Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ Кенжебаева Жанна Онгарбековна география пәні мұғалімі
Сынып: 8 «а», «б», «в» | Күні: 07.10.2014 жыл | Пән: География |
Сабақ тақырыбы | Қазақстан жер бедерінің қалыптасуы мен дамуы. |
Сілтеме | 8 сынып оқулығы Ә.Бейсенова,Қ.Карпеков,Ұ.есназарова,әдістемелік нұсқаулық,дәптер. |
Мақсаты | – Қазақстан аумағы жер бедерінің ішкі және сыртқы күштер әсерінен дамуы мен қалыптасуын түсіндіру, тектоникалық қозғалыстар жайлы, сейсмология ғылымының зерттеу нысаны туралы білім беру -Оқушыларды сыни ойлау, есте сақтау қабілеттерінің,картамен, топта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау. - Жолдастарының пікірін құрметтеуге, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже | Қазақстанның геологиялық каратасына талдау жасау арқылы картамен жұмыс жасау икемділіктері артады. Білімді өз беттерімен меңгереді.Бірін-бірі тыңдауға, сыни ойлауға үйренеді. |
Сабақтың түрі | Интерактивті сабақ |
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар | Интерактивті тақта, оқулық, карталар |
Әдіс-тәсілдер | ДЖИКСО әдісі, жұптық, топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау |
Кезең Берілетін уақыт (45 мин) | Мұғалімніңәрекеті | Оқушы әрекеті |
Сабақтың барысы |
Ұйымдастыру (3 мин) | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Жағымды психологиялық ахуал туғызу.«Шаттық шеңбері » тренингі. Өз еріктерімен топқа бөлу,топ басшысын сайлау. Бағалау парағын тарату.Оқушыларды топ басшысы бағалайды |
Үй тапсырмасын тексеру (2 мин) | 1.«Сұрақ атыс» әр топ бір-біріне сұрақтар қояды. 2.Физикалық карта мен тектоникалық картаны салыстыра отырып, жер бедері мен тектоникалық құрылысы арасындағы байланысты анықтайды. |
Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар |
«БІЛУ» теориясы: Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? (5 мин) | «Миға шабуыл» Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады. 6 сыныпта өткен материалды еске түсіру. 1.Тау жыныстары дегеніміз не? 2.Магмалық тау жынысына нелер жатады? 3.Метаморфты тау жынысы деген не? 4.Шөгінді тау жынысына нелер жатады? | Оқушылар сұраққа жауап беріп, сабақтың мақсатын анықтайды. |
«ТҮСІНУ» теориясы:Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? (8 мин) | «Қызығушылықты ояту» «Жер бедері» туралы слайд көрсету. Мәтінді өз беттерімен оқиды,жұппен және топпен талқылайды. | Оқушылар бірін-бірі оқытады және әр топтан бір оқушыдан шығып түсінгендерін айтады. |
«ҚОЛДАНУ» практикасы: қарапайым тапсырмалар (5 мин) | «Теңізде жүзу саяхаты» ойынын ойнату. Номенклатура беру. | Картадан айтылған объектілерді тауып, топ мүшелері ақылдасып, ішінен бір оқушы интерактивті тақтаға жазады. |
«ТАЛДАУ» теориясы: Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз (7 мин) | СӘЙКЕСТЕНДІР ЖАС ПЛАТФОРМА АЛЬПІ ҚАТПАРЛЫҒЫ ЕЖЕЛГІ ПЛАТФОРМА САРЫАРҚАНЫҢ СОЛТҮСТІК-БАТЫСЫ КАЛЕДОНДЫҚ ТАУ АРХЕЙ ЖӘНЕ ПРОТЕРОЗОЙДА ТҮЗІЛУ КЕЗІНДЕ МЕЗОЗОЙДА ЖЕР ҚЫРТЫСЫ ШЫҒЫС ЕУРОПА ТЫНЫШ БОЛДЫ ТҰРАН ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЛАРЫ ҚАЙТА КӨТЕРІЛДІ РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫН ТҰТАСТАЙ ДЕРЛІК ТЕҢІЗ БАСЫП ЖАТТЫ | Оқушылар берілген мәліметтерді сәйкестендіреді |
Сергіту сәті(2 мин) | Әр топ жұмбақ жасырады ( таулар,жазықтар,өзен-көлдер т.б. туралы) |
«ЖИНАҚТАУ» теориясы: Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйелі, кесте, сызба, т.б. түрінде (10 мин) | «Ақылды үкілер» жұмысы 1-кезең. Мәтінмен жұмыс. 2-кезең. Не күтпедіңіз? 3-кезең. Ең соңғы жаңалықтарды білесіз бе? 4-кезең. Ең басты өмірдегі ақылдылық. 5-кезең. Белгілі және белгісіз. | Оқушы жұмысты жеке орындайды. Мәтіннен жаңа ұғымдарды тауып жазады. Мәтіннен өзіне сұрақ тудырған сөйлемдерді жазып алады. Өзі үшін жаңа мәліметтерді жазады. Мәтіндегі негізгі ойды бір сөз тіркесімен жазады. Мәтіннен бұрын таныс және таныс емес мәліметтерді жазады. |
«БАҒА БЕРУ» практикасы: Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? (3 мин) | Үйге тапсырма: §15.Оқу. Кескін картаға Қазақстанның жер бедерін түсіру. Топ басшысы бағалап берген бағалау парағы негізінде оқушылардың бағасын қою. «Бағдаршам» әдісі | Күнделікке үй тапсырмасын жазады
Үш түс арқылы балалар сабақтан алған әсерлерін көрсетеді, қызыл түс-ештеме түсінбедім, сары түс-орташа түсіндім, Жасыл түс-жақсы түсіндім |