Просмотр содержимого документа
«Интелектуалдық брейнг - ринг»
Тақырыбы: «Брейн - ринг» интеллектуалдық шоу ойыны.
Мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушының өзін дұрыс ұстай білуге, мәдениеттілікке және ойын дұрыс, нақты жеткізе білуге баулу.
Білімділік: Сабақта алған білімін жинақтап, одан әрі таным деңгейін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың география пәнін тануға қызығуын ояту, оларды қосымша ізденуге, топпен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, плакаттар, сызбалар, қораптар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы күн! Бүгінгі сайысқа қатысушылар мен жанкүйерлер, ұстаздар! «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - дегендей бүгін ортамызда 8-9 сыныптар арасында дарынды да, білімді оқушылар өз білімдерін сынағалы тұр.
Бұл ойынға қатысушылар:
1 команда 2 команда
«Сарыарқа» «Хан тәңірі»
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса, қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды – дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар!
Сонымен, құрметті топ мүшелері географиялық брейн – рингімізді бастаймыз! Ендеше, брейн – ринг ережесімен таныс болыңыздар. Ойын 6 кезеңнен тұрады.
І тур – «Жедел жауап» (блиц турнир. Ұпай)
ІІ тур – «Ең, ең, ең, ...»
ІІІ тур – «Кім жылдам?»
IV тур – «Тапқыр болсаң, тауып көр!»
V тур – «Ойлан, тап!»
VI тур – Капитандар сайысы.
Тапсырма оқылғаннан кейін жауаптарыңыз бірден дайын болса, дереу алдарыңыздағы жалаушаны көтеруге тиіссіздер. Егер жауап дұрыс болмаса, екінші топ өз жалаушасын көтеріп, жауапты түзетуіне болады. Бұл жағдайда ұпай дұрыс жауап берген топтың пайдасына шешіледі. Әрбір дұрыс жауап – 1 ұпай. Ережені бұзғаны үшін 1 ұпай жоғалтады.
Сонымен І тур – Жедел жауап (блиц турнир)
Оңтүстік америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не? (Панама каналы)
Қазақстанның шекарасының ұзындығы (15000 шқ)
Қазақстан Республикасының халқының саны (16 млн)
Қазақстан Республикасының туының авторы (Шәкен Ниязбеков)
Екі дүние бөлігінен тұратын материк (Еуразия)
Адам тұрақты мекендейтін құрлық (Антарктида)
Солтүстік американың жер көлемі (24,2 млн км2)
Жауын – шашынның түрлері не? (жаңбыр, тұман, шық, қар)
Күнге ең жақын ғаламшар (Меркурий)
Жердің неше полюсі бар (2)
Солтүстік Америка ертедегі қай материктің бөлігі? (Лавразия)
Мұхит суының тұздылығын өлшейтін өлшем (Пролилле)
Қай материк екі дүние бөлігінен тұрады? (Еуразия)
ҚР Елтаңбасының авторы (Жандарбек Мәлібеков,
Шота Уәлиханов)
Сарыарқаның екінші атауы ()Қазақтың ұсақ шоқысы
Жер құрылысын ата (жер қыртысы, ядро, мантия)
Каспий теңізінің бағалы балығы не? (Бекіре)
Африка материгінің ауданы (30,3 млн км2)
Еңбекке жарамды халық (Еңбек ресурстары)
Қазақстанның табиғат зоналары (Орманды дала, дала, шөлейт, шөл)
Солтүстік Америкадағы тау жүйесі (Кордильера)
Орталық Қазақстанның ауданы (428 млн км2)
Оңтүстік Америка ертедегі қай материктің бөлігі (Гондвана)
Қазақстанның көне қалалары? (Отырар, Тараз, Сығанақ, Түркістан)
Орталық Қазақстан қандай облыспен шектеспейді?
