Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1 Графикалық диктант
Еуропаның өнеркәсібіндегі ең жетекші сала -машина жасау
Еуропада машина жасаудан кейінгі жетекші сала-түсті металлургия
Еуропада «Үлкен жетілікке» кіретін төрт ел орналасқан
Германия мен Ұлыбританияда көмір өндіру мүлдем тоқтатылды
«Үлкен жетілікке» сегіз ел кіреді
Қазір аймақтағы АЭС-тер саны 80-ге таяу
Дүние жүзіндегі туристер ең көп баратын ел Франция
Шығыс Еуропаны бұрын социалистік жүйеде болған елдер алып жатыр
Дүние жүзіндегі аса ірі 200 банктің 100-ден астамы Еуропада орналасқан
2002 жылы 1 қаңтарда -еуро айналымға енгізілді
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
+
-
+
-
+
-
+
+
-
-
«+» дұрыс
«-» дұрыс емес
Бағалау: «5»-9-10, «4» -6-8, «3»-4-5, «2»-0-3
Үй тапсырмасын қорытындылау:
ЕО 1993ж. 1қараша
Кластерлік ассоциация әдісі :
Машина жасау жетекші сала
Еуропа
Батыс Еуропа
Шығыс Еуропа
Химия өнеркәсібі
Ортақ валюта Еуро 1999ж.
1 қаңтар
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Жұмбақ әңгіме:
Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз Еуропадағы жоғары дамыған ел туралы. Біз бұл елдің экономикалық-географиялық, табиғи жағдайларымен және табиғи ресурстарымен, халқымен танысамыз. Тарихқа үңілсек бұл ел бірінші дүниежүзілік соғыста ең алғаш рет химиялық қаруды пайдаланған. 1882 жылы «Үштік одақтың құрылуына» себепші болған. Екінші дүниежүзілік соғыстың отының тұтануының да себепшісі болған ел туралы . Бұл қай ел? -ГФР
2.Германияның Елтаңбасымен,Туымен, астанасы-Берлинмен және мемлекеттік құрылымымен таныстыру. /слайд қосымша материал/
ГФР – Елтаңбасы ГФР-ның Туы/слайд, суреттер/
ГФР-дің әнұраны-1841 жылы сөзі жазылған, бұл әнге әнұран мәртебесін 1922 ж. Рейхпрезидент Фридрих Эберт берген.
ГФР-ның астанасы-Берлин қаласы әйгілі «Бранденбург қақпасы»
Мемлекет басшысы- федералдық президент Йоахим Гаук /слайд ,сурет/
Үкімет басшысы – федералдық канцлер Ангела Меркель /слайд, сурет/
Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы Германияның экономикалық-географиялық жағдайын түсіндіру.
Германияның экономикалық-географиялық жағдайы
Шығыс Еуропа елдері аралығында орналасқан
Құрлық, әуе долдарының тоғысында орналасқан
Маңызды ірі порттар орналасқан
Балтық, Солтүстік теңіздермен шектеседі
4. Топтастыру.
Оқушылар Германияның табиғат ресурстарын топтастыру арқылы түсіндіреді
Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Германияның халқынның құрамын, санын түсіндіру.
Халық саны
Халқы 82,4 млн адам. Батыс Еуропада 1-ші орында.
Ұлттық құрамы
92%-ы немістер, 2,5%-түріктер, 1%-ы югославтар т.б.
Тығыздығы
1 км2-ге 229 адамнан келеді. Діні христиан діні басым, басқаларынан ислам тараған.
Қала халқы
Халқының 86%-қалада тұрады.
Картадан Германияның қай елдермен шектесетінін анықтау, көрсету. /слайд/
Аса ірі қалаларын картадан тауып көрсету: Берлин(3 млн 500 мың), Гамбург(1 млн 700мың), Мюнхен(1млн 250мың), Кельн(966 мың) /слайд/
16- ты әкімшілік (федералдық) жерден тұрады: Бавария, Баден-Вюртемберг, Берлин, Бранденбург, Бремен, Гамбург, Гессен, Мекленбург-Передняя Померания, Нижняя Саксония, Рейнланд-Пфальц, Саар, Саксония, Саксония-Анхальт, Северный Рейн-Вестфалия, Тюрингия, Шлезвиг-Гольштейн.
Қорытындылау.
Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақ-жауап.
Германияның экономикалық-географиялық жағдайы?
Германия аумағының құрамы?
Германияның табиғат ресурстары?
Германияның табиғатын қорғау?
Германияның халқы?
Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Германияның экономикалық-географиялық жағдайы, халқы оқу. Кескін картаға Германия аумағын түсіру.