kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? хал?ыны? ерлік істері

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? хал?ыны? ерлік істері жайлы айтыл?ан.?аза?ты? со?ыс ардегерлері ж?не батырлары жайлы.?лы же?істі д?ріптеу, о?ушыларды? ?з Отанын д?ріптеу, ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру.?лы Отан со?ысында ерлік к?рсеткен ата-бабаларымызды? ерлік істерін ?астерлеп, рухани к?теру, ?лгі т?ту.Жас ?рпа?ты бейбітшілікті са?тау?а ж?не ны?айту?а,ерлікке адал да табыл болу?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? хал?ыны? ерлік істері »

Тақырыбы: « Қазақ халқының ерлік істері»

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу, оқушылардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабамыздың ерлік ісін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, нақыл сөздер, суреттер.

Өткізілубарысы:
1.Кіріспе
2.«Отан үшін отқа түскендер» деректі фильмнен үзінді.
3. Ешкімде, еш нәрседе ұмытылмайды! (мәнерлеп оқу)

4. Ер елі үшін туады. (мақалды жалғастыру)

5. Қаһарман ұрпаққа мың тағзым (Сұрақ – жауап)

6. «Кім шапшаң» ойыны. (ұяшықты ашу)

І Кіріспе.

Мұғалім: 

Армысыздар, құрметті, оқушылар, ата-аналар!Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ерлікке тағзым» атты ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

«Отан үшін отқа түскендер» деректі фильмнен үзінді.

ІІ. Ешкімде, еш нәрседе ұмытылмайды! (мәнерлеп оқу)

ІІІ. Ер елі үшін туады. (мақалды жалғастыру)

1. Отан үшін отқа түс, … (күймейсің)

2. Отан оттан да ... (ыстық)

3. Туған елдей ел болмас, (туған жердей жер болмас).

4. Ит тойған жеріне...(ер туған жеріне).

5. Батыр туса, ел ырысы ... (Жаңбыр жауса, жер ырысы).

6.Туған жердің күні де ыстық ... (түні де ыстық).

7. Ел болам десең, ... (бесігіңді түзе)

8. Отансыз адам ... (ормансыз бұлбұл)

9. Ер бір рет өледі, ... (қоқақ мың рет өледі).

10. Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,... (батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін).

ІҮ. Қаһарман ұрпаққа мың тағзым (Сұрақ – жауап)

  1. Ұлы Отан соғысы батырларын ата?

  2. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?

  3. “Шығыстың қос жұлдызы” кімдер?

  4. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры?

  5. Соғыс дегенді қалай түсінесің?

  6. Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?

  7. Ұлы Отан соғысы батырларын ата?

  8. Кеңес Одағының екі мәрте батыры, ұшқыш?

  9. Әлия мен Мәншүкке жасаған ерліктері үшін қандай атақ берілді?

  10. Бейбітшілік дегенді қалай түсінесің?

Ү. «Кім шапшаң» ойыны. (ұяшықты ашу)

Ұяшықта соғыс кезінзе пайдаланылған соғыс техникалары, құрал-жабдықтар, қару-жарақтар жасырылған. Осы ұяшықты ашып, көрсетілген суреттегі заттың атын табу.

ҮІ. Отты күндер елесін, кітаптан оқып білесің.(кітап көрмесі).

Мұғалім:

Ұлы Жеңісті жақындатуға шалқар ауданы халқы да зор үлес қосты. Шалқар ауданы бойынша 4872 адам майданға аттанып, 1521 жауынгер майдан даласында қаза тапты. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Олардың ішінде жерлестеріміз Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев, Даңқ Орденінің Ковалері І, ІІ, ІІ дәрежелі Шамсудиновтер бар.