(Батыс Қазақстан)
Мемлекеттен сырт жерде қоныстанған этностың бір бөлігі (Диаспора)
Қаратопырақ Қазақстанның қай бөлігінде (Солтүстігінде)
Қазақстандағы ең ежелгі қорық (Ақсу – Жабағылы 1927 жылы)
Жергілікті тұрғындарды «Үндістер» деп, ал жаңа жерді «Вест - Индия» деп атаған теңізші (Х.Колумб)
Ш.Уәлихановтың досы, орыс саяхатшысы (Н.Потанин)
ІІ тур – «Ең, ең, ең, ...» І топ
Ең биік шың (Джомолунгма)
Ең кіші материк (Аустралия)
Ең суық материк (Антарктида)
Ең үлкен арал (Гренландия)
Ең терең шұңғыма (Мариан)
Ең үлкен көл (Каспий)
Ең ірі құс (Түйеқұс)
Ең биік жануар (Керік)
Ең үлкен ел (Ресей Федерациясы)
Ең үлкен шөл (Сахара)
ІІ топ
Ең биік сарқырама (Анхель)
Ең үлкен мұхит (Тынық)
Ең үлкен материк (Еуразия)
Ең ыстық материк (Африка)
Ең кіші мұхит (Солтүстік Мұзды мұхит)
Ең ылғалды материк (Оңтүстік Америка)
Ең суыққа төзімді құс (Пингвин)
Ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)
Ең биік ағаш (Секвойя)
Ең терең көл (Байкал)
ІІІ тур – «Кім жылдам?» (Географиялық нысанның аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар, мысалы, Суэц - каналы)
Үнді (Мұхит) 11. Юра (дәуір)
Гималай (Тау) 12. Гольфстрим (ағыс)
Отты жер (арал) 13. Антарктида (материк)
Амазонка (өзен) 14. Лондон (қала)
АҚШ (мемлекет) 15. Н.Потанин (саяхатшы)
Тангоника (көл) 16. Эскимос (халық)
Орманды дала (зона) 17. Мак – Кинли (шың)
Темір (металл) 18. Пнай (мүйіс)
Пингвин (құс) 19. Кит (су жануары)
Кайнозой (эра) 20. Меркурий (ғаламшар)
IV тур – «Тапқыр болсаң, тауып көр!» (уақыт – 1 минут)
Сіздердің алдарыңыздағы конверттің ішіндегі қиындыларды құрап болған соң, кескініне қарап, оның қандай географиялық нысан екенін және оның маңайындағы нысандарды атау керек.
І топ «Сарыарқа» Еуразия материгі ІІ топ «Хан тәңірі» Африка материгі
V тур – «Ойлан, тап!»
Сіздердің алдарыңыздағы конверттің ішіндегі келесі сұрақтардың жауаптары бар. Қорапты ашпайсыздар! Тек ойланып жауап бересіздер. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап 5 ұпай.
І топ. «Сарыарқа» тапсырмасы
Құрметті ойыншылар! Қораптағы өсімдік қазақстанның Оңтүстігіндегі Сырдария аңғарында, Батыс Тянь – Шаньдағы Қаратау бөктеріндегі шөлдерде сақталған. Ол Қазақстанда ғана өседі. Өсімдіктің ашылмаған жас гүлінен іш құртын түсіретін дәрі жасалады. Бұл өсімдік «Қазақстанның қызыл кітабына» енгізілген. Қорапта не бар?
ІІ топ. «Хан Тәңірі» тапсырмасы
Құрметті ойыншылар!
VI тур – Капитандар сайысы (ортаға шақыру)
1 топ. Құрметті «Сарыарқа» тобының капитаны! Төменде келтірілген географиялық нысандардың ішінен Қазақстанда орналаспағанын таңдап алыңыз. Егер бұл нысан Қазақстан аумағында орналаспаса, жалауыңызды көтеріңіз. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай
Сарыарқа тауы, Гвинея шығанағы, Арал теңізі, Тұран ойпаты, Мексика шығанағы, Сырдария өзені, Зайсан көлі, Сахара шөлі, Үндістан түбегі, Мұғалжар тауы, Амазонка өзені, Жалпы Сырт қыраты, Отты жер аралы.
ІІ топ. Құрметті «Хан Тәңірі» тобының капитаны! Төменде келтірілген географиялық нысандардың ішінен Қазақстанға қатысты жағын таңдап алыңыз. Егер бұл нысан Қазақстанда орналасса, жалауыңызды көтеріңіз.
Жоңғар Алатауы, Сомали түбегі, Шығыс Еуропа жазығы, Беринг бұғазы, Жайық өзені, Ніл өзені, Анд тауы, Торғай үстірті, Каспий теңізі, АҚШ мемлекеті, Хан Тәңірі шыңы, Виктория көлі, Гоби шөлі.
Қорытынды: Міне, біз «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық оқушыларымызды анықтайтын кезге де жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.