген темп-ның сайын жоғарылауы. Ал шілде айында биіктеген сайын ауа темп-сы төмендейді. Орташа жылдық амплитудасын анықтайды.

4. Жаңа тақырыпты бекіту

Жаңа тақырыпты бекіту ретінде: 1. Кестені толтыру тапсырмасын береді;

2. Климат картасы бойынша қаңтар мен шілде айларының орта температураның солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай қалай өзгеретінін байқау. Себебін түсіндіру

1. Республика аумағында соғатын күшті желдерді сипаттайды. Оны мына кестеге салады:


Қазақстан аумағында соғатын желдер

Желдің қалыптасатын аймағы

Жылдамдығы, бағыты, соғу ұзақтығы

Ерекшеліктері


1) Ебі желі

Қытай жеріндегі Ебі-Нұр көлінің үстінде жоғары қысым әсерінен п.б.

60-80 м/с, Орта Азиядан Жоңғар қақпасы арқылы Алакөлге (о-ш-тан с-б-қа қарай), 70-100 күндей соғады

Желдің ішкі температурасы айналасының температурасынан 8-10°С.

2) Сайқан желі

Алакөл үстінде жоғары қысым орнағанда п.б.

50-60 м/с, с-б-тан о-ш-қа қарай Ебі желіне кері бағытта, 2-3 тәулікке созылуы мүмкін

Алакөл ойысында темп. 30-37°С-қа төмендейді. Көл деңгейі 1 м-ге көтеріледі. Қыркүйек – сәір айларында күшті соғады

3) Шілік желі

Шілік өзенінің бастау алатын мұздықтар өңіріндегі салқын ауаның Іле аңғарына қарай ығысуынан пайда болады

8-10 м/с, күндіз с-б-тан о-ш-қа қарай, түнде о-ш-тан с-б-қа қарай соғады

Бір тәулік ішінде бағытын өзгертеді, қыста үдей соққан жел қарды ұшырып, жол қатынасын қиындатады

4) Арыстанды-Қарабас

Қаратау жотасының о-б беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен соғады.

35 м/с, солтүстіктен соғып тұрады

Мойынқұмның үстімен өткенде құмды қара бұрқасын тұрады


5) Қордай желі

Жамбыл облысының о-ш-дағы Жетіжол жоотасы мен Кіндіктас тау аңғарларындағы Қордай асуының үстінен соғады

40 м/с, 55 күн күшті соғады

Қыста Сібір антициклоны орнаған кезде жылдамдығы артады

6) Мұғалжар желі

Мұғалжар тауынан соғады

50 м/с, оңтүстік және о-б-тан соғады

Күзде батыстан және с-б-тан келетін циклон әсерінен п.б.

2. Қаңтар және шілде айларында ауа темп-сы солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғарылайды, батыстан шығысқа қарай да төмендейді.

5. Сабақты қорытындылау

Сабақты қорытындылау сұрақтары: 1. Қазақстан жеріне қандай ауа массалары әсер ететді? 2. Республика аумағында соғатын қандай күшті желдерді білесіңдер?

Оқушылардың жауаптары: 1. Арктикалық, қоңыржай, тропиктік ауа массалары

2. Республика аумағында Ебі, Сайқан, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар

6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады. Ескертулері немесе келіспеушіліктері болса, мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру

Тапсырмаларын аяқтамаған жағдайда оларды соңына дейін аяқтау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тпасырмаларды орындау

Күнделіктеріне үй тапсырамасын жазып алады.















Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы

Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.


Мақсаты:

Білімділік: Қазақстан аумағында ылғалдылықтың маусым бойынша жауын-шашынның таралу заңдылықтары туралы білімдерін жүйелеу және тереңдету. Ылғалдану коэффициенті туралы ұғымды қалыптастыру. Ылғалданудың табиғат зоналарының қалыптасуындағы ролін көрсету. Қазақстан аумағында қалыптасатын климат құбылыстары туралы көзқарастарын қалыптастыру. Олардың адам өміріне, шаруашылыққа тигізетін әсерін анықтау.

Дамытушылық: Қазақстан аумағында жауын-шашынның таралуын климат картасы бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Ылғалдану коэффициентіне есептер шығару арқылы іскерліктерін арттыру

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, климат картасы, атлас


Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

    1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

    2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

    3. Тақырыпты бекіту кезеңі






Сабақтың барысы









Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

Дәптерлерінен өткен сабақта аяқтамаған кестелерін тексереді. «Қазақстан аумағында жауын-шашын таралу тақырыбын еске түсіру үшін мынадай сұрақтар мен тапсырамалар береді:

1) Қазақстан аумағында ауа температуратсының таралуына қандай факторлар әсер етеді?

2) Қазақстан аумағында орташа жылдық температураның таралуы, оның себептері

3) Климат картасына қарай отырыпең суық және ең жылы айлардағы ауа температурасының таралу заңдылығын анықтау

Кестелерін тексертіп, сұрақтарға жауап береді:

1) Қазақстан аумағының созылып жатуына, сондай-ақ жер бедерінің әртүрлілігіне байланысты ауа температурасыәркелкі тараған.

2) Қазақстан аумағында орташа жылдық температура солтүстікте 0,4°С-ден оңтүстікте 13,7°С-ге дейін көтеріледі, себебі жазықты, аласа таулы жерлерде ауа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай артады, ал биік таулы жерлерде биіктік бойынша өзгереді.

3) Жалпы қаңтар айының орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай -19°С-ден -1,5°С-ге дейін артады, шілде айының орташа температурасы солтүстікте 19°С-ден оңтгүстікте 28-30°С-ге дейін артады.

3


















Тақырыпты меңгеру келесі жоспар бойынша жүргізіледі:

  1. Қазақстан аумағында жауын-шашынның таралу ерекшеліктері

  2. Жауын-шашынның жыл маусымдарына байланысты таралуы.

  3. Қар жамылғысы

  4. Ылғалдану коэффициенті

  5. Климаттың адам баласының шаруашылық әрекетіне әсерлері

  6. Қазақстандағы атмосфералық құбылыстар

Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтінін, суреттерін және атластағы климаттық карталарды пайдаланады.

Оқушылардың оқу іс-әрекеттері:

1. Мыналарды анықтап, жазып алады: Қазақстанда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 130-1600 мм. Оның ең аз мөлшері Арал-Балқаш маңында 100-130 мм, ең көп мөлшері Батыс Алтайда 1600 мм.

Мыналарды біліп есте сақтайды: республиканың жазық және аласа таулы бөлігінде ж-ш солтүстіктен оңтүстікке қарай және батыстан шығысқа қарай кемиді. Ж-ш солтүстікте орта есеппен 400 мм, орталығында 275 мм, оңтүстікте 130 мм, батыстағы Оралда 374 мм, шығыста Жайсан қазаншұңқырында 200 мм. Биік тауларда 800-1000 мм және одан да көп түседі.

2. Мыналарды анықтап жазып алады: Қазақстанның солтүстігінде жылдық ж-ш-ның 70-80%-ы жылдың жылы мезгілінде түседі, 20-30%-ы қыста түседі. Қазақстанның оңтүстігінде жылдық ж-ш-ның 50-40%-ы жылдың жылы мезгілінде түседі, 50-60%-ы қыста түседі

Мынаны еске сақтап қалады: Құрғақ жаңбыр – жаңбыр тамшылры жер бетіне жетпей ауада буға айналып кетеді.

3. Мыналарды анықтап жазып алады: Қар жамылғысының қалыңдығы орта есеппен солтүстікте 20-30 см, ол 125-165 күн жатады, ал оңтүстікте 10-15 см, ол 40-60 күн ерімей жатады.

Мыналарды еске сақтайды: алғашқы қардың түсуінің ең ерте кезі солтүстікте қыркүйектің аяғы – қазанның басы, оңтүстікте қазан айының аяғы. Шөл зонасында алғашқы қар желтоқсанның аяғында түседі. Таулы аудандарда қардың қалыңдығы мен жату ұзақтығы биіктікке байланысты болады.

4. Мыналарды анықтап жазып алады: Ылғалдану коэффициенті деп жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын атайды. К=Ж/Б. Егер К=1 онда ылғалдану жеткілікті.

Мыналарды еске сақтайды: егер К

5. Мыналарды анықтап еске сақтайды: Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді. Жалпы Қазақстанда қолайсыз атмосфералық құбылыстарына қуаңшылық, аңызақ, үсік, көтайғақ, шаңды дауылдар жатады.

6. Мыналарды жазып алады: Аңызақ желді күндердің ұзақытығы табиғат зоналарына байланысты болады: дала зонасында жылына 5-10 күн, шөлейт зонасында – 40 күн, Қызылқұмда – 100 күн.

Шаңды дауылдар дала зонасында орта есеппен 20-38 күн болады, республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде 55-60 күн болады.

Үсік көктемнің аяқ кезі мен күздің басында болады. Үсіктің қауіпті аудандары Қазақстанның солтүстігі мен орталығында көктемгі үсікке шалдығу ықтималдығы 10 жыл ішінде 5 жыл, шөл зонасында 10 жылда 4 жыл.

Көктайғақ әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап жер беті 0°С-ге дейін суынып, мөлдір, көгілдір мұзбен жабылады. Ол республиканың оңтүстік және орталық аудандарында жиі байқалады.

4

Тақырыпты бекіту үшін келесі тапсырмаларды береді:

1. Алматы, Петропавл, Қызылорда қалаларының жылдық температурасы мен жауын-шашынның өзгеру диаграммаларын салыстыру. Айырма себептерін түсіндіру.

2. Оқулықтың 99 бетіндегі сурет бойынша Қазақстанның бірнеше қалаларындағы ылғалдану коэффициентін анықтау.


Оқушылрдың тапсырмаларды орындауы:

1. Алматы

5

Қорытынды сұрақтар: 1. Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері қанша мм аралығында ауытқиды? 2. Ең аз мөлшері қанша және қай жерде, ең көп мөлшері қанша және қай жерде? 3. Қандай атмосфералық құбылыстарды білесіңдер?