Мұғалім:

Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!





















































Начало формы

Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты мына көрініс арқылы ашылады: (Күй ойнап тұрады). Жаздың жаймашуақ күні. Әңгіме-дүкен құрып жүрген құрбы қыздар және көңіл көтеріп ән айтып отырған жігіттер бейнеленеді. Армандары мен мақсаттарын, болашақтарын бірге байланыстырған қос ғашық көше бойлап, қыдырып жүр. Жігіт:

– Ауылдағы анамды тастап арман қуып, оқуға бара алмадым. Елдегі еңбекке де үйреніп қалдық. Сенің бейнең күндіз-түні жадымнан шықпайды. Бас қосып, шаңырақ көтерсек қайтеді?

Қыз:

– ...не дерімді де білмеймін, менің де өмір бойы сенің жаныңда болғым келеді. Бірақ, ойлануым керек.

(Осындай бақытты сәтті радиодан тараған суық хабар бұзып жібереді).

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді... (жастардың үрейі ұшып, жүгіргендері бейнеленеді).

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.

2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

1-оқушы:

Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек-жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші сағатында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.

2-оқушы:

Таң алдында сағат бесті соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды  ойранды.

3-оқушы:

Осы хабар уақытында алынды,

«Соғысқа» деп дабыл қағылды.

Қуанышты жас жүректі суытып,

Баса қалды лапылдаған жалынды.

4-оқушы:

Қатық құйып ішкен күнім зереңге,

Елім, сені енді қайтып көрем бе?!

Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,

Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!

Отаныма берген бірақ антым бар,

Дедім сізге: Ал, соғысқа тартыңдар!»

Ұлы Отанды қорғаңыздар аянбай,

Арттарында сізге сенген халқың бар!

5-оқушы: Тоқта, достар, тез мін атқа,

Қатерлі ауру сын сағатта.

Батыстан зіл қара бұлт

Төнді айналып Кавказ қартқа.

Қай жан шыдар бұл мазаққа.

Өлім арлы азаматқа.

Көрініс: (Мұңды әуен ойнап тұрады). Ән ойналып жатқанда бірі баласын, бірі әкесін, ал бірі сүйген жарын, бірі бауырын соғысқа шақырып салып тұрғаны сомдалады. Әйелдердің жылаған дауыстары естіледі.

1-жүргізуші: Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

2-жүргізуші: Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды.

Интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі:

Оқушы қыздардың орындауында «Катюша» биі биленеді.

«Әлия» әні орындалады.

1-жүргізуші:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.

2-жүргізуші: Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып,

Жау алдында тұр олар 28 мың болып,

28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталады. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады!

(Қуаныштан жылап та, күліп те тұрған халықтардың көңіл-күйлері бейнеленеді) 
Оқушылардың орындауында «День победы» әні орындалады.

2-жүргізуші:

Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік! 
1-оқушы: «Майдангерлер» 
2-оқушы: «Екеуін де көтерді ол» Ж.Молдағалиев 
3-оқушы: «Мен соғысты жек көрем!» (Қ.Жұмағалиев) 
4-оқушы: «Соғыс» Қ.Әбдіқадыров 
5- оқушы: «Жеңіс күні» Т.Молдағалиев 
6-оқушы. «Болмасын соғыс» 
7-оқушы: «Сен құрметте оны»

1-жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.

2-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

1-оқушы:

Жеңіс күні ардагерлер әперген,

Желбіретіп қызыл туды көтерген.

Туған елін жау қолында қалдырмай,

Ерлікпенен ел парызын өтеген.

2-оқушы:

Он сегізде соғыс атты от кешкен,

Жараланып жас денесін оқ тескен,

Аталарым, ардагерлер,  болшы аман,

Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.

3-оқушы:

Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Ардагер аталарға мың алғыс!

Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.

Келешек ұрпағының бақыты үшін,

Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.

2-жүргізуші:

Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аяласын көңілі жақсы үмітпен.

1-жүргізуші:

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

2-жүргізуші:

Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын

Жұбатхан 15.02.2015 жауап берді

Конец формы

Начало формы

0дауыс

Конец формы

Начало формы

9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты. Сценарий

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

«Батыр бала Болатбек» әні орындалады.

1-оқушы: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.

2-оқушы:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

3-оқушы:

Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.

Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы мына материал көрсетіледі:

4-оқушы: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.

