Республика аудандары арасында?ы шаруашылы? салалары байланысына, аума?ты? е?бек б?лінісіне, ауданаралы? ??састы??а ?арай біріктірілген экономикалы? аудандарды? ?алыптасуы жайлы білім беру; о?ушыларды аудандастыру ??ымымен, жалпы ішкі экономикалы? аудандарымен, экономикалы? аудандастыру принциптерімен таныстыру;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза?станды экономикалы? аудандастыру »
Сынып: 9 «а»
Күні:
Сабақтың тақырыбы: §19. Қазақстанды экономикалық аудандастыру
Сабақтың мақсаты:
білімділік:Республика аудандары арасындағы шаруашылық салалары байланысына, аумақтық еңбек бөлінісіне, ауданаралық ұқсастыққа қарай біріктірілген экономикалық аудандардың қалыптасуы жайлы білім беру; оқушыларды аудандастыру ұғымымен, жалпы ішкі экономикалық аудандарымен, экономикалық аудандастыру принциптерімен таныстыру;
дамытушылық: Оқушылардың карталармен, сызбамен және қосымша материалдарды іріктей алу қабілетін қалыптастыру, танымдық қиыншылықтарды өздігінен жеңе білуге баулу;
тәрбиелік: Картамен жұмыс жасау барысында географиялық мәдениетті қалыптастыру, ұлттық, патриоттық тәрбие беру;
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық аудандар картасы, оқушы атласы мен кескін карталар, тірек – сызбалар, сызбанұсқа.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы;
Әдіс – тәсілдер: түсіндірмелі – суретті, әңгімелеу, жұптық, топтық, өздік және сарамандық;
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі а) амандасу ә) түгендеу
2. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау;
3. Жаңа сабақты меңгерту;
4. Үйге тапсырма беру;
5. Сабақты қорыту, бағалау.
Сабақ жазбасы
Жаңа сабақ жоспары:
термин сөздер
мамандану түрлері
экономикалық аудандастырылу
картамен жұмыс
шаруашылық топтары
сарамандық жұмыс
Келесі термин сөздердің анықтамаларын оқулық мәтінінен тауып, дәптерлеріңізге жазыңыздар:
а) экономикалық аудандастыру – ?
ә) экономикалық аудан – ?
б) аумақтық еңбек бөлінісі – ?
2. Қазақстанның түрлі бөліктері арасында революцияға дейін – ақ, яғни ХІХғ соңы мен ХХғ басында шаруашылықтың аумақтық айырмашылықтары байқалды. Мысалы:
солтүстік: дәнді дақылдар; оңтүстік: суармалы және тәлімі егіншілік, бау – бақша; орталық, батыс пен шығыс: тау – кен өнеркәсібі.
3. Белгілі ғалым Н.Н.Баранский Қазақстан аумағын 5 экономикалық ауданға бөлді.
Экономикалық – географиялық белгілеріне қарай Қазақстан аумағын – Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарына бөлінді. (сызбанұсқамен жұмыс)
4. Кестедегі мәліметтерді пайдаланып картадан экономикалық ауданды, облыстар мен орталықтарын көрсету:
Экономикалық аудан
Облыстар
Орталықтары
Солтүстік Қазақстан
Қостанай облысы
Қостанай
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл (Қызылжар)
Ақмола облысы
Көкшетау
Павлодар облысы
Павлодар
Оңтүстік Қазақстан
Қызылорда облысы
Қызылорда
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент
Жамбыл облысы
Тараз
Алматы облысы
Талдықорған
Батыс Қазақстан
Ақтөбе облысы
Ақтөбе
Батыс Қазақстан облысы
Орал
Атырау облысы
Атырау
Маңғыстау облысы
Ақтау
Шығыс Қазақстан
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен
Орталық Қазақстан
Қарағанды облысы
Қарағанды
5. Әрбір экономикалық аудан бірнеше облыстарды біріктіріп, олардың аумағында шаруашылық салаларының 3 тобын қалыптастырады:
Шаруашылық салалары
маманданған қосалқы қызмет көрсетуші
сол аудандағы шаруашылықтың жетекші әрі өнімнің басым бөлігін беретін саласы. Мысалы: Ш.Қ. – түсті металлургия
маманданған салаларды жетілдіруге, оны онан әрі дамытуға қызмет етеді. Мсыалы: Орт.Қ. – металлургия өнеркәсібін электр энергиясымен қамтамасыз ету
әрбір аудан халқын тұтыну заттарымен қамтамасыз ету
6. Кескін картаға Қазақстанның экономикалық аудандарының шекараларын, облыстар мен орталықтарын белгілеу;
Үйге тапсырма: §19 оқу, мәтін соңындағы тапсырмаларды орындау
Сабақты қорыту
Мәтін бойынша сұрақтар:
а) Экономикалық аудандастыру дегеніміз не?
ә) Аумақтық еңбек бөлінісі ұғымын түсіндіріңіздер!
б)Экономикалық – географиялық белгілері бойынша Қазақстанның экономикалық аудандарын атаңыздар!
в) Шаруашылық топтарын атаңыздар, мысал келтіріңіз!
г) Картадан экономикалық аудандарды жеке – жеке көрсету.