Сұрақтарға жауаптары: 1. Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері 130-1600 мм аралығында ауытқиды.

2. Жауын-шашынның ең аз мөлшері Арал маңында 100 мм және ең көп мөлшері Бтасы Алтайда 1600 мм дейін жетеді.

3. Атмосфералық құбылыстар: қуаңшылық, аңызақ, үсік, көтайғақ, шаңды дауылдар

6

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады. Ескертулері немесе келіспеушіліктері болса, мұғалімге айтады.

7

Тақырыпты қайталау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тпасырмаларды орындау

Күнделіктеріне үй тапсырамасын жазып алады.














Күні:

Сынып: 8 Тақырыбы: Агроклиматтық қорлар. ШҚ облысының климаты және климат құрушы факторлар


Мақсаты:

Білімділік: Қазақстан аумағындағы агроклиматтық қорлар туралы көзқарастарын қалыптастыру. «Комфорт зонасы», өсіп-өну кезеңі деген түсініктермен танысып, оларға анықтама беру. Өсіп-өну кезеңі ұзақтығының республика аумағы юойынша айырмашылығын анықтау. ШҚ облысының қай климаттық белдеуде және қандай жарықтың түсу беддеуінде орналасқанын, климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер ететінін анықтау. Климатының ерекшелігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық: Қазақстан аумағында агроклиматтық қорлардың таралуын климат картасы бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Ылғалдану коэффициентіне есептер шығару арқылы іскерліктерін арттыру

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, климат картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

    1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

    2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

    3. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

Дәптерлерінен өткен сабақта аяқтамаған кестелерін тексереді. «Қазақстан аумағында жауын-шашын таралу тақырыбын еске түсіру үшін мынадай сұрақтар мен тапсырамалар береді:

1) Өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайды анықтаңдар.

2) Қазақстанның қай аймақтары өсімдіктерді өсуіне ең қолайлы деп ойлайсыңдар?

3) ШҚ облысы қандай ендікте, қандай климат белдеуінде жатыр? Оның жер бедері ерекшеліктерін еске түсіреміз.

Кестелерін тексертіп, сұрақтарға жауап береді:

1) Өсімдіктер өсу үшін оларға жылу, жарық, ылғал қажет.

2) Өсімдіктердің өсуіне Қазақстанның солтүстігі, өйткені мұнда жылу, жарық және ылғал жеткілікті. Ал оңтүстігінде жылу көбірек болғанмен ылғал аз болып келеді.

3) ШҚ облысы 50º с.е. және 54º с.е. аралығында толығымен қоңыржай белдеуінде жатыр. Оның аумағының 70%-ын жазық алып жатыр

3


















Тақырыпты меңгеру келесі жоспар бойынша жүргізіледі:

1. Агроклиматтық қорлар. Қазақстанның көп жерінде климат адам денсаулығына тиімді. Қарағайлы ормандарда, өзен мен көл жағаларында, тау аңғарларында климаттық санатоийлер көп. Қазақстан аумағында жылу барлық ауыл шаруашылық дақылдарының пісіп-жетілуіне тікелей байланысты.

2. ШҚ облысының климаты мен климат қалыптастырушы факторлары:

1) облыстың климатын қалыптастыратын факторлар;

2) облыс аумағына түстетін күн жылуының мөлшері;

3) облыс климатына әсер ететін ауа массалары мен басым желдер;

4) атмосфералық жауын-шашын мөлшері. Ең алдымен ШҚ облысының климаты мен климат қалыптасуына әсер ететін факторларға тоқталады. Оны оқушылармен бірге анықтайды.

Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтінін, суреттерін және атластағы климаттық карталарды пайдаланады.

Оқушылардың оқу іс-әрекеттері:

1. Мыналарды анықтап, жазып алады: Қазақстанның солтүстігінде өсіп-өну кезеңі 130-135 күнге, орталықта 150-160 күнге, оңтүстігінде 180 күнге созылады.

Мыналарды біліп есте сақтайды: «Комфорт зонасы» климат элементтерінің үйлесімі адамның көңіл күйіне жайлы зона. Өсімдіктердіің өсіп-өнуі үшін қолайлы температура 10°С-тан жоғары болу керек. Республиканың солтүстігінде жаздық бидай, зығыр, көкөніс және бау-бақша өсіру үшін, орталықта дәнді дақылдар, күнбағыс, қарақұмық, картоп өсіруге, оңтүстігінде күріш, мақта, темекі, жүзім, қант қызылшасын өсіруге қолайлы.

2. Мыналарды анықтап жазып алады:

Мынаны еске сақтап қалады:

1) Мыналарды анықтап жазып алады:

Мыналарды еске сақтайды:

2) Мыналарды анықтап жазып алады:

Мыналарды еске сақтайды:

3) Мыналарды анықтап еске сақтайды:

4) Мыналарды жазып алады:


4

Тақырыпты бекіту үшін келесі тапсырмаларды береді:

1. Алматы, Петропавл, Қызылорда қалаларының жылдық температурасы мен жауын-шашынның өзгеру диаграммаларын салыстыру. Айырма себептерін түсіндіру.

2. Оқулықтың 99 бетіндегі сурет бойынша Қазақстанның бірнеше қалаларындағы ылғалдану коэффициентін анықтау.


Оқушылрдың тапсырмаларды орындауы:

1. Алматы

5

Қорытынды сұрақтар: 1. Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері қанша мм аралығында ауытқиды? 2. Ең аз мөлшері қанша және қай жерде, ең көп мөлшері қанша және қай жерде? 3. Қандай атмосфералық құбылыстарды білесіңдер?

Сұрақтарға жауаптары: 1. Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері 130-1600 мм аралығында ауытқиды.

2. Жауын-шашынның ең аз мөлшері Арал маңында 100 мм және ең көп мөлшері Бтасы Алтайда 1600 мм дейін жетеді.

3. Атмосфералық құбылыстар: қуаңшылық, аңызақ, үсік, көтайғақ, шаңды дауылдар

6

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады. Ескертулері немесе келіспеушіліктері болса, мұғалімге айтады.

7

Тақырыпты қайталау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тпасырмаларды орындау

Күнделіктеріне үй тапсырамасын жазып алады.





















Күні: № сарамандық жұмыс


Тақырыбы: : Карта бойынша ауа массаларының, температураның мен жауын-шашынның таралуын таралуын сипаттау.

Мақсаты:

Білімділік: Ауа массалары, температура мен жауын-шашынның таралуын анықту. Климат тақырыбын қайталап, бекіту.

Дамытушылық: Карта бойынша ауа массаларының, температураның мен жауын-шашынның таралуын таралуын сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалықкартасы, климат картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты қайталап, бекіту кезеңі 6. Үй тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кескін карталарын тексереді.

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды.

3

1. «Қазақстанның климаты» тақырыбын қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

2. Сарамандық жұмыстың тапсырмалары:

карта бойынша ауа массаларының қозғалысын, температура мен жауын-шашынның таралуын анықтау.

3. Қорытындылау


1. Тақырыпты қайталау сұрақтары мен тапсырмалары:

1) Қазақстанның климатын қалыптастырушы факторларын анықтаңдар.

2) Қазақстанның аумағы қандай климаттық белдеуде жатыр?

3) Қазақстанның климатын қандай ауа массаларының типтері қалыптастырады?

4) Қазақстанда қандай ең жоғарғы (максимум) және ең төменгі (минимум) температура байқалады?

5) Қазақстанның әр аймақтарында жыл маусымдарына байланысты жауын-шашын қалай таралған? Неліктен?

6) Қазақстанның қай аймағында жауын-шашын көбірек, қай аймағында азырақ түседі? Неліктен?

7) Биік таулы аймақтардағы климаттың қандай ерекшеліктері бар?

8) Климат адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне қалай әсер етеді?

9) Климатпен байланысты қандай қауіпті атмосфералық құбылыстарды білесіңдер?

10) Агроклиматтық қорлар дегеніміз не? Олар қалай пайдаланылады?

11) Республика жерінде қандай ауыл шаруашылық дақылдары өсіріледі?

2. Дәптерлеріне карта бойынша климат сипаттамаларын жазады.

4

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады. Ойнынның нәтижесін саралап, жеңімпаз қатарды анықтайды.

5

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

6

Үй тапсырмасына «Литосфера» тақырыбын қайталау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.






Күні:

Сынып: 8 Тақырыбы: Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері

Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Қазақстанның ішкі суларымен таныстыру. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына климат ерекшелігініңәсері болса осыған байланысты ішкі суы да әркелкі таралғанын айту. Өзен жүйесі, өзен алабы, өзен жүйесінің ерекшелігі, өзеннің су шығыны, жылдық ағысын сипаттау. Өзендерінің қоректенуі мен режиміне тоқталып түсіндіру. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жаттын өзендердің және ішкі алаптарға жататын өзендердің ерекшеліктерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайына тоқталып, оларға мән беруге тәрбиелеу. Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Жаңа тақырыпқа көшу 6. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

4. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін ең алдымен кіріспе әңгімелесуден бастап, мынадай сұрақтар қояды:

1) Өзеннің бастауы деген не?

2) Өзен жүйесі деген не?

3) Өзен алабы деген не?

4) Суайрық деген не?

5) Қазақстанның аумағында қандай ірі өзендер бар?



Оқушылар мұғалімнің сұрақтарын мұқият тыңдап, оларға жауап береді:

1) Өзеннің басталатын жерін өзеннің бастауы деп атайды.

2) Суы бір-біріне қоысылып, теңізге немесе көлге бір сағамен құятын өзен мен оның салаларының жиынтығы.

3) Жер бетінің өзенге су жиналатын бөлігі. Жеке өзен алаптары бір-бірінен суайрық сызықпен бөлінеді.

4) Өзендердің су жинайтын көршілес алаптарын бір-бірінен бөліп тұратын сызық.

5) Қазақстан аумағында Ертіс, Есіл, Сырдария, Жайық, Шу, Іле, Тобыл өзендері бар.

3

Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін картаны пайдаланып Қазақстан аумағындағы өзендерге тоқталып, олардың ішінде оқушылар атаған 7 өзеннің ұзындығы 1000 шақырымнан асатынын айтады. Өзеннің бағыты мен жылдамдығы сол өзеннің ағып өтетін жер бедеріне байланысты дейді. Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы өзендердің көбі басын таулардан алады. Тау өзендері беткейлері тік, жартасты тар аңғармен ақса, жазық жерлермен ағатын өзендердің ағыны баяу екенін айтады. Қазақстан өзендерінің ерекшеліктеріне тоқталып кетеді: 1 – жасы әр түрлі, 2 – өзендердің әркелкі таралуы.

Оқушыларға сұрақ береді: Қазақстанның өзендері қоректену көздеріне және суының режиміне қарай қандай типтерге жатады? Кейін мұғалім өзі қорытындылайды: Қазақстан өзендері негізінен қар-жаңбыр, мұздық, жер асты суымен қоректенеді. Кейін өзен суының шығыны мен жылдық ағынына сипаттама береді. Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан 1 секунд ішіде ағып өтетін су мөлшері. Ол м3/с есебімен өлшенеді: Q=Fм2*V м/с.

Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері: Ертіс, оның салалары Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар.

Ішкі алаптың өзендері Каспий, Арал, Балқаш-Алакөл көлдеріне құятынын және кейбір өзендердің құмға сіңіп кететінін анықтайды. Ішкі алаптың өзендері: Жайық, Ембі, Сырдария, Шу, Сарысу, Нұра, Қаратал, Аягөз, Тентек.

Каспий теңізі алабы – Қазақстанның шөл және шөлейт зоналары ішінара орманды даланы қамттиды, шөлейтте өзен торы нашар дамыған, бұған Жайық өзені жататынын айтады.

Салалары: Самара, Шаған, Елек, Ор, олардың халық шаруашылығындағы маңызы ашылады.

Арал теңізінің алабы – Сырдария өзені Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Т-Ш тауларынан басталатынын картадан көрсетеді. Бұл республиканың ең лай өзені дейді. Өзеннің ағынын реттеп, суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында Қызылорда, Қызылқұм және Қазалы суару жүйелері Шардара бөгені салынғанын айтады.

Балқаш-Алакөл алабы – бұл алаптың ең үлкен өзені – Іле. Ол Шығыс Т-Ш туларынан басталатын Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болатынын картадан көрсетіп түсіндіреді. Оқушылардың сұрақ-жауап әдісін пайдаланып онда қандай СЭС-тер салынғанын сұрайды. Іле өзенінің жағдайына тоқталып, түсіндіреді. Ішкі алаптарды түсіндіргенде Каспий теңізінің алабына: Жайық, Жем өзені, Арал теңізінің алабына: Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз өзендері, ал солтүстік және орталық Қазақстан көлдерінің алабына Нұра өзені, сондай-ақ Балқаш-Алакөл алабын айтқанда Іле, Қаратал, Аягөз, Тентек өзендері жататынын және оларға жеке-жеке тоқталған жөн.

Оқушылар Қазақстанның физикалық картасынан өзендердің қалай таралғандықтарын анықтайды.

Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты өзендер де әркелкі таралған: шөл мен шөлейт зоналарында өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едәуір көп, жер бетіндегі өзен торларынынң орналасуы сол аймақтың ылғалдану коэффициентіне байланысты екенін айтады.

Басын таудан алатын өзендерді картадан тауып атайды: Іле, Сырдария, Жайық, Есіл, Нұра.

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді: Қазақстан өзендері қармен, жаңбырмен, мұздармен қоректенеді.

Өзеннің су шығынына мысал келтіреді: Өзеннің көлденең су қимасы 600 м2, ал судың ағыс жылдамдығы секундына 1,6 м2 болса, өзеннің су шығыны секундына 960 м3/с.

Қазақстан өзендерінің алаптарын анықтағаннан кейін, оларға жататын өзендерді жазып алады.

Оқушылар Солтүстік мұзды мұхит алабы өзендерін, ішкі алап өзендерімен салыстыра отырып, бұлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары мен ерекшеліктері бар екенін дәлелдейді. Осы екі алап өзендеріне сипаттама беру жоспарын жазып алады:

1. Өзеннің бастауы, орнының биіктігі, ендік, бойлығы.

2. Өзен ағып өтетін жердің бедері.

3. Жағалауларына сипаттама.

4. Салалары.

5. Құятын жері

6. Су деңгейінің ауытқуы, толысуы.

7. Шаруашылықтағы мәні

8. Экологиялық жағдайы.

Каспий теңізі алабының салалары: Самара, Шаған, Елек, Ор. Каспий теңізінің алабына: Жайық, Жем өзені

Арал теңізінің алабына: Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз өзендері, ал солтүстік және орталық Қазақстан көлдерінің алабына Нұра өзені

Балқаш-Алакөл алабын айтқанда Іле, Қаратал, Аягөз, Тентек өзендері жатады.

Оқушылар: Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і салынып, Қапшағай бөгені пайда болғанын картадан көрсетеді.

4

Тақырыпты бектіу үшін сұрақтар мен тапсырмалар береді:

Оқулықтағы ірі өзендердің су шығынын анықтаңдар.

Қазақстан өзендерінің қоректену көздеріне және су режиміне қарай қандай типтерге бөлінеді? Өзендерді кескін картаға түсіру.

Жоспар бойынша бір өзенге сипаттама беру.

Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын өзендерді атап, картадан көрсетіңдер. Бұл алаптағы өзен ағынының тұрақты ма, тұрақсыз ба, себебі не екенін түсіндіріңдер. Ішкі алап деп нені айтады? Оған қандай теңіздер мен көлдер жатады, атауларын атаңдар. Өзендердің қандай шаруашылық маңызы бар? Қандай өзендерде кеме жүзеді? Қайсысынан электр энергиясын алады? Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайы қандай? Физикалық картадан әр алаптың ірі өзендерін тауып, кескін картаға түсіріңдер.

Оқушылар мұғалімнің берген сұрақтары мен тапсырмаларын орындайды:

Қазақстан өзендері негізінен қар-жаңбыр, мұздық, жер асты суымен қоректенеді. Кейін өзендерді кескін картаға түсіреді.

Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын өзендер: Ертіс, оның салалары Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар. Бұл алаптағы өзендердің ағыны көбінесе тұрақты болып келеді. Себебі, климат ерекшеліктеріне байланысты мұнда ылғалыдылқтың жетеілікті болуына, жауын-шашын мөлшерінің мол болуына байланысты өзендер тұрақты қоректеніп, ағып тұрады. Дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайтын алапты ішкі тұйық алап деп атайды. Оағн Каспий, Арал теңіздері, Балқаш-Алакөл көлдері жатады. Өзендер ауыз су ретінде, көркемдік көзі, ағысы жылдам өзендер энергия көзі ретінде пайдаланылады. Ертіс, Жайық, Іле өзендерінде кеме жүзе алады. Ертіс, Іле, Сырдария өзендерінен электр энергиясын алады. Бойында СЭС-ры, металлургиялық комбинаттар жұмыс істейтіндіктен өзендар қатты ластануда.

Ертіс өзеніне сипаттама: 1) Қытайдағы Алтай туларынан Қара Ертіс болып басталады. 2) Өзен алдымен таулы аймақтардан, кейін жазық жерден ағып өтеді. 3) Оң жақ жағалауы тік, жартасты, сол жақ жағалауы жатық келеді. 4) Салалары: Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар. 5) Обь өзеніне құйып, ол СММ-на құяды. 6) Суы көктемде қар мен мұздықтар еріген кезде тасиды, жазда қайта тқмендейді. Қыста қататындықтан су деңгейі төмен болады. 7) Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма, Өскемен СЭС-ры салынған. Сонымен қатар металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді. Балық ауланады, кеме жүзеді. 8) Өзен қатты ластануда.

5

Сабақты оқушылармен бірге қорытындылайды.

Сабақта не білгенін, не үйренгенін айтып қорытындылайды.

6

Сабақ барысында белсенділігіне байланысты бағаланады.

Күнделіктеріне бағлаларын қойдырады.

7

Үйге: тақырыпты қайталау, сұрақтарға жауап беру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.











Күні: Тақырыбы: Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстандағы көлдер мен бөгендердің республика аумағында орналасуы және пайда болуы жөнінде оқушылардың білімін кеңейту. Көлдерді шаруашылыққа пайдалану туралы түсінік беру. Көл суларын қорғау, оның келешек үшін маңызы бар екенін оқушыларға кеңінен түсіндіру. Каспий теңізіне сипаттама беру. Каспий балық кәсіпшілігінің халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіру. Каспий теңізінің экологиясы. Көл суларын қорғау оның келешек үшін маңызы зор екенін оқушыларға түісіндіру, экологиялық тәрбие беру. Арал теңізі және оның алабына жататын өзендермен таныстыру. Арал теңізі бұрын қандай еді, қазір қандай? Балқаш көлі және оған құятын өзендермен таныстыру. Балқаштың табиғат байлықтарына сипаттама беру.

Дамытушылық: Қазақстан аумағындағы көлдердің таралуын физикалық, тектоникалық карта бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Оқушылардың өз бетінше жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып интернетпен жұмыс әстей бәлу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Каспий, Арал, Балқаш көлдерінің экологиялық жағдайларына тоқталу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3.Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

4.Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

Үй тапсырмасы бойынша өткен тақырыптардан бірнеше сұрақтар қояды:

1) Қазақстаннық ірі өзендерін атап, картадан көрсетіңдер, олардың ұзындығы қанша км-ден асады?

2) Қазақстанның өзендері қандай алаптарға жатады? Оларды картадан көрсет.

3) Қазақстан өзендерінің қоректену типі мен режимін сипатта.

4) Өзеннің су шығыны, жылдық ағыны деген не?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

1) Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден асатын 7 өзен бар: Ертіс, Тбыл, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Шу.