5-оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігітіРақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнематериал көрсетіледі:

6-оқушы: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованыңесімдерін мақтанышпен атайды.

Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.

1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.

7-оқушы: 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия мен Мәншүк туралы ән орындалады.

Әлия туралы бейнематериал көрсетіледі:

8-оқушы: Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың арда ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран тектіТалғат Бигелдинов еді.

Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан, Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305 рет көтерген екен.

9-оқушы: Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров – қатардағы жауынгер. 1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

10-оқушы: Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті – Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген.1941 жылдың қараша айында Оңтүстік-Батыс майданның штабына аттандырылып, бас­қыншылар қолында қалған Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов атамыз сол жерде Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады. Бұдан кейін, 1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі Чехия), Румыния, Молдавия елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты. Соғыс аяқталған жылдардан соң бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа мекемелерінде қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің ерлігін суреттейтін «Жас партизандар» (1954), «Ажал аузында» (1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973) секілді көптеген шығармалардың авторы.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде орындалады.

11-оқушы: Соғыс жылдарында айырықша көзге түскен ақындардың бірі – Нұрсұлтан Жұбатұлы. Ауылда мұғалім болып істейтін сауатты кісі болған. Оның майдан даласынан оралмай қалған батырдың бірі Ү.Түктібаевтың анасы Наурызбикеге арнап жазған «Майданнан хат» және анасының атынан жауынгер ұлына арнап жазған «Майданға хат» атты толғаулары осы күнге дейін ел есінде. Енді осы толғауларды тыңдап көрейік. Оқушы домбырамен орындайды:

«Майданнан хат» (үзінді):

Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай жақын бола ма?

Көңілінде тілек, көзде жас,

Екі қолың жағаңда.

Қасірет шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың ба санаға?

Сағынған соң мен ойлап,

жүрегің оттай жана ма?

Ет бауырың елжіреп,

Қайғыра берме балаңа.

Сабырдың суын бере көр,

Жаныңдаға жараңа.

Ажалсыз адам өлмейді.

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып қар төсеп,

Мен жатырмын далада.

«Майданға хат» (үзінді):

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды есітіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

Құлыным кел деп саламат.

Жүрегім – жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың автомат.

Суретіңе қарасам,

Емшегім иіп, сүт тамад.

Көзімнің жасы төгіліп,

Ұйқыдан кетті рахат.

Отаның үшін қарағым,

Арың қымбат жаныңнан.

Бөбектерің аман-сау,

Ас жейді әзір қолымнан.

Ербеңдеген ермегім,

Тастамаймын қолымнан.

Лақ-қозы қайырсам,

Қалмайды сүйем соңымнан.

Жағдайсыз емес келінім,

Оны да көрем бағымнан.

Қайырмайды тілімді,

Жібектей майда жамылған.

Көңілімде алаң жоқ,

Жаны сүйген жарынан.

Уһілеп кейде демалып,

Шығады түтін жалыннан.

Хабарыңды жиі жаз.

Өтпесін көп күн арадан.

Талқандап жауды аман қайт,

Бұлт серпіліп көгімде.

Жазылсын жүрек жарадан!

«Қариялар азайып бара жатыр" әні орындалады.

2-Жүргізуші: 
Елге қауіп төнбесін, 
Егестен адам өлмесін! 
Есен – аман болайық, 
Енді соғыс болмасын! 
Өртенбесін туған ел! 
Шайқалмасын асқар бел! 
Шайқалмасын шалқар көл! 

1-Жүргізуші: 
Жасасын Жеңіс! 
Бақытты елім күле бер! 
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер! 
Болмасын соғыс! 
Болмасын соғыс! 
Болмасын! 
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні қорымен орындалады:

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген, 
Оқ даусы мәңгілік жойылсын. 
Бомбаның орнын тегістеген, 
Күректер музейге қойылсын.

Қайырмасы:

Кел, достарым, ән бастадым. 
Көтеріп жаңғырық! 
Данасын дала, баласын ана, 
Жоқтамасын мәңгілік!

Көктесін жас ағаш одан әрі, 
Өткен күн қайтадан жанбайды. 
Сұлудың кестелі орамалы, 
Сүртсін, тек тершіген маңдайды.

Қайырмасы:

Қайғыны білмесін ана жаны, 
Қазіргі адамда арман сол. 
Әлемнің бар сәби балалары, 
Оянсын ұйқысы қанған соң.

Қайырмасы.

Akbope 20.04.2015 жауап берді

Конец формы



Начало формы

0дауыс

Конец формы

Начало формы

«Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған тәрбие сағаты.

Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

І жүрг: 
Ұлы кешке сенген күн, 
Фашистерді женген күн. 
Ағаларға ерген күн, 
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 65 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)

Немересі:  Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)

Әжесі:  Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.

(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).

Немересі:  
— Аттан! — деді, 
Ол қазір аттанады. 
Жауынгердің ролін атқарады. 
Неге бізге үмітсіз тесілесің? 
Аттан, әке, 
Жолыңнан кешігесің. 
Кудесінде жаны бар пақырларың, 
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі:  
— (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып) 
Тыңда балам, тыңда күнім, 
Болуға жара қолқанат. 
Кәрі анам, сәби інің, 
Барлығы саған аманат.

Әжесі:  
— Оралсын аман жеріне, 
Көріссін туған елімен. 
Келің-ау көздей қалтаға 
Топырақ салып беріп жібер.

Келін:  
— (қалтаға салынған топырақты берген келін) 
Кебін киген өледі, 
Кебенк киген келеді. 
Үлкен үйден дәм татса, 
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)

Документальный фильм

І жүрг.:  Отан ана жылағанда шер сеніп, 
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт. 
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де, 
Қолдарына қару алды ерленіп.

IІ жүрг.:  Бұлт торлады аспанды, 
Қара жер қанға ластанды. 
Зеңбірек атып жан-жақтан, 
Осылай соғыс басталды.

Монтаж: 1 — оқушы: 
Соғыс деген қайдан шықты, 
Авторы кім алғашқы? 
Есіл адам, есі кетіп, 
Оған несін жармасты?! 
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да, 
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздыі да. 
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы, 
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.

2 — оқушы: Қиылды, 
Қанаты тәтті арманның. 
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің. 
Әлемде еі сұмдық күн ана үшін — 
Майданға азаматтар аттанған күн. 
Бұлт басты, 
Ашық сәні қашты аспанның. 
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның. 
Анаға ең ауыр күн тіршілікте — 
Боздап кеп, 
Боздағымен қоштасқан күн. 
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп, 
Жеткізді жерге дейін қайың басын.

3 — оқушы: 
Жабаады, 
Дала төсін нала, қайғы. 
Шын қайға жас кәріге қарамайды. 
Қып-қызыл көлдің бетін 
Сұңқылдаған, 
Аққулар қанатымен сабалайды. 
Долданып, 
Лайланып тасқын әні 
Сай-сайды тастарымен бастырады. 
Селкілдеп, 
Желкілдеген қамыс құрақ. 
Өкіріп, 
Өзен басын тасқа ұрады.

4 — оқушы: 
Күннің де жүзі қызыл күндегіден, 
Иттердің ұлуы көп үргенінен. 
Қаншапшып, қауызыннан райханның, 
Еменнің жас тамып тұр дінгегінен. 
Жас бала дір-дір етті мұны көріп, 
Жіберді төгіп, мұңын өрік. 
Қоштасу, 
Жылау, 
Тілеу, 
Қайрат беру... 
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.

5 — оқушы: 
Найзағай жиі-жиі шақпақталып, 
Майданға азаматтар жатты аттанып. 
Ежелден біздің елдің рухы асқақ, 
Сенімін қалды сонда сақтап халық. 
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден». 
Шығамыз 
Соңғы күшпен, 
Соңғы айбынмен. 
Қорғаймыз байтақ елді, 
Өйткені оны 
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

Хор

1 жүрг.: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 — атқыштар полкі 4 — ротасының 2 — взводы тұрған бекініс жаудың 30 — танкісі шабул жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 18 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

2 жүрг.: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

І жүрг.:  Қызыл армия Масква түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.

IІ жүрг.:  Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан көннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.

Оқушы: 
Отанға жаулар қаптады, 
Опасыз жаулар таптады. 
Қасиетті жер үшін 
Қастерлеп батыр ел үшін. 
Әлия, Мәншүк, Төлеген, 
Жаулардың көзін жойды олар.

Ән «Әлия»

І жүрг.:  Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

І жүрг.: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

IІ жүрг.:  Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл.

70 жыл — бейбір көктем таі атқалы, 
70 жыл — шуақты күн таратты әнін. 
Талай құс содан бері қайта оралды, 
Талай бақ әлеміне қайта оранды. 
Соғыста өлгендер тек оралмайды, 
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді. 
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы, 
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Ән «Ақ көгершін»

Қазақ биі

Шашу шашылады.

І жүрг.:  
Сен неткен Отан — анам, ғажап едің, 
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім. 
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін, 
Жайнай берғ Ұлы Отаным — қазақ елім.

IІ жүрг.:  
Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда, 
Не жетсін жөні келіп жарасқанға. 
Сен менің құдіретім, кием-дағы, 
Айбардың айтсын сөзді адасқанға.

Ән: «Қазақстаным»

Конец формы

Біз Жеңіске бірігіп жеттік»

Категориясы: Ұстазға керек / Тәрбие сағаттары

Жарияланды: 13-02-2015, 23:36

Қарау саны: 1835

  • 20

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

Тәрбие сағаты: « Біз Жеңіске бірігіп жеттік»

Мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің 
мән-маңызы туралы мағлұмат беру.

2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу 
дағдыларын ұштау.

3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі 
таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін
үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншыл-
дыққа баулу.
Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, батырлардың 
суреттері, буклеттер, оқушылар салған суреттер, 
белгілі даталар.

Тәрбие сағатының барысы:

 Құрметті қонақтар , оқушылар , мұғалімдер !
Бүгінгі тәрбие сағатымыз Ұлы жеңіске 70 жыл толуына байланысты өтілмек.Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы да күндер қалды.Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Осыған орай сендер бірнеше сұрағыма өз жауаптарыңды беріп көріңдер.
1. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
2.Қай жылы аяқталды?
3. 9 мамыр неліктен Жеңіс күні деп аталады?
Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл кеңес халқының 20-25 млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды. Аналар ұлдарынан айырылды,оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады. Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкелерін,70 мың село мен деревняны құртып жіберді.Осы соғысқа Қазақстаннан 1 млн. 70 мың адам қатысса,олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар ошарсыз кетти. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 1418 күнге созылған бұл қатерлі айқастағы халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкім де,ешқашан да ұмытпақ емес.Соғыс өрті қашан да ел есінде. Ендеше, соғыс даласында хабар-ошарсыз кеткен,қаза тапқан ер-азаматтарды бір сәт үнсіз еске алайық


1 - жүргізуші: Өкінішке орай , уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!
2 - жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.
1: Батыс бардық, Балқан бастық бөктерлеп,
Карпет астық,Альпі аттандық көкке өрлеп.
Еуропаның аспанында тұрдық біз
Кеудемізде қасиетті кек кернеп.
Біз Отанның солдатымыз,тыңда Жер!
Жерді зират етем десе жау егер.
Адамзаттың аманатын арт бізге
Бізбіз адал дүниеге мұрагер.
2: Өршеленіп соқты боран,
Орман шулап тартты қобыз
Қарды қуып құйындатқан
Келе жатыр жиырма сегіз
Жиырма сегіз жау тобырын
Алға адым жер бастырмады,
Сақтамаққа ел өмірін
Қорғап жатты Москваны.
Қойылым: «Ананың баламен қоштасуы»
О, құлыным, балам, ұлым! Мені тастап, жауыздардың жазасын беруге кетіп бара жатырсың! Енді сені қашан көрем, әлде көре алмаймын ба? Не жаздым саған, қу өмір! 
Баласы: Анам! Сен мен үшін қамықпа! Әрбір секунд сайын менің қалай сені жақсы көретінімді есіңе ал. Жаман еш нәрсе ойлама. Соғыс біткен соң, жақын арада оралам! Анам! Жан анам!
Қыз: О, сұм соғыс! Сенің бұл не істегенің? Мынау дала тыныш боп қалды. Солдат артынан солдатты алдың. Сау болыңдар, жігіттер! Қайтып оралуға тырысыңдар! Жоқ. Тығылмаңыз! Биік боп, еш оқ пен гранатты аямай жауды жеңіп оралуға тырысыңдар! Қайта оралуға тырысыңдар! Сау бол!!! (Қыздар орамалдарын бұлғап, шығарып салады)
1- жүргізуші: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды. 
2 - жүргізуші: 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанды.
Мәншүк Мәметова-Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
3: Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
1 - жүргізуші:Әлия Молдагұлова (1925-1944) Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Әке-шешесінен жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып, олармен бірге Ленинградқа көшіп келеді. Кейіннен Ленинградтағы балалар үйінде тәрбие алады.
«Отан үшін алға!»-деп, барлық жауынгерлерді соңынан ертіп,жауға қарсы ұмтылды. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп,бірнеше жаудың көзін жояды.
Әлия соғыс жылдары ірі-ірі шайқастарға қатысып,мергендігімен аты шықты. Ер жүрек мерген қыз 20-ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды.
4: Жанымдай сүйем халықты,
Ерлері мәңгі даңқты
Өнеге тұтып өсемін. 
Әлия,Мәншүк,Мәлікті.

Ән: «Ел қорғауға әзірміз» (хор)
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – жазушы, қазақ халқының аты аңызға айналған атақты Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, гвардия полковнигі. 1941 жылдың күзінен бастап,соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға қатысқан.
5з: Бақыт деген келер дәйім күреспен,
Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.
Бақыт үшін арпалысты әкелер
Тек бақытқа қол созумен ұл өскен.
2 - жүргізушіТалғат Бигелдинов ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта оқыды,кейін авиация училищесінде білім алып шығады.
1943-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп,800-ден астам техникасы істен шығарып, 7 ұшағын атып түсірді. Жаудың жүздеген танкілерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алса,соғыстан кейін екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 
1 - жүргізуші Қасым Қайсенов (1909 – 2003 жылы) Соғысқа 1941 жылы шақырылды. Смоленск түбінде соғысты.
«Отан соғысы» орденімен марапатталған, «Маршал Жуков» медалімен, «1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40жыл», «КСРО-ның Қарулы Күшіне 60 жыл»
2 - жүргізушіҚабиденұлы Төлеген Тоқтаров Қатардағы жауынгер.1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңген үшін» медалімен марапатталған.
1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
2 - жүргізушіӘрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады.
6: Арылтып жерден жауымды
Табанға жаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді
Десеңдер бұл қай күн?
 9 май күн!
Кептерлер қалқып көкте ойнап,
Қызыл ту шалқып,көк байлап
Мәре-сәре,мәз-мейрам
Отанымыз той- тойлап
Десеңдер бұл қай күн?
 9 май күн!
1 - жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңіске 65 жылдығын атап өтеміз.
 2 - жүргізуші 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
7: Оқ борады күні-түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.
Ән. «Жеңіс туы желбіреп» ( хор.)
8: Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.
9: Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.
10: Орыс , қазақ , қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп.
11: Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең , артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ , хақымыз жоқ бір қадам.
Оқушылармен жұмыс:
«Жеңіс» сөзін қалай түсінеміз?
ЖЕҢІС
бақыт
қуаныш бейбітшілік Отанды қорғау 1945жыл 9 мамыр

3 тапсырма: Мақал –мәтелдер айту

1 - жүргізуші: Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып , ерлік көрсеткен Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.

2 – жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
Сүйінші , халқым сүйінші,
Сүйіншіге - сүйінші!
Шаттан ата-анамыз!
Шаттан ата-бабамыз!

1: Ұлы соғыс-төрт жыл адам төзгені
Дерт пен ыза тірі дене сезгені,
Төрт жыл ұдай көздемеппіз, атпаппыз
Екі аяқты елдестен өзгені.
Ет қызуы енді бір сәт басылған,
Бақсаң егер,ажалына бас ұрған.
Ел зұлматы жер астында өртеніп,
Күн көзімен, күн сүйегін жасырған.
 Жеңіс! Жеңіс!
Бір сыбаға баршылық
Қуаныңдар,қалды жуық қарлы алып.
Осылайша отты салют берген ді
 Біздің елден жаңа тарих жыр салып.







1 - жүргізуші: Сүйінші елім,сүйінші,
Арылтып жаудан жерімді.
Табанға жаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өлімді.
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күн?
9 Май күн.
Мемлекеттік әнұран орындалады. Барлық оқушылар орындарынан тұрады. Бәрі хормен: Бебіт өмірдегі адал еңбігіміз - 
 Отанға!!!
 Сапалы білім
 Саналы тәртіп.







Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлы Отан соғысына -70 жыл.

Тәрбие сағатының мақсаты:1.Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып шайқастағы Қазақстантықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағлұмат беру.  2. Оқшылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау,зерттеу,іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту 3. Ұлы жеңістің тарихи маңызын ұғындыра отырып ардагерлеріміздің ерлігін қастерлей білуге,отан сүйгіштікке,батылдыққа,елжандылыққа тәрбиелеу, шыншылдыққа  баулу.

Көрнекіліктер:интерактивті тақта, бейнефильмнен үзінді,батырлардың     суреттері,слайд.

Әдіс-тәсілі: әңгімелеу,сұрақ-жауап алу,талдау 

Өткізілу барысы:                         

I.Кіріспе
II. «Отты жылдар елесің» -бейнефильнен үзінді.
III.Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізді еске ала отырып 1 мин.үнсіздік сақтау.

IV.Батыр  жерлестерімізді слайд арқылы көрсету,өмір-баяндарына тоқталу.

V.Отты жылдар жаңғырығы !(мұражайға барған саяхаттарынан т.б. пікір алмасу)

V I.Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы)
VII. Қорытынды.

I.Кіріспе:Балалар бүгін біз ерлік пен батылдық,қайғы мен қасірет  туралы әңгімелейміз. Қанша ғасыр өтсе де біздің тарихымыз ұмытылмайды. елі мен жерін қорғаған батырлардың ерлігі мәңгі есте сақталады. Өздеріңізге белгілі міне 1941 жылы 2-маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге фашистік Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады. Ер-азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұралып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Елімізге жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті.
 Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы      қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы    қазақстандықтар болатын.

II.-Сұрапыл соғыс жылдарында отандастарымыз қандай қасірет кешкедерін «Отты жылдар елесің» -бейнефильмнен үзінді көрейік.(үзінді көрсету)

-Міне балалар осы сұрапыл соғыста қандастарымыз қандай қасіреттерді бастарынан өткізіпті?(балалардан сұрақ-жауап алу ) 

III.-Ұлы Отан соғысында қатысқан қандай қандастарымызды білесіңдер?

-Бауыржан Момышұлы,Әлия Молдағұлова,Мәншүк Маметова т.б.

-Олай болса осы Ұлы Отан соғысында қасық қаны қалғанша шайқасқан отандастарымызды еске ала отырып 1 мин үнсіздік сақтайық.

IV.Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырларымыздың біріБауыржан Момышұлы.Бауыржан Момышұлының өмір баяны.

1-оқушы:Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-ші желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келді. Баруыржан Момышұлы – Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле бередіЕл тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

2-оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті  Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

3-оқушы: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия МолдағұловаменМәншүк Мәметованыңесімдерін мақтанышпен атайды.

Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағында  Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз» деп өтініш жазады. Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды. Қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді сұрапыл соғыс жұлып түсіреді. 

4-оқушы: 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

5-оқушы:Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922жылы 5-тамызда Сарыарқаныңкең-байтақдаласында, Ақмолаоблысыныңөзен-көлітасыған, емдіксуыатқылағанМайбалықауылындатуған. қанмайданғааттанаралдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигіменұшудыүйреніп

1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған.

6-оқушы:Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров– қатардағы жауынгер. 1942 жылданбастап 1943 жылғадейін Сталинград майданындасоғысқан. «Германияны жеңгені үшін» медалмен марапатталған.

 V.Отты жылдар жаңғырығы !(  пікір алмасу)

Мұғалім сөзі:-Балалар ата-бабаларымыздың ерліктерін мәңгі есте сақтау үшін ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру үшін қандай жағдайлар жасалуда ?

Диана:-Ақындар,жазушылар өлең-жырларын,әңгімелерін жазды.Ақын-жазушылардың шығармашылықтары арқылы соғысқа қатысқан ер жүрек батырларымыздың ерліктерімен таныспыз.

Шерхан:-Біз қалалық мұражайға барып аталарымыздың соғыс кезінде қолданған қару –жарақтарын,қолданған құралдарын,атылған оқтарын,оқтан сақтаған шлемдерін,медальдарын  көрдік.

Алина:Жылда соғыста болған аталарымызды еске ала отырып ескеркіштің алдына гүл шоқтарын қоямыз, парадтар өткіземіз,метебімізде әр-түрлі іс-шаралар болып тұрады.

VI.Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! Балалар қанша жыл өтсе де ата-бабаларымыздың ерліктері ешқашан ұмытылмайды, ұрпақтан-ұрпаққа  ақындардың арнаған өлең -жыр дастандарымен жалғаса береді.Олай болса жаттап келген өлең жолдарыңды тыңдап көрелік.(Оқушылырдың шығармашылығы)

Шыңғысхан.

Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

Арай: «Соғыс!» деп айтқан суық сөз,

Сіресіп қатқан мұз – қардай

Тыныштық сүйген қауымды, Тітіркендірді ызғардай

Ернар:Екі дүние айқасты,

Майдандасқан аулада.

Фашистерді шайқаста,

 Езгіледі табанда

Бейбітшілік орнаттық

 Күн ортақ барлық адамға.
 Айдын:70 жыл – бейбіт көктем таң атқан,

70 жыл – шуақты күк таратты әнін

 Есімде сонан бері 70 рет

 Ашылды  Жеңіс күннің парақтары.

Сағида: 70 жыл – үзілмейді құстар әні

Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі

70 жыл – жауымыздың ажал оғы

Біздің ел үстінен ұшпағаны. 

Сәнім. Сол сұрапыл қанды ұрыста

Түн түндігі түрілген

 Күн күлімдеп, таң шапағы білінген

Сол сұрапыл қанды ұрыста

Біздің ерлік танылған

Әрбір көше, әр бұрышта

 Жеңіс дабылы қағылған
Айсулу.Соғыстың, қыстың ызғары

Бойымнан кетпей, боп сырқат,

Емендей жалғыз құздағы

Айналаға болдым жат.

Қайсарлықпен сыр бермей,

Отырмын қарап биікке:

Ұшқан құсқа тау көлбей,

Қиялда жортқан киікке.

Диана.Өжет елдің жігіті

Өшін алмай шыдар ма?

Кескілескен дұшпанын

Кесіп түспей тынар ма?

Тайынба, жолдас жауынгер,

Ел тағдыры қолыңда!

Тайынбасаң оқ пен от

Бөгетболмасжолыңа!

Нұрай:Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

Ән:Туған ел!

Қорытынды:

Мұғалім сөзі: Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
 Осымен біздің Ұлы Отан соғысына раналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Барлығымыздың денсаулықтарымыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре берейік! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымды білдіремін!. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?аза? хал?ыны? ерлік істері

Автор: Жа?сылы? Айн?р Жетпіс?ызы

Дата: 14.10.2015

Номер свидетельства: 239722


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства