Білімділік:?аза?станны? экономикалы? ауданыны? экономикалы?-географиялы? жа?дайы, таби?ат ресурстары, хал?ы туралы білімдеріні? негізінде, ауданны? ?нерк?сібі мен шаруашылы?ыны? мамандан?ан салалары туралы т?сіндіру.
Дамытушылы?: о?ушыларды? экономикалы? аудан?а д?рыс сипаттама беруді, шаруашылы?ына д?рыс ба?а беруге, ?осымша деректерді, о?улы?та?ы сурет, сызба, кестелерді атлас, картаны пайдалана отырып, о?ушыларды? ?з бетімен ж?мыс жасау да?дысын ?алыптастыру.
Просмотр содержимого документа
«?аза?станны? экономикалы? аудандары. (9-сынып) »
Сабақтың тақырыбы:«Қазақстанның экономикалық аудандары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қазақстанның экономикалық ауданының экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат ресурстары, халқы туралы білімдерінің негізінде, ауданның өнеркәсібі мен шаруашылығының маманданған салалары туралы түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың экономикалық ауданға дұрыс сипаттама беруді, шаруашылығына дұрыс баға беруге, қосымша деректерді, оқулықтағы сурет, сызба, кестелерді атлас, картаны пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды патриоттық, экологиялық, туған ел байлығын қорғап қадірлей білуге тәрбиелеу. Ұжымдық, жұптық жұмыс арқылы ұйымшылдықпен шығармашылық ізденіске баулу.
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.
Сабақтың оқыту әдісі: жеке, жұптық, ұжымдық, СТО технологиялары.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы, дидактикалық материалдар, интерактивті тақтаны.
Нені меңгеру қажет:
1.Орталық Қазақстанның экономикалық
географиялық жағдайы;
2.Табиғат ресурстары;
3.Халқы, тығыздығы, 1 км 2-ге орналасуы;
4.Өнеркәсібінің негізгі бағыттарын;
5.Ауыл шаруашылығының салаларын;
6.Көлігі;
7.Ірі өнеркәсіп қалалары
8.Экологиялық проблемалары
Нені есте сақтау керек:
1.Орталық Қазақстан экономикалық ауданы бір ғана Қарағанды облысынан
тұрады.
2.Орталық Қазақстан марганец кенінің барланған қоры бойынша дүние
дүние жүзінде 3-орын,ал ТМД елдері арасында Украинадан кейін 2-ші орын.
3.Орталық Қазақстан металлургияның республикалық маңызы
бар негізгі шикізат базасы.
4.Теміртау қаласында толық циклды қара металлургия зауыты жұмыс істейді. 5.Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазған мен Балқашта салынған.
Кен өндіру,байыту,рафинадталған мысты алу кешенді жүргізілді.Мыстың мұндай
түрін тек Орталық Қазақстан шығарады.
6.Қарғандының негізгі маманданған саласы-кокстелетін тас көмір өндіру
7.Мал шаруашылығының жетекші саласы-қой шаруашылығы.
8.Орталық Қазақстан су ресурсына тапшы аудан.
Күтілетін нәтиже:
-сабақ соңында оқушылар экономикалық ауданының ЭГЖ мен табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы туралы ой бөлісе алады;
-ауданның маманданған салаларына сипаттама беруге үйренеді;
-өнеркәсіп орындарын картадан көрсете алады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды Орал, Ақтөбе, Атырау қалаларының аттары жазылған суреттерді таңдату арқылы сынып оқушыларын 3 топқа бөлеміз. Әр топ өзінің топ басшысын, спикер бағалау парағына оқушының аты-жөнін жазып, бағалап отырады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Зымыран сұрақтары.
1.Экономикалық аудан дегеніміз не? (Аумақтың еңбек бөлінісінің нәтижесінде қалыптасқан және шаруашылығының мамандануы мен кешенді дамуы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар елдің бөлігін атайды)
2. Қазақстанды экономикалық аудандарға бөлген белгілі ғалым (Н.Н.Баранский)
3. Өнеркәсіп орталықтары дегеніміз не? (бұл бірнеше кәсіпорын шоғырланған қала немесе ұала тектес кент)
4. Республикалық маңызы бар қалаларға қай қалалар жатады?(Астана,Алматы және Ресей жалға алған аймақтағы Байқоңыр жатады.)
5. Аумақтық өндірістік кешен дегеніміз не? (өндірісті аумақтық ұйымдастырудың бір формасы болып табылады.
Сабақтың барысы:
«Мағынаны тану» кезеңі. (ЖИГСО) әдісі
«Ой шақыру» стратегиясы (Деңгейлік тапсырма)
«Бағытталған оқу» (Кітаппен жұмыс)
«Көп ізденсең көп білерсің» (Шығармашылық тапсырма)
«Ізденген жетер мұратқа» Қорытынды тест
Бағалау
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру.
«Қызығушылықты ояту» кезеңі.
Кен айтады ел мен жұрттың өлшемін,
Кенде жатыр күш-қуат пен мол сенім.
Кенің бар ма?
Жоқ болса егер жарлысың,
Кенің болса, кеешегің зор сенің.
Алтын жұғып шауып өткен тұяққа,
Кен кернейді о жақты да, бұ жақты
Менделеев кестесін қазақтың
Даласына қарап сызған сияқты.
(Т.Есімжанов)
Осы өлең жолдары арқылы оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын оята отырып тақырыпты ашу.