2) Қазақстан өзендері негізгі 2 алапқа жатады: Солтүмтік Мұзды мұхит алабы: Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері және ішкі тұйық алап: Каспий теңізі алабы, Арал теңізі алабы, Балқаш-Алакөл алабы.

3) Қазақстан өзендері қар-жаңбыр және қармен қоректенеді, жер асты суымен, мұздықтармен қоректенетін өзендер да бар, олар көбінесе басын таудан алатын өзендер. Өзендердің көбі көктемде қар еріген кезде тасып, жазда кейін қайтады.

4) Өзеннің су қимасынан 1 секунд ішінде ағып өтетін су мөлшерін өзеннің су шығыны деп аталады. Өзеннің бір жыл ішінде ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды.

3

Ең алдымен кіріспе сұрақтардан бастайды: 1) Көл деп нені атайды? 2. Көлдің теңізден айырмашылығы неде? 3. Көлдің қандай түрлерін білесіңдер? 4. Ағынды және тұйық көлдерге мысал келтіріңдер, олардың айырмашылығы неде? 5. Көл суының тұзды болуы неліктен?

Жаңа тақырыпта меңгеру үшін мына жоспарды құрады:

1. Қазақстан көлдеріне жалпы шолу

2. Олардың ерекшеліктері.

3. Су деңгейі

4. Көлдердің қазаншұңқырларына қарай түрлері.

5. Бөгендер

6. Каспий теңізі

7. Арал теңізі

8. Балқаш көлі

Физикалық карталарды пайдаланып мұғалім Қазақстандағы көлдердің ерекшеліктерін баяндайды. Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар екенін айтады. Олардың ішінде: Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көлемі бір шаршы км-ден кем шағын көлдер кездесетінін түсіндіреді. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі таралмаған. Климаттың жағдайларына көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемитінін, жазықтағы көлдердің көпшілігі теңіз деңгейінен 100-350 метр биіктіктегі неоген және антропоген шқгінді жыныстарының үстінде орналасқанын баяндайды.

Каспий теңізі: ауданы – 390 мың км2, орташа тереңдігі -28 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге, енді жері – 435 км, енсіз жері – 193 км. Жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км, жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29%-ы (2340 км), Ресейге – 16%-ы, Әзербайжанға – 20%-ы, Түркіменстанға – 21%-ы, Иран Ислам Республикасына – 14%-ы тиеді. Үлкендігіне қарап оны теңіз деп атайды, атауы ХVІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Қыс айларында теңіздің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады – мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетеді. Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2‰ болса, орталық бөлігінде 10-12‰-ге дейін көтеріледі, орталық және оңтүстік бөлігінде әдетте 13-14‰. теңіз деңгейі 1830-1929 жж – 25,5-26,6 м, 1929-1977 жж күрт төмендеді, 1978 жылдан бастап көтерілді, 1995 ж басында 26,5 м. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз, Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозащы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Каспий суының көтерілуі 45%-ы құятын өзендерге, 16%-ы жауын-шашынға, 25%-ы булану мөлшеріне, 14%-ы Қарабұғазкөл шығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты. Каспий теңізі балыққа бай, итбалықтың болуы кезінде теңіздің Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысын көрсетеді, д.ж-де жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Бағалы балық – қортпа (белуга) ұзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға жетеді, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға жетеді. Шоқырдың (севрюга) ұзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға жетеді. Теңізде одан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ ауланады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн. құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн құс қыст.

1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит деңгейінен 53 м биіктікте жатқан, ауданы 61,1 мың ш.ш, суының көлемі 1064 текше км. 1998 жылдан бастап теңіз деңгейі 18 м төмендеген.

Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай,, Шрадара, Саырқамыс сияқты көптеген жасанды суқоймалардың пайда болуы – Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтқанын түсіндіреді. Ауаның ылғалдылығы азаййып, жазы құрғақ та ыстық (шілде 45°С дейін), қысы суық (47°С) болатын жылдар мен күндер көбейген. Өзен жағалауындағы уармалы егістіктерден (негізінен, мақта мен күріш) және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне құйылып теңіз түбіне 1 млрд тоннадан астам улы шөгінділерді әкелген. Су тұздылығының артуы (1 л-ге 35‰) су түбінде шөккен тұз шөгінділері пайда болған, ауданы 40 мың км-ге жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын 70 млн тонна) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егімтіктерді улап, үлкен апат әкелген.

Оқушылардың жауаптары:

1. Құрлық бетіндегі суға толған табиғи ойыс. 2. Ол мұхитпен тікелей байланыспайды. 3. Көлдердің тектоникалық, қалдық, ескі арна, жанартаулық, бөген көлдер түрлері болады. 4. Зайсан – ағынды көл, Балқаш – ағынсыз көл.

5. Өзендер үнемі ағып тұратындықтан олар тұщы болады, ал көлдерге өзен құяды, егер ағып шықпаса ол тұзды болады, егер өзен ағып шақса ол тұщы болады.

1. Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде: Каспий, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа көлемі бір шаршы км-ден астам көлдер бар. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттың жағдайларына байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді, жазықтағы көлдердің көпшілігі деңгейінен 100-350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан.

2. Көлдердің орналасуындағы ерекшеліктер:

1) Олардың топ-топ болып шоғырлануы

2) Көлдердің тағы бір ерекшелігі – жасының әр түрлі болуы. Олар әр кезде пайда болған. Биік таулы аймақтардағы көлдер шығу тегі жөнінен жас көлдерге жатады.

3. Көлдердің су деңгейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты. ХХ ғасырда Қазақстанда ең аз сулы кезең 1936-1940 жылдары болды.

4. Көлдер қазаншұқырларының пайда болуына қарай келесі типтерге бөлінеді: а) тектоникалық көлдер, ә) реликті көлдер, б) мұздық көлдер типі, в) кар көлдері, г) Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі нәтижесінде пайда болған көлдер, д) ескі арна көлдері.

5. Қазақстанда барлығы 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар салынған. Олардың ауданы 10 мың км2. Олар ауданына қарай төр топқа бөлінеді: 1) кіші – 50 ш.ш, орта – 50-250 ш.ш, ірі – 250-1000 ш.ш, аса ірілері – 1000 ш.ш-нан асады.

5. каспий теңізі – қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан

6. Мыналарды анықтап, жазып алады: Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Ауданы – 390 мың км2, орташа тереңдігі -28 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге, енді жері – 435 км, енсіз жері – 193 км. Жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км, жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29%-ы (2340 км), Ресейге – 16%-ы, Әзербайжанға – 20%-ы, Түркіменстанға – 21%-ы, Иран Ислам Республикасына – 14%-ы тиеді.

Каспий теңізі қазаншұңқырының бедеріне қарай бөліктері: солтүстік бөлігі жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады, көп жерінде тереңдігі 5 м, ең терең жері 26 м; Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алады; Оңтүстік бөлігі таяз, аралдарының жалпы ауданы 2045 км2,, Қазақстан жерінде олардың 88%-ы орналасқан (ең ірілері – Төленді аралдар тобындағы Құлалы (73 км2) және Морской (65 км2) аралдары. Шілдеде орташа температура +24+26°С, қаңтар айының орташа температурасы -7-11°С. Ең төмен температурасы -38°С. Теңіз екі климаттық белдеуде орналасқан: солтүстігі қоңыржай континентті климатта.

Теңізде кездесетін ең бағалы балықтар – бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары; өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді, балықтың 55 түрі кездеседі. Қазіргі кезде құстардың 260 түрі кездеседі. Теңіз жағалауында – Атрыау, Форт-Шевченко, Ақтау және т.б. қалалар бар.

Арал теңізі – жас тұран платформасының үстінде орналасқан көл екенін анықтайды. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогенніңі аяғында алғаш рет суға толған. Үстірт келіп тірелетін батыс жағы биік, тік жарлы болып келетінін, қалған бөлігігнің жағасы ойпатты жазық, шығанақ қойнауларымен тілімденгенін карта бойынша анықтап қарайд, ауданы 61,1 мың ш.ш, суының көлемі 1064 текше км.

Оқушылар Балқаш көлі ьуралы мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, оның ауданы 18200 км2 екенін жазып алады. Оқушылар мұғалімнің нұсқауыменкартаға қарап Балқаш көлінің солтүстігінде Сарыарқамен, батысында Бетпақдаламен, оңтүстігінде және шығысында Балқаш маңы жазығымен шектесткенін анықтайды. Яғни оның солтүстік жағалауы биік жарқабақ болып келеді, ал оңтүстік жағалауы ойпатты болып келген деп сипаттайды. Оқушылар Балқаш көліне құятын өзендерді атап шығады: Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз, Бақанас.

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап беруге тырысады: шаруашылықта қолданылады, Іле өзенінің бойында Қапшағай СЭС-ы салынған, сондықтан ол өзенмен бірге келген лас заттардан ластанады.

4

Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтар мен тапсырмаларды береді: 1) Қазақстан көлдерінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? 2) Көлдердің таралуында қандай заңдылықтар бар? 3) Қазақстан көлдерінің су деңгейінің өзгеруі неге байланысты? 4) Көлдер қазаншұңқырларының пайда болуына қарай қандай типтерге бөлінеді? 5) Өзендерді қандай мақсатпен бөгейді? Олардың қандай маңызы бар? 6) Каспий теңізі қазаншұңқырының түпкі бедері қандай? 7) Тектоникалық картадан теңіздің шарасы қандай тектоникалық құрылымда орналасқанын анықтаңдар. 8) Балқаш көлінің батыс бөлігі тұщы, шығыс бөлігі тұзды болып келуінің себебі неде?

Сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптары: 1) Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктері – олардың топ-топ болып шоғырлануы, жасының әр түрлі болуы. 2) Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттың жағдайларына байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді, жазықтағы көлдердің көпшілігі деңгейінен 100-350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан. 3) Өазаөсан көлдерінің су деңгейі судың кірісі мен шығысына байланысты болады. Оларды су балансы жыл ішінде айтарлықтай өзгеріп отырады, сондықтан жиі ауытқуға ұшырайды. Олар көбінесе көктемгі қар еріген кезде көтеріледі. 4) Көлдер қазаншұқырларының пайда болуына қарай келесі типтерге бөлінеді: а) тектоникалық көлдер, ә) реликті көлдер, б) мұздық көлдер типі, в) кар көлдері, г) Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі нәтижесінде пайда болған көлдер, д) ескі арна көлдері. 5) Өзендерді жер беті ағындарын реттеу мақсатымен бөгейді. Көбінесе халық қажктін өтеу үшін салынады. Оларды энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекреациялық мәселелерді шеші үшін пайдаланады. 6) Каспий теңізі қазаншұңқырының бедеріне қарай 3 бөлігі бар: солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді 7) Арал теңізі Тұран ойпатында орналсқан. Көл неоген дәірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогеннің аяғында суға толған. Жағалаулары көбінесе ойпат болып келген, тек оңтүстік-батыс жағалауы үстүртті. 8) Көлге құятын судың жылдық мөлшерінің 78,2%-ы Іле өзенінің суы. Оның суы тұщы, шығыс бөлігінің суы тұздылау. Көл бетінен жыл сайын 1 м су қабаты буланып кетеді. Көлге сұғына еіп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты 2-ге бөледі. Оның ені небәрі – 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Бұғаздағы судың ағыны бір бағытта – батыстан шығысқа қарай, көлдің батыс бөлігі ағынды болып келеді, Іле өзенімен ағып келетін тұздар мұнда шөкпей шығыс бөлігіне қарай кетеді.

5

Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды. Ол үшін келесі сұрақтарды қояды: 1. Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Не қызықты болды?

Оқушылар ссұрақтарға жауап бере отырып сабақты қорытындылайды: 1. Бүгінгі сабақта Қазақстанның көлдері мен бөгендері туралы білдік: 48 мың көл, 4000 мыңнан астам бөгендер мен тоғандар бар. Ең үлкен көлдер – Каспий, Арал, Балқаш көлдері туралы қызықты мәліметтер алдық. Балқаш көлінің ащы, тұщы болып бөліну себебі қызықты болды.

6

Оқушыларды сабақ үстінде белсенділік көрсеткеніне қарай, картамен жұмыс істей алуларына қарай және жауаптарының дұрыстығына бағалайды.


7

Үйге: §29,30,31,32 қайталау. Оқулық қосымшасы бойынша номенклатураға дайындалу.








Күні:

Сынып: 8 Тақырыбы: Жер асты сулары. Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң.

Мақсаты:

Білімділік: Жер асты суларына сипаттама беру. Жер асты суының адам өміріндегі маңызына тоқталу.

Дамытушылық: Жер асты суларын қорғауға, суды улау мен ластанудан сақтау, оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Қазақстан аумағында жер асты суларының таралуын физикалық карта бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Ылғалдану коэффициентіне есептер шығару арқылы іскерліктерін арттыру

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулары картасы, атлас

Негізгі ұғымдар: Грунт (еспе) суы, Артезиан суы, жарықшақтық типті жер асты сулары, жарықшақтың қат қабатты типі, қат-қабатты жер асты сулары, жабынды мұздықтар, тау мұздығы

Номенклатура: Корженевский мұздығы, Симонов, Дмитриев, Берг, Калесник, Воейков, Абай, Безсонов, Жамбыл, Некрасов, Шокальский мұздықтары.

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Жаңа тақырыпқа көшу 6. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

4. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін ең алдымен кіріспе әңгімелесуден бастап, мынадай сұрақтар қояды:

1) Су өткізгіш қабат деп нені атайды?

2) Су өткізбейтін қабат қандай тау жыныстарынан тұрады?

3) Қар сызығы деген не?

4) Мұздықтар қалай пайда болады?



Оқушылар мұғалімнің сұрақтарын мұқият тыңдап, оларға жауап береді:

1) Су құмның, қиыршық тастардың, малта тастардың қабаттарынан тез өтеді, осы жыныстардан тұратын қабаттарды су өткізгіш қабат деп атайды.

2) Су өткізбейтін қабаттар саздан, граниттен, құм тастан, сазды тақтатастан тұрады. Өйткені жер қыртысының жоғарғы бөлігінің құрылысы қабат-қабат болғандықтан, қабаттар су өткізбейтін, су өткізетін жыныстардан түзілетіндіктен, жер асты суы қабат-қабат болып жатады. Ылғал су өткізбейтін қабатқа жеткеде үстіңгі су өткізгіш қабатта су жиналады.

3) Таудағы жауған қардың жыл бойы ерімей, жинақьала беретін биіктігін белгілейтін шартты сызық.

4) Құрлықта ұзақ уақыт жинақталып пайда болған, жылжымалы мұз щоғыры. Полярлық аймақтарда және тау басында таралған.

3

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін алдына жоспар құрады:

1. Жер асты суларының түрлері

2. Жер асты суларының маңызы. Артезиан алаптары

3. Минералды сулар.

4. Қазақстан аумағындағы мұздықтарға жалпы сипатттама.

5. Қар сызығы, оның биіктік ерекшеліктері.

6. Мұздықтардың типтері мен таралу ерекшеліктері.

Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтіні мен атластарындағы тақырыптық карталарды, кескін картаны пайдаланады.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру іс-әрекеттері:

Оқушылр мұғалімнің әңгімесінен кейбір мәліметерді жазып алады:

1. Жер асты суларының жарықшақытқ типі тау-өатпарлы Тянь-Шань, Жетісу Аалатуы, Сарыарқаның ұсақ шоқылары, Орал-Мұғалжар тауларында тараған. Жарықшақтың қат-қабатты типі Маңғстау, Мұғалжар, Сарыарқа тауларында қалыптасқан. Қат-қабатты жер асты сулар типі негізінен Қазақстанның Батыс, Оңтүстік, Солтүстік-Шығыс аудандарында тараған, Шу-Сарысу, Қопа-Іле, Балқаш-Алакөл ойыстарындағы өзен аңғарларында шоғырланған. Грунт (еспе) суы 3-30 м тереғңдікте орналасқан.

2. «Артезиан» сөзінің төркіні Францияның Артуа провинциясында 1126 ж шыңырау құдық қазылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл – су өткзбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатыр, Қызылқұмда 80-300 мтереңдікте орасан зор жер асты суы табылған.

3. Құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суын минералды сулар (арасан) д.а. 300-ден астам минералды бұлақтар бар: Алмаарасан, Алтайдағы Рахман.

4. Ауданы 2033,3 ш.ш боалтын барлығы 2724 мұздықтар Алтай, Сауыр жоталары, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, теріскей Алатау жоталарында бар.

5. Қар сызығының биіктігі оңтүстікте биіктеу, солтүстікте төменджейді: Тянь-Шаньда 3800 м, Алтай 2600 м, Жетісу Алатауында 3300-3900 м, Сауырда 3300 м. Ең көп мұздық Жетісу Алатауында шоғырланған – 1369 мұздықтың ауданы 1000 км2.

6. Мұздықтардың негізгі типтері:

1) Аңғарлық мұздықтар ауданының 66%-ын қамтиды, қалыңдығы 50-100 м.

2) Тау бетккейі мұздықтарының қалыңдығы 10-30 м.

3) Тегістелген төбе мұздықтар.

4

Оқушыларға өздік тапсырмалар береді: 1) Кескін катаға жер асты суларының шоғырланған аудандарын, қазіргі мұздықтар таралған аудандарды белгілеңдер; 2) Мұздықтардың не себептен әр түрлі биіктікте орналасқанын анықтаңдар.

Келесі тапсырмаларды атлас картаны пайдаланып өздік жұмыс жүргізу үшін беріледі: 1) Артезиан суы мен грунт суының айырмасы неде? 2) Жер асты суларының қандай түрлері бар? 3) Мұздықтардан басталатын өзендер Қазақстанның қай бөлігіде; 4) Көпжылдық тоңның таралған аудандарын атаңдар; 5) Оқулық соңындағы кестеге қарап Қазақстан табиғатын зертеуге үлес қосқан ғалымдар, қайраткерлер есімімен аталған мұздықтарды кескін картаға жазыңдар.

Оқушылар бұл тапсырмаларды өздігінен орындайды: 1) Кескін картаға жер асты сулары мен қазіргі мұздықтарды белгілейді; 2) Мұздықтардың орналасу биіктігі климат ерекшеліктеріне байланысты, яғни ауаның ққұрғақтылығы мен климаттың континенттілігіне байланысты биік орналасқан.

Келесі тапсырма бойынша жауаптары:

1) Грунт сулары жер бетіне таяу жатқаннан, жер бетіне шығып ағып жатады. Артезиан суларын шығару үшін скважиналар бұрғылайды. 2) Жер асту суларының жарықшақытқ типі, Жарықшақтың қат-қабатты типі, Қат-қабатты жер асты сулар типі, грунт (еспе) суы; 3) Мұздықтардан басын алатын өзендер Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында тараған; 4) Көпжылдық тоң Алтай, Сауырда, Жетісу Алатауында, Тянь-Шань тауларында тараған. Оның төменгі шекарасы 2000-3000 м биіктіктен өтеді; 5) Кескін картаға Корженевский, Симонов, Дмитриев, Берг, Калесник, Воейков, Абай, Безсонов, Жамбыл, Некрасов, Шокальский мұздықтарын түсіреді.

5

Сабақты оқушыларға сұрақ қою арқылы бірігіп қорытындылайды: 1) Бүгінгі сабақта қандай жаңа мәліметтер білдіңдер? 2) Сабақтың қай жері қызықты болды?

Оқушылар қолдарын көтеріп жауап береді: 1) Қазақстан аумағында тараған жер асты муларының түрлерін, мұздықтардың түрлерін білдік. Сонымен қатар олардың таралу, шоғырлану аудандарын анықтадық. Артезиан атауының шығу тегін білдік. 2) Кескін картаға осы аталған жерлерді түсірген қызықты болды.