Тірек сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру.(17 слайдта көрсетілген)
«Мағынаны тану» кезеңі
“ЖИГСО” әдісімен әрбір топқа мәтіндер үлестіріледі, топ басшылары өз тобына түсіндіріп болғаннан кейін келесі топқа түсіндіреді.
1-топқа: : Орталық Қазақстанның өнеркәсібі,тамақ және жеңіл өнеркәсіптері
2-топқа. Ауыл шаруашылығы,көлік кешені
3-топқа: Қалалары,негізгі маманданған өнеркәсіп салалары,даму проблемасы және болашағы,экологиясы.
Соңында әрбір топ өз тақырыбын топта талқылап алып, топтан 1 оқушы қорғап шығады.
«Ой шақыру» стратегиясы .
Деңгейлік тапсырма.
І топ: Сіздің ойыңыз....(19 слайд)
Не себепті Орталық Қазақстан ауданында ірі қара мал шаруашылығы жақсы дамымаған. Оның өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ете ала ма? Бұл өнімдерді қандай экономикалық аудандардан алады.
ІІ топ: Анықтаңыз...(20 слайд)
Суретке баға беріп Орталық Қазақстандағыэкономикалық белсенді халықтың үлес салмағын анықтаңыздар.Негізгі халық жұмысының қандай түрінде қызмет етеді? Қандай қорытынды жасар едіңіз..
ІІІ топ: Табыңыз (21 слайд)
Орталық Қазақстан қандай минералды ресурстарға бай? Картаны пайдаланып мыс кенорындарын табыңыздар.
Бағытталған оқу.(оқулықпен жұмыс)
І топ.●.Салыстырыңыз.Оқулық мәтінін пайдаланып,Жезқазған және Балқаш өнеркәсіп топтарында қандай металл түрлерін балқытады (негізгісінің астын сызыңдар).Олар түсті металдың қандай тобына жатады?Комбинаттары қандай шикізат базасының негізінде жұмыс істеуде? Негізгі салалардың дамуына қандай салалар көмектесуде?Жұмыстың қорытындысын кестеге жазыңыздар. ІІ.топ.●.“Жүйрік ой”. Орталық Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамуына табиғаттың әсері қандай және оны сипаттаңыз ІІІ топ.●.Дәлелдеңіз.Картаны қолданып Орталық Қазақстанның ауа бассейні қандай өндіріс орындарының әсерінен ластануда?
Топтық жұмыс
“Көп ізденсең, көп білерсің” (Шығармашылық ізденіс)
І топ.Қарағанды қаласын қорғайды
ІІ топ.Жезқазған қаласын қорғайды
ІІІ топ.Теміртау қаласын қорғайды.
Қорғаудағы жоспар:
1.Қаланың құрылған уақыты, пайда болу себебі?
2.Халқының саны, өсуі.
3. Даму проблемасы және болашағы
Қорғау тәртібі:
1.Уақытқа бағыну (әр топ 3-4 мин)
2.Жаңашыл болу
3.Проблемалық жағдайына тоқталу
«Ой толғаныс» кезеңі
І топ тапсырмасы:
Семантикалық картамен жұмыс.
Кен орындары
Тас
Көмір
Сирек металдар
Темір
Марганец
Мыс
Полиметалл
Қарағанды
Жезқазған
Саяқ
Қоңырат
Қаражал
Қызылеспе
Жезді
Жәйрем
ІІ топ тапсырмасы:
Қазақстанның облыс орталықтарын дұрыс орналастыру.
ІІІ топ тапсырмасы:
Кен орындарды шартты белгілерімен сәйкестендіру.
“Ізденген жетер мұратқа” Тест сұрақтары
1.Орталық Қазақстан қандай облыспен шектеспейді?
а)Ақмола ә)Батыс Қазақстан б)Шығыс Қазақстан в)Алматы
2.Аудан халқының орташа тығыздығы (1 км 2).
а)3 адамнан аз ә)3 адамнан көп б)5,5 адам в) 6 адам г) 6,5 адам
3.Орталық аудандағы өнеркәсіп салаларының жақсы дамығаны.
а)мұнай және газ өндіру ә)көмір және қара металлургия
б)түсті металлургия және тамақ өнеркәсібінің салалары
в) ауыл шарауашылық салалары г) жеңіл және тамақ
4.Болат өндіретін Орталық Қазақстан қаласы
а)Қарағанды ә)Жезқазған б) Балқаш в) Рудный г) Теміртау
5.Қарағандының басты маманданған өндірісі
а)ет өндіру ә)көмір өндіру б)болат өндіру в)мыс өндіру
г)күкірт қышқылын өндіру
Тест жауаптары
1- ә
2- ә
3- ә
4- г
5- ә
Бағалау:
5+ “5”
4+ “4”
3+ “3”
2+ “2”
Барлық тапсырмалар бойынша алған ұпайларын қорытып,
топтың қорытынды ұпайын шығару.
р\с
Топтың аты
К е з е ң д е р
Қорытынды ұпай
І
ІІ ІІІ
ІҮ
V
VI
VII
Мағынаны тану
Ой шақыру
Бағытталған оқу
Шығармашылық ізденіс
Ой толғаныс кезеңі
Іздеген жетер мұратқа
(қорытынды тест)
І
Орал
«5»-
«4»-
«3»-
ІІ
Ақтөбе
«5»-
«4»-
«3»-
ІІІ
Атырау
«5»-
«4»-
«3»-
Үйге тапсырма: Кескін картаға өнеркәсіп орталықтарын түсіру.
Озық тапсырмасы: Шығыс Қазақстанның экономикалық аудан бойынша индустриялық-инновациялық жобаларды анықтап,баспасөз беттерінен материалдар жинақтау.