6

Оқушыларды сабақ үстінде белсенділік көрсетуіне қарай және берген жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Оқушылардың мұғаліммен келіспеушілігі болса, олардың пікірлерін тыңдап нәтижесінде қойған бағаларын айтып күнделіктеріне қояды.

Мұғалімнің пікірін тыңдап, алған бағаларын тыңдайды. Оқушылардың мұғаліммен келіспеушілігі болса, өз пікірлерін айтып нәтижесінде алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына төмендегі кестені береді:

Биік таулар

Қар сызығының биіктігі

Ірі мұздықтары

Мұздықтарының саны

Мұздықтардың ауданы

Алтай таулары

Сауыр

Жоңғар Алатауы

Іле Алатауы

Күнгей Алатауы

Теріскей Алатауы

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Кестенің берілгенін дәптерлеріне жазып алады.











Күні:

сарамандық жұмыс . Тақырыбы:Қазақстан аумағының су ресурстарымен қамтамасыз етілуіне баға беру.


Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін, «Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбы бойынша алған білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 8 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Балаларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады.

ІІ

1 тапсырма. Жоспар бойынша Қазақстанның жеті ірі өзенінің біреуіне сипаттама бер.

2 тапсырма. Қазақстанның ірі көлдері – Каспий, Арал, Балқаш көлінің экологиясы туралы жаз.

3 тапсырма. Қазақстанның ірі өзендері мен көлдерін кескін картада белгіле.

Оқушылар бірінші тапсырманы келесі жоспар бойынша орындайды: 1) өзеннің бастауы, орнының биіктігі, ендік, бойлығы; 2) өзен ағып өтетін жердің бедері; 3) жағалауларына сипаттама; 4) салалары; 5) құятын жері; 6) су деңгейінің ауытқуы, толысуы; 7) шаруашылықтағы мәні; 8) экологиялық жағдайы.

Екінші тапсырмада ең алдымен көлдердің географиялық орнына, кейін эклологиялық проблемаларына сипаттма береді.

Үшінгі тапсырмада кескін картамен жұмыс істейді.

ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.



Күні:

Сынып: 8 Тақырыбы: Қайталау сабағы

Мақсаты:

Білімділік: «Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.

Дамытушылық: Қазақстанның физикалық картасы бойынша Қазақстанның өзен-көлдерін, гидрографиялық торабын сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар картасы, 8 сынып Атласы

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты қайталап, бекіту кезеңі 6. Үй тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Дәптерлерінен Қазақстанның мұздықтары туралы кестелерін тексереді. Оқушылардың ауызша жауаптарын тыңдайды.

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Кесте бойынша ауызша жауап береді.

3

«Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбын қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

1) Қазақстанның аумағында өзен жүйесі қалай орналасқан? Оның себебін қалай түсідіруге болады?

2) Қазақстан өзендері қандай алаптарға бөлінеді? Олардың суайрығы қай жерлерден өтеді?

3) Қазақстан өзендері қоректенуіне қарай қандай типтерге бөлінеді? Қандай өзендердің көктем мен жазда суы мол болады? Не себептен?

4) Картадан СММ және ішкі алап өзендерін көрсетіңдер.

5) Қандай өзендер кеме қатынасына, электр қуатын өндіруге, егін суаруға пайдаланылады?

6) Каспий теңізінің табиғат байлығы туралы не білесің? Оның су деңгейінің көтерілуі немен байланысты?

7) Арал теңізі проблемаларын қалай түсінесің? Теңіздің экологиялық жағдайы қоршаған ортаға қандай зиянды әсерін тигізуде? Себебін айт.

8) Қазақстан көлдері қалай пайдаланылады?

9) Жер асты суының қандай типтерін білесің? Адам өмірінде оның қандай маңызы бар?

10) Мұздықтар қалай пайда болады? Мұздықтардың қандай типін білесің? Олардың таралған аудандарын ата.

Тақырыпты қайталау сұрақтары мен тапсырмаларының жауаптары:

  1. Қазақстан аумағында өзен жүйесі нашар дамыған. өзендер республика аумағы бойынша әркелкі тараған. Ол климат ерекшеліктеріне байланысты.

  2. Қазақстан өзендері екі алапқа жатады: СММ, ішкі тұйық алап. Олардың суайрығы Сауыр-Тарбағатай тау жүйесі, Сарыарқа, Торғай, Оңтүстік Оралға дейінгі сызықпен өтеді.

  3. Қазақстан өзендері қар және қар-жаңбыр қоректену типтеріне жатады.

  4. Картадан Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Іле, Шу өзендерін көрсетеді.

  5. Қазақстандағы ең ірі өзен – Ертіс өзені кеме қатынасына, электр қуатын өндіруге қолданылады. Сырдария өзені оңтүстік аймақтағы суармалы егіншілікке пайдаланылады.

  6. Каспий көлінің бағалы балықтары – бекіре, шоқыр, қорытпа, реликті жануары – итбалық.

  7. Арал теңізіне 1974 жылдан бері Сырдария өзені, Амудария өзені құймайтындықтан теңіз тартылып, оның тұздары қоршаған ортаға таралуда.

  8. Қазақстан көлдері пайдалы қазьалар алуға, тұз алуға пайдаланылады.

  9. Жер асты суының жарықшақтық, жарықшақтың қат-қабатты типі, қат-қабатты жер асты сулары, грунт сулары таралған.

  10. Мұздықтар көп жылдар бойы биік тауларда қар жамылғысының қабаттанып, ерімей жатуының нәтижесінде пайда болады.

4

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

5

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

6

Үй тапсырмасына «Қазақстанның топырақ жамылғысы» тақырыбын қарастыру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.





Күні: Тақырыбы: Қазақстанның топырақ жамылғысы.

Мақсаты:

Білімділік: Топырақ және оның пайда болуы. Оқушыларға топырақ қабаттарының түзілу себептерін түсіндіру. Топырақ түзуші факторларға сипаттама беру. Топырақтың механикалық құрамына тоқталу.

Дамытушылық: Қазақстанның физикалық картасы бойынша топырақ түрлерінің таралуын сипаттау арқылы тақырыптық карталармен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Топырақтың маңызы туралы көзқарастарын кеңейту арықылы, қоршаған ортаны қорғауға баулу, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

4. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

(1 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

(8 мин)

Ең алдымен кескін карталарын тексереді. Кейін өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қояды:

    1. Қазақстан аумағында қанша мұздық бар? Олар қанша ауданды алып жатыр?

    2. Қазақстандағы ең үлкен мұздықта ата. Ол қайда орналасқан?

    3. Мұздықтардың қандай тип топтары болады?

Оқушылар кескін карталарын тексерткеннен кейін мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

      1. Қазақстан аумағында 2724 мұздық бар, олардың ауданы 2033,3 км2.

      2. Қазақстандағы ең үлкен мұздық – Корженевский мұздығы. Ол Іле Алатауында орналасқан. Оның ауданы 36,8 км2, қалыңдығы 300 м.

      3. Мұздықтардың тегістелген төбе мұздықтары, тау беткейлік және аңғарлық мұздық түрлері болады.

3

(10 мин)

Жаңа тақырыпты бастар алдында кіріспе әңгіме жүргізеді:

1. Топырақ дегеніміз не? Ол неден және қалай түзіледі?

2. Материктер мен мұхиттар географиясынан қандай топырақ түрлерін білдіңдер?

3. Дүние жүзі топырақтары неге әр түрлі, не себептен?

Кейін мұғалім тоырақ тақырыбы бойынша қысқаша шолу жасайды:

Геохронологиялық кесте бойынша эралар мен дәуірледі еске түсіріп жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ екенін айтады. Алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болғанын баяндайды. Топырақты зерттеген ғалым – В.В. Докучаев. Топырақтың түзілуіне, оның қасиетіне түрлі факторлар әсер ететінін айтады. Олар: тау жынысы, өсімдік және жануарлар дүниесі, жер бедері, уақыт, адамның шаруашылық әрекеті. Кейін олардың әрбіреуіне жеке-жеке тоқталып кетеді.

Топырақтың механикалық құрамына тоқталады: құрылымды және құрылымсыз топырақ түрлерін сипаттайды. Өсімдіктерді өсіруге бұл топырақтардың қайсысы қолайлырақ деген проблемалық сұрақ қояды.

Жаңа тақырып алдында бұрын алған білімдерін қайта жаңғырту үшін мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Кейін мұғалімнің жаңңа тақырып бойынша ататын әңгімесін тыңдап ең қажеттілерін дәптерлеріне жазып отырады:

Топырақты зерттеуші – орыс ғалымы В.В. Докучаев.

Топырақ түзуші факторлар:

  1. тау жынысы,

  2. өсімдік және жануарлар дүниесі,

  3. жер бедері,

  4. уақыт,

  5. адамның шаруашылық әрекеті

Топырақтың механикалық құрамы


Құрылымды Құрылымсыз

Оқушылар өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, пгоблемалық сұраққа жауап іздейді. Талқылау нәтижесінде құрылымды топырақ өсімдіктердің өсуіне қолайлы екенін анықтайды. Кейін мұғаліснің айтуынан құрылымды топырақ құнарлы келетін, ал құрылымсыз топырақтың түйіршіктері болмайтынын біледі. Тоыпрақтың құнарлығы төмен болса жаңбыр, еріген қар сулары, тоыпраққа сіңбей ағып кететінін біледі.

4

(20 мин)

Тақырпты бекіту үшін келесі сұрақтарды қояды:

  1. Топырақ дегеніміз не?

  2. Топырақ құрушы факторларды атаңдар.

  3. Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?

  4. Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады?

  5. Құрылымды топырақ қандай топырақ?

  6. Өз өлкеңнің топырағы туралы не білесің?

Оқушылар мәтінді шолып шықаннан кейін сұрақтарғы ауызша жауап береді:

  1. Топырақ дегеніміз табиғат компоненттерінің бірі, ерекше табиғи құрылым.

  2. Топырақ құрушы факторлар – су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалар, тау жыныстарының үгілуі.

  3. Аналық тау жыныстарынан кейін топырақ құрушы жетекші факторлар ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде шығатын тасты бұзатын қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен шірінді (гуммус) пайда болады.

  4. Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы.

  5. Құрылымы кесек топырақты құрылымды топырақ дейді.

  6. Павлодар облысында бидай өсіруге жарамды ылғалды қара тоыпрақ таралған.

5

(2 мин)

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қояды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта топырақ деген не, оның зерттеген Докучаев екенін білдік, сонымен қатар топырақтың механикалық құрамын білдік.

6

(2 мин)

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қояды.

Оқушылар алған бағларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

7

(2 мин)

Үйге §35 қайталау, §36 қарастыру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


Күні:

Сынып: 8 Тақырыбы: Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері.

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның топырағы туралы көзқарастарын одан ары кеңейту. Қазақстан аумағында кездесетін топырақ типтеріне тоқталу, олар қандай табиғат зонасында жатқанын анықтау. Топырақ құнарлылығын кемітетін топырақ эрозиясының түрлерін айтып, топырақты қорғау шараларын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке тапырмалармен жұмыс істеу арқылы өздігінен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Топырақэрозияларымен таныстырып, оқушыларды бұл мәселелерді шешудің жолын табуға бағытттау арықылы, ойлау дағдыларын арттыру, өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

    1. 2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

    2. 3. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

    3. 4. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

(1 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

(8 мин)

Ең алдымен өткен тақырыпты еске түсіру үшін келесі сұрақтарды қояды:

  1. Топырақты зерттеген ғалым кім?

  2. Топырақ құрушы факторларды атаңдар.

  3. Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?

  4. Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады?

Оқушылар өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру үшін мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді:

  1. Топырақты зерттеуші – орыс ғалымы В.В. Докучаев.

  2. Топырақ құрушы факторлар – су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалар, тау жыныстарының үгілуі.

  3. Аналық тау жыныстарынан кейін топырақ құрушы жетекші факторлар ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде шығатын тасты бұзатын қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен шірінді (гуммус) пайда болады.

  4. Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы.

3

(10 мин)

Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра жүргізеді. Жаңа тақырыпты меңгерудің жоспары:

  1. Қазақстанның топырақ жамылғысын сипаттау, олардың табиғат зоналары бойынша қалай таралғанын баяндайды.

  2. Қазақстан аумағындағы топырақтың түрлеріне тоқталып кетеді: қара топырақты зона республиканың солтүстік шетін, қара қоңыр топырақ қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр.

  3. Кейін топырақ эрозиясы туралы, ол қарқындылығына байланысты 2-ге бөлінетінін: 1) геологиялық эрозия (денудация), 2) антропогендік эрозия (жыллдамдатылған). Топырақ эрозиясымен күресудің арнайы тәсілдері бар екенін айтып өтеді.

Республикада эрозияға бейім жер 70 млн га-дан астам, оның 52 млн га-ы жел эрозиясына бейім, ал 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім екенін Қазақстан Ұлттық Академиясының анықтағанын айтып өтеді. Павлодар облысында (1955-1958 жж) күңгірт қара қоңыр топырақты аймақ жыртылып, 805 мың га жер эрозияға ұшырап, егістікке жарамай істен шығып қалғанын айтады.

Оқушылар мұғалімнің әңгімесі мен оқулықтың мәтінін пайдалана отырып, тақырыпты меңгереді. Олар келесіні анықтайды:

Қазақстан аумағында таралған топырақ түрлері:

  1. қара топырақты зона республиканың солтүстік шеті – 25,5 млн га – 9,5%

  2. қара қоңыр топырақты зона республиканың қуаң және шөлейтті алқаптары

  3. шөлді аймақ топырақты зона, мұнда негізінен қоңыр және сұр-қоңыр топырақ жамылғысы басым.

Топырақ эрозиясының түрлері:

  1. Жел эрозиясы

  2. Су эрозиясы. Су эрозиясының топыраққа тигізетін әсеріне қарай екіге бөлінеді: 1) беттік, 2) сызықтық

Республикада эрозияға бейім жер 70 млн га-дан астам, оның 52 млн га-ы жел эрозиясына, ал 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім.

Эрозиямен күресу шаралары:

  1. Агротехникалық шаралар

  2. Тыңайту шаралары

  3. Гидротехникалық шаралар

4

(20 мин)

Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. кестеге топырақ эрозиясының түрлерін жазып, сипаттама беру.

  2. Қазақстан аумағында қандай топырақ типтері таралған?

  3. Топырақ эрозиясымен күресу шараларын ата.

Оқушылар сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды:

1)

Топырақ эрозиясының түрлері

Жел эрозиясы

Су эрозиясы

Топырақтың беткі құнарлы қабатын ұшырып әкетеді

Беттік

Сызықтық


Топырақтың беткі қабатын бірқалыпты шайып әкетеді

Кішігірім орлар мен ірі жыралар пайда болады

  1. Қазақстан аумағында қара топырақты зона, қара қоңыр топырақты зона, сұр-қоңыр топырақты зона таларған.

  2. Топырақтың эрозиясымен күресу шаралары: Агротехникалық шаралар, тыңайту шаралары, гидротехникалық шаралар

5

(2 мин)

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қояды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта Қазақстанның топырақ жамылғысымен таныстық, оның қасиеттері мен топырақ эрозиясын білдік.

6

(2 мин)

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қояды.

Оқушылар алған бағларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

7

(2 мин)

Үйге §36, кескін картаға топырақ түрлерін түсіру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.



Күні: № сарамандық жұмыс. Тақырыбы: «Қазақстанның топырақ жамылғысы»

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін, «Қазақстанның топырақ жамылғысы» тақырыбы бойынша алған білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 8 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Балаларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады.

ІІ

1 тапсырма. 1. Кесте құру.

Орманның сұр және шалғынды дала топырағы.

Қара топырақ

Солтүстік қара топырақ

Күңгірт қара топырақ

Жай қоңыр топырақ

Ашық қара-қоңыр топырақ

Қоңыр топырақ

Сұр-қоңыр топырақ

Таулы

аймақ

топырағы

2 тапсырма. Топырақты қорғау шараларын ұсыну.

3 тапсырма. Кескін картаға топырақтүрлерінің таралуын түсіру.

Оқушылар бірінші тапсырманы орындағанда кестенің төменгі жолына топырақ түрлерінің таралу аймақтарын, облыстарын атайды.

Екінші тапсырмада топырақ эрозиясының түрлерін, кейін оған қарсы шараларды көрсетіп, сипаттайды.

Үшінгі тапсырмада кескін картамен жұмыс істейді.

Тапсырмалардың соңында жалпы қорытынды жасайды.

ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.




Күні: Тақырыбы: Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі


Мақсаты:

Білімділік: Қазақстан аумағындағы өсімдік жамылғысы мен жануалар дүниесінің таралу аймақтарын сипаттау. Өсідік пен жануалар дүниесінің зона бойынша таралу себептерін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке тапырмалармен жұмыс істеу арқылы өздігінен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Икемділіктері мен дағдыларын дамыту. «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген өсімдіктер мен жануалар дүниесіне тоқталу.

Тәрбиелік: Топырақ эрозияларымен таныстырып, оқушыларды бұл мәселелерді шешудің жолын табуға бағытттау арықылы, ойлау дағдыларын арттыру, өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Оқушылармен амандасады. Бүгінгі сабақта кім бар-жоғын тексереді.

Мұғаліммен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Мұғалім садақты кіріспе әңгімелесуден бастап мынандай сұрақтар қояды:

  1. Қазақстанда кездесетін өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Өсімдіктер мен жануалардың жазықтарда зоналар бойынша, тауда биіктік белдеулер бойынша таралуының басты себебі неде?

  3. Өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына климаттың қандай әсері бар?

Мұғалім оқушылар жауабынан соң Қазақстанның физикалық картасын, геологиялық картасын және геохронологиялық жержылнамалық кестені пайдаланып, Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталғанын баяндайды.

Мұғалім геохроногиялық жержылнамалық кестені пайдаланып палеоген дәуірінде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқанын, ол Торғай бұғазы арқылы Солтүстік Қазақ теңізімен жаллғасқанын айтады. Торғай бұғазынан шығыста жалпақжапырақты және мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері тараса, батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлері таралғанын баяндайды. Ал неоген дәуірінде Торғай бұғазысының суы тартылып құрғаған соң шығыста өскен өсімдіктері батысқа қарай ауысып, осыған байланысты Торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлерінің қалыптасқанын баяндайды. Мұғалім өсімдіктер картасын пайдаланып Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-мыңдай өсімдік түрлерінен тұратынын айта кетеді. Мұғалім картаны пайдаланып өсімдігі жағынан бай өлкеге батыс Тянь-Шань тауы жататынын, онда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталғанын, мұнда палеоген дәуірінен қалған грек жаңғағы, бадам, түкістан үйеңкісі, алмұрт т.б. өсімдіктерді атайды. Жалпы биік тауларда қылқан жапырақты ормандар таралғанын сипаттай келе, жазық жерлерде дала мен шөл өсімдіктері басым екені және олардың түрлерін кеппешөптер жинақтамасынан көрсетіп сипаттайды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

  1. Қазақстанда өсімдіктер түрлері өте көп. Ағаштардан

қайың, қарағай, әртүрлі бұталар, шөптесін өсімдіктер. Алматы қаласының маңында тюльпан даласы бар. Өз өлкеміздегі Жасыбай көлінде орналасқан демалу орнында «оливковый бор» бар.

  1. Өйткені жазықтар мен туаларда климат ерекшеліктері әр түрлі. Жазықтарда жылу мен ылғалдың таралуы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгерсе, тауларда биіктеген сайын өзгереді.

  2. Климат ерекшеліктеріне байланысты өсімдіктер дүниесі таралады. Яғни, ылғал сүйгіш өсімдіктер жауын-шашын мөлшері жеткілікті аудандарда таралады, ал құрғақ зоналарда сол құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар таралады.

Кейін дәптерлеріне Қазақстан аумағындағы өсімдіктер дүниесі қандай геоботаникалық аудандарға кіретінін жазады: Еуразияның қылқан жапырақты орманы, Еуропа, Сібірдің орманды даласы,, Еуразия даласы, Азияның шөлді аудандары.

Мұғалім әңгімесінен кейін оқушылар физикалық картаны пайдаланып жануарлар дүниесінің пайда болуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас екенін байқайды. Мұғалімнің айтқан мәліметтеріне сүйене отырып, геохронологиялық кестені пайдаланып, палеогендәуірінде Қазақстанда қандай жануарлар түрлері мекендегенін және мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқанын, олардың кейбір түрлері әлі де бар екенін суретке қарап анықтайды. Жануарлардың таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінгенін мұғалімнің айтуымен картадан қарайды. Сонымен, олар орманды дала және дала, шөлді дала, таулы аудандар екенін анықтайды. Кейін Қазақстанның өзенді-көлді аймақтары мен тоғайлы-бұталы жерлерде мекендейтін жаунарларын оқулықтың мәтініне сүйене отырып анықтайды.

3

Тақырыпты бекіту сұрақтары: 1) Қазақстандағы өсімдіктердің негізгі типптерін атаңдар?

  1. Республика аумағында жануарлардың таралуына өсімдік жамылғысы қалай әсер етеді?

  2. Өсімдіктер пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына климаттың қандай әсері бар?

  3. Таулы аудандарда өсімдіктер мен жануарлардың биіктік белдеулері байқалуының себебі неде?

  4. Өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлері «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық мәтіні мен Қазақстанның физикалық картасы, 8-сынып Атласындағы тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Әқазақстанның Қызыл кітабына енгңзңлген өсімдіктері мен жануарлары» туралы баса айтады. Бұл жерде өздерінің түрлі ақпарат көздерінен білген мәліметтерімен бқлісіп, ойларын ортаға салып, қорытындылайды.

4

Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне, берген жауаптарының дұрыстығына және картамен жұмыс істеу икемділіктеріне байланысты бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қойып береді.

Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

5

Үй тапсырмасы: §37, оқулық мәтінінімен жұмыс істеп, қайталау, «Қызыл Кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар» бойынша қосымша мәліметтер іздестіру.

Үй тапсырмасын тыңдап, түсінбегендерін сұрап анықтап алады. Күнделіктеріне жазып алады.

6

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, қорытындылайды.

Мұғаліммен бірге сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, саралайды, қызықты жерлерін айтады.




Күні: № сарамандық жұмыс Тақырыбы: «Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі»

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін, «Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі» тақырыбы бойынша алған білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 8 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Балаларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады.

ІІ

1 тапсырма. Өсімдіктер картасын пайдаланып, Қазақстан аумағында кездсетін өсімдік түрлерін анықтау, кесте құру.

2 тапсырма. Топырақ және өсімдіктер картасын салыстырып, топырақ типі мен өсімдіктер түрлері арасындағы сәйкестікке мысалдар келтіріңдер.

3 тапсырма. Қорытынды

Оқушылар бірінші тапсырманы орындағанда кестеге Қазақстанның экономикалық аудандары бойынша өсімдіктердің түрлерінің таралуын сипаттайды.

Қазақстанның экономикалық аудандары

Өсімдіктер түрлері

Орталық

солтүстік

батыс

шығыс

оңтүстік


Екінші тапсырмада топырақ типтері мен өсімдіктердің таралуындағы заңдылықтар ұқсастығын анықтайды.

Ен соңында орындаған жұмыстарының негізінде қорытынды жасайды.

ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.




Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова

Күні: 06.02.2015ж

Сынып 8

Тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары.

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның орманды дала және дала зоналары тақырыбы бойынша оқушыларға осы екі зонаның жер бедері мен климаты табиғат зоналарының қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіндіру. Табиғат компеоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарыны дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде айту. Орманды дала, дала зоналарының табиғатын ұқыптылықпен сақтап, тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық:

Тәрбиелік: Топырақ эрозияларымен таныстырып, оқушыларды бұл мәселелерді шешудің жолын табуға бағытттау арықылы, ойлау дағдыларын арттыру, өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Оқушылармен амандасып, сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Сабаққа дайындығын тексереді.

Мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді.

2

Мұғалім өткен сабақтардан оқушылардың алған білімдеріне сүйеніп, табиғат зонасы деген не? деген сұрақ қояды.

Табиғат зонасы – белдеу, климат жағдайлары, топырақ, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі біртектес ендік, өңір екенін айтады. мұғалім Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, оқушылармен сұрақ-жауап әдісі бойынша, Қазақстан аймағындағы орманды дала, дала зоналарының географиялық орны мен жер бедеріне тоқталады. Климат картасын пайдаланып орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға қарағанда қолайлы жауын-шашын мол түсетінін айтады. сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардан зоналарды қандай топырақ түрлері кездесетінін сұрайды. Табиғат зоналарында кездесетін табиғаттың әсем көріністеріне мысалдар келтіреді.

Оқушылар Қазақстан аумағында 4 табиғат зонасы таралғанын айтады. Олар: орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары.

Оқушылардың өз бетінше жүргізетін іс-әрекеттері:

Оқушылар физикалық картаны пайдаланып табиғат зонасын кескін картаға түсіреді.

  1. табиғат зоналарының картасына қарап, Қазақстан территориясына қандай табиғат зоналары тән екенін анықтайды.

  2. Қазақстанның табиғат зоналары картасын климаттық картасымен салыстырып, қорытынды жасайды.

  3. Қазақстанның табиғат зоналарына ықпал жасайтын факторларды анықтайды.

Оқушылар өткен тақырыптарда алған білімдеріне сүйене отырып, табиғат зоналарындағы климат ерекшеліктерін, топырағын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін анықтайды. Кейін Қазақстанның физикалық картасына қарап отырып, табиғат зоналарына жататын өзендер мен көлдерді сипаттайды.

3

Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар береді:

  1. кескін картаға орманды дала және дала зоналарын түсіру.

  2. Орманды дала, дала зоналарының басты-басты өсімдіктерін дәптерге жазу.

  3. Орманды дала мен дала зоналарында қандай жануарлар мекендейді?

  4. Екі зонаны салыстыру.

Мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды:

  1. кескін картаға орманды дала және дала зоналарын түсіреді.

  2. Орманды дала мен дала зоналарының ағаштарын, бұталарын, шөптесін өсімдіктерін атайды.

  3. Орманды дала мен дала зоналарына жататын жануарларды атайды.

  4. Оқушылар салыстырып қоырытындылайды.

4

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

5

Үй тапсырмасына §38 оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды.

Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақты қорытындылайды.




Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова

Күні: 10.02.2015ж

Сынып: 8

Тақырыбы: Шөлейт және шөл зоналары.

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның шөл және шөлейт зонасының ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Номенклатура: Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік-Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдары (Нарын, Тайсойған, Қарақұм)

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Сонымен, екі зонаның айырмашылықтарын анықтағаннан кейін барлық табиғи зоналардың арасында бір-бірімен байланысты жағдайлар бар екенін айтады. Егер де осы жердің ауа райы аздап жылынса қалай болар еді? Мұғалім шөлейт, шөл зоналарының географиялық орнын картадан көрсетіп, оларға сипаттама беру үшін оқушыларға сұрақтар қою арқылы өздеріне сипаттама беруге ынталандырады. Кейін бұл зоналардың өсімдіктері мен жануарларын сипаттаудыоқушылардан талап етеді. Олардың арасындағы өзара байланысын сұрайды.

Күн ысыған кезде жануарлардың көпшілігі дымқылдау және салқын інге тығылады. Жазғы қуаңшылық кезеңде шөл жануарларының көпшілігі ұзақ ұйқыға кететінін айтады. олардың ұзақ уақыт су ішпей жүруге және шөлін ащы сумен қандыруға дағдыланғанын да түсіндіру керек. Шөл зонасындағы жусан, жантақ, изен т.б. өсімдіктер малға таптырмас азық екенін айтып, бұл зонадағы топырақта қарашіріік аз болғанмен минералдық заттар мол, сондықтан егістікті қолдан суару арқылы мақта, күріш, бау-бақша дақылдар өсіруден мол өнім алуға болатынын айтады.

Қазақстандағы шөлдердің түрлерін анықтау үшін мұғалім оқушылардан қандай шөлдің қандай түрлері бар, құмды шөлдерді ата деген тапсырма береді. Мұғалім картаны пайдаланып оқушылардың жауаптарын толықтырады: шөл зонасы солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінетінін айта келіп, солтүстік шөлдерге Үстірт пен Тұран ойпатының солтүстік жартысы, Бепақдала үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары жататынын, ал оңтүстік шөлдерге Үстірт пен Қарақұм алып жатқан Тұран ойпатының оңтүстік жартысы жататынын айтады.

Оқушылар дала және орманды дала зоналары туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар шөл жануарларын өздері атап өтеді.

Оқушылар Қазақстанда құмды, сазды шөлдер бар екенін айтады. олардың ішінде Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Нарын, Мойынқұм шөлдері бар екенін айтады.

Шөл және шөлейт зоналарының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.

3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына шөлейт және шөл зоналарының шекараларын сызыңдар.

  2. Қазақстанда шөлдің қандай түрлері бар?

  3. Құмды шөл, сазды шөл, тасты шөлдердің атын дәптерлеріңе жаз.

  4. өсімдіктер шөлге қалай бейімделген?

  5. Шөл және шөлейт зоналарының жануарлары қорғану үшін қандай бейімділікке ие болған?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Қарақұм, Арал маңы Қарақұмы, Қызылқұм, Бетпақдала, Үстірт атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.

4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын кнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.


6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
?аза?станны? географиялы? орны мен шекаралары

Автор: Такырова Арайлым Маратовна

Дата: 06.11.2015

Номер свидетельства: 248882


